Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет38/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   174

 
82
Бала  болашақ  иесі  болғандықтан,  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын, 
өзінің  төл  мәдениетін  білетін,  сыйлайтын,  рухани  дүниесі  бай,  саналы 
ойлайтын, деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. 
Ойын  –  балалар  өмірінің  нәрі,  яғни  оның  рухани  жетілуі  мен  табиғи 
өсуінің  қажетті  алғышарты  және  халықтың  салтын  үйренуде,  табиғат 
құбылысын  тануда  олардың  көру,  есту,  сезу  қабілеттерін,  зейінділік  пен 
тапқырлықтарын  дамытады.  «Адам  өркениетке  бейім  болуы  үшін  балалық 
шақты  бастан  кешуі  міндетті,  егер  ойын  мен  қызыққа  толы  балалық  шақ 
болмаса,  ол  мәңгілік  жабайы  болып  қалған  болар  еді»  деп  К.  Чуковский  бала 
денесінің  дамуы  мен  ой–дүниесінің  өркен  жаюы  ойынға  тікелей  тәуекелді 
екендігін атап көрсеткен. 
 
 
 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІН 
 
Ермағанбетова Ф.А., Тойымбекова Ж.Б. 
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ 
 
 Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінде  оқытудың  инновациялық 
нысандары  мен  әдістерін  енгізу  педагогикалық  қызметкерлердің  тұлғасына 
және  кәсіби  құзыреттілігіне  жоғары  талаптар  қоюда.  Осыған  орай  білім  беру 
саласында  заманауи  мақсаттар  мен  құндылықтар  жүйесін  құруға  және  іске 
асыруға мемлекет болып ат салысып жатқаны белгілі. 
«Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді 
ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр...  Орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін 
мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу 
керек».  Расында  да  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған 
Жолдауында  аталған  міндеттерді  шешуге  сәйкес  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру 
ұлттық  орталығы»  акционерлік  қоғамының  филиалы  Қарағанды  облысы 
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында заманауи 
бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелері  жарық  көріп,  білікті  мамандар  даярлау 
мақсатындағы  игілікті  істер  жүзеге  асырылып  отыр.  Өзектілігі  жоғары  3 
(базалық)  деңгей  курсына  облысымыздың  білім  беру  ошақтарынан  біліктілігін 
арттыруға  келген  педагогтардың  әлемдік  озық  әдіс-тәсілдерді  игерудегі  іс-
қимылы да соның дәлеліндей. 
Әлемдік  тәжірибені  ескере  отырып,  жаңа  білім  беру  бағдарламаларын 
кеңейту  бағытында  жаңа  идеялар  туындап,  білім  мазмұнын  жетілдіру 
жалғасуда.  Институтымыздың  2014-2016  жылдарға  арналған  «Күшті  аймақ-
күшті  орталық»  стратегиялық  даму  жоспарының  бағыттарында  педагог 
қызметкерлердің  біліктілігін  арттырудың  қысқа  мерзімді  білім  беру 
бағдарламасын  дайындау  міндеті  қойылған.Бұл  міндетті  іске  асыруда 
Деңгейлік 
бағдарламалар 
орталығы 
біліктілікті 
арттырудағы 
жаңа 
басымдықтарды анықтап, кафедралармен бірге жұмыс жасау жолында. 


