52
дөңгелегі мен рулі жоқ автомобиль ыңырсуда, тағы басқалар. Оқушылар
алдында бұл көріністерді оп-оңай орындап бере алады. Онан соң
ойыншықтарды бірлесе отырып жөндейді де, балалар бақшасына келеді. Онда
келген соң кішкентайлардың өздері ойыншықтардың қалайша көмек сұрағанын,
өздерінің оларға қалай көмектескенін айтып береді. Жас балалар өз
ойыншықтарын енді ренжітпеуді тапсырады.
Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені
танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу
жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады
дегенді айтады.
Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды» - деп санайды. Сол сияқты заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы
ойшылдарының бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлттық ойындарғаа зор көңіл
бөле отырып, мынадай пікір айтқан: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана
емес, ойынның өзінше бар мағыналары болған».
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың мағызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар
оқиды-ау деген оқушылардың өздеріде ойын түрлері араласқан сабаққа зер
салып, ынталана түседі.
Қорыта келгенде ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың
маңызды құралы. Мектеп табалдырыгын алғаш аттаған бастауыш сынып
оқушылары әлі ойын баласы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ
үстінде ойынды көп қажет етеді.
А.С.Сухомлинский сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын
білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Фреке С. Таңдаулы педагогикалық жинақ. М. 1990 ж. 151-бет.
2. Педагогикалық жинақ Т.2. М. 1964 ж. 296-бет.
3. «Тәрбие теориясы мен методикасында А.С. Макаренко идеяларын
дамыту» (Москва 1989 ж.)
4. Бастауыш мектеп журналы 1998 ж.
53
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Билялова Г.А.
Көкшетау қаласы ММ «№1 орта мектебі»
Bilalowa_gulnar@mail.ru
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің
құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан,
жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер
жиынтығы. Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің
жетілуімен тығыз байланысты.
Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:
- қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғатпен, адамдардың қоғамдық
және өндірістік еңбегімен таныстыру);
- үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, көздесу ұйымдастыру;
- арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;
- сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және
талдау) барысында т.б. жағдайларда;
Балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара
байланыстыра алмай, ақырында мәтіннің тұтас мазмұнына түсінбей қалады.
Оқу-жазуға үйретудің бірінші кезеңінде, балалар әлі әріптерді нашар айыратын
және оларды бір-бірімен қосып оқуы қиын кезде ғана жай оқыттыру керек.
Бірақ барған сайын балалардың оқу шапшаңдығы арта түсіп, бірте-бірте
сауатты оқуға жақындау керек.
Дегенмен, балаларды шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, белгілі
шамадан тыс кетпеу керек. Ушинский мәтіннің мағынасына түсінбей, құр
сыдыртып оқуға қарсы болған. Ол бұл жөнінде: "Оқу шапшаңдығын түсіну
шапшаңдығымен қатар дамуы керек". "...Егер баланың түсінуінен гөрі оқуы
шапшаңдау болса, ол баланың түсінбей оқығаны. Баланың түсінуі арта түссе, ол
өзінен өзі-ақ шапшаң оқи бастайды; сондықтан оқьггудың алғашқы кезінде
шапшаң оқудың қажеті жоқ, тіпті ол зиян келтіреді".
Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп оқумен тікелей байланысты. Дауыс
ырғағын келтірмей шапшаң оқитын болса, керек емес жерге пауза жасап, пауза
жасайтын жерді қосып жіберіп, бала мәтінді өзі де, тыңдаушы да түсінбейтін
етіп оқитын болады.
Шапшаң оқу үшін тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи
алмайды. Шапшаң оқуға машықтандырудың ең сенімді жолы - мәтінді қайыра-
қайыра оқыту, бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қайыра қызығып
оқытатын болуы шарт. Бұрын оқыған мәтінді қайта оқьгтқызу үшін сол мәтінге
байланысты басқа бір тапсырма берілген болу керек немесе балалардың өздері
қайта оқуға қалап алған мәтін болу керек.
Шапшаң оқуға машықтандыру үшін қайыра оқыттыруға ертегілердің
мәтіндері өте қолайлы, өйткені ертегілерде бір-біріне ұқсас қайталанып
отыратын жерлер көп болады. [1.35-37 б].
54
Оқулықтағы берілетін материалдар балаға, баланы қоршаған ортаға,
өмірдегі бала түсіне алатын құбылыстарға жақын, жеңілден ауырға қарай
берілуге тиісті, өйткені бала ана тілін меңгеру. Осыған орай оқулықтағы
тақырыптар оларға сәйкес мәтіндер баланың танымына, жас ерекшелігіне
сәйкес болуы керек.
Кітап - жан азығы, жақсы дос, заманалар сынынан өткен асыл қазына.
Әрбір көркем шығарма асыл сөз сарайына бастар сырлы соқпақ бола береді.
Бала қалаған кітапты қолына алсын, қарасын, бір сөз болса да оқысын. Кітап
оқуға төселген бала - зерек, сауатты, тілі орамды болып өседі.
Оқу дағдысын қалыптастыруда 1 сыныпқа келген кезден бастап оған
дайындық жүргіземіз. Дайындық кезеңіндегі сабақтар жүйесі:
«Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ (ауызша)
1. Мұғалімнің ертегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі)
2. Айтылған ертегі (немесе оқылған әңгіме) бойынша сұрақ-жауап
түрінде әңгімелесу.
3. Тыңдағанадарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
4. Әңгімені сөйлемге ажырату.
5. Сөйлемдегі сөздерді табу.
6. Ертедегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға
айтқызу. Ертегіні (немесе әңгімені) диалог түрінде рөлге бөліп айтқызу.
«Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ (ауызша)
1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойныша әңгіме жүргузі.
2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
3. Сөйлемдерді сөзге талдау.
4. Сөздерді буынға талдау.
5. Сөздің бастапқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны
оқушыларға тапқызу.
6. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластиллиннен жасау.
Дыбыспен таныстрыу сабағы.
1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі
бойынша әңгімелесу.
2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буынға, буынды
дыбыстарға талдатқызу.
3. Дыбыспен ауызша таныстыру (а-ра, ал-ма т.б. сөздерді талдай отырып,
«а» дыбысынаа көңіл аударылады.
4. Таныс дыбыстардан басталатын сөздерді ойлату.
5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Осы сөйлемді мұғалім кеспе әріптен жасап, тақтай бетіне тізіп қойып,
дауыстап әр сөзін қолымен көрсетіп оқиды. Сонан соң оны балалар оқығанда,
бәрі дауыс қосып көптеп те, жеке де оқиды, жаңа да қалыпты ретпен оқымай,
сөзді еске қосып былайшы оқиды:
Қалаға
Қалаға жақын
Қалаға жақын жердің
Қалаға жақын жердің бәрі
Достарыңызбен бөлісу: |