112
Білім де қонар, сөз де ұғар,
Кілті оның төзімде!
Баласына жазған бірінші «Назым-хатында» да:
...Оқу іздеп, қарағым, кеттің ұзап,
Саулығыңды отырмыз хақтан сұрап.
Шөл де болар жолыңда, жау да болар,
Бір шыққан соң жүре бер қайтпай шыдап!..
Талабыңнан тәңірім жарылқасын,
Дұшпаныңнан жолыңда көрме азап!
Бір несібе боларлық тұтынарсың,
Тек бір күнде ешкім де алмас санап...—
деп шыдамдылыққа, кездескен кедергілерге мойымауға үгіттейді.
Ақын «Жігітке жеті өнер де аз» деген халықтық қағиданы мықтап
ұстанған. Оның шығармаларында «адам деген саналы тіршілік иесінің жеке
басы үшін де, халықтың, елдің мүддесі үшін де оның сантүрлі өнер иесі болуы
қажет» деген идея көрініс беріп отырады. Өйткені, оның «оқу-білім, ғылым
үйрен!» деген үндеуі тек сауатты болсаң, бір саладан ғылыми ғибрат алсаң
болды» деген жалаң үгіт емес. Ол өз қазақ елінің жер бетіндегі алдыңғы
қатарлы дамыған, жан-жақты озық мәдениетті елдер қатарына тезірек
қосылғанын көздейді. Сондықтанда, жастарға:
...Өнер — дүние тетігі,
Жіберер азды молайтып.
Қызылауыз жас бала,
Қояйын өнер байқатып!
«Малым бар» деп мас болмай,
Өнерді үйрен, түн қатып!— дейді [5: 78].
Сондай-ақ ол: «мұндай өнердің бастауы мен құпиясын басқа халықтан
іздеме. Ондай бастау өз халқыңда атамзаманнан бар, тек соның көзін аршы,
ерінбей еңбектен!» дейді.
Нұртуған Кенжеғұлұлы өз айналасына талантты жастарды жинап,
олардың арабша сауат ашуына көмектескен. Ол жазған шығармаларын
Жаңаберген, Жәмет, Еңсепбай, Көпжасар, Бақыт, Кәрібоз сияқты жырауларға
орындатып, ақыл-кеңес беріп отырған. Нұртуған өлең, жыр, терме,
толғаулармен бірге, дастандар, қиссалар жазған. Шығармаларында үгіт-
насихатпен қатар, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, отаншылдық пен
ұлтжандылықты дәріптеген.Нұртуған ақын мұраларының басым бөлігі —
батырлық жырлар, елдік пен еңбек жайлы, адамгершілік хақындағы дастандар.
Ол білімінің аздығына көңілі толмаса да, ірі туындылар жазуға жас кезінен
талпынды. Сөйтіп, жиырмадан сәл асқан кезінде «Мәулімнияз-Едіге» және
«Орақ-Мамай» жырларын аяқтады.
Қорыта айтқанда Нұртуған жыраудың айтарымыз, ақынның өлеңдерінде
адамгершілік тәрбиесі кең насихатталады. Адамдар арасындағы сыйластық,
достармен адалдық қарым-қатынас жасау, ағайынды ардақтау, үлкенге – ізет,
кішіге - құрмет көрсету сынды адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктері
ақын шығармаларында қызыл әріппен жазылған.
113
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ. - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. - Қазақстан
Республикасының Президентінің ресми сайты. - 18.01.2014
2. Еңсегенов Т. Сыр елінің өлең өрендері. - Қызылорда, 1999 ж.
3. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. - А., Жазушы, 1982.
4. Бердібаев Р. Жыршылық өнер. Алматы., 1958.
5. Бес ғасыр жырлайды. А., Жазушы, 1983, 1984, 1985.
БҰДАБАЙ ҚАБЫЛҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ ИДЕЯ КӨРІНІСІ
Игенбаева Р.Т., Ниязбаева Г.К.
Қызылорда қ., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университеті
IRT_2208@mail.ru
;
gulzhauhar_75@mail.ru
Ұлтжандылық, патриотизм жайлы іргелі философиялық, тағылымды
идеяларды кезінде қазақ даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл- Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асан қайғы, Доспамбет жырау өздерінің
шығармаларына арқау етті. Өз ұлтына деген жанашырлық сезімді, құрмет пен
ықыласты қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев
шығармаларында айшықты бейнеленген. Абай өз қызметін туған елі мен халқы
алдындағы борышым деп түсінді. Олардың ұлтжандылық сезімі туған ел
табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен қасиетті ұлттық мінезіне
деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ұлтжандылық қасиетті қалыптастыруға
әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, игі
дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Ұлттық сезім дегенде әрбір
азаматтың өзінің ұлт өкілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік,
жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу сезімін айтамыз.
Ұлтжанды деген ұғымның төркінінен адами құндылықтарды бойына
жиған, ары таза, иман жүзді, елі мен жерін сүйетінін атқаратын ісімен
дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен
сенім қалыптастыру десек, бүгінгі жас ұрпақты бізге мирас боп жеткен ата-
бабамыздың мол мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату.
Тәуелсіздік алған алғашқы күндерден-ақ патриотизм, елжандылық,
ұлтжандылық ұғымдары, оларды жастар тәрбиесінде қолдану күн тәртібінен
түспей келе жатқан өзекті мәселе болып келеді. «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан
халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі мемлекет құраушы,
жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деп атап өтті [1: 11]. Қазіргі кезде
114
жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық
қасиетімізді
қастерлеу
барысында
адамның
адамгершілік
қасиеттерін
сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты,
отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ
ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде
тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту,
азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды
өмірге ендіру салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер
тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға жастардың бейім-қабілеттерін
дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет. Отанын сүйген, елін
жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан Қобыланды,
Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс сынды батырлардың, Шалкиіз, Ақтамберді,
Сыпыра, Қазбек, Әйтеке сынды ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, елін
сүюге шақырған өлең жырларының, шешендік сөздерінің жастардың бойында
патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің
қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары,
дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық құндылықтар. Олардың адам көкірегіне жылылық,
жақындық, бауырмалдық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар
көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Патриоттық сезім, ұлтжандылық - ананың сүтімен бірге өзінен-өзі
келмейтін, адамның бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім
әркімде әр кезеңде оянып, кейін тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған
ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары,
бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен
қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп,
патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының
қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Қазақтар ежелден басқа халықтай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз
бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қасық қаны қалғанша
қорғаған. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан.
Баланы талбесіктен бастап Отанын, елін, жерін, ұлтын сүюге тәрбиелеген. Кез
келген адам тарихымызды, ел бастаған хан-сұлтандарымыз бен қол бастаған
батыр-бектерімізді,
сөз
бастаған
ақын-жырауларымыз
бен
данышпан
шешендерімізді жақсы білуі тиіс.
Қазақ халқы қашанда елін, жерін,оның қасиеті салт-дәстүрін, ұлттық
болмысын тілдің майын тамызып, сөзден түйін түйген тарлан жүйріктерге бай
болған. Ұлтының жоғын жоқтаған қазақтың кең сахарасының тұс-тұсынан бой
көрсетіп, халқының қамын жырларына арқау қылып, кейінгі ұрпақтарға мирас
еткен. Кең байтақ қазақ жерінің осындай теңдесі жоқ талант иелерін дүниеге
келтірген бір өңір – Сыр бойы екендігі белгілі. Аты аңызға айналған Қорқыт
бабадан бастау алатын дәстүрлі киелі жыр өнерінің қайталанбас тұлғалары
Балқы базар, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Мұзарап, Жиенбай, Рүстембек,
Тасберген, Көшеней сынды дүлдүл жыраулар осы Сырдың топырағында
дүниеге келген. Бұл өңірден түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлардың,
Достарыңызбен бөлісу: |