 
83
Деңгейлік  бағдарламалар  орталығы  біліктілікті  арттырудағы  жаңа  
үдерісті  басқарудабіріншіден,оқу  бағдарламаларын  дайындау  және  соған 
сәйкес    орта  және  қысқа  мерзімді  жоспар  құра  білуді  ойластырды;  екіншіден, 
жұмыс жасау тәсілдеріне3 (базалық) деңгей курс Бағдарламасының жеті модуль 
идеясына  негізделген  оқытудың  белсенді  әдіс-тәсілдеріне:  оқу  жетістіктерін 
бағалау,  кері  байланыс  әрекетін  жүзеге  асыру  мен  мектеп  базасында  іс-
әрекеттегі 
зерттеу, 
Lesson 
Study, 
менторинг, 
коучинг 
және 
мұғалімніңкөшбасшылығын  дамытуға  баса  назар  аударылуда;  үшіншіден, 
ойлауды  дамытудакөзқарас,  шешім,іс-әрекет  жасай  отырып,  кәсіби  желілік 
қоғамдастық  құруды,  бірлескен  іс-қимылда  ынтымақтастық  оқуды  жетілдіруді 
іске асыру көзделуде [3. 5-22 б.]. 
«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін 
және  тәжірибе  жүргізілетін  жағдайды  түсінуін  өзгертеді.  Ол  жаңа  үлгілерді 
қалыптастыра  отырып,  «сөйлеу»,  «тәжірибе»  санаттарының  мазмұнын 
өзгертеді.  Бұл  тәжірибе  –  басқа  тәжірибелерді  өзгертетін  мета  тәжірибе. 
Метатәжірибе  өз  кезегінде  басқа  тәжірибелер  қалыптастыратын  дәйектерді, 
әрекеттер  мен  байланыстарды  өзгертеді»  (Kemmis,  2007)  деп,  зерттеуші 
пікіріндеайтылғандай,  кез  келген  тәжірибені  өзгерту  –  бұл  орындап  жатқан 
ісімізді, таным-түсінікті және жағдайды өзгерту болып табылады [1. 4 б.]. 
«Өрлеу»  біліктілікті  арттырудың  ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы  ПҚ  БА 
курстарын  өткізе  отырып,  ұстаным,  миссия,  мақсат  қоюда    өзгерістің  не  үшін 
керекекені  нақты  айқындалады.  Жалпы  құндылықтардың  қалыптасуындағы 
ортақ мақсат - оқытудың нәтижесі арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау 
дағдысын,  ақпаратты  өз  еркімен  және  терең  сараптай  алу  үшін  оқытуды 
жақсарту.  Осы  мақсатта  Нені  өзгертеміз?  дегенде,  курс  барысындағы 
өткізілетін  барлық  сабақтардың  әр  күнге  арналған  толық  жоспарын  жасауды; 
оқыту  мен  оқуды  дамытуда  мұғалімдерге  деңгейлік  тапсырмалар,  тест 
сұрақтарын  дайындауды;  топтық  жұмыс  жағдайында  тұлғааралық  өзара 
әрекеттесу  принциптерін  ұйымдастыруды;  оқытудағы  диалогтік  принципті 
басшылыққа алуды; іскерлік ойындар жүйесін құру секілді әрекет ету тәсілдері 
мен құралдарын жандандыру керек. 
Өзгерісті  қалай  енгіземіз?  дегенде,  курс  Бағдарламасын  апробациялауда 
тәлімгерлікті  іске  асырып,  аудиторияда  жұппен,  топпен  жұмыс  жасауды; 
шеберлік  сыныптарын,  оқыту  семинарларын,  әдістемелік  десант  өткізуді; 
критериалды  бағалау  өлшемдерін  жасауды;  желілік  қоғамдастықта  тәлімгерлік 
етуді  оқыту  мен  оның  нәтижесі  ретінде  қарастырамыз.  Оқыту  мен  оқудағы 
өзгерісті  бақылау  және  бағалауды  кіріктіре  отырып  өткізіп  көру;  желілік 
қоғамдастықта нәтижемізбен бөлісу, кеңес беру, кері байланыс жасауды тиімді 
ұйымдастыру- сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолы. 
Бұл  өзгеріске  негіз  болғалы  отырған  курс  мазмұны  осы  уақытқа  дейін 
төмендегідей  әрекетте  жүзеге  асып,  нәтижеге  бағытталған  іс-қимылдың 
бастауы болып келеді. 
Оқытудың сапалы және табыстылығы үшін мұғалім бойында болуы керек 
қасиеттерге,  Шульманның    «мұғалімнің  үш  көмекшісі»  деп  анықтаған  -  «бас  - 
кәсіби  түсінік,  қол  -  оқытудың  тәжірибелік  дағдылары,  жүрек  –  кәсіби 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау