Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет115/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   174

 
250 
В  качестве  промежуточных  результатов  были  сделаны  следующие 
выводы: 
 ТРИЗ позволяет развивать воображение, фантазию детей; 
 ТРИЗ  позволяет  преподносить  знания  в  увлекательной  и  интересной 
для детей форме, обеспечивает их прочное усвоение и систематизацию; 
 ТРИЗ  стимулирует  развитие  мышления  дошкольников,  проявление 
творчества, как детьми, так и педагогами; 
 ТРИЗ работает на принципах педагогики сотрудничества, ставит детей 
и  педагогов  в  позицию  партнёров,  стимулирует  создание  ситуации  успеха  для 
детей, тем самым, поддерживая их веру в свои силы и возможности, интерес к 
познанию окружающего мира. 
 
Литература: 
 
1. Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.  Назарбаева  народу 
Казахстана. 17 января 2014 г. 
2. Меерович  М.И.,  Шрагина  Л.И.  «Теории  решения  изобретательских 
задач» (2003 г.) - 428 стр. 
3. Толмачев А.А. «Диагноз ТРИЗ»  (2004 г.) - 495 стр. 
4. Сборник  трудов  международной  конференции  «Три  поколения  ТРИЗ» 
(2006 г.) – 457 стр.  
 
 
 
ОҚУ–ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Садвакасова З.А., Темирланова Г.Т. 
Өскемен қ., «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мекемесі 
school3oskemen@mail.ru 
 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінде  бірінші  міндет  -  ол  дүние  жүзі 
елдерінде  жастарды  бейбітшілік  рухта  ынтымақтастыққа,  руханилыққа 
тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре 
меңгерту, 
екіншіден, 
жастардың 
бойындағы 
адами 
құндылықтарды: 
қайырымдылықты,  сүйіспеншілікті  дамыту,  сөйтіп  тәрбиелей  отырып  оқыту, 
үшіншіден,  білім  беру  жүйесінің  бұрынғы  ағартушылық  бағытын  сақтай 
отырып,  басым  бағдарын  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  тұрғысынан 
кемелденуіне аудару. 
Ендеше,  жеке  тұлғаның  адамды адам  ете  түсетін  қасиетін  ашып  көрсету, 
яғни  руханилығын  дамыту  -  заман  талабы.  Егер  адам  руханилығынан 
айырылса,  онда  ол  эмоция  мен  сезімнен  айырылады,  жалаң  рационализм  мен 
прагматизмнің  құлына  айналады.  Сөйтіп,  материалдық  табысты  негізгі 
мақсатқа  айналдырған  қоғамдық  даму  адамзатты  рухани  жұтаңдыққа  душар 
етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін. [1] 


 
251 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  жеке  тұлғаның  бойында  өмірге  келген 
сәтінен  бастап,  бірге  дамиды,  жасы  ұлғайған  сайын  қоршаған  ортасына  сәйкес 
бірге қалыптасады. 
Қазіргі  мектепте  «Адам  құндылығын»  жоғарылату  қажеттілігінен 
көптеген  өзгерістерге  бетбұрыс  жасалды.  Осыған  байланысты  оқушыларға 
төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру ләзім: 
- адамға ең қымбат — өмір; 
- балалар — өмір жалғасы; 
- тәртіптілікпен байланысқан еркіндік; 
- отансүйгіштік, ар-ұят, намыс, борыш; 
- сүйіспеншілік, мейірбандық, кішіпейілділік және т.б. 
Ең  басты  құндылықтар  адам  үшін  маңызды  қажеттіліктерге  сәйкес 
келгені  абзал.  Адамның  басты  сипаты  оның  оқуға,  еңбекке,  танып-білуге, 
қарым-қатынасқа,  сұлулық  пен  мейірбандыққа,  шығармашылыққа  деген 
қажеттіліктерінен  байқалады.  Осындай  басты  қажеттіліктерге  адам  игілігі, 
адалдық,  әділдік,  абырой,  ар-ұят,  сүйіспеншілік,  риясыздық,  ризашылдық 
сынды құндылықтар сәйкес келеді. 
Кіші  жастағы  балаларда  адамгершілік  негіздері  қаланып,  әдептілік 
ережелері  меңгеріледі.  Баланың  адамгершілік  сезімдерін  дамытуға  осы  жас  ең 
қолайлы  кезең  болып  табылады.  Адамгершілік  сезімдердің  күші  мен  тереңдігі, 
баланың 
мінез-құлқына 
әсер-ықпалдың, 
адамдарға, 
табиғатқа 
қарым-
қатынастың адамгершілік белсенділік шегін анықтайды. [2] 
Адамгершілік 
тәрбиені 
қарастырғанда 
біз 
еңбек, 
патриоттық, 
экологиялық,  т.б.  тәрбие  бағыттарымен  өзара  сабақтастықта  қарастырамыз. 
Адамгершілік тәрбие, адамгершілік құндылықтар барлық тәрбие бағыттарының 
негізгі алтын діңгегі болып табылады. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  негізгі  мазмұны  –  тұлғаның  бойындағы 
еңбекке  деген  сүйіспеншілігін,  патриоттық  құндылықтарын  және  адам  – 
табиғат - адам тұрғысынан экологиялық сананы қалыптастыру көзделеді. 
Адамгершілік тәрбиені іске асыруда мектептің тәрбие жүйесі негізгі орын 
алады. 
Білім 
беру 
мекемелерінде 
тәрбие 
жүйесі 
тәрбиеші 
мен 
тәрбиеленушілердің  әлеуметтік  ықпалдасу  негізінде  қалыптасады,  яғни 
тәрбиеші,  тәрбиеленуші  және  әлеуметтік  орта.  Бұл  жерде  тәрбиеші 
педагогикалық  дайындығы  мен  шеберлігі,  білімі,  эрудициясы,  саяси,  адами, 
рухани,  эстетикалық  бейнесі  десек,  ал  тәрбиеленуші  жағынан  білім,  білік, 
дағды, сенімі, құзырлығы, т.б. әр тұлғаның жекелей сапасын қамтиды. 
Тәрбие  жүйесі  ұғымы  алғаш  рет  Болгарияда  мемлекеттік  тәрбие  жүйесін 
айқындау  негізінде  анықталды.  Тәрбие  жүйесінің  негізін  салғандардың  бірі  - 
Д.Калдерон.  Бұл  тәрбие  жүйесінің  теориялық  негіздерін  айқындауға  бастау 
болды. 
Тәрбие  жүйесі  ұғымының  мағынасын  ТМД  кеңістігінде  А.Макаренко, 
А.Сухомлинский,  Ю.Сокольников,  И.Николаев,  Л.Новиков,  т.б.  ғалымдар 
қалады. 
И.Николаев  «Тәрбие  жүйесін  үлгілеудің  педагогикалық  жағдайлары» 
ғылыми-зерттеу  еңбегінде  тәрбие  жүйесінің  негізгі  бөлігі  ретінде:  1)  мақсат 


 
252 
және идея, 2) іс-әрекет, 3) іс-әрекет субъектісі, 4) қарым-қатынас, 5) әлеуметтік 
және табиғи орта, 6) тұтас жүйеге басшылық жасау деп ұсынады.  
«Әр  заманның  өз  адамы»  деген  қағиданың  мәніне  терең  үңілетін  болсақ, 
өмір  тәжірибесі  өзінің  нәтижесімен  көрсете  отырып,  дәлелдеп  береді.  Бұл 
көзқарас  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында  көрініс  тапқан. 
Онда:  «Білім  беру  -  бұл  қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  интеллектуалдық 
мәдени  дамуының  жоғары  деңгейін  және  кәсіби  біліктілігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  тәрбие  мен  оқытудың  үздіксіз  процесі»,  -  деп  жазылған.  [2]  Бұл 
жөнінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  тәрбие 
тұжырымдамасында: 
«Мектептің 
өзінде 
баланың 
танымдық 
және 
психологиялық  мүмкіндіктерін  жетілдіріп,  адамның  күнделікті  өмірінде  білім 
алудың  қаншалықты  маңызды  екеніне  көзін  жеткізу  қажет.  Бұл  кезеңде 
гуманитарлық-эстетикалық  бағыттағы  пәндерді  кеңінен  енгізу  керек,  өйткені 
осы  жастағы  балалар  әсершіл  әрі  ұғымтал  келеді.  Бала  мектепті  бітірген  кезде 
төңірегіндегі  оқиғалар  жайында  қисынды  да  жүйелі  баяндап,  жанындағы 
адамдармен  ешбір  қиындықсыз  қарым-қатынас  жасауды  үйренуге,  алған 
білімін  түсініп,  өмірде  қолдана  білуді  талап  ететін  дағдыларды  толық  игеруі 
тиіс»,  -  деп  көрсетілген  нұсқау  да  біз  көтерген  мәселенің  қоғам  талабынан 
туындап отырғандығын дәлелдейді.  
Оның  үстіне  қоғамдағы  рухани  құндылықтардың  табиғаты,  мәні  және 
атқаратын  қызметтері  туралы  жан-жақты  зерттеулердің  адамгершілік  пен 
руханилық мәселесімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн 
тәртібінен  түспеуі  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілігін  дамыта  тәрбиелеудің 
аса қажеттігін байқатады. [3] 
Адамгершілік  қатынастар,  адамгершілік  тәрбиесі  туралы  бірқатар 
ғалымдардың  (К.О.Тюменова,  В.М.Доратов,  И.С.Марьенко,  И.М.Бодырев, 
Г.Х.Махмудова,  Л.И.Романова,  А.Меңжанова  және  т.б.)  еңбектерін  зерделей 
келе, мынадай қорытынды жасауға болады: 
Адамгершілік  тәрбиесінің  маңызы  мектептің  күн  тәртібінен  ешқашан 
түскен  емес.  Егер  біз  ертеректегі  ғұламалардың  еңбектеріне  жүгінсек,  осы 
пікіріміздің  дұрыстығына  көз  жеткіземіз.  Оған  әл-Фарабидің:  «...Адамға  ең 
бірінші  білім  емес,  рухани  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  - 
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген 
сөзі  дәлел.  Демек,  бүгінгі  таңда  педагогика  ғылымында  әлі  де  толық  шешімін 
таба  алмай  отырған  өзекті  мәселелердің  бірі  жеке  тұлғаның  рухани-
адамгершілігін дамыта тәрбиелеу болып табылады. 
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың мектеп 
табалдырығын  аттаған  сәтінен  бастап  жүзеге  асырылса,  онда  қоғамның 
әлеуметтік қажеттілігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына игі ықпал етеді. 
Бұл  идея  адам  бойында  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  дамытып, 
қалыптастыруды ғылыми және практикалык тұрғыда зерттеп, оның әдістемесін 
жасау  мақсатын  туғызды.  Егер  сабақтарда  берілетін  білім  мазмұны  мен  әдіс-
тәсілдері  оқушының  өзін-өзі  әрекетінің  субъектісі  ретінде  тануына  мүмкіндік 
туғыза  отырып,  оның  жан-жақты  рухани  дамуына  бағдарланса,  онда  жоғары 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау