|
Мазмұндамалар жинағы - сыныптарға арналған Көмек
|
бет | 2/3 | Дата | 30.03.2023 | өлшемі | 34,12 Kb. | | #41925 | түрі | Мазмұндама |
| Мазмұндамалар жинағы 2- 3 сыныптарға арналғанТүсіндірілетін сөздер: бүрісіп, бұйығып, жымыңдап
Сұрақтары:
Ауа райы қандай?
Ажар мен Ақжол қайдан келе жатырды?
Олар жолда нені көріп қалды?
Олар күшікке қандай қамқорлық көрсетті?
Күз
Күз келді. Күн бұлттанып, әлсін –әлі ақ жауын бүркіп жауады. Күзгі қатты жел соғып тұр. Желмен бірге қызыл- сары жапырақтар жерге түсіп жатыр. Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Құстардың соңғы легі жылы жаққа ұшып барады. Ауыл адамдары еккен егіндерін жинап алып жатыр.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бүркіп , күн ұзарып, түн қысқарады,соңғы легі
Сұрақтары:
Жылдың қай мезгілі басталды?
Ауа райы қандай?
Күзде жапырақтарда қандай өзгеріс болады?
Күзде күн мен түн қалай ауысады?
Күзде ауыл адамдары қандай еңбекпен айналысады?
Су- табиғатта ең көп таралған, негізгі тіршілік көзі. Су барлық тірі ағзаның құрамында болады. Су болмаса адамдар өмір сүріп, өсімдіктер өсіп, жан-жануарлар тіршілік ете алмас еді. Таза суды көп ішетін адамның өңі жасарып, күш- қуаты артып отырады. Су адамның күнделікті тірлігі үшін де маңызы өте зор. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тіршілік көзі
Сұрақтары:
Су табиғатта қалай таралған?
Су нелердің құрамында болады?
Судың адамдар тіршілігі үшін маңызы қандай?
Торғай
Қыстың күні болатын. Үйдің сыртқы терезесінің алдына бір торғай ұшып келді. Бұны сыртта ойнап жүрген Бауыржан мен Алмас көрді. Олар аяушылық танытып, терезені ашып, торғайды үйге кіргізді. Торғай жылы жерге ұшып кірді. Бауыржан оның алдына нанның қиқымдарын тастады. Аш торғай нанның қиқымдарын жылдам –жылдам шоқып жей бастады. Балалар келесі күні ағаштың басына ұя жасап ілді. Оған күнде жем салып тұрды. Балалар енді торғайды күнде көретін болды.
Сұрақтары:
Жылдың қай мезгілі?
Үйдің терезесінің алдына не ұшып келді?
Торғайды кімдер көріп қалды?
Бауыржан мен Алмас торғайға қандай қамқорлық жасады?
Аш торғай не істеді?
Балалар торғайға арнап не жасады?
Ақтөс
Қанаттың Ақтөс атты иті бар еді. Ол үнемі Қанаттың қасынан қалмайтын. Қанатта иті көрінбей қалса іздей бастайды. Бір күні Қанат көлге шомылуға барды. Көлдің айналасы тыныш, ешкім жоқ. Қанат суға жүгіріп түсіп кетті. Кенет Қанат дем ала алмай суға батып бара жатырды. Осы кезде қайдан келгені белгісіз,Ақтөсжүгіріп келіп, Қанатты іш киімінен сүйреп жағаға шығарды. Есін жинаған Қанат итіне рахмет айтқандай мойнынан құшақтады.Осыдан кейін Қанат итін бұрынғыдан да жақсы көретін болды.
Қанаттың итінің аты не?
Қанат итімен екеуі қандай дос еді?
Қанат қайда барды?
Қанат қандай жағдайға тап болды?
Иті қандай көмек көрсетті?
Қанат итіне алғысын қалай білдірді?
Таныстық
Жалғас мектептен келе жатыр. Бүгін сабақта апайлары ертең сыныпқа жаңадан оқушы келетінін айтты. Кенет олбұрылысқа жақындай бергенде бір кішкентай қыздың айқайлаған даусын естіді. Жалғас жалма-жан дауыс шыққан жерге жүгіріп жетті. Өзімен жасты қыз балаға үлкен ит шаңқылдап үріп, атылғалы тұр екен. Жалғас қорықпастан қолына тас алып, итке лақтырды. Ит шегіншектеп кетіп қалды. Қыз бала « рахмет» деп жүгіріп кетті..
Келесі күні Жалғас сабағына барды. Апайы жаңадан келген оқушыны сыныпқа әкеліп таныстырды. Жалғас кеше өзі қабағаниттен құтқарған қызды бірден таныды. Қыздың аты Әсел екен. Сабақтан соң Жалғас пен Әсел үйлеріне бірге қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|