Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет30/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174

 
66
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы 
және  терең  білім  мен  іскерліктің  болуын,  ойлау  қабілетінің  жоғары, 
шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 
Математика  барлық  ғылымдардың  мұрындығы  десек,  артық  болмайды, 
себебі,  оның  іс  –  жүзінде  қолданылымы  орасан  зор.  Ендеше  математика 
жетістіктерін  барлық  салада  пайдалану,  яғни  компьютерлік  сауаттылықтың 
қазіргі  заманның  басты  талабына  айналуы  оқушылардың  білімін  сынаудағы 
тест  жүйесінде,  барлық  оқу  бөлімдеріне  математиканың  енгізілуі-  соның 
айғағы.  Сол  себепті  мектеп  оқушыларын,      математиканы  жоғарғы  деңгейде 
оқыту,  яғни  тереңдету  –  әр  ұстаздың  алдында  тұрған  міндеті.  Ал  мектептерде 
небір қабілетті, дарынды, алғыр балалар баршылық. Бірақ  математикадан жыл 
сайын  өткізілетін  олимпиадаларда,  қазіргі  кездегі  математикадан  алынған  тест 
балалардың  көрсеткішінің  төмен  болуы  көп  жылдар  бойы  ойландырып  келе 
жатқан  мәселе.  Оқушылардың  бәрі  де  жақсы  оқығысы  келеді,  бірақ  олардың 
ақыл- ой қабілеті, бағдарламадағы материалдарды  ұғуы бірдей емес, сондықтан 
оқушыларды  білімге  жеткізу  үшін  мүмкіндіктеріне,  бейіміне  қарай  деңгейлеп 
оқытудың маңызы бар.  
Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты:  әрбір  оқушы  өзінің  даму 
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.  
1)Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  білім 
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.  
2)  Деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға,  олармен  саралап 
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  
3)Деңгейлеп-саралап  оқыту  құрылымында  білімді  игерудің  үш  деңгейі 
қарастырылады:  ең  төменгі  деңгей  (базалық),  бағдарламалық,  күрделенген 
деңгей  сондықтан  әрбір  оқушы  меңгеруі  тиіс.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясы 
тиімді нәтижелі болу үшін  
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,  
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,  
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл  бөлу.  
Сабақ  өткізу  формаларын  және  түсіндіру  әдістерінің  жаңа  тәсілдерін 
күнделікті сабаққа қолдану [3]. 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педогогика  теориясымен  оқу-
тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр,  білім  беру 
пирамидасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.  
Атап айтқанда:  
-  білім  мазмұны  жаңа  біліктермен,  ақпараттарды  қабылдау,  даму, 
ғылымдағы 
шығармашылық 
және 
нарық 
жағдайындағы 
білім 
беру 
бағдармаларының нақтылуына байланысты; 
-  ақпараттық    дәстүрлі  әдістер-ауызша    және    жазбаша,  телефон  немесе 
радио  байланыс  қазіргі  заманғы  компьютерлік  құралдарға  ығысып  орын 
беруде; 
- баланың жеке басын тәрбиелеуге, оның жан дүниесінің рухани баюына, 
азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде; 


 
67
-  мектеп  отбасы  мен  қоршаған  әлеуметтік  ортаның  бала  тәрбиесіндегі 
роліне мән берілуде. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  жаңа  педогогикалық 
технологиясы,  оның  ішінде  ақпараттық  (компьютерлік)  оқыту  мұғалімдердің 
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. 
Мектептің  ақпараттық  ғасырға  бейімделуі  керек,  себебі  есептегіш 
техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі болып саналады.  
Біріншіден,  жалпы  білім  берудің  информатиканы  оқытудағы  басты 
мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастырады.  
Екіншіден,  мектептегі  әрбір  пәнге  жаңа,  әрі  жетілдірілген  сипат  беріп, 
мұғалімнің  қолына  кілт  ұстатады.  Осы  кілтті  дұрыс  пайдалана  білген  мұғалім 
оқушылардың алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі [4]. 
 
Қолданылған әдебиеттердің тізімі: 
 
1.  Өмірбаева  К.  Оқыту  процесіндегі  инновациялық  ізденістер.  -  Алматы, 
2001. 
2. Информатика Физика Математика журналы №3, 2005. 
3.  Қараев.  Ж.А,  Кобдикова  Ж.У.    Актуальные  проблемы  модернизации 
педагогической системы на основе технологического подхода. Алматы. 2005. 
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1981. 
 
 
 
ПІКІРСАЙЫСТЫҢ ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 
 
Дәуренова Бақыт Дәуренқызы, Келдібекова Ақжан Ермекқызы  
Ғылыми жетекші: Курманбаева Ж.К., Смагулова Г.Қ 
Семей қаласы,  № 47 жалпы орта білім беретін мектеп 
 
Тәуелсіз  еліміздің  дамуы  үшін  мәдени  рухани  жетістіктерді  келешек 
ұрпаққа  қалдырудың  үлесі  зор.  Өскелең  ұрпақтың  туған  тіліне  деген 
сүйіспеншілігін  оятып,  сөз  мәйегін  ұғындырып,  туған  тіліміздің  тылсым 
иірімдеріне  құмарлығын  арттыруда  шешендік  өнердің  орны  ерекше.    Соңғы  он 
жылдықтарда пікірсайыс кең тарады. Осы ой пікірсайысы соңғы уақыттарда ғана 
елімізде    пайда  болды  деп  айта  аламыз.  Оның  тамыры  тарихтың    тереңінен 
бастау  алады.    Кешегі  қазақ  қоғамындағы  билер  институты  сөздің  майын 
тамызып,  пікір сайыстыра отырып, ақиқат іздеген шешендер доктринасы қазіргі 
жастардың  тұтас  бір  мектеп  ретінде  қарастырып  отырған  пікірсайыс  жүйесінің 
ата – бабасы іспеттес.  
Бүгінгі  Қазақстан  адамдардың  халықаралық  қарым  –  қатынасы  мен   
ақпарат  алмасуына  шекарасы  ашық,  дүниежүзілік  саяси  –  әлеуметтік 
экономикалық ықпалдастық шекараларына белсене араласатын мемлекет. Қазіргі 
индустриалдық  қоғам  ақпараттың  технологияларды  қабылдау,  сұрыптай    білуді 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау