Білімді тұлға тәрбиелеу схемесы
Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет - балалардың қабілеттерін жан-жақты ашу. Осы себептерге сәйкес математикада, алгебра сабақтарында және геометрия сабақтарында өздік жұмыстарды (зерттеу, дәлелдеу) ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекітіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, қарастырылуына байланысты болады.Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды, өздігінен білім алуға талпынады. Жұмыс нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет.Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйретеді.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет
1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3. Өздік жұмыстар түрлі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.
Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен эсселер жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.
Жақсы үлгеретін, қабілетті оқушылармен шығармашылықпен жұмыс істеу де қазіргі өмір талабы.
Осы бойынша шығармашылықпен жұмыс істеу схемасы жасалды.
4-тұжырымдама
Нәтиже
Жақсы нәтижеге жету үшін әрбір жұмыстың мониторингісі, талдауы жасалып отырғаны жөн. Осы талдаулар беріліп отыр.
Математикадан тексеру бақылау қорытындысы
Тоқсан сайын жасалып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |