Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет9/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

32
Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту.
“Қарлы кесек” оқыта-үйрету ойыны.
Құрал-жабдық:  бағыттаушы  қағаз,  бағалау  парағы, 
жетондар, шақыру сигналдары, т.б.
Оқушылар бес топқа бөлінеді, әр топқа сұрақ беріледі:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2.  Сөйлем  болудың  шарттарын  өздерің  ережеден  тауып 
атаңдар.
3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
5. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
6. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
“Қарлы кесек” оқыта-үйрету ойынының үстелдері.
Қажетті  құралдар:  бағыттаушы  парақтар,  шақыру 
сигналдары,  бағалау  парақтары,  жетондар,  үстелдердің 
сілтемесі, ортақ бағалау парағы.
Сөйлесу бөлімі. 3-сабақ
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың мақсатын, жүру бағытын айту.
«Бақытты сәт» оқыта-үйрету сабағы. 
Құрал-жабдығы:  шарлар  салынған  қапшық  немесе 
кішкене бөшке, секундомер, ортақ бағалау парағы, фишкілер. 
Дәптермен жұмыс. 21-жаттығу. 
1. Топ-топқа бөлініп  жаттығу жұмысын орындау.
2.  Мәтін  бойынша  бірнеше  сұрақ  дайындаңдар.  Ішінде 
негізгі  сұрақ,  жетекші  сұрақ,  анықтаушы  сұрақтар  болу 
керек.
3.  Сұрақтарыңа  келесі  топтың  оқушылары  жауап  беруі 
тиіс.
ХХ ғасыр аяқталды. Бұл ғасыр  аласапыран ғасыр болды. 
Осы  ғасырда  біздің  халықтың  басынан  өткерген  қиямет-
қасіреті мол. 


33
Жауап үлгісі:
1. Қай ғасыр аяқталған? Негізгі сұрақ
2. Қандай ғасыр болды? Жетекші сұрақ.
3. Халық қалай тұрды? Анықтаушы сұрақ.
17-жаттығу. Төмендегі екі мәтінді оқып шығыңыздар.
Сөйлемдердің  аяқталған  тұсына  нүкте  қойып,  келесі 
сөйлемді  бас  әріппен  жазыңыздар.  Мәтінді  азатжолға 
бөліңіздер.  Бас  әріппен  жазылған  сөздердің  қандай  сөздер 
екенін түсіндіріңіздер.
Ежелгі  адамдардың  мекен  еткен  аудандарының  бірі 
–  қарт  Қаратау  жотасы  Арыс  өзенінің  жағасындағы 
кіші  Қаратау  жотасының  солтүстік-шығыс  бөлігінде 
жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 
ежелгі  адамдардың  еңбек  құралдары  болып  табылатын 
ірілі-ұсақты  шақпақ  тастардың  табылуы  соған  айқын 
дәлел бола алады. 
Жауап үлгісі.
Ежелгі  адамдардың  мекен  еткен  аудандарының  бірі  – 
қарт Қаратау жотасы. 
«Бөшкеден  шыққан  басқатырғылар»  оқыта-үйрету 
ойыны. 
1. Бір хабарды жеткізу –      2. Сұрақ қойып  қашанда
Әрқашан оның мақсаты.          Жауабыңды аласың.
Сөйлемнің ол – бір  түрі,          Бұл да – сөйлем бір түрі,
Мақсатына қарай айтылуы –   Тез ойлансаң табасың.
           (Хабарлы сөйлем)                  (Сұраулы сөйлем)
Семантикалық карта 
Мысалдар:  Хабарлы  сөйлем.  Сұраулы  сөйлем.  Лепті  
сөйлем.  Бұйрықты сөйлем.
1. Жиналыс басталды ма? 2. Аспан шайдай ашық. 3. Бұл 
– Байжанның талай келген үйі. 
Ескерту.  Сөйлесу  бөліміндегі  әрбір  сабақта  ойындар, 
жұмыс  түрлері  мен  жұмысты  орындау  жолдары 


34
түрлендіріліп  отырылады.  Мұнда  модульге  енгізілген  
сағаттың барлығы  қамтылған жоқ.
Қорытынды бөлім. 4-сабақ.
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың мақсатын, жүру бағытын айту.
Тест сұрақтары:
1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін көрсетіңіз. 
А) жақты сөйлем;      Ә) толымды сөйлем;   
Б) сұраулы сөйлем;    В) жайылма сөйлем;  
Г) құрмалас сөйлем. 
2. Сұраулы сөйлемді табыңыз. 
А) Кейбіреулер түк істемей-ақ болдырып отырады;
Ә) Сен менен аулақ жүр; 
Б)  Таң  қараңғысынан  тұру  Дәметкеннің  өмірлік 
дағдысына айналған еді;
В) Немене, бізді ақшасы жоқ кедей деп естіп пе едіңіз?;
Г) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. 
3.  Қазақ  тілінде  айтылуы  мақсатына  қарай  неше  түрге 
бөлінеді?  А) 5;    Ә) 6;     Б) 7;     В) 4;      Г) 2. 
4. Лепті сөйлемді табыңыз. 
А) Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай);
Ә) Білім – адамның қанаты; 
Б) Кімдер таратып, насихаттайды?;
В) Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде?;    
Г)Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе. 
5.  Қуану,  ренжу,  аяу,  кекету  мақсатында  айтылатын 
сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Хабарлы сөйлем; Ә) Сұраулы сөйлем; Б) Лепті сөйлем;
В) Бұйрықты сөйлем;   Г) Ашық  сұрақты сұраулы сөйлем.
Бағалау. Әр жұмыс сайын оқушылар өз білімдерін баға-
лап отырады, соңғы сабақта қорытынды баға қойылады.


35
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Кәмшат ӘБДІҚАЙЫМОВА,
                                                                        «Үшжарма орта мектебі 
мектепке дейінгі шағын орталығымен» 
                                                           мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
Алматы облысы,
Балқаш ауданы.
АТА-АНАНЫ СЫЙЛАУ –        
ПАРЫЗЫҢ
(Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша)
Сабақтың мақсаты: білімділік – прозалық шығарманы 
талдау,  шығарманың  тақырыбын,  идеялық  мазмұнын  ашу; 
дамытушылық – оқушылардың ойларын анық, дәл жеткізе 
білуге дағдыландырып, өз пікірін ашық айта білуге үйрету, 
шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымын 
кеңейту, ойлау қабілетін дамыту; тәрбиелік – оқушыларды 
адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата-ана 
алдындағы перзенттік парызын сезіндіру.
Түрі: бекіту сабағы. Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, 
ой  қозғау.  Көрнекілігі:  Венн  диаграммасы,  семантикалық 
карта.  Пәнаралық  байланыс:  қазақ  тілі,  халықтық 
педагогика.
Сабақ барысы.
Поэзия минуты.
Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
Сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,
Жаман бала жауына талатады.
Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,
Байқалмайды балаңның олқы жері.


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау