Материалдары


ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛ БЕСІКТЕН



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет167/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   174

 
360 
ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛ БЕСІКТЕН 
 
Cейітхауан Риза 
Көкшетау қаласының  №7  орта  мектебі 
riza071173@mail.ru
 
 
Бала  тәрбиесiнде  отбасының  орны  ерекше.  Оны  қоғамдық  тәрбиенiң 
қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Бала дүниеге келген күннен бастап 
ата-ананың  ықпалында  болып,  өмiрге  бағыт  берушi  алтын  ұя  отбасындағы 
тәрбие мектебiнен өтеді.  
Отбасының  негiзi  баланы  өмiрге  келтiру  ғана  емес,  оған  мәдени  - 
әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-
кеңес  тәжiрибесiн  бойына  сiңiру,  қоршаған  орта,  адамзатқа,  өз  қоғамына 
пайдалы етiп тәрбиелеу боп табылады.  
Ұлтымызда «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген дана сөз бар.  
Қазақ  халқы  әуелден-ақ  бала  тәрбиесіне  айрықша  мән  беріп,  оны  ата-
ананың борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі. Келер ұрпақ алдындағы 
жауапкершілік  әрдайым  қатал  сын  саналған.  Баланы  өсіру,  оны  азамат  етіп 
тәрбиелеу тіпті – қоғамдық, елдік мәселе деп қараған  халқымыз бала тәрбиесін 
жөргекте жатқанда бастау керектігін әрдайым назарда ұстаған.  
Бесік  жыры,  әлдилеп  тербету  сияқты  сәби  кезінен  құлағына  тәрбиелі 
мағналы сөздерді құйып ел сүйгіш, отаншыл, ержүрек, мейрімді болу жолдарын 
нұсқап  отырған.Ұрпақ  өсіру  жолында  қазақ  халқында  қалыптасқан  небір 
тамаша  салт-дәстүрі  бар.  Құрсақ  тойынан  бастап,  отау  тігіп,  шаңырақ 
көтергенге  дейін  сан  алуан  ғұрыптар  сабақтасып  келеді.  Жас  ұрпақ  біздің 
өміріміздің  тікелей  жалғастырушы  ғана  емес,  еліміздің  тірегі,мызғымас 
болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала.  
Бала  –  дербес  тұлға.  Оның  бойындағы  табиғи  қасиеттер,  адамгершілік 
құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас 
ұстазы  –  ата  –  анасы.  Тәрбие  үрдісінің  бастауы    отбасынан  басталып    мектеп 
өмірімен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, 
етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады.  
Әр  бала  білімді  болумен  қатар  мәдениеттің  негіздерін  тануы  және 
олардың әрқилы  кемелденіп дамуына ата-ана, мектеп екіжақты  жағдай жасауы 
керек.  Сондықтан  ата  ана  баласының  мектептегі  барлық  мүмкіндіктерді 
пайдаланып  білім  алу  мен  тәрбиелі  өнегелі  болып,  өзін-өзі  басқаратын  азамат 
болуына ат салысу қажет.  
Бізде  көптеген  ата-аналар  баланың  кемшілігін  мектептегі  мұғалімдерден 
көреді.  Ең  әуелі  әрбір  ата  –ана  бала  тәрбиесінде  бірінші  жауапкер  екенін 
білмейді.  Отбасында  мұғалімдер  туралы  жақсы  пікір  айтылса,    мектепке, 
ұстазға  деген  жақсы  ой  бала  бойына  қалыптасары  ақиқат.  Ондай  балалардың 
оқуға,  білімге,  мектепке  құштарлығы  әлбетте  артады.  Ұстазды,  адамды 
сыйлауы  өзгеше  болады.  Мектеп,  ұстаз  туралы  жаман  пікір  айтылуы  баланың 
мектепке,  мұғалімге    деген  көзқарасы  өзгереді.  Тіпті  балада  неқұрайлық  пайда 


 
361 
болып оқу үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі сол бір 
ғана сөз арқылы өздері жойып отырғанын білмейді.   
Бір  тәуліктің  яғни  24  сағаттың  6  сағаты  мектепте,  қалған  уақыттары 
баланың  үйде  болатыны  ескерсек  кімнің  жауапкершілігі  басым  екенін  түсіну 
қиын емес сияқты. 
Демек  әрбір  ата-ана  өз  баласының  тәрбиелі  де,  саналы,  мәдениетті, 
жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, 
яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас 
кезінде  баласына  дұрыс  тәрбие  бере  алмаған  ата-ана  кейін  бармағын  тістеп 
өкініп қалады.  
Бала  тәрбиесі  жөнінде  Абай:  «Адамның  жақсы  болуы  тегінде  емес, 
тәрбиесінде,  ақылында,  өнер,  білімінде.  Адамға  үш  алуан  адамнан  мінез 
жұғады:  ата-анадан,  ұстазынан,  құрбысынан.  Әсіресе  олардың  қайсысын 
жақсы  көрсе,  содан  көп  жұғады»,  -  деп,  осы  үшеуінен  баланың  болашағы 
шешілетінін ескерткен. Ал, шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің: «Адамға ең 
алдымен  білім  емес,  тәрбие  беру  керек.  Тәрбиесіз  берілген  білім  адамның 
дұшпаны» – деген сөзін біле жүрген жөн.  
Ұрпақ 
тәрбиесіндегі 
басты 
мақсат-жан-жақты 
дамыған 
тұлғаны 
тәрбиелеу.  Негізгі  тұлғаның  өз  өміріндегі  орнын,  атқаратын  міндетін,  қазіргі 
және  болашақ  ұрпақ  алдындағы  жауапкершілігін,  дүниесінің  күрделі 
құрылымын  түсіну  және  өзін-өзі  тану  арқылы  дара  тұлға  ретінде  өзін  үздіксіз 
бірқалыпты  қалыптастыруға  баулу.  Ал,  кейбір  ата-аналар  отбасыларында  жиі 
жан-жалдың  орын  алуы,  жасөспірімнің  пікірімен  санаспауы  салдарынан 
перзенттерінің  психикасына  кері  әсер  етіп  жатқандарын  мүлдем  сезбейді. 
Керісінше, мұндай кезде баласымен үлкен адам ретінде сөйлескені жөн.  
Оның  әрбір  сөзін  мұқият  тыңдап,  тең  адамша  сөйлесіп,  керек  кезде  өз 
бетінше  шешім  шығаруына  да  мүмкіндік  беру  керек.  Жасөспірімнің  «өтпелі 
кезеңде»  жүргенін  де  ескеру  қажет.  Абай  атамыз:  «Өмірдің  алды  –  ыстық, 
арты – суық, алды –  ойын, арт жағы мұңға жуық» деген екен. Ендеше, осы 
елдің ертеңі-жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет екенін 
ұмытпайық, ағайын. 
 
 
 
Абай  қазақ  әйелiнiң,  ананың  отбасындағы  орнын  ерекше  жырлайды. 
Жалпы, "адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген 
ғұламалық  ойды  тарата  келе,  ол  қасиеттердiң  мiндеттi  түрде  тәрбиеленуi 
қажеттiгi туралы айтады.  
Абай  жетiншi  қара  сөзiнде  былай  дейдi:  "Жас  бала  анадан  туғанда  екi 
түрлi  мiнезбен  туады.  Бiреуi  iшсем,  жесем,  ұйықтасам  деп  туса,  бiреуi–
бiлсем  екен  демектiк.  Не  көрсе  соған  талпынып,  жалтұр-жұлтыр  еткен 
болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып 
қарап,  сырнай,  керней  болса  дауысына  ұмтылып,  онан  ер  жетiңкiрегенде 
ит  үрсе,  мал  шуласа  да,  бiреу  күлсе  де,  бiреу  жыласа  да  тұра  жүгiрiп,  "ол 
немене",  "ол  неге  үйтедi",  "  бұл  неге  бүйтедi"  деп,  көзi  көрген,  құлағы 
естiгеннiң  бәрiн  сұрап,  тыныштық  көрмейдi.  Мұның  бәрi  өмiрге  жаңа 
келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" 
дегенi».  Қазақ  халқының  "Ата  –  балаға  сыншы"  деген  мақалы  бар.  Әр  әке  өз 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау