65
Сарыла күтіп ертеңін
Үмітпен көңілін аулауда.
Құштар ол осы өлкенің
Топырағына аунауға.
Аралап көрсең нанасың,
Әлемде талай қызық бар.
Бақыт пен сордың арасын
Бөліп тұр қызыл сызықтар.
Үйге тапсырма. «Туған жердей жер болмас» тақырыбына
шығарма жазу.
Топ басшылары бағалау парағын толтырып, тобындағы
оқушылардың білімін таразылайды, соңынан мұғалім
бағалайды.
Бибігүл МӘМБЕТОВА,
Астана қаласындағы
ҚазГЗУ гуманитарлық
заң колледжі оқытушысы.
СӘКЕН СЕЙфУЛЛИН.
«КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫ
Сабақтың мақсаты: білімділік – поэманың мән-
мағынасын, ойын түсіну, қорыту, нәтиже шығару,
С.Сейфуллиннің қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлі-
гін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншілікте-
рін арттыру; дамытушылық – шығарманы жан-жақты
талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін
кеңейту, сөздік қорын байыту, шешен сөйлеуге баулу,
ізденіс-шығармашылық дағдыларын дамыту; тәрбиелік –
отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу.
66
Түрі: дәстүрлі сабақ. Типі: жаңа сабақты меңгеру. Әдісі:
топтық, ұжымдық, ізденіс-шығармашылық, баяндау, сұрақ-
жауап. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих. Көрнекілігі:
оқулық, интерактивті тақта, кітапхана бұрышы.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынта-
ландыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А) Сәкен Сейфуллин кім?
Ә) Сәкен Сейфуллиннің қандай шығармаларын
білесіңдер?
Б) Сәкен Сейфуллин шығармаларында қандай мәселе-
лерді көтереді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушының кіріспе сөзі.
Оқушыларға қосымша тапсырма ретінде алдын ала
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқып келу
тапсырылған.
Топтық жұмыс. Әр топтың Сәкен Сейфуллиннің
«Көкшетау» поэмасы бойынша ізденіс-шығармашылық
жұмысы. (Әрқайсысы бір-бірін тыңдап, жауабын
толықтырып отырады.)
1-топ. Поэмаға мазмұндық жоспар құрып, түсінгендерін
мазмұндау.
р/с Бөлім атауы
Оқиғаның барысы
1
Кіріспе.
Көкшетаудың сұлу табиғаты.
2
Негізгі бөлім.
Оқжетпес.
Жұмбақтас.
Қазақ-қалмақ қарым-қатынасының бір
оқиғасына арналған. Ұрыста қолға түскен
қалмақ қызына Абылай батырларының
таласуы. Тұтқын қыздың батырларға қойған
үш шарты. 1) Шың басындағы жаулықты
атып түсіру. 2) Мың қадам жерден 4 жігітті
арқалап жартасқа жүгіріп шығу. Оқжетпес,
Жұмбақтас атауларының сыры.
3) Өлеңмен айтылған жұмбақты шешу.
67
3
Адақ батыр
Адақ батырдың ата тегі, шыққан жері,
Абылайға еруі, есімінің Адақ аталғаны,
мінез ерекшеліктері баяндалады. Қалмақ
қызының басына қауіп төнген тұста
әрекетке Адақтың араласып, қыз қойған
шартты орындауы. Адақ батырдың қыз
жұмбағын шешуі.
4
Ерік алған
қыз
Абылай қойған, қыз құптаған шарт
бойынша қыз Адақ ерге тимек еді, жылы
жүректі батыр тұтқындағы қызға азаттық
береді, өз тұлпары – Керкөжекті мінгізіп
еліне қайтарады.
2-топ. Қыз жұмбағының шешуін толық мазмұндау.
3-топ. Поэманың әр бөліміндегі оқиғаның ойын
анықтап, тақырып қою. (Сызба арқылы көрсету).
ІV. Поэманың композициялық құрылысын түсіну.
Сәкен – ақын. Поэмадағы сюжеттік оқиғалар негізінде
мазмұндату (интерактивті тақтада орындалады).
(Ұжымдық жұмыс).
1
Басталуы
Көкшетаудың сұлу табиғаты. Абылай
батырларының тұтқын қызға таласып
дауласуы.
2
Дамуы
Тұтқын қыздың шарты. Батырлардың
бір-бірімен өнер сынасуы.
3
Байланысуы
Қыз жұмбағы.
4
Шарықтау
шегі
Адақ батырдың оқиғаға араласып қыз
жұмбағын шешуі.
5
Шешімі
Қыздың азаттық алуы.
V. Поэманың тілдік көркемдік ерекшелігі. Оқулықпен
жұмыс (Дәптерде орындалады).
68
р/
с
Поэмадан
үзінді
Эпитет
Кейіптеу
Теңеу
1
Қазақ
әдебиеті
(хрестома-
тия)
11-сынып.
Сәкен
Сейфуллин.
«Көкше-
тау»
поэмасы.
86-88-
беттер.
Алтын
кесе,
жұпар
иісті,
көк
желекті,
көкпең-
бек
шың,
сары
алтын.
Жан-жақтан
ертелі-кеш
бұлттар келіп,
Жүреді біліп
кетіп есен-
сауын. Ызыңдап
таудан соққан
жел айтады.
Сырласып
сыбырласқан
жапырақтар,
Күндіз-түн
күңіренген көл
айтады.
Жібектей
жел,
қарлығаш-
тың
қанатын-
дай, көк
шыбықтай,
сұңқардың
баласындай,
құланның
құлынын-
дай, киіктің
лағындай.
VІ. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. (ұжым-
дық жұмыс). Қалмақ қызы мен Адақ батырдың кескін-
келбетін оқулықтан тауып оқу.
р/с Кейіпкер
Іс-әрекеті, адами қасиеті.
1
Абылай
Қолбасшы, батыр, жеңімпаз, мінезі
қаһарлы.
2
Тұтқын қыз
Жасы 17-де, басында еркі жоқ, сұлу,
өжет, ақылды.
3
Адақ
Батыр, мерген, ақылды, әділ, жүрегінде
иманы бар, елін сүйеді.
VІІ. Ой қорыту. Сәкен Сейфуллин қандай ақын?
«Сәкен – еліміздің елдігінің, ерлігінің, ақындығының,
сұлулығының бейнесі» (Сырбай Мәуленов). Сәкен туралы
айтқан Сырбай Мәуленовтың сөзін поэманың ойымен
байланыстыр.
VІІІ. Үй тапсырмасын беру. Поэманың «Көкшетау»
бөлімін мәнерлеп жатқа оқуға даярлану. Жер-Ана,
табиғатқа қатысты айтылған нақыл сөздерді дәптерге жазу,
мағынасын түсіндіру.
ІХ. Бағалау. Сабақта белсенді жұмыс атқарған
оқушылардың еңбегін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |