Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет76/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   174

 
168 
Міне  осыған  орай  «ұлттық»  сөзін,  ұлттық  өнер,  ұлттық  киім,  ұлттық 
тәрбие  деген  ұғымдармен  кездестіреміз.  Осы  тірек  сөздерге  сүйене  отырып, 
біздің  жағдайда  «ұлттық»  сөзін  –  тілі,  діні,  тәрбиесі  мен  барлық  көркем  өнер 
саласы  ортақ  адамдар  бірлестігінің  іс-әрекет  жиынтығының  сипаттамасы 
ретінде қарастыруымызға болады.   
 
 
 
 
«Бұйымдар» 
сөзін 
адамдар 
тұрмысында 
олардың 
қажеттілігін 
қанағаттандыру  мақсатында  қолданыс  табатын  заттар  жиынтығы  ретінде 
қарастырамыз.  
Жоғарыда  берілген  «ұлттық»  және  «бұйымдар»  сөздеріне  берілген 
анықтамаларға  сүйене  отырып,    «Ұлттық  бұйымдар»  тірек  сөзіне  тілін,  дінін, 
мәдениетін,  салт-дәстүрін,  тәрбиесі  мен  көркем  өнерін  айқындайтын  адамдар 
бірлестігінің  тұрмыстағы  әртүрлі  қажеттілікте  қолданыс  табатын    заттарының 
жиынтығы деген анықтама береміз. 
Тәрбие  –  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтаған,  іріктеп  алған  озық 
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған 
ортадағы  қарым-қатынасын  және  соған  сай  мінез-құлқын  қалыптастыру. 
Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау 
дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында 
басқа игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Технология  сабақтарында  ұлттық  тәрбие  беру  сөйлеу  әдісімен  ғана 
орындалмайды.  Оқушылар  практикалық  сабақтарда  сәндік  бұйымдарды  әрлеу, 
модельдеу,  құрастыру  арқылы  орындайды  –  бұның  барлығы  оқушыларда 
ұлттық  тәрбие  мен  бірге  эстетикалық  толғаныс  тудырып  көркемдік  талғамды 
тәрбиелейді. 
Тарихи  және  ұлттық  сәндік  бұйымдардың  бай  материалдарын 
шығармашылықпен  жасай  отырып  оқушылар  пішу  элементтерін,  ұлттық 
колориттік ерекшеліктерін пайдаланады, осы арқылы ұрпақ сабақтастығын іске 
асырады. 
Ұлттық  мәнердегі  сәндік  бұйымдарды  кезеңмен  жасау  жұмысының 
мақсаты  композиция  арқылы  алынатын  сұлу  форманы  көрсету,  яғни  қосымша 
бөліктерінің  бірлігі  арқылы  (бөліктердің  пропорционалды  бөлінуі,  матаның 
пластикалық  мүмкіндіктерінен  үйлесетін  сызықтар  пластикасы,  матаның 
фактурасы, түсі, суреті, бұйымның сыртқы әрленуі) білдіру. 
Оқушыларда  қазақтың  дәстүрлі  бұйымдары  негізіндегі  қазіргі  сәндік 
бұйымдардың композициясына қызығушылық туғызу – тәрбиелік әсердің басты 
міндеттерінің бірі. 
Сәндік  бұйымдардың  айқын  қасиеттері  болып  табылатын  матаның 
фактурасы  мен  түсін  таңдау  өте  маңызды.  Сондықтан  ұлттық  сәндік 
бұйымдарды  жасағанда  матаның  түстік  және  фактуралық  қарсылықтарын 
пайдаланады.  Бірақ  маталардың  тұрақты  үйлесімділіктері  болады,  олардың 
негізінде салыстырудың басты қағидалары жатады. 
Ұлттық нақыштағы сәндік бұйымдарды дайындауда бұйымды әшекейлеп 
қана  қоймай,  сонымен  бірге  оның  композициясын  күшейтіп,  байытатын  түрлі 
әрлеулерді пайдаланады. 


 
169 
Теориялық  сабақтарда  оқушылар  қазақ  ұлттық  сәндік  бұйымдардың 
дәстүрлі  ерекшеліктері  әртүрлі  ою-өрнек  үлгілерін  таңдауда  және  олардың 
түстерін 
сәйкестендіруде 
нақты 
шешімдердің 
қабылдануымен 
тұжырымдалатынын  оқып  үйренеді.  Мұндағы  ою-өрнек  сипатын  бұйым 
дайындалатын  материалға,  оның  формасына  сәйкес  келтіруде    оқушының 
композициялық ой-өрісі дамиды.   
Соған  сәйкес,  қазақ  ұлттық  сәндік  бұйымдарына  тән  форма,  құрылым, 
ою-өрнек  түрлері  және  түстік  варианттар  жалпы  композициялық  шешімге 
бағынады. 
Қазақ  ұлттық  сәндік  бұйымдарды  дайындауда  белгілі  бір  аралықта 
қайталанып  отыратын  орнаменттік  композиция  жиі  қолданылады.  Орнаментті 
таңдауда оның орналасу орнын және  ішкі басқа ою-өрнектермен сәйкес келуін 
ескеру  қажет.  Мұнда  орнамент  түрлері  бұйым  бөлшектерінің  формасына 
байланысты  болады.  Бұйымның  тікбұрышты  бөлшегіне  тікбұрыштағы  ою-
өрнек  сәйкес  келсе,  дөңгелек  және  симметриялы  емес  үлкен  формалы 
бөлшектерге  дөңгелек  формалы  ою-өрнектер  салынады.  Ою-өрнектің  барлық 
элементтері  әр  түрлі  мотивтерде  қолданылады  және  бір  жерден  басқа  жерге 
жеңіл түрде көшіріледі. 
Ою-өрнек  және  оның  элементтері  симметриялық  қалыпты  ұстайтыны 
белгілі,  соған  сәйкес  симметриялық  элементтер  бір-бірімен  қосыла  отырып, 
симметриялық  композиция  құрады.  Осыған  байланысты,  ұлттық  өрнектерді 
орналастыру  –  сәндік  бұйымның  жалпы  композициясын  ұйымдастыруға 
мүмкіндік  беретін,  белгілі  бір  заңдылықтарды  қажет  етеді.  Бұдан  бұйым 
формасы  мен  орнаменттің  композициялық  сипаты  бір-бірімен  байланысты 
екені  тұжырымдалады.  Ол  көркемдік  өңдеу  мен  композициялық  шешімнің 
тұтастығы есебінен туындайды.  
Ұлттық  бұйым  үлгілерін  құрастыру  және  оны  көркем  өңдеу  процесінде 
оқушылардың  шығармашылық  түрде  ойлау  өрісі  дамиды.  Дәстүрлі  ұлттық 
бұйымдарда  қолданылатын  ою-өрнектердің  графикалық  эскиздерін  компьютер 
техникасымен  құрастыру  графикалық  базадағы  тікбұрыш  және  эллипс 
формаларының  қарапайым  элементтерін  қолданумен  тұжырымдалады.  Осы 
элементтердің  түрлі  формада  түзілуі  арқылы  ою-өрнектердің  әртүрлі 
сызықтарын  алуға  болады.  Сонымен  қатар  композиция  құрастыру,  ою-
өрнектерге  бірнеше  түс  беру,  бір  түстен  екінші  түске  ауыстыру  мүмкіндіктері 
бар. 
Ою-өрнекті  көркем-сәндеп  өңдеу  процесі  екі  өлшемді  объектіні  үш 
өлшемді  объектіге  айналдыруға,  көлеңке  түсіруге  мүмкіндік  беретін  гра-
фикалық редакторлар көмегімен жүргізіледі.  
Жоғары  сынып  оқушыларының  технология  сабағында  компьютер 
техникасын пайдалануы кезінде оқушылар ақпаратты қалауынша пайдаланады, 
ою-өрнекті  бір-бірімен  байланыстырады,  зерттейді,  түрлі  варианттарды 
қарастырады,  өзін-өзі  бақылап,  бағалайды,  қол  жеткен  нәтижені  мақсатқа 
сәйкестендіре  алады,  кемшіліктерді  аңғарып,  өзі  түзейді,  яғни  сабақ  барысын 
өздігінше  жүзеге  асырады.  Оқу  процесін,  оқушылардың  өзін-өзі  басқарудың 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау