Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет2/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

3
Көкейкесті көзқарас
Жұпаркүл ӘБСЕЙІТҚЫЗЫ,
№2 Шортанбай Қанайұлы атындағы 
жалпы орта мектептің 
мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Кентау қаласы.
ҮЛГЕРІМІ НАШАР 
ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС 
ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Көзі жәудіреген әр баланың бойындағы қабілетін танып, 
дарынын  ашып,  болашаққа  нық  сеніммен  аттандыру  – 
мектептің, «Мектептің жүрегі – ұстаздың», мына біздердің 
міндетіміз.
Бала  білімі  және  тәрбиесімен  айналысуға  бел  буған 
екенмін,  онда  бар  болмысыммен  үлгі  тұтарлық  болуға, 
үнемі ізденіс үстінде шығармашылықпен жұмыс жүргізуге 
жауаптымын, себебі кемел елдің болашағы – келелі білімді 
шәкірт  қолында.  Осындай  мақсат  қоя  отырып,  үнемі 
ізденіс  үстінде  шәкірттермен  жұмыс  жүргізіп  келемін. 
Әрбір 5-сынып алғанда қазақ тілі мен әдебиет пәнінен бала 
білімін,  әлеуметтік  жағдайын  анықтап  жан-жақты  зерттеу 
жұмыстарын  жүргіземін.  Қазақ  тілі  пәнінен  мынадай 
тұрғыда анықтаймын:
1. Сабаққа келуі, тәртібі, тазалығы;
2. Көркем  жазуы;
3. Сауаттылығы;
4. Ғылыми тілі;
5. Есте сақтау қабілеті;
6. Мәтінді әңгімелеуі.


4
Қыркүйек  айында,  қалыптасу  кезеңінде  оқушылармен 
жылы-жылы  сөйлесіп,  олардың  түрлі  мінездерін  іс-
әрекеттері  арқылы  байқау  жұмыстарын  жүргіземін.  Қазан, 
қараша  айларында  жоспарлы  бағдарламаны  меңгертуге 
мән  беріп,  бала  бойындағы  кемшіліктерді  жоюға  іс-әрекет 
жасаймын. Үлгерімі нашар оқушылар анықталған соң сабақ 
өткізу барысында жеке оңайлатылған, яғни, көшіру, жауапты 
қайталау,  суретпен  жұмыс,  әдемі  жазу,  т.с.с.  тапсырмалар 
беремін.  Үлгерімі  нашар  оқушымен  үнемі  жұмыс  жүргізу 
қажет. Сонда баланың білімге деген талпынысын байқауға 
болады. Екі, үш рет үй тапсырмасын орындамайды. Оқушы 
осындай кемшілік жасағанда күнделікпен жұмыс жүргіземін, 
ескерту  жазып,  тиесілі  бағасын  қоямын,  сынып  жетекшіге 
ескертемін. Кейбір оқушылардың сабақ кезінде үнемі аты-
жөнін айтып, білмесе де сұрай берсеңіз оқушы оянатынына, 
өзінің  әлі  жеткенше  тапсырманы  орындап  келетініне  және 
біртіндеп  «екі»  деген  бағадан  «үш»  деген  бағаға,  «төрт» 
деген бағаға көтерілетінін өз тәжірибемнен айта аламын.
Ал  әдебиет  пәнінен  5-сыныпта    мынадай  білімдерін 
анықтаймын:
1. Оқу жылдамдығы;
2. Мәнерлеп анық оқуы;
3. Шығарманы түсінуі;
4. Тіл байлығы;
5. Мазмұндама жазу деңгейі;
6. Сұрақ қою, жауап беруі.
Осындай білімдерін анықтаған соң әрбір оқушыға «Сен 
жылдам оқы», «Сен шығарманы түсініп оқы», «Тіл байлығың 
жұтаңдау, ойыңды жеткізе алмадың», «Өз ойыңды жазғанда 
сөйлемді  дұрыс  құра»,  «Сұрақты  дұрыс  қой»,  «Дұрыс 
жауап  бер»  деген  пікір  айта  отырып,  оның  бойындағы 
кемшіліктерді жоюға тырысамын. Осындай ескертпелерден 
соң оқушы келесі сабақта қателікті болдырмауға тырысады.


5
5-сыныптың  ІІ  жартыжылдығында  балаларға  төменде-
гідей жаңа технология элементтерін  пайдалануды меңгер-
туді қолға аламын:
1. БиС технологиясының бағалауы;
2. Топтастыру стратегиясы;
3. Тест құрастыру;
4. Кеспемен жұмыс (өзі кеспе жасау);
5. Перфокартамен жұмыс;
6. Семантикалық картамен жұмыс;
7. Тірек-сызба;
8. Өзін-өзі тексеру;
9. Тестпен жұмыс (өз-өзін тексеру, бағалау);
10. Венн диаграммасы.
Айына  2  рет  ережені  жатқа  айтуға  қосымша  сабаққа 
шақырамын.  Ғылыми  тілі  дами  түседі.  Үздік  оқитын    3-4 
оқушы маған жатқа айтып береді. Ал айтпаған оқушылардан 
үздік  оқитын  оқушылар  сұрап  шығады.  Үлгерімі  нашар 
оқушылар  –  ұяң  балалар,  тіл  байлығы,  сөздік  қоры  жұтаң 
балалар сыныптасына айтқанды ұнатады. Бір-бірінің айтқан 
сынын мойындап, кейде дауласып келетіндер де болады. Ол 
кезде өзім қайтадан сұраймын, әділ бағасын, әділ пікірімді 
айтамын.
Үлгерімі нашар оқушы қайдан шығады?
Осы  сұраққа  жауапты  әрбір  ұстаз  үнемі  өзінше  іздейді. 
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен тереңдетілген сынып ашып, 
5 жыл жұмыс жүргіздім. Сонда үлгерімі нашар, диктантты 
«екі» деген бағаға жазатын, түсінік айта алмайтын, аптасына 
екі  күн  «ауырып»,  үшінші  күні  сабаққа  келетін  оқушылар 
Әуелбек Әділет, Құлымбетов Ердәулет, Бұрханов Нуриддин 
деген оқушылар болды. Үлгерімі нашар оқитын оқушының 
пайда болу  себептері: 1) ата-ана тарапынан қадағалау жоқ; 
2) әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушы; 3) 
жанұясы толық емес отбасынан шыққан балалар; 4) ата-ана 


6
түсінігі төмен; 5) аурушаң бала; 6) жалқаулық; 7) сана сезімі 
төмен, қулыққа бейім бала.
Әділет, 
Ердәулет, 
Нуриддиннің 
ата-аналарымен 
жеке  жұмыс,  түсінік  жұмыстарын  жүргізіп,  оқушы 
сауаттылықтарын «төрт» деген бағаға көтердім. Ердәулеттің 
әншілік  қабілетін  аша  отырып,  білімділікке  баулыдым. 
Жаман  әдеттерден  арылттым.  Үнемі  ата-анамен,  сынып 
жетекшімен,  құрбы-достарымен  қарым-қатынас  жасай 
отырып,  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінен  білім  сапасын 
арттырып, сыныпта үлгерімі нашар оқушыны болдырмауға 
атсалысамын.  Сырттан  келген  тексеруші  мамандарға  да 
өз  білімділігімді,  шәкіртімнің  білімін  ұялмай,  қорықпай 
көрсете аламын.
5-сыныптан  11-сыныпқа  дейін  оқытқан  оқушыларым 
ҰБТ-дан  білім  сапасын  94  %  көрсеткіш  көрсетіп,  14 
оқушының бір оқушысы ғана «3» деген баға алды. Мұны өз 
еңбегімнің нәтижесі деп айта аламын.
ҰБТ-ға дайындауда нашар үлгеретін оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар
Оқушының  ҰБТ-ға  дайындық  жасау  тестерінен  төмен 
ұпай  жинағанын  анықтаған  соң  ақыл-кеңес  жұмыстарын 
жүргіземін. 
Оқушымен бірге атқарылатын жұмыстар:
1. Ереже жаттау;
2. Жеке оқушымен жұмыс;
3. Жаттығулармен жұмыс («Шың»);
4. Әр тест сұрақтарымен жұмыс;
5.  Лексика,  фонетика,  грамматика  салаларын  түсіндіру 
жұмысы (жалпылама және жеке жұмыс);
6. Меңгермеген тақырыпты қайталау жұмысы;
7. Ауызша сұрақ ,жауап (5 тест, 10 тест сұрақтары);
8. Тақырыптық тестпен жұмыс;
9. Тірек-сызба арқылы түсіндіру;


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау