Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет41/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174

 
88
-  өлкетану  іскерліктерін  күнделікті  өмірде,  болашақта  кәсіптік 
қызыметінде  өз  бетімен  қолдана  алуы  жеке  басының  жауапкеншілігінің 
қалыптасуы. 
Өлкетану курсын оқытудан күтілетін нәтиже: 
-  зерттеу  әдістерін  меңгеріп,  оны  ғылыми  жұмыстарды  ұйымдастыруға, 
талдауға, тұжырым жасауда қолданады; 
- ақпарат көзімен жұмыс істеуді меңгереді; 
-  өз  пікірін  қорғауға,  өзгенің  пікірін  қабылдауға,  айналадағы  адамдармен 
сыйластық қарым – қатынас жасауға үйретеді; 
-  мектеп  бітіруші  ретінде  туризімде,  георафия  ғылымының  түрлі 
бағытында 
өз 
орнын 
табуға 
қажетті 
интелектуалдық, 
құзіреттілік 
мәдениеттілігін дамытады. 
Біліміне және білігіне қойлатын талаптар. Оқушылардың нені білу керек: 
- «өлкетану» ұғымын, өлкетану бағыттарын; 
- жергілікті жерді кешенді зерттеудің қайнар көздерін; 
- жергілікті халықтың әдеп – ғұрыптарын, мәдениетін; 
- қайраткер азаматтарын; 
- жергілікті жердің мәселелерін; 
- өз отбасын тегін білуі керек. 
Оқушылар не істей білу керек: 
- жергілікті жердің елдегі, облыстағы, аудандағы рөлін айқындауды; 
- бақылау жүргізу, іздестіру, материалдарды жинау, сипаттама жазуды; 
- жергілікті  жерді  оқып  –  тануда  зерттеу  іс  -  әрекетінің  элементтерін 
қолдануды; 
- жергілікті  жердің  мәселелерін  анықтау  және  қорытындылауды, 
салыстыруды; 
Қолданылатын оқытудың формасы: 
- жеке жұмыс; 
- топтық; 
- жұптық; 
- фронталды; 
Қолданылатын оқытудағы әдіс-тәсілдер: 
- бағдарланған іс – тәжірбие; 
- презентация; 
- тест; 
- лекция; 
- сұрақнама; 
Бүгінгі  таңда  азамат  алдында  аса  күрделі  табиғат  ресурстарын  тиімді 
пайдаланужәне  қорғау  проблемалары  тұр.  Сондықтан  осы  курсты  меңгеруде 
оқушылар  көп  нәрсені  үйренеді.  Өздігінен  ізденуде  кесте  толтыруға,  жоба 
жазып,  қорғауға,    мәліметтерді  жинақтауға,  ақпаратпен  жұмыс  істей  отырып, 
ақпараттарды нақтылауға, логикалық дәлелдемелер келтіруге үйренеді. 
Елдің  табиғат  ресурстарын  пайдалану  мүмкіншіліктерін  қарастыру 
арқылы  экономикалық,  экологиялық  мәдениеттерді  меңгеруге  үйренеді. 
Ғылыми  жұмыстар  орындауға  икемділіктері  қалыптасып,  статистикалық 


 
89
деректерді  интернет  жүйесі  ақпаратын  өз  бетімен  өңдеуге  үйренеді. 
Өлкетанудағы  зерттеушілік  жұмыстар  арқылы  білімі  кеңейіп,  экономикалық-
географиялық, әлеуметтік-географиялық үрдістерді түсінеді. 
Оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  артады.  Жоғары  оқу  орынын 
бітірген  оқушылардың  көпшілігі  өз  өлкесінің  шегінде  өмір  сүреді,  жұмыс 
істейді.  Сонымен  қатар  география,  экономика,  мемлекеттік  қызмет,  туризм, 
саясаттану сияқты мамандықтарды таңдаған оқушылар қосымша білім,  бағыт – 
бағдар алады. ҰБТ-ге дайындық кезінде көмек береді. 
Курс  соңында  ғылыми  жобалар,  фото  көрмелер,  тест  өткізіледі.  әрбір 
атқарылған 
жұмыстар, 
жинақталған 
материалдар 
мен 
мәліметтер 
қорытындалады, бағаланады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2005  –  2010 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2005. 
2. 
Ұ.Есназарова, 
педагогика 
ғылымның 
докторы, 
профессор; 
Р.Кенжебаева,  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтобе  педагогикалық  институтының  аға 
оқытушысы.  «Өлкетану  ұстанымының  өрісі  кең»  (39  бет).  «География  және 
табиғат», №3 2007 жыл. 
3.  Қ.Құрманов «Табиғатқа саяхат» (25-34 бет Алматы мектеп 1980 жыл). 
 
 
 
СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ - ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН  
АРТТЫРУДЫҢ БІР ЖОЛЫ 
 
Есимова Д.Б. 
Көкшетау қ., А.Мырзахметов атындағы КУ 
 
Сын  тұрғысынан  ойлау  ой  жүгірту,  тұжырым  жасау  немесе  проблеманы 
шешу  үдерісі  жүрген  барлық  жағдайларда,  яғни  неге  сенуге  болады,  не  істеу 
керек  және  бұны  ойластырылған  әрі  рефлексивтік  тәсілмен  қалай  істеуге 
болатындығын  анықтау  қажет  болған  жағдайлардың  барлығында  орын  алады. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталған.  Ол 
мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  –  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып 
табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік.  Оқушылардың  да, 
мұғалмідердің  де  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен 
қабылдауын көздейді.  
Американ  профессоры  Дэвид  Клустер  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  бірнеше  
түрлі анықтама береді. Біріншіден, Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік, жеке ойлау. 
Ал  сабақ  сын  тұрғысынан  ойлау  принциптеріне  негізделетін  болса,  әркім  өз 
ойлары  мен  пікірлерін,  бағалауларын  басқалардан  тәуелсіз  құратын  болады. 
Біреу  үшін  біреу  сыни  ойлай  алмайды,  әркім  барлығын  өзі  үшін  жасайды.. 


 
90
Ойлау  өзіндік  сипатқа  ие  болғанда  ғана  сыни  тұрғыдан  ойлағандық  болып 
табылады.  Өз  бетінше  жұмыс  істеп,  ең  қиын  деген  мәселені  өзі  шеше  алулары 
үшін  оқушыларға  жеткілікті  түрде  бостандық  берілуі  керек.  Екіншіден, 
сұрақтар  мен  шешетін  проблемаларды  айқындаудан  басталады.  Үшіншіден, 
адам  өзіндік  шешім  табатын  және  негізделген  мысалдармен  бекітетін  нақты 
аргументтерге  ұмтылады.  Төртіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  ол  әлеуметтік 
ойлау. Міне, мен  Дэвид Клустердің пікірін және Бірінші деңгей бағдарламасы 
бойынша оқығандарымды басшылыққа ала отырып, көшбасшы мұғалім ретінде 
және  пән  мұғалімі  ретінде  әріптестерімді  де,  оқушыларымды  да  сыни  ойлауға 
үйретуді тәжірибеде қалай жүзеге асырып жатқаныммен бөліскім келеді.  
Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін  өрістетудегі  негізгі  тұлға  – 
мұғалім, - деп Strong айтқандай сыни ойлауда оқу жетістігін арттыратын негізгі 
тұрға  мұғалім.  Бұл  жұмысты  сапалы  және  тиімді  ұйымдастыру  үшін  Синектің 
көшбасшылықтың  конустық  метафорасын  басшылыққа  алдым.  Себебі  әрбір 
мұғалім  Неге  деген  сұраққа  жауап  беруден  бастауы  тиіс.  Бұндай  сұрақтан 
бастауымыздың  себебі  де  бар.    Өйткені  қазіргі  оқушының  тапсырмалар  мен 
проблемалардың  өзінің  айқындауы,    проблеманы  шешу  мен  мақсатқа  жетуде 
әдіс-тәсілдерді  өздігінен  таңдауы,  нақты  негізделген  аргументтермен  дәлелдей 
алуы,  алған  білімін  өмірде,  яғни  кез  келген  жағдайда  қолдана  алуы  маңызды 
мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ал  қазіргі  білім  беру  жүйемізде  біз  бұл  маңызды 
мәселелерді  табысты  жүзеге  асыра  алмай  отырмыз.  Енді  оны  жүзеге  асыру  
үшін қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беруі керек. Қалай деген сұрақтың 
жауабын  жүзеге  асыру  үшін  не  істеу  керек?  Ол  үшін  оқу  әрекетінде 
инновациялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларды сыни ойлауға үйретуіміз 
керек.  Мен  өзімнің  әрекетімде  осы  көшбасшылықтың  конустық  метафорасы 
арқылы өз жұмысымды ұйымдастырып жүрмін. Және бұл өз нәтижесін беруде. 
Мысалға,  сабақ  үдерісінде  оқушылар  Неге  деген  сұраққа  жауап  беру  арқылы 
проблеманы  анықтайды.  Ол  проблеманы  шешуде  қалай  деген  сұраққа  жауап 
беру арқылы әдісті  таңдайды. Және оны жүзеге асыру үшін не  істеу керектігін 
анықтайды.  Осындай  жұмыс  арқылы  мен  сабаққа  SMART  мақсат  қойсам,  ал 
оқушыларым  өздігінен  жұмыс  істеу  мақсатында  SMART  мақсат  қойып,  оған 
жетудің жолын үйренді. Бұл сабақта оқушылардың тиімді, сапалы және жүйелі 
жұмыс  істеуіне  көп  көмектеседі.  Ең  бастысы,  бұл  жұмыс  арқылы  оқушылар 
сыни ойлауға үйренді. Оны мен оқушылардың сұрақ пен нақты проблеманы қоя 
алуларынан  және  сол  проблеманы  шешуде  нақты  аргументтерді  келтіріп 
сөйлеулерінен көрдім.  
Сонымен  қатар,  сабақта  жұмыстарды  өздігінен,  яғни  жеке  ойлауына 
бағыттаймын.  Бұл  жерде  оқушы  өз  бетінше  жұмыс  істеп,  қиын  деген 
проблемаларды  шешу  үшін  оған  бостандық  беріледі.  Ал  ол  алдына  қойылған 
проблеманы шешу үшін тиісті ақпараттарды жинап, дәлелдерді талдап, бағалап, 
шешімдер мен қорытынды шығарады. Міне, осы жұмыстарды орындау арқылы 
оқушының    ойлауы  өзіндік  сипатқа  ие  болады.  Ал  бұл    сыни  тұрғыдан 
ойлағандық бола алады. Бұндай жұмыстар арқылы оқу жетістігін нақты көруге 
болады.  Себебі  білімге  өздігінен  қол  жеткізсе  ғана,  ол  білімді  кез  келген 
жағдайда қолдана алады.  


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау