Сахаева Мейрамгүл Қадрешқызы Физика және технолоия пәндерінің мұғалімі №16 мектеп Манғыстау облысы, Ақтау каласы



жүктеу 245,41 Kb.
бет1/2
Дата01.01.2018
өлшемі245,41 Kb.
#6734
  1   2

Сахаева Мейрамгүл Қадрешқызы

Физика және технолоия пәндерінің мұғалімі

16 мектеп



Манғыстау облысы, Ақтау каласы

"Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында барлық қазақстандардықтың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен.Осыған орай, мектептегі мәселелердің бірі сабақтың жаңа түрлерін дамыту болып табылады.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейін, тәрбиесін жоғарылатып, пәнге қызықтыру әрбір мұғалімнің басты мақсаты.Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің білім деңгейіне,іскерлігіне, әр сабаққа тиянақты әзірленуіне тікелей байланысты.Бұл жөнінде Д.И.Менделеев: «Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп оны толық меңгере және сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды,мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жемісті болмақ емес » - деген екен.

Физика пәнінде жаңа технология элементтерін оның ішінде дамыта және деңгейлеп оқыту әдісін қолданамын.Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың «Әртүрлі деңгейде оқу технологиясын » жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында қолданып келемін.Ж.Қараевтың технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқытудан аулақтатып,

ақпаратты өз бетімен ізденуге дағдыландырады.

Жаңа технологияның дамыта және деңгейлеп оқыту әдістері оқушы білімін жүйелеуге,дамытуға, таным деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік береді.Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, сезінеді, оқушылардың қабілеті ,сөздік қоры жетіледі.Сондықтан оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, оларды іздендіру керек.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушылардың біліміне, мүмкіндігіне көз жеткізу.

1-ші деңгейлік тапсырмалар білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушылардың жас ерекше

лігіне сай болады.

2-ші деңгейлік тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі. Оқушылардың материалды қабылдауы міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады.Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді.

3-ші деңгейлік тапсырмалар танымдық іздену оқушыларды шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуімен сипатталады. Сатының ерекшілігі- оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі бір мәселеге дұрыс жауап беруге дағдыланады.

4-ші деңгейлік тапсырмалар дарынды, ізденімпаз, талапты балаларға арналады.Яғни оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады.Сыныпта өз бетімен ізденуге құштар жанды оқушылар бар. «Талабы жоқ жас – қанаты жоқ құс» дегендей әр оқушы өз бетімен талаптанып, ізденеді.

Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі:



  • сабақтың мазмұны мен сапасы артады;

  • оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшілігіне сай ойлау қабілеттері дамиды;

  • оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады;

  • жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;

  • жүйелі оқу принциптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, бағалай біледі.

Ескеретін жағдай:

1.Барлық тапсырмаларды уақытында орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі.

2. Барлық тапсырмалар сол сыныптың бағдарламасы көлемінде құрылады.

3. Оқушыларды “қабілетті”, “қабілетсіз” деп жіктеуге болмайды, барлығына бірдей талап қойылады.Қорытындысында оқушылар біліміне қарай өз деңгейіне көтеріледі.

Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:


1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9 сыныпта «Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің С.П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю.Гагарин,Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын.

О

Қ



У

Ш

Ы


Шығармашылық деңгей


Өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынандай факторларға сүйенемін:

- оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету

- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

- деңгейін саралау;- дарынды оқушылармен жұмыс

Қорытынды:

Шығармашылық жұмыс және проблемам бойынша атқарылып жүрген жұмысымның

Нәтижесі:


  1. 100% үлгерім

  2. Жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды Баланы таңдауға мүмкіндік береді.

Физика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы , пәнге

қызығушылығы , мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігіне, әр түрлі әдіс тәсілдерді

орнымен қолдана білу жолындағы ізденімпаздығына байланысты.Сондықтан

мен өзім сабақ беретін сыныптарымда физика пәнін оқытуды әр түрлі

әдістермен өткізіп келемін.Олар: жарыс сабақ, аукцион сабақ, семинар сабақ,



сынақ сабағы, аралас сабағы т.б.


Деңгейлеп оқыту технологиясы


жүктеу 245,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау