91
Және де мен өз тәжірибемде сабақты топтық жұмысқа негіздеймін.
Топтық жұмыста оқушы өзінің пікірін ортаға салады, талқылайды, қарсы
шығады, басқалардың пікірін тыңдайды, өзіндік жеке позициясын нақтылап,
тереңдете түсуге мүмкіндік алады. Әрине, бұл жұмысты бірден өз деңгейінде
жүзеге аса қойған жоқ. Мен үшін топтық жұмыстағы бастапқы әрекетті
ұйымдастыру қиын болды. Бұл қиындықты мен топтық жұмысты жүйелі түрде
сабағымда қолдану арқылы жеңе білдім. Және ол өзінің нәтижесін көрсете
білді. Бұндай жұмыстар арқылы өз тәжірибемнен байқағаным: бала өзін ортада
ұстауға үйренеді, сыныптасының пікіріне құрметтей алады, өзінің білмегенін
басқаның көмегі арқылы үйренеді, ынтымақтаса жұмыс істеуге үйренді, өз
ойларын еркін, дәлелді жеткізуге, өз өздерін реттеуге, өзін және өзгелерді
бағалауға деген талпыныстары мен өздеріне деген сенімділіктері артты,
сонымен қатар балалар көшбасшылыққа талпынады деп ойлаймын. Және де, ең
бастысы, топтық жұмыс арқылы әлеуметтік ойлау жүзеге асады да, ол сыни
ойлауға әкеледі.
Мен А атты әріптесіме тәлімгерлік жасаймын. Ол математика пәнінің
мұғалімі, жас маман. Әріптесім қазіргі уақытта геометрия сабағында зерттеу
жұмыстарын тиімді ұйымдастырып жүр. Бұл жұмыс арқылы оларды
проблеманы айқындауға, оны шешуге, өздері үшін жаңалық ашуға үйретеді.
Және де осының бәрін өмірмен байланыстыруға бағыттайды. Балалар бұл
жұмысты қатты қызығушылықпен орындайды. Себебі олар теореманы тек
теория түрінде ғана дәлелдеп қана қоймайды. Балалар үшін теорияны
тәжірибемен байланыстыра отыра дәлелдеу қызықты және маңызды. А атты
әріптесіммен сұхбаттасқан уақытта ол былай деді: «Мен бұрын сабағымда
оқушыларды сыни ойлауға үйретуді математика сабағында жүзеге асыру
мүмкін емес деп ойлайтынмын. Ал қазір сабағымда кез келген тақырыпқа
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы сыни ойлауға үйрету мүмкін
екендігіне көзім жетті. Бұл арқылы оқушыларым өздігінен жұмыс істеуге,
теорияны тәжірибемен байланыстыра дәлелдеуге үйренді. Енді олар алған
білімдерін кез келген жағдайда қолдана алады деп ойлаймын. Бұл, әрине, мен
үшін де, оқушыларым үшін де үлкен жетістік деп ойлаймын»
Бұл зерттеу жұмыстарын мектебімде сыныптан тыс жұмыстарда да
жүйелі түрде қолданамыз. Пән апталықтарын инттеллектуалдық марафон
түрінде өткіземіз. Міне, осы интеллектуалдық марафонның соңғы кезеңі
зерттеу жұмысы түрінде өткізіледі. Бұл жұмыс арқылы біз оқушыларымызды
нақты проблеманы айқындап, оны шешу жолдарын таңдауына,қорытынды
шығаруына, оны сараптауға, одан ұсыныс шыүара білуіне үйретеміз. Және бұл
жұмысты жүйелі қолдану арқылы оқушылар ғылыми жоба жазуға да үйренуде.
Мен өз әрекетімде рефлексия жүргізуді жүйелі қолданамын. Бұл жұмыс
оқушыларды сыни ойлауға үйретудің бір жолы деп ойлаймын. Оны оқу
материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау, іс-әрекетке рефлексия
жүргізу мақсатында қолданамын. Бұл жұмыс менің өз өзімді реттеуіме,
көшбасшы ретінде жұмысымды қайта қарауға, жұмысымды жоспарлауға көп
көмектеседі. Оқушы өзінің алдына қойған мақсатқа қаншалықты жеткендігін ой
елегінен өтікізіп, өзіңе шынайы баға беруге үйренеді. Сол арқылы мұғалім
92
сабақ мақсаытының қаншалықты орындалғанына көз жеткізе алады. Бұл
оқушыны да, мұғалімді де өз іс-әркетіне сыни қарап, қайта өзін-өзі реттей
алатын ой үдерісі қалыптасады.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ
қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде
стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріңе
сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл
идеялар мен келешекке ашық болады,-деп мұғалімдерге арналған нұсқаулықта
көрсетілгендей, ХХІ ғасыр мұғалімі өзі сыни ойлай алатын және сыни ойлай
алатын оқушыны тәрбиелей алатын болуы керек.
Әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (І деңгей). – Алматы, 2012. 107 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жаканова С.К.
Көкшетау қ. №7 орта мектебі
school_7_
gk@mail.ru
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-
тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым
бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі
болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс
деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай
тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер
атқаруы тиіс.
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда
Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын
арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта
өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылатуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |