Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет18/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

69
Оқулыққа қосымша
Сымбат МҮТАЛАПХАН, 
Лев Гумилев атындағы 
ЕҰУ ғылыми қызметкері.
СӘКЕННІҢ ӘН МҰРАСЫ
Қазақ совет әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері  Сәкен 
Сейфуллиннің жаңашыл ақындығы  бір төбе, композиторлығы 
бір  төбе.  Сәкеннің  музыкалық  мұрасына  келер  болсақ, 
қазақ  музыка  тарихына  мейлінше  еңбегі  сіңген,  әндері 
бүкіл Сарыарқаны шарлап кеткен композиторлық дарынын 
паш  ететін  ерекше  қырын  байыппен  бағдарлап,  тарихпен 
тоғыстырып, халқына таза алтын  күйінде  табыстау да  – 
аманат. 
Осы  орайда  әсем  әуезді  «Біздің  жақта»,  «Тау  ішінде», 
«Көкшетау»,  «Сырсандық»  және  т.б.  елге  кеңінен  тарап, 
халқымыздың  сүйіп  тыңдайтын,  елжіреп  шырқайтын 
әндерді шығарған Сәкен Сейфуллиннің ерен еңбегін «Қазақ 
музыка  тарихына»  алтын  әріппен  жазса  артық  етпес  еді. 
Әншілік өнерінің тырнақалдысы  «Біздің жақта». Өлең әні 
1919 жылы майда Сарыадыр баурайында дүниеге келді.
Сәкен  Сейфуллин  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романының 
басында  «Әупілдек»  әні  және  соңында  «Ықылас  күйі» 
туралы  тарихи  толғанысты  ән  мен  күй  ақиқатын  жазып 
кеткен.  Сондай-ақ  мұнда  ел  арасындағы  Қилыбай  серінің 
17  ақынға  арнаған  өлеңінде  Сапалайдың  да  аты  аталады. 
Сапалай серілік-әншілік, ақындық (ол көп айтысқан ақын) 
өнерімен  қоса,  аумалы-төкпелі  заманда  саяси-әлеуметтік 
мәселелерге де араласқан. Осы жазғанынан-ақ музыка өнері 
мен  Сәкен  болмысының  бөле-жарып  қарауға  болмайтын 
тұтастығы анық көрінеді.
Сәкеннің әкесі Сейфолла күйші, анасы Жамал әнге әуес 


70
адамдар болған. Әкесі туралы Сәкен бір әңгімесінде былай 
деген  екен:  «Әкем  саятшы,  аң  аулағыш,  домбырашы,  ақ 
жарқын, жайдары адам, шешем әңгімені жақсы айтушы еді. 
Кешке  жақын  әкем  аң  аулап  келгенде  от  басында  отырып 
әңгімелесетін едік. Әңгімеде аңшылық жайын айтып, оның 
ақырын  домбыраның    зарлы  күйімен  бітіретін.  Әкем  мен 
шешемнің  үлгісі  бойынша  ел  аузындағы  әңгіме,  қызықты 
ертегілерге  мен  де  бой  ұрып,  қиялды  жүгіртуші  едім». 
(Е.Ысмайылов. Ақын және революция. 16-бет) 
Жастайынан  құлағына  сіңген  халық  композиторлары 
Сайдалы  Сары  Тоқа,  Тәттімбет  күйлері  мен  Ақан  сері, 
Біржан  сал,  Балуан  Шолақ,  Үкілі  Ыбырайдың  әндерін 
ақын  шығармаларында  барынша  ерекше  дәріптеген.  Қазақ 
музыкасының жаңа дәуірде нәрі мен сөлін жоғалтпай, қадір-
қасиетін  келер  ұрпақ  нақты  танып  білетіндей  етіп,  сал-
серілердің өзіндік қолтаңбасын поэзияға түсіріп кетті. Сәкен 
Сейфуллиннің музыкалық мұрасын зерделегенде жоғарыда 
аттары  аталған  халық  композиторлары  Біржан  сал,  Ақан 
сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайлардың өнерін өте жоғары 
бағалағанын байқаймыз:
 «Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайлар
Алмас ед Шаляпинді қапталына». 
«Сәкеннің өмірді танып білу, алғаш ақындыққа бой ұру 
жолындағы  негізгі  факторлар  –  өзі  өскен  ауылдағы  ақын, 
әншілер ортасы, яғни, халықтың теңіздей мол поэзиясы. Әке 
мен  шеше  айналасынан  басқа  Сәкенге  ерекше  әсер  еткен 
Құлмағанбет деген өлеңші, гармоншы, өнерпаз ақын болған. 
Өз ауылындағы Әзімхан деген – Сәкеннің ең жақын досының 
бірі,  кедейден  шыққан  сері,  әзілқой,  сауықшыл  жігіт, 
қиссаларды  жатқа  айтқан.  Сатай,  Сүйіндік  деген  жігіттер 
де – Сәкеннің ел аралап, аң аулап, саятшылық құрғандағы 
өнерпаз,  балуан,  сері  достары.  Тама  еліндегі  Сапалай, 
Мүсейіп  деген  ақын,  әншілер  де  Сәкеннің  жақын  достары 


71
болған. Онан басқа сол елге келіп-кетіп сөзі таралған Әшек, 
Бітімбай деген ақын-әншілер болған. Ал заводта, Ақмолада 
сөзін, әнін тыңдап үлгі алған Ыбырай, Ғазиз сияқты әнші- 
өлеңшілер аз болмаған» деп жазады Есмағамбет Ысмайылов.  
Сәкен  Сейфуллин  халық  тарихын,  халық  мұрасына 
деген  ықыласын  танытқан,  оны  көздің  қарашығындай 
сақтап жоғалтпауға, жинастыру ісіне белсенділік танытқан, 
соны  өзі  бас  боп  жүзеге  асырды.  Мәселен,  1934  жылғы 
«Қазақ  әдебиеті  туралы  хат»  деген  мақаласында  мынадай 
жолдар бар: «Музыканы алалық. Қазір бізде жақсы музыка 
мамандары бар ма? Бізде музыка мамандары жоқ. Ал қазақ 
музыкаға икемсіз ел ме? Музыканы сүймейтін ел ме? Қазақ 
музыканы  өте  жақсы  көретін  ел,  қобызбен  күй  сызғанда 
жылаған  адамның  жасын  тиып,  жыламайтын  адамдардың 
көңілін  босатып  жылатқан  ықыласты  жұрт  білмей  ме? 
Домбыра шертпейтін үй кемде-кем  болмай ма? Солардың 
ішінен  музыка  мамандарын  шығаруға  болатын  еді.  Оны 
істей алмады. Ал басқа республикаларда бірсыпыра музыка 
мамандары бар. Мысалы, Татарстандағы Сайдашев, Уәлиев, 
Мұзафаров  қазір  Кеңестер  Одағындағы  белгілі  музыка 
мамандарының  қатарына  кіріп  отыр»  деп  кәсіби,  сауатты 
музыкант (ұлт кадрларын) даярлау керектігін жазады. «Өте-
мөте  керек  болып  отырған  мағлұматтар...  Ақан  серінің... 
өлең күйлері, Жаяу Мұсаның өлеңдері, Шолақ-палуан, Мәди 
тәрізділердің  өлеңдері...  Бұлармен  қатар  ел  аузында  жатқа 
айтылып  жүрген  түрліше  өлең-жыр,  әңгімелер,  қазақтың 
әндерінің, күйлерінің әңгіме тарихтары, мәселен: Бозайғыр, 
Бозінген,  Балбырауын,  Ақжелең,  Саржайлау,  Қосбасар, 
Терісқақпай, Қорқыт күйі, Ықылас күйі, Балабақсының күйі, 
Дайрабай, Тоқа, Ғазиз әнші, т.б. Осылардың бәрі қазақтың 
тарихына,  мәдениет,  әдебиет  тарихына  керек  мағлұматтар 
болады». (С.Сейфуллин. Шығармалар. 4 том. А., 1962, 390 
бет). 


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау