57
талқылау арқылы оларды шешу жолдарын іздестіру мақсатында еліміздегі
атаулы мектептердің тәжірибелерін жан-жақты зерттеп, өмірге енгізуіміз қажет.
Осындай игі істермен үнемі айналысып, озат тәжірибелерімен бөлісуден
жалықпайтын ұжымдардың бірі – Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев атындағы
атаулы мектеп.
Айтқалиев Құсиын Айтқалиұлы 1930 жылы Атырау облысы (бұрынғы
Гурьев) Махамбет ауданының Алға ауылында дүниеге келген.
1948 жылы Гурьев қаласындағы Жамбыл орта мектебін бітіріп, еңбек
жолын Бақсай ауданындағы «Красный Каспий» колхозында кіші есепші болып
бастаған. Ол 1954 жылы Гурьев мұғалімдер институтын, 1963 жылы Гурьев
пединститутының тарих факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.
Қырық жылдай саналы өмірін қызығы мен қиындығы мол мамандыққа, жас
ұрпақ тәрбиесіне арнады. Ұлағатты ұстаз еңбек жолын 1954 жылы Құлтай
сегізжылдық мектебінде бастады. Одан кейін Талқайран сегізжылдық
мектебінде директор, кейінгі отыз жылдан астам уақытта Алға орта мектебінің
оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, директоры болып қызмет етті. Көп жылғы
шәкірттерге білім беру мен тәрбиелеудегі еңбектерінің нәтижесі ретінде 1966
жылы «Ерлік еңбегі үшін», 1970 жылы «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл
толуына» мерекелік медальдарымен, 1971 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен
марапатталды. 1967 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын,
1980 жылы 12 мамырдағы Жоғарғы кеңес Президиуымының Жарлығы
бойынша Қазақстанда бірінші болып, «КСРО халық мұғалімі» құрметті атағын
алды.
Ақыл мен парасаттың, өмір мен өнердің, мейірім мен ізгіліктің салихалы
сабағындай майталман ұстаз өзінің 75 жылдық мерейтой қарсаңында тәуелсіз
еліміздің «Парасат» орденінің иегері болды.
Жаңашыл ұстаз Одақтық, республикалық көлемде өткізілген жиындарда,
ғылыми-әдістемелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыруға байланысты іс-тәжірибелерін ортаға салып,
көпшілік қолдауын тауып келеді. Мысалы: Москва қаласында ВДНХ
көрмесінде «Шылауды» ірі блокпен өткізу тәжірибесін көрсеткен Құсиын
Айтқалиев күміс жүлдемен оралды.
Халық мұғалімі іс-тәжірибесі негізінде елімізде бірінші болып
әдістемелік шеберлік мектебін-атаулы мектеп ашты. Бұл мектептің ашылуының
салтанатты рәсімі Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің бастамасымен
1989 жылы 10-қарашада министрліктің үлкен залында өтті.
Республикалық атаулы мектеп құрылғаннан кейін еліміздің әр
облыстарында осы мектептің филиалдары мен бөлімдері ашылып, озат
тәжірибе
мектебі
жүйесі
құрылды.
Құсиын
Айтқалиевтың
тамаша
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында атаулы мектеп өз жұмысын тез
жандандырды. Ол атаулы мектептің алғашқы отырысынан бастап мектеп
мүшелерінен үш топ құрды. Олар: оқулық, оқу бағдарламалары, көрнекілік
жетілдірумен айналысу, әдістемелік жұмыстар жүргізу; оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыратын сыныптан тыс жұмыстарды дайындау. Әр
58
топтың жетекшілері сайланды. Топтарға мүше мұғалімдер бейімділігі мен
айналысып жүрген тақырыптарына сай топтастырылды.
Мектептің әрбір мүшесіне арнайы тапсырмалар беріліп, оның орындалуы
жіті қадағаланып отырды. Кезекті отырыстары бір жерде емес, әр облыс
орталықтарында өткізу белгіленді. Ондағы жетекшінің мақсаты- мұғалімдердің
туған өлкеміздің әр түрлі жерлерімен және көрнекті ақын –жазушылардың
туған жерімен жақын таныстырып, қосымша мәліметтер алуларына жағдай
туғызу еді. Сонымен қатар, атаулы мектеп өз міндеттері мен қағидаларын
қабылдады.
Құсиын Айтқалиев атындағы атаулы мектеп жұмысының негізгі
қағидалары мынадай:
- сабақтың барлық элементін оқушыны танымдық, білімділік жағынан
дамытуға негіздеп жүргізу; Оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін және тәрбие
жүйесін оқу қарқынына, іскерлік дәрежесіне оқушының өзімен ақылдаса
отырып, толық сәйкестендіре құру;
- оқу жүйесінде оқушылар ұстаздың шынайы көмекшілері, өз-өздерін
тексере алатын, ақыл-кеңес бере алатын, жолдастық көмек көрсете алатын
негізде құру;
- бірін-бірі үйрете отырып, сабақ барысында бүкіл әлемді, қоғамды,
ондағы адамның алатын орнын байқау, көзқарасын қалыптастыру ісімен
ұштастыру;
- сабақтағы теориялық мәселені практикалық, сыныптан тыс үйірме
жұмысымен толықтыру.
Бұл атаулы мектептің негізгі міндеттері мынадай:
- сабақ берудің, тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіру; Қол жеткен
табыстарды жариялай отырып, оны жергілікті жердің жағдайына сай жетілдіру;
Әлем көлеміндегі педагогикалық жаңалықтарды күнделікті сабақтарда сынап,
көпшілікке пайдалы әдіс- тәсілдерді қолдануды ұсыну.
- пәннің өзіндік ерекшелігіне сай оқыту мен тәрбиелеу ісінде жаңалық
ашу; Оның педагогика мен психология талаптарына сай, іс нәтижесінің
жоғарғы көрсеткіштерге ие болуын қарастыру.
- оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін нақты іс жүзінде
пайдалана алуы үшін қажетті жағдай ұйымдастыру.
Осы міндеттерін жүзеге асыру үшін атаулы мектеп өз қағидаларына
сүйене отырып үш бағытта жұмыс жасап келеді.
I. Оқу бағдарламасы мен оқулықтар мәселесі, бұл бағытта жұмыс істейтін
топтың міндеті:
- қазіргі кезде пайдаланып отырған бағдарлама, оқулық мазмұнымен
танысып, оның жетістіктері мен олқылықтарына көңіл бөлу, олқылықтарын
анықтай отырып, нақты ұсыныстар беру;
- тереңдетіп оқыту бағдарламасы, оқулығы оның сапасы.
II. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту әдістемесі мәселелері
бағытында жұмыс істейтін топтың міндеттері:
- сабақтың интерактивті формаларын күнделікті жұмыстарында
пайдалана отырып, тиімділерін насихаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |