Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет58/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   174

 
126 
болашақ  «қайраткер»,  кәсіпқор  ретінде  қарқындыжәне  белсенді  әлеуметтену 
уақыты.  Осыны  оқытушы  оқу  іс-әрекеті  мен  жоғары  оқу  орнындағы 
педагогикалық 
қарым-қатынасты 
ұйымдастыру 
мазмұнынында, 
проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады.  
Б.Г.  Ананьев  мектебінің  зерттеушілері  алған  мәліметтердің  көрсетуінше, 
студенттік  жас  –  бұл  интеллектуалдық  құрылымданудың  күрделі  шағы,  ол  өте 
даралық  және  әртүрлі.  Осы  жастағы  адам  интеллектісінің  мнемологиялық 
«ұйытқысы»  бір  жағынан,  үнемі  «шыңдардың»  немесе  «оптимумдардың» 
кезектесуімен  сипатталса  [2:  346],  келесі  жағынан  осы  ұйытқыға  кіретін 
функциялармен  сипатталады.  Бұл  дегеніміз,  оқу  тапсырмалары  үнемі  бір 
мезгілде  меңгеріліп  отырған  материалдың  түсінілуіне,  ұғынылуына  және 
студенттің есінде қалуы мен құрылымдануына да, оның сақталуы мен мақсатты 
өзектілігіне  бағытталған.  Мәселені  осылайша  қою  бірқатар  оқу-әдістемелік 
зерттемелерде  бейнелеуін  тапты,  мұнда  проблемалық  міндеттерді  орындауда 
оқу  ақпаратының  студент  жадында  қалуының,  түсінілуінің  және  бекіп 
қалуының  ажырамастығы  көрсетіледі.  Студенттердің  танымдық  іс-әрекетін 
белсендендіру  үнемі  оқу  ақпараттарының  есте  сақталуы  және  қайта 
жаңғыртылуымен қатар жүреді.  
Студенттік  шақтың  көрнекілігі  бола  отырып,  студент  ең  алдымен  оқу  іс-
әрекетінің  субъекті  ретінде  болады,  оның  өзі,  бұрын  көрстелігендей,  ең 
алдымен  түрткілермен  анықталады.  Түрткілердің  екі  типі  көбінесе  оқу  іс-
әрекетін  сипаттайды  –  жетістік  түрткісі  және  танымдық  түрткісі.  Соңғысы  өз 
тарапынан адамның ой іс-әрекетінің табиғатына сәйкестене отырып, оның оқу-
танымдық  іс-әрекетінің  негізі  болып  келеді.  Бұл  іс-әрекет  проблемалық 
ситуацияда  пайда  болады  және  студенттер  мен  оқытушылардың  қатынастары 
мен  өзара  әрекеттесулері  дұрыс  болғанда  дамиды.  Оқытуда  жетістік 
мотивациясы танымдық және кәсіби мотивацияға бағынады.  
Жоғары  оқу  орнында    оқыту  барысында  еңбек,  кәсіби  іс-әрекеттің  негізі 
қалыптасады. «Оқытуда білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгеру енді оқу 
іс-әрекетінің  пәні  ретінде  болмайды,  ал  кәсіби  іс-әрекет  құралы  ретінде 
болады»  [3:14].  Алайда  сауалнама  нәтижелері,  техникалық  жоғары  оқу  орны  
студенттерінің  жартысында  жоғары  оқу  орнын  таңдаудағы  мамандыққа 
қызығушылық  мотивінің    жоқ  екенін  көрсетеді.  Студенттердің  үштен  бір 
бөлігінен  көбі  таңдауларының  дұрыстығына  сенімсіз  немесе  болашақ 
мамандықтарын ұнатпайды . 
Студенттің  оқу  іс-әрекетінің  субъекті  ретіндегі  елеулі  көрсеткіші  оның 
осы  іс-әрекеттің  барлық  түрлері  мен  формаларын  орындау  ептілігі  болады. 
Алайда, арнайы зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің көпшілігі 
дәрістерді тыңдауды және жазуды, әдебиеттерден конспектілеуді білмейді  (көп 
жағдайда  дәрістік  материалдың  тек  18-20%  ғана  жазылады).  Мысалы, 
В.Т.Лисовскийдің  мәліметтері  бойынша,  студенттердің  тек  28,8%  ғана 
аудитория  алдына  шығып  сөйлей  алады,  пікір  талас  жүргізуді  18,6%, 
проблеманың  аналитикалық  бағасын  беруді  16,3%  ғана  біледі.  Нақты 
әлеуметтік  зерттеу  материалында    көрсетілгендей:  студенттердің  тек  37,5% 
жақсы  оқуға  ұмтылады,  53,6%  үнемі  тырыса  бермейді,  ал  8%  мүлдем  жақсы 


 
127 
оқуға  ұмтылмайды.  Бірақ  тіпті  жақсы  оқуға  ұмтылғандардың  өзінде  67,2%  оқу 
үлгерімі  жақсы  емес.  Соңғы  он  жылдықта  осы  іскерліктер  мен  жалпы  оқуға 
деген  қатынастардың  сапалық  көрсеткіштерінің  өзгеруі  тұсында  олардың 
толықтай қалыптаспауының жалпы бейнесі сақталып қалды.    
Оқытушылар  алдында  студентті  оқу  іс-әрекетінің  субъекті  ретінде 
қалыптастырудың  психологиялық  –  педагогикалық  міндеті  тұр,  бұл  ең 
алдымен, оны өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру ептілігіне, толықтай оқу, 
қарым-қатынас  жасау  іскерлігіне  үйретуді  ұйғарады.    Мәселені  осылайша  қою 
табысты  оқуға  қажетті  оқу  іс-әрекеттерін,  оларды  нақты  оқу  материалында 
орындау  бағдарламасын  анықтауды  және  оларды  қалыптастыру  бойынша 
жаттығуларды  нақты  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Бұл  жерде  осы  әркеттерді 
үлгілі  орындауды  мұғалім  студенттердің  1-курстағы  оқуға  бейімделу  кезеңінің 
қиындығын  есепке  ала  отырып,  өзі  көрсетуі  керек.  Студенттің  жаңа  құндылық 
бағдарларының,  мотивтерінің  және  үрейлік  сияқты  даралық  қасиеттерінің 
қалыптасуына  оқытушының  әсеріне  баға  жетпейді.  Студентке,  әлеуметтік 
кемелденген  тұлға,  ғылыми  дүниетанымды  тасымалдаушы  ретіндегі  қатынас, 
дүниетаным – бұл адамның тек дүниеге ғана емес, осы дүниедегі өзінің орнына 
деген  көзқарастар  жүйесі  екенін  есепке  алуды  ұйғарады.  Басқаша  сөзбен 
айтқанда, 
студенттің 
дүниетанымын 
қалыптастыру 
дегеніміз 
оның 
рефлексиясын  дамытуды,  өзін  іс-әрекет  субъекті  ретінде,  белгілі  бір  қоғамдық 
құндылықтарды  тасушы,  әлеуметтік  пайдалы  тұлға  ретінде  саналы  түсінуін 
білдіреді.  Өз  кезегінде,  бұл  оқытушыны  оқытудың  диалогтығын  күшейту 
жайлы,  педагогикалық  қарым-қатынасты  арнайы  ұйымдастыру  жайлы, 
студенттер  үшін  өз  көзқарастарын,  мақсаттарын,  өмірлік  позицияларын  сақтап 
қалуға оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу процесінде жағдай жасау жайлы ойлануға 
міндеттейді.  
Адамның  үйретуге  жарамдылық  оның  қандай  да  бір  нақты  білім  беру 
жүйесінің  жағдайында  оқуға,  білімдерді  стихиялық  немесе  мақсатты  игеруге 
дайындығының  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.  Психологияда 
үйретуге  жарамдылық  түрлі  позициялардан  түсіндіріледі,  бірақ  осы  түсінік 
мазмұнындағы  жалпы  нәрсе,  бұл  адамның  өмірлік  іс-әрекетінің  түрлі 
жағдайларында  көрінетін  потенциалды  қасиетері  болып  табылады.  Үйретуге 
жарамдылық  психофизиологиялық  жағынан  жүйке  жүйесінің  қызбалығы 
(динамикалылық)  сияқты  қасиетімен  яғни  уақыттық  байланысты  орнату 
жылдамдығымен  байланысады  (В.Д.  Небылицын).  Сөздің  кең  мағынасында  ол 
«...  «үлкендермен»  бірігіп  еңбектескен  жұмыстағы  жаңа  білімдерді  игеруге 
деген потенциалды мүмкіндік» ретінде (Б.В. Зейгарник), «жақын даму аймағы» 
ретінде (Л.С. Выготский) түсіндіріледі. «Арнайы» оқытылу түсінігі психиканың 
оны  белгілі  бір  бағытта,  белгілі  бір  білімдер,  іскерліктер  аясында  жылдам 
дамытуға дайындалуы ретінде бөлінеді.  
Осы  проблемаларды  зерттеушілердің  алдыңғы  қатарлыларының  бірі  З.И. 
Калмыкова 
үйретуге 
жарамдылық 
деп«...адамның 
интеллектуалдық 
қасиеттерінің 
жиынтығын 
(ансамблін) 
түсінеді. 
Басқа 
қажетті 
қасиеттердің  (бастапқы  білімдердің  минимумы,  оқуға  деген  жағымды 
қатынастар  және  т.б.)    бар  болуы  мен  тепе-теңдігі  жағдайында,  осы 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау