Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет6/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

20
Оқушылар  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім  тақырыптарын 
оқығандығын айтып шығады.
Осы  үш  сөз  табын  алмастырып  айтатын,  солардың 
орынына жүретін  сөздерді келтіріп сөйлем құратамын. 
«Есімдік» тақырыбы тақтаға жазылады.
   Интерактивті тақтадан есімдік  туралы, оның мағыналық 
түрлерін көрсететін кесте көрсетіледі.
                                   
                                   
Жіктеу  Сілтеу  Сұрау 
Өздік  Жалпы-
лау 
Белгі-
сіздік 
Болым-
сыздық 
Мен, 
сен, сіз, 
ол, біз,
олар.
Бұл, 
сол, 
ана,
мына, 
осы, 
сонау,
мынау.
Кім, 
не,
қай, 
қашан, 
қалай
Өз, 
өзім,
өзің, 
өзі 
Бәрі, 
барлық, 
бүкіл, 
қүллі, 
барша
Біреу, 
бар-
лық, 
кей-
бір, 
бір-
деме, 
әрбір
Еш, 
ешбіреу, 
ешкім, 
ешқан-
дай,
ештеңе
Осы кесте бойынша сабақ түсіндіріледі.
Есімдіктер  өте  көне  заманда  пайда  болған  сөздер 
қатары-на  жатады.  Тіліміздегі  ерте  заманнан  келе  жатқан 
байырғы  түбір  есімдіктер  бар.  Олар:  мен,  сен,  ол,  біз,  кім, 
не, бұл, т.б.  Бұлар  ме-н, се-н, қ-ай, кі-м деп бөлшектенеді. 
/А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., «Мектеп», 1974, 204-бет./ 
Қазір бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтіні айтылады.  
Есімдіктер заттың атын, сынын, сапасын, олардың аттарын 
білдірмейді, бірақ  олардың  орнына жүретін сөздер  екенін 
түсіндіремін.
Есімдіктің бірінші түрі «Жіктеу есімдігі» туралы түсінік 
беріледі. Ахмеди Ысқақов «Жіктеу есімдіктері сан жағынан 
 
Есімдік  
Мағыналық түрлері 


21
аз болғанымен, қызметі жағынан есімдіктердің ішіндегі аса 
жиі  қолданылатын тобы» дейді (220-б.).
Жіктеу  есімдігі  үнемі  адаммен  байланысты  айтылып, 
жақтық  ұғыммен  келеді.  Жіктеу  есімдігі  туралы  кесте 
көрсетіледі.
Жіктеу есімдігі
Жақ  Жекеше 
түрі
Көпше 
түрі
Жақтық ұғымы
1
2
3
Мен 
Сен,сіз
Ол 
Біз, біздер
Сендер, 
сіздер
Олар 
Сөйлеушінің өзін білдіреді.
Тыңдаушыны білдіреді.
Бөгде адамды білдіреді.
Проблемалы  жағдаят  тәсілімен  анықтамасын  іздеп, 
ойлатып  тапқызу  үшін  осы      аталған  есімдіктің  үш  түріне 
ауызша сөйлем құрап айту тапсырылып, мынадай сұрақтар 
қойылады:
Мен, біз, біздер сөйлемде  қандай мағына береді?
Сіз, сіздер қандай мағына береді?
III жақта тұрған ол, олар қандай мағына білдіреді?
Осыдан  кейін  оқушыларға  өздері  анықтамасын    айту 
тапсырылады.
«Жіктеу  есімдігі  дегеніміз    сөйлеушінің,  тыңдаушы-
ның,  бөгде  адамның  орынына  қолданылатын  есімдіктер» 
деп қорытылады.
Тақтамен  жұмыс.  Екі  оқушы  тақтаға  шығып,  жекеше, 
көпше түрде оқушы, азамат  сөздерін жіктеп шығады.
Оқушылардан  «Мен,  сен,  сіз  жіктеу  есімдіктеріне 
кім  тәуелдік  жалғауын  жалғайды?»  деп  сұраймын.  Олар  
тәуелденбейтінін  айтады.  III  жақтағы  ол,  олар    жіктеу 
есімдігін  тәуелдету үшін   тақтаға  екі оқушы  шығарылады.
Менің оным                          Біздің оларымыз
Сенің оның                           Сендердің оларың
Сіздің оныңыз                      Сіздердің оларыңыз


22
Оның онысы                         Олардың олары
Өз бетінше жұмыс.
1-топқа:
Мен,  сен,  ол  деген  жіктеу  есімдіктерін  қатыстырып 
еңбекке байланысты сөйлем құрап жазыңдар.
2-топқа:
Сен  оқысаң,  мен  тоқыдым.  (Есімдігін  тауып,  көптік 
жалғауын  жалғап  жіктеу  керек)  (Сендер  оқысаңдар,  біз 
тоқыдық) 
Ауызша  талдату.    Енді  септік  жалғауы  жайлы  сұрап, 
оқушылардың  өздеріне  септетіп  шығамын.  (Мен,  Менің, 
Маған, Менде, т.б)
- Жіктеу есімдігіне  септік жалғауын жалғауға бола ма?
Сұрақ бойынша оқушылар айтып болған соң кесте ілініп, 
мен, сен, ол деген жіктеу есімдігінің септеулерін оқушылар 
оқып, айтып шығады. 
Жіктеу есімдігінің жеке түрінің септелуі
р/с Септіктер 
Жіктеу есімдіктері
1
2
3
4
5
6
7
Атау
Ілік 
Барыс 
Табыс 
Жатыс 
Шығыс 
Көмектес 
Мен, сен, ол
Менің, сенің, оның
Маған, саған, оған
Мен-і, сен-і, о-ны
Мен-де, сен-де, он-да
Мен-ен, сен-ен, о-дан
Мен-імен, сен-імен, о-нымен
Жіктеу  есімдіктерінің  жекеше  түрінде,  септелуінде 
ерекшеліктердің  бары  нақты  көрсетіліп,  былайша  ескерту 
жасалынады:
1.  Мен,  сен,  ол  сөздері  ілік,  табыс,  шығыс  септіктеріне 
келгенде  түбірдің  соңындағы  ы,  л  дыбыстарының  түсіп 
қалатыны түсіндіріледі.(Ме-нің, се-нің, мені, о-ны)
2.  Мен,  сен,  ол  есімдіктерінің  барыс  септігінде  жуан 
буынға айналатыны және барыс жалғауының -ған формада 


23
жасалатыны айтылады ( ма-ған, са-ған, о-ған)
3.  Көмектес  септігінде  мен,  сен,  ол  сөздерінің  түбірі 
сақталып, түбір мен қосымша аралығында ы, і  дәнекерінің 
пайда болатыны  айтылады (ме-ні, сені-мен, о-ны-мен)
II. Операциялық-орындаушылық кезең.
Ойын:  «Кім  жылдам?».  Оқушылардың  білімді 
меңгерудегі  іскерлігін  байқау  үшін  қиманы  құрастырып, 
қимадағы сөйлемдерден жіктеу есімдігін табу. 
Ойын:  «Кім  сөзге  жүйрік?».  Интерактивті  тақтадағы  
суреттер  бойынша  жіктеу  есімдігін  қатыстырып    сөйлем 
құрап, сөйлемдегі қызметін айту.
Оқулықпен жұмыс. 193-жаттығу.  194-жаттығу.
Терме диктанты.
III. Рефлексиялық- бағалау кезеңі.
1.  Көп  нүктенің  орынына  есімдіктерді  қойып 
сөйлемдерді оқу.
...... – белсенді оқушы.   ..... үлкенге құрмет көрсетеміз.  
.......  домбыра    үйірмесіне  қатысамын.      .....  бізге  қонаққа 
келді.    ....күнделікті  сабақты  «  .......    Қазақтаным»  атты  
әнұранмен  бастаймыз.    .......  алғашқы  ұстазымызды  ........  
ұмытпаймыз.
2. Баламалы тест. 
1. Мен, сен, ол  жіктеу есімдігіне жата ма?
а) иә;                     ә) жоқ.
2.  Зат  есім,  сын  есім,  сан  есім  сөздерінің  орнына 
жұмсалатын есімдік пе?
а) иә;                     ә) жоқ.
3. Кім, не, қанша есімдіктері сұрау есімдігіне жата ма? 
а) иә;                      ә) жоқ.
4. Өз, өзім, өзің есімдіктері сілтеу есімдігіне жата ма?
а) иә;                      ә) жоқ.
5. Жіктеу есімдігі септеле ма?
а) иә;                      ә) жоқ.


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау