115
ақындардың санында шек жоқ. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт
бабалардан бастау алған Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрімен
ерекшеленді. Оларды халық айрықша құрметтеп, төрінен орын беріп, дүр,
шайыр, Сыр сүлейлері деп атады. Олардың есімдері ел аузында жатталды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап атағы Сыр бойына ғана емес,
Жетісу, Арқаға, көрші ел Ташкент, Бұхара, Хорезмге дейін танымал болған
сыр сүлейлерінің бірі - Бұдабай ақын. Бұдабай Қабылұлыныңк ақындық
мұрасын қазақтың шоқтығы биік ағартушылараның бірі Ахмет Байтұрсынұлы
зерттеді. Ол 1925 жылы Мәскеуде Кеңес Одағы елдерінің кіндік баспасынан
халқымыздың төрт жүз жылын қамтыған «Жиырма үш жоқтау» жинағын
шығарғанда, осы жинаққа енген Қазыбек би, Абылай хан сияқты қазақтың
әйгілі ұлдарын жоқтаған сол жиырма үш таңдаулы әдеби туындының бірі
Бұдабайдың «Әйекені жоқтауы» еді. А.Байтұрсыновтың 1926 жылы Мәскеуде
басылып шыққан және бір құнды ғылыми еңбегі – «Әдебиет танытқыш»
кітабы болды. Онда «қазақ әдебиетінің түр-тұлғасын, көркемдік әдістерін
саралап, талдаған кезде мысалға келтірген талай туынды – «Қобыланды
батыр», «Ер Тарғын» дастандарынан үзінділер, Асан қайғы, Абай, Наурызбай
би, Нысанбай жырау, Орынбай, Алтыбас Ақмолда, Ыбырай Алтынсарин,
Шортанбай, Байтоқ, Мұрат, Жарылғап, Әбу-бәкір, Досжан, Шернияз,
Мағжан, т.б. біраз ақындар өлеңдерінің қатарында Бұдабай шығармалары да
бар еді» [2: 32]. Дегенмен ХХ ғасырдың елуінші жылдарының аяғына дейін
қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілер еңбектерінде Бұдабай Қабылұлының
еңбектері зерттелмеді. Қазақ энциклопедияларынан Бұдабай Қабылұлы туралы
деректің жоқтығы осы сөзіміздің айғағы.
Дегенмен, Бұдабай шығармаларының кең тарай қоймауының ең үлкен
себебі – ауызша да, жазбаша да жазып шығарған оның мол мұрасының
сақталып қалғаны шамалы ғана болғандығында еді. Бүгінгі біз білетін
шығармалары
оның
ел
аузынан
жиналған
еңбектері.
Ақынның
шығармашылығына қызығушылық танытқан зертеушілер оның замандастары,
шәкірттері, ауылдастарына жазып алып, сақтаған. Кейбірін Ұлттық ғылым
академиясының Әдебиет және өнер институтына, ғылыми кітапханасына
өткізген.. «Әйекені жоқтау», басқа да өлеңдері және ақынның өміріне қатысты
тартымды әңгімелер 1980–1990 жылдары «Бес ғасыр жырлайды», «Боздағым»,
«Айтыс», «Ел аузынан», «Әй, заман-ай, заман-ай», 2004 жылы «Жеті ғасыр
жырлайды» жинақтарына енгізілді [3: 5].
Бұдабай ақын 1842 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданына
қарасты Домалақ Тоғай деген жерде кедей шаруа отбасында туып өскен. Бұл
қазіргі «Қарғалы» ауылының маңы. Зираты сол төңіректегі «Әулие тораңғыл»
деген жерде.
Шайыр есімі жоқтау жырларымен әйгілі болған. Осыған орай
Бұдабайдың ең танымал шығармасы «Әйекені жоқтау» туындысына тоқталып
өтейік. Әдебиет тарихын зерттеушілер Бұдабай Қабылұлының Әйтеке болысты
жоқтауын Үмбетей Тілеуұлының Бөгенбай батырды, Алаша Байтоқтың Жәңгір
ханды, Орынбай ақынның Шоқанды, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Мұса
116
Шормановты жоқтаған жырларына, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин мен
Сүйінбай Аронұлы өмірден озғанда айтылған жоқтауларға теңестіреді.
Бұдабай Қабылұлы әдебиет тарихында шұрайлы айтыс, арнау, толғау
өлеңдерімен өзіндік мәнері ұлтын сүйген ұлтжанды ақын ретінде орын алады.
«Бұдабайға Сыр мен Қырдың көптеген ақындары еліктеген. Ел билегендерге
ақыл айтқанда Бұдабай ел қамын, еңбекші қамын көбірек жеген. Соның бір
мысалы мына өлеңі:
Сәлем де өрде жатқан шонжарларға,
Елге би, жұртқа қорған болғандарға.
Болыпты басың аяқ, аяғың бас,
Заманға бұл күндегі болжам бар ма?
Мал жақсы болыстан да, биліктен де,
Әр істі ақша бұзар киліккенде.
Азғанын заманыңның білмейсің бе?
Жабы озды жалы сұйық жүйріктен де.
Ақын шығармашылығының бір қыры – оның арнау өлеңдері [4: 165].
Кейіпкеріне қошемет көрсетіп, көтере сөйлеу, қадір-қасиетін бағалау арнауға
тән. Сонымен қатар, реті келгенде қасқая қарап билеушілерге мін айту, тоқтам
айту, кеңес беру арнауда кездеседі. Бұдабайдың арнау өлеңдері де тұрмыс-
тіршіліктен туындаған өмірлік ой-тұжырымдар. Бұдабай ақынға тән өр
мінезбен әлдебір жағымсыз қылықты бетке айтып тастаудан тайынбағаны
өлеңдерінен көрінеді. Тіпті өзін де астарлы әжуа, ащы мысқылмен түйреп
алады. Өзінің қу кедейшілік күйін де жырына қосады. Бұдабай Қабылұлының
өлеңдерінің көпшілігі ел бірлігі мен адамдар татулығын жырлауға,
араздасқандарды бітімге шақыруға арналған. Патша заманында әділеттен
тайған кейбір ел басшылары – болыстарды сынай отырып, оларға бұрынғы
хандық дәуірде әділдігімен аты қалған билер, датқалар істерін, ата-баба жолын
үлгі етеді, сөйтіп оларды дұрыс жолға салмақ болады.
Бірлік, татулық, адамгершілік қасиеттер сүлейдің толғау-терме, ақыл-
нақыл сөздерінің қызыл арқауы. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа
ұмтылдырады, мейірімділікке, сүйіспеншілікке баулиды. Ақын дүниетанымы
халқымыздың ежелгі даналық үлгілерімен қабыса байланысып жатыр. Бұдабай
өлеңінің өзегі – өз құлқынының құлдығынан құтылған адам ғана елге иелік
жасай алады дейтін ежелгі даналық.
Тамыры аса терең рухани танымнан тарайтын Сыр шайырларының
жүйрігі, сүлейлердің сүйрігі Бұдабай ақын шығармашылығындағы елдік сана,
ел бірлігі мәселесі бүгін де таусылмайтын, сарқылмайтын қашанда өзекті
тақырып. Бұдабай тәлімі – елдік ұстанымды ту ету, ұлы дала төсінде дәстүрі
бұзылмаған, іргесі берік ел болып қала беру.
Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның
асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі, адам өз
халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, аумағы, тілі, тұрмыс-тіршілігі,
мінез-құлқы, психологиялық және этностық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи
дәстүрлері жағынан да, әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және
ерекшеліктерімен де байланысты. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет
Достарыңызбен бөлісу: |