Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет56/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   174

 
122 
пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқутаным әрекетін ұйымдастыру 
үрдісінде қалыптасады». [2: 3] 
Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға 
ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті,мұғаліммен 
тең  диалогтық  қарым  -қатынасқа  түсе  алатын  тұлға  ретінде  қалыптастырушы 
фактор. 
Өзіндік 
жұмыстың 
түпкі 
мақсаты 
оқушының 
оқу-танымдық 
тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.Біз 
анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына: өзіндік әрекет, өзіндік басқару және 
өзіндік бағалау компоненттері жатады. 
Өзіндік  әрекет блогының  мақсатына  өзіндік  жұмысқа  бейімдеуді  жүзеге 
асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала 
жоспарлауы  жатады.  Өзіндік  әрекет  білім  беру  процесінің  барлық  кезеңдерін 
қамтуы  тиіс,  оның  мақсатын  айқындаудағы  мұғалімнің  миссиясы  оқушының 
оқыту  процесіндегі  өзінің  ролін  мойындауына  қажетті  жағдайлармен 
қамтамасыз ету. 
Айталық, өзіндік  бақылау әрекеттері  жүйесі  десек,  өзіндік  әрекет  оның 
бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, 
алған  білімін  жүйелеу,  қорытындылау  және  түзетіп  отыру,  білімін  реттеу, 
түзету,  өзінің  танымдық  әрекетін  біліміне  сай  жоспарлау  жатады.  Аталған 
компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды. 
Өзіндік  бағалау толыққанды  процесс  ретінде  белгілі  бір  мақсатта 
оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады. 
Оқушылардың  әртүрлі  деңгейдегі  өзіндік  жұмыстарды  орындауы 
олардың  танымдық  қабілеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Атап 
айтсақ,  танып  білу  қабілеттерінің  дамуына,  өзіндік  ойлауға  талпынуға,  жаңа 
жағдайда  дұрыс  бағыт-  бағдар  жасай  алуға  өз  ойын  еркін  дәлелді  жеткізуге, 
ақпаратты  сыни  бағалауға,  жаңа  дерек  көздерін  дәйектілікпен  талдауға,  өз 
Отанының саналы азаматы болып өсуіне көмектеседі. [2: 4] 
Жалпы  қорыта  айтқанда  өзіндік  жұмыстың  мақсаты  -  оқушылардың 
танымдық  міндеттерін  қалыптастыру,  шығармашылық  қабілеттері  мен 
қызығуын  жетілдіру,  білімге  құштарлығын  ояту.  Мұғалім  сабақта  әдіс- 
тәсілдерді  пайдалана  отырып,  балалардың  ұсыныс  пікірлерін  еркін  айтқызып, 
ойларын  ұштауға  және  өздеріне  деген  сенімін  арттыруға  мүмкіндік  туғызып 
отыруы қажет. 
Әдіс-тәсілдер  арқылы  өткізген  әрбір  сабақ  окушылардың  ойлауына  және 
қиялына  негізделіп  келеді,  баланың  тереңде  жатқан  ойын  дамытып,  оларды 
сөйлетуге  үйретеді.  Түрлі  әдістемелік  тәсілдер  пайдалану  арқылы  қабілетті 
әртүрлі  балалардың  ортасынан  қабілеті  жоғары  баланы  іздеп,  онымен  жұмыс 
жасау, оны жан- жақты  тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін 
бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. 
Выготский: «Әр  баланың  өзінің  деңгейі  болатындай  әр  балаға  берілетін 
тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму 
зонасында жетілдіру керек»- деген екен. 


 
123 
Негізгі  мақсатымыз  баланың  жеке  қасиеттерін  ашу  арқылы  тәрбиелей 
отырып,  танымдық  қабілетін  қалыптастыру  және  ой-  өрісін  дамыту  арқылы 
олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  өзіндік  жұмыс  түрлерінің 
маңызын ашу. 
Өзгеріске,  жаңалыққа  толы  бүгінгі  заман:  мұғалімге  сегіз  қырлы  бір 
сырлы  ерен  қасиет  иесі  болуды  міндеттейді.Ұстаз  алдында  отырған  бірі 
шапшаң,  бірі  баяу,  енді  біреулері  төмен  қабылдайтын  зейіні,  қабілеті, 
қабылдауы,  есте  сақтауы  әрқилы  шәкірттердің  жүрегіне  жол  тауып  олардың 
шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. 
Көрнекті  педагог В.А.Сухомлинский: "Сабақ  жасөспірімдердің  интеллек-
туалды  өмірінде  құр  ғана  сабақ  болып  қоймас  үшін,  ол  қызықты  болуы  керек. 
Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген 
ошағына,  мұғалім  осы  ошақтың  құрметті  иесімен  сақтаушысына,  кітап  – 
мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"- деп айтқан екен. 
Олай  болса,  қызықты  сабақтар-  мұғалімнің  ашқан  жаңалығы,  өзіндік 
қолтаңбасы,  әдістемелік  ізденісі,  көтерілген  белесі,  абырой  атағы,  мақсат-
мұраты. Ұстаз көкейінде шәкірттерді өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын», 
«Не істеу керек»- деген сұрақ сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына , 
ал  нәтижелер  жобасы  -  практикаға  енгізуге  жетелейді.  Ал  практиканың  ақиқат 
өлшемі-  білім  сапасы  болмақ.  Сондықтан  да  өзіндік  жұмыс  білікті  маман 
дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан 
дұрыс  ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыс  білімді  тереңдетуге,  толықтыруға, 
дағды  мен  іскерлікті  қалыптастыруға,  танымдық  әрекетке  қызығуды  туғызуға, 
таным  үрдісінің  әдіс-  тәсілдерін  игеруге,  танымдық  қабілетінің  дамуына, 
адамның  дербес  жұмыс  істеу  мәдениетін  көтеру  шығармашылық  пен  жұмыс 
істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды. 
Шәкірттерге  әсер  ету  жолдары  түрліше.  Тәжірибелі  мұғалім  ізденісті  әр 
баланың  жан-  дүниесіне  үңілуден  бастайды.Әрбір  шәкірттің  жан  дүниесінің 
есігін  ашатын  кілтін  қолға  түсіру-  сезімталдық-  көрегендік-  сергектік-
білімпаздық-  ізденімпаздық- шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген 
шәкірттерінің  өзіндік  ерекшеліктерін  жете  зерттеп,  біліп  алған  соң, 
әдіс-тәсілдерді  солардың  қабылдау  деңгейіне  қарай  іріктеп  талдап  қолданады. 
Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.  
Математика сабағында оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету 1- сыныптан 
басталады.  Оқушыларды  өздігінен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру  үшін,  ең 
алдымен, 
олардың 
математикаға 
қызығушылығын 
арттырып, 
ойлау 
дағдыларына үйреткен жөн. Оқушылардың ой- өрісін дамыту үшін әр тақырып 
мазмұнына  сай  математикалық  диктанттар  жаздыру,  сурет  бойынша  есептің 
шартын  таптыру  сияқты  әдістер  қолданылады.  Оқулықтағы    берілген  дайын 
есепке  қоса  өз  бетімен  есеп  құрастыра  әрі  шығара  білуге  үйретіледі.  Өздігінен 
жұмыс  істей  білуге  үйренген  оқушы  күнделікті  оқып  жүрген  материалдарын 
ешкімнің  көмегінсіз  орындай  алады.  Өзіндік  жұмыстың  өте  күрделі  түрінің 
бірі-зерттеу, іздену жұмыстары.  
Оқушылардың  өздігінен  жүргізетін  зерттеу-  іздену  жұмыстарын 
ұйымдастырудың жалпы жобасы былай болуы мүмкін:  


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау