286
Осыған орай, балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Өйткені сол арқылы балалардың іс-әрекетінің дербестігі артады, бала білімді
болады.
Өздік жұмыс – оқушының ойлау қабілеті, ақыл-ойы және іс-
тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Өздік жұмыс деп – мұғалімнің
оқушылардың белсенділігін аттыру үшін ұйымдастырылған кез келген
жұмысын айтады. Ол жұмыс белгілі бір уақытта алға қойған дидактикалық
мақсаттарды орындауға бағытталған. Олар: іздену, оны ой елегінен өткізу,
бекіту, білік пен дағдыны қалыптастыру жинақтау және жүйелеу.
Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы
оқушы ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру,
баланың танымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру
өзекті мәселеге айналып отыр. Жұмыстың мақсаты: балаларға сапалы білім
берудің жан-жақты амал-әдістерінің ғылыми негіздерін ашу. Сапалы білім
берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығына, қоршаған орта
әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. Білім сапасын жетілдірудегі жаңа
технология негіздеріне тоқтала отырып, пайдасын, әсерін нақты мысалдармен
дәлелдеу.
Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты тани
білу, оның әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз
парызы. Бала дарындылығы өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда
білім алуда, басқалардан ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінен
көренеді.
«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жеке
отырғызылған жас көшет қашан тамырын тереңдетіп, жапырағын жайып, саялы
ағаш болып үлкейгенше мәпелеп, күтіп, үзбей қарауды қажетсінеді. Адам да
сол тәрізді. Дарындылықты арттыру жұмыстары үнемі жүргізілсе оқушыларды
шығармашылыққа баулуға болады. Шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға,
тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Әр
баланың тау біткен дарыны мен көзін ашса сарқырап кететін, бұлақтай жүре
қалыптасқан қабілеті болады. Біреу сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты,
үшіншісі ән-күйді, төртіншісі басқа да ерекше дүниені таңдайды. Мұндай
жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып
ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.
Әрбір шәкіртті өз балаңдай жақсы көре білуің керек. Ең бастысы адамға
тән
адамгершілік
белгілер:
қайырымдылық,
әдептілік,
мейірімділік,
парасаттылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, кешірімділік, өзіне-өзі талап
қоюшылық. Осы қасиеттерді шәкірт санасына сіңіру – ұстаз парызы.
Оқушылардың қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың
білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды
психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы
287
ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
білеміз.
Дамыта оқыту – сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы
ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді қоюшы,
бақылаушы бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге
үйретеді.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келеді.
Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаналық ашатын әрекетті
атаған. Ал Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары
шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары
астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық – адамның өмірінде өзін-өзі тануға, ұмтылуы, ізденуі.
Шығармашылық тұлғаның негізі бастауыш сыныпта қаланады. Олардың
бойындағы қабілеттерін дамытып, сөніп қалмауына жол бермей, өзін-өзі табуға
көмектесуіміз керек.. Ол өзін-өзі жетілдіре алады, сонымен қатар қадағаламаса
ол қабілеттер тез жойылып кетеді. Оқушының өз болмысын тануға
ұмтылысына көмектесіп тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамытуға
қол ұшын беру біздің парызымыз. Оқушының шығармашылығы ұстаз, сынып
ұжымы, ата-налар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылық
жұмыстарды орындатып, балалардың бақылау, байқау қабілеттері артып, бір
заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйренеді.
Шағармашылық – өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде
оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі,
оның ойлау мүмкіндігінің жемісі және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны
білдіреді.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, мынадай әдіс-тәсілдерді
қолдануға болады.
1. Өлең құрастыру;
2. Жұмбақтар құрастыру
3. Сөзжұмбақтар шешу, құрастыру.
4. Тірек сөздер арқылы мәтіндер құрастыру.
5. Шағын әңгіме шығарма құру.
6. Ертегілерді сахналау.
7. Қиялдау арқылы сурет салу.
8. Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт
бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше
ізденуге зор әсерін тигізеді.
Білім беру жуйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқытуды озық
технологиялармен қамтып жетілдіруді қажет етеді. Осы тұрғыда оқытудың
жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас
ерекшеліктеріне орынды қолданудың мәні ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |