Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет116/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   174

 
253 
сыныптан  бастап,  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  қасиеттерін  тәрбиелеу 
жүзеге асады. 
Біз  ана  тілін  адамгершіліктің  маңызды  өлшемдерінің  бірі  деп  санаймыз. 
Қазақ  зиялылары  А.Құнанбаев,  Ш.Құдайбердиев,  М.Жұмабаев,  Ы.Алтынсарин 
және  т.б  фольклористер  мен  әдебиетшілер  -  М.Әуезов,  Ә.Марғұлан, 
Ә.Қоңыратбаев, 
М.Мағауин 
қазақ 
тілінің 
отансүйгіштікке, 
тектілікке, 
мейірімділікке, 
достыққа, 
ізгілікке 
және 
т.б  адамгершілік 
сапаларға 
тәрбиелеудегі  рөліне  ерекше  мән  берді.  Қазақстан  ғалымдарының  ішінен 
адамгершілік 
мәселелерін 
шешуге 
этнопсихологтар 

Ж.Аймауытов, 
М.Мұқанов,  Қ.Жарықбаев,  Н.Елікбаев  т.б.  этнопедагогтар  -  А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
Х.Досмұхамедов, 
М.Дулатов, 
Т.Тәжібаев, 
М.Ғабдулин, 
А.К.Қисымова,  А.Е.Дайрабаева,  С.Ә.Әбілдина,  Г.А.Аңламасова  және  т.б 
ғалымдардың  еңбектері  жатады.  Яғни  оқушылардың  адамгершілік  қасиетінің 
негізгі  өлшемі  -  адамның  жақсылыққа  талпынысы  деген  қорытынды  жасауға 
болады.  Өйткені  басқаларға  білдіру,  өзге  адамға  жақсылық  тілеу,  адамдарға 
көмек көрсету, айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылып, оны жүзеге асыру, өмір 
туралы  мәселелер  жайында  толғану,  өмірдің  мәнін  іздеу,  өзін-өзі  тануға 
ұмтылу,  өзін-өзі  дамыту,  сол  арқылы  бүкіл  дүниені  жетілдіру  сияқты 
құндылықтар рухани дамудың негізгі көрсеткіші болып табылады. 
Жоғары  сынып  оқушыларының  қабылдау  мүмкіндіктері  түрліше. 
Сондықтан  олардың  жас  және  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  оқу  материалдарын 
жеткізудің  сан  түрлі  тәсілі  қолданылады.  Ал,  жоғары  сыныпқа  арналған 
әдебиет оқулықтарында сол көркем шығармалардан үзінді немесе мәтіндер мен 
өлеңдер беріледі.  
Сонымен,  оқушыны  адамгершілікке  тәрбиелеу  -  бұл  тәрбие  мен 
оқытудың  бірлік  сақтай  отырып,  сабақты  шәкірт  жанының  ішкі  қуатының 
оянуына  ықпал  жасайтындай  етіп  ұйымдастыру,  оқу  процесінде  әрбір 
оқушының  бойындағы  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  қарым-қатынасқа 
түсіру  арқылы  дамыту  және  оларды  білім,  білік  дағдылары  негізінде 
қалыптастыру, Гуманист-педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда: «оқушыны ең 
алдымен  көруге,  түсінуге  және  сүюге  үйрету  қажет,  оқуға  үйрету  содан  кейін 
келеді».  
Баланың  адамгершілік  қасиеттерінің  дамуы  оның  өміріндегі  ең  ірі 
өзгеріске  кездесетін  сәті  -  мектеп  табалдырығын  аттауынан  бастап,  оқу-тәрбие 
процесінде  жалғасады.  Өйткені  баланың  негізгі  іс-әрекеті  оқу-тәрбие  болып 
есептеледі.  Мектеп  оқушысы  оқу-тәрбие  процесінде  табиғат  әлемімен  және 
адамдардың  өмірімен,  оның  бүгінгі  күнімен  және  өткенімен  танысуын 
жалғастыра береді. 
Адамның  адамгершілік  жағынан  қалыптасуы  оның  туған  кезінен-ақ 
басталады,  ал  рухани-адамгершілігі  қоршаған  орта  мен  адамгершілік 
тәрбиесінің  міндеттері  мен  мазмұнына  байланысты  жетіледі.  Мектепке  дейінгі 
жаста  балаларда  бастапқы  адамгершілік  сезімдер,  ұғымдар,  адами  мінез-
құлықтың  ең  қарапайым  дағдылары  тәрбиеленеді.  Мектепте  бұл  жұмыс 
мұғалімдердің  қоғамдық  жастар  ұйымдарының  басшылығымен  жүйелі  түрде 
көзделген  мақсатқа  сай  жүргізіледі.  Баланың  мектеп  жасына  дейінгі 


 
254 
қалыптасқан 
мінез-құлықтарының 
және 
ересек 
адамдармен, 
құрбы-
құрдастарымен  қатынастарының  формалары,  адамгершілік  білімдері  мен 
сезімдері  негізінде  жоғары  сыныптарда  адамгершілік  көзқарастардың,  мінез-
құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады.  
Тәрбие  ісі  -  ұзақ  және  күрделі  үрдіс.  Адамзат  дамуының  қай  кезеңінде 
болсын  тәрбиенің  тиімділігін  жетілдіру  ісі  жүзеге  асырылып  келеді.  Бұл  істі 
жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады.  
Құндылықтарды  игеру  механизмі  адамның  өзін-өзі  айқындау  құндылығы 
арқылы  жүзеге  асады.  Өзін-өзі  айқындаудың  алғашқы  кезінде  оқушы  игеретін 
құндылықтардың  мәнін  аша  келе,  адамгершілік  құндылық  бағдарына  ие 
болады.  Бұдан  келіп,  оқушы  өз  бойындағы  өзін-өзі  айқындаудың  адамгершілік 
құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарын және адамгершілік 
құндылық 
бағдарлары 
негізінде 
іс-әрекеттері 
мен 
қарым-қатынасы 
ұйымдастыруын  салыстырады,  әрекеттер  мен  мінез-құлыққа  талдау  жасау 
барысында  ол  адамгершілік  құндылықтарды  анықтап,  оның  өзін-өзі  айқындап 
жүзеге асады.  
 
Әдебиеттер: 
 
1. Ізғұттынова  Р.  Адамгершілік  құндылықтар  негізінде  //  Қазақстан 
мектебі. -2009. -№1. –Б.59-62. 
2. Қожагелдиева  С.,  Шакеева  Ж.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  ана  тілі 
сабағында адамгершілікке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп. -2008. -№6. –Б.3 6. 
3. Пазылова  Қ.,  Паштанов  С.  Халық  педагогикасындағы  адамгершілік 
тәрбие // Бастауыш мектеп, 2007, –№10-11. – Б.34. 
 
 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ И 
КОММУНИКАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА ЗАНЯТИЯХ  ПО 
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ В ДОШКОЛЬНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ 
 
Садык А.Т.  
КГКП я/с №53 «Алмагуль», г. Караганда 
 
На  современном  этапе  развития  казахстанского  образования  вопрос 
обучения  казахскому  языку  детей  дошкольного  возраста  становится  одной  из 
актуальнейших  проблем.  В  ходе  встречи  с  общественностью  Карагандинской 
области  Президент  страны  Н.А.  Назарбаев,  отметил:  «Постепенно  казахский 
государственный  язык  будет  главным  языком  страны.  И  этот  язык  будет  всех 
объединять и делать всех равными». 
Государственный    общеобязательный  стандарт  образования  Республики 
Казахстан  предусматривает  изучение  казахского  языка,  начиная  с  3-х  летнего 
возраста.  Программы  воспитания  и  обучения  детей  дошкольного  возраста 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау