55
Қалаға жақын жердің бәрі жиын.
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі кез-келген сөзді танып айтатын
болғанша істеледі.
Сонан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе әріптен буынға бөлген
түрде бөлек шығарып қояды буын-буынына бөлгілеп оқиды. Балаларға да
солайша оқытып, сөз неше бөлініп айтылатынын айтады. Сөздің бәрін солай
оқытып, солай айттырып болғаннан кейін, пәлен буынды, түген буынды көрсет
дейді. Пәлен буын қай сөзде, түген буын қай сөзде деп сұрайды. Пәлен буыны
бар, түген буыны бар сөзді көрсет дейді. Пәлен сөздің бас буыны, аяқ буыны
қайсы буыны сияқты сұраулар болады. Сөйтіп, бір сөйлемнің өзінде балалар
буынның бірнеше түрлерімен танысып қалады.
Әріппен таныстыру үшін де әстейтін тәсілі осы. Бір буынды алып,
мәселен, «ла»-ны алып, екі арасын ашып қойып, арасын бөліп оқиды, балларға
оқытады. Неше бөлініп айтылатынын сұрайды. Басындағы, аяғындағы әріп
қайсысы не деп аталатынын айтады, оқығанда қалай айтылатынын айтады.
Сонан соң білген әріптерін басқа сөздерден тапқызады. Сонан әрпі екінші,
үшінші, тағысын тағы буындарды алып, істейтін ісінің реті бәрі осылайша
болады.
Бір сөйлемді солайша үйреніп кейін басқаларын алып, бұлайша үйретеді.
Жалғыз қойылатын шарт – 1) балалар үйренген нәрсесін нық білу, ол үшін оқу
сабағын дәйім басына бірінші сөйлемнен бастап отыру, 2) жаңа сөйлемді
оқытуға алғанда, ішінде келетін бұрынғы таныс буындармен таныс әріптерді
балалардың өздері көрсетуі керек.
Сөйтіп, он шақты оқи білген кезде, балалар бір жағынан әріптерді, бір
жағынан буын түрлерін танып алып, бір жағынан оқуға жаттығып, әрмен қарай
өз беттерінен оқуға жараған.
Мұнда:
1. Дағдыны қалыптастыру үшін оқушы берілген мәтінді тұтас оқып
шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген
сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады,
оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен талданады. Сөйлемді оқымас
бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің оқылуына өтіліп
отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін
айтып береді, олардың қателескен жері болса, түзетіледі.
2. Іріктеп оқыту дағдысын қалыптастыруда оқушылар мәтіндегі
сөздерінің барлығын талдап отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге
қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп алады. Бұлайша оқыту түрінде
уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға, ең бастысы
оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
3. Түсіндіре оқытуда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады,
оқу қателері түзетіледі. Түсіндіре оқытудың бұл түрін кірісерде қажетті
ережелер еске түсіріледі. Онда сөйлемнің де, мәтін де жеке сөздер де айтылады.
Мұнда оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер
алынады. Түсіндіре оқыту ұзақ та болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе
сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім оқытуы қиын жеке сөздерді айтады,
56
оқушылар оны қайталап айтады. Сонан кейін өздері қайтиалап оқиды. Сонымен
қатар оқушыларға мұғалім қажетті суреттерді көрсету арқылы да қиын
сөздерді дұрыс оқуға, айтуға дағдыландырады. (сиыр, жылқы, аю, қозы,
трактор т.б.)
4. Шығарма жазу арқылы оқуға дағдыландыру үшін мұғалім тақтаға
қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немесе бір серия картина беріледі:
балалар бір тақырыпқа сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер
беріледі. (еске түсіріледі) Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс тұлғада тұрған-
тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін шығарма
жаза отырып оқу деп атауға болады.
5. Шығармашылық оқу балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы,
өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, әрі сөйлеу, ойлау, оқу
дағдылары дамып, арта түседі. Оқу дағдысын дамытуда жалаң оқумен ғана оны
дамытуға болмайды. Әрине, жазу, өздері сөйлем құрау да оқуға даган баланың
ынтасын арттырып, танымын дамыта түседі.
6. Ерікті оқуда оқушы өздері таңдаған мәтінді, немес тақырыпты таңдап
алады. Бұл арада оқуды қалыптастырудың бір нышаны тез оқуға үйрету үшін де
қажет. Мұғалім оқушы таңдаған мәтінін жылдам, тез оқуы үшін ерікпен
таңдатып, минуттық оқу алуға болады. Кім жылдам оқиды? деген сияқты
жарыс та ұйымдастыру арқылы тез оқуға дағдыландырады. [2.242-249 б.]
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бозжанова К. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын
қалыптастыру. Алматы «Мектеп» 1989, 35-37 б.
2. Оқушының оқу дағдыларын дамыта оқытудың педагогикалық негіздері
// «Ізденіс» ғылыми журнал, 2007. № 1, – 242-249 б.
3. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу. Алматы. Қазақ Университеті. 1992. 6-30 б.
ҚҰСИЫН АЙТҚАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ АТАУЛЫ МЕКТЕПТІҢ ОЗЫҚ
ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
Ботагариева Г.Ж.
Атырау қ., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
botagarieva@mail.ru
Білім берудің тиімді жолдары мен озат тәжірибені енгізу – қазіргі заман
талабы. Бұл үшін мектептің оқу – материалдық базасын нығайту, оны оқу -
әдістемелік,
құрал-жабдықтар,
көрнекіліктермен
қамту,
пәндер
тұжырымдамасын қайта қарау, озат тәжірибені насихаттау қажет. Сонымен
қатар, жеке пәндер бойынша білікті, ізденімпаз, еңбекқор ұстаздарды біріктіру,
сол арқылы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің санын көбейту,
олардың озат тәжірибелерін көпшілік игілігіне айналдыру, өзекті мәселелерді
Достарыңызбен бөлісу: |