Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет15/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

56
СТО  стратегиялары  «Ойшақыру»,    «Әдебиет  үйірмесі», 
«Кейіпкерге хат жазу». Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы. 
Ұйымдастыру:
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
2. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп отырады. 
/18 оқушы 9-9-дан отырады/.
Үй жұмысын тексеру.
«Деректер 
сөйлейді» 
тапсырмасы. 
(Слайдтағы  
сандар  арқылы  Шерхан  Мұртазаның  өмірбаяны  мен 
шығармашылығын айтып береді).
І саты. Қызығушылықты ояту.
Ойшақыру:
1. «Тұтқын» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 
2. «Тұтқын бала» деген кезде ойларыңа не келеді?           
Тапсырма.  Әр  оқушы    жеке,  жұппен,  топпен  жұмыс 
жүргізіп,  өз ойларын ортаға салып, ішінен ең сөзге жүйрік 
оқушыны ортаға шығарады.
Өз ойын ортаға салғанда мәнерлі көркем  сөйлеуі қажет. 
ІІ саты. Мағынаны ажырату.
Берілген  нөмірлер  арқылы  оқушыларға  рөл  бөлініп 
беріледі. Рөлдегі оқушылардың қызметі жайлы түсіндіріледі:
1. Баяндаушы (Шығарма мазмұнын қысқаша баяндайды).
2.  Сілтеме  табушы  (Шығарманың  ең  қызық  жерін 
табады. Оны неге қызық деп тапқанын түсіндіреді).
3. Ізденуші (Тақырып туралы ақпарат жинайды. Тұтқын  
және түрме өмірі туралы мәлімет).
4.  Із  қуушы  (Кейіпкер  ізін  қуалайды,  кейіпкердің  түр-
түсін, мінезін, әрекетін суреттейді, кейіпкер іс- әрекетіне өз 
бағасын береді).
5.  Сөзтапқыш  (Шығармадағы  көркемдегіш  құралдар 
мен  бейнелі  сөздерді,  тақырыпқа  қатысты  мақал-мәтел  не 
афоризмді табады).


57
6. Дәнекер (Шығарманы өмірмен байланыстырады).
7. Бейнелеуші-суретші (Оқиға желісімен сурет салады. 
Ең маңызды идеяны көрсете білу керек).
8. Сұрақ қоюшы (Шығарма негізінде сұрақтар қояды):
1. Автор әңгімені  неге «Тұтқын бала» деп атайды?
2. Оқу барысында қандай сезімде болдың?
3. Бала Тұрардың тағдыры арқылы автор бізге  қандай ой 
тастайды?
4. Шығармада қандай шиеленіскен жағдайлар бар?
5. Автор сені қалай қызықтырды?
6. Автор өмір туралы нені анықтайды?
7. Әңгіменің негізгі идеясы не?
8. Сендер әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?
9.  Шығармадағы  барлық  мәселелерді  қалай    шешер  
едіңдер?
10. Өзіңді қай кейіпкерге ұқсатар едің? Кейіпкерге ұқсас 
достарың бар ма?
11. Шығарма саған нені үйретті?
Мұғалімнің бағыт-бағдары:
1. Мәтінді еске түсіру;
2. Әркім өз рөлін орындайды, жеке жұмыс істейді;
3. Жұппен талқылау;
4. Ойды ортаға салу, жариялау.
ІІІ саты. Ойтолғаныс. 
1-топ. Кейіпкерге хат жазу. Хаттың мазмұнын баяндау.    
2-топ.  «Бала  Тұрардың  болашағы»    тақырыбында  өз  
қиялдарымен әңгімені  аяқтау.
Сабақты  қорыту.  Сабақ  барысы,  оқушылардың  іс- 
әрекеті жайлы мұғалімнің пікірі.
Бағалау.  Рөлдегі  оқушылардың  әрекеті  мен  еңбегін 
белсенділігіне қарай топтағы басшы  мұғаліммен салыстыра 
отырып бағалайды. 


58
Кері  байланыс  парағы  міндетті  түрде  сабақ  соңында 
ұйымдастырылады.
Үйге  тапсырма.  «Тұтқын  бала»  әңгімесіне  сюжеттік  
талдау 
Үй тапсырмасы түсіндіріледі.
                                                  Айнагүл ІЗТҰРҒАНОВА,
Ақтау қаласындағы
№28 орта мектептің 
мұғалімі.
МАҒЖАННЫҢ «СҮЙЕМІН»         
ӨЛЕҢІ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Маған Жұмабаевтың 
өмір  жолы  мен  шығармашылығын  айта  отырып  өлеңнің 
көркемдік  ерекшелігін  таныту;  дамытушылық  –  өлеңді 
 
Әңгіменің шешімі 
 
Әңгіменің шиеленісуі 
 
Әңгіменің байланысы 
 
Әңгіменің дамуы 
 
Әңгіменің қорытындысы 
 


59
теориялық  талдауға  машықтандыру,  шығармашылық 
жұмысқа  үйрету;  тәрбиелік  –  анасын,  елін,  халқын 
қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Туған жердің табиғаты».
Шығармашылық жұмыстарын тексеру, оқыту.
III. Жаңа сабақ.
Эпиграф.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.         Мағжан.
Мағжан Жұмабаев. 1893-1938ж.
1. Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының 
бірі әрі бірегейі. Ол – артына өшпес рухани мол мұра, өлмес 
мәңгілік ескерткіш қалдырған ұлы ақын.
2.  Туған  жері:  Солтүстік  Қазақстан  облысы,  Булаев 
ауданы. 
3.  Ата-анасы:  беделді,  дәулетті,  Жұмабай  қажы,  әкесі 
Бекен.
4.  Білімі:  4  жасында  ауыл  молдасы,  “Ғалия  медресесі”, 
Омбы мұғалімдер семинариясы.
5. Ұстаздары: Ғалымжан Ибрагимов, Міржақып Дулатов.
6.  Ақындығы:  “Мен  жастарға  сенемін”,  “Сағындым”, 
“Қорқыт”, “Батыр Баян”, “Толқын”, «Шолпы», т.б.
7. Мағжан туралы айтылғандар: “Мен Мағжанды сүйемін! 
Оның еуропалығын, әшекейін сүйемін...”  Мұхтар Әуезов.
Мағжан Жұмабаев туралы тың дерек: «Мағжан рухы 
кезген – Магадан».
Ғаламторды пайдалану.       
«Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Өлеңді сатылай талдау (Оқушылар тауып жазады).
1. Тақырыбы: ______  2. Жанр түрі: _______  3. Идеясы: 
_______    4.  Шумақ:  _______  5.  Тармақ:  _____  6.  Бунақ: 


60
_______ 7. Буын: ______ 8. Ұйқас: ______ 9. Әдеби теория-
лық ұғымдар: _______ 
Сөздік жұмыс.
Тасбиық  –  адамдардың  сыйынуы  үшін  қолданылатын 
моншақ  тізбектер.  Алаш  –  ежелгі  қазақ  тайпаларының  ең 
алғаш қауым болып біріккен одағы. Кебін – өмірден өткен 
адамды орайтын ақ матадан тігілген киім. 
Өлеңнің  тәрбиелік  мәні:  әр  адам  өзінің  туған  жерін, 
анасын,  Отанын  сүйе  білуге,  оны  аялап  қадіріне  жетуге 
тырысады. 
IV. Шығармашылық жұмыс.
«Мағжан және мен сүйетін туған жер»
                           Хат                Өлең              Ойтолғау
Тірек сөздер: туған жер, Отан ана, Тәуелсіз елімізге 21 
жыл, Қазақстан, Елбасы, Егеменді елдің ұланымын.
V. Салыстыру.
Мағжан. «Сүйемін»         Мұқағали. «Үш бақытым»
Қарт ана                              Халқы
Адал жары                          Отаны
Халқы                                  Тілі
Туған жері
VI. Қорытындылау.
Жырымменен жанын жұбатам, 
Жырымменен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін...
Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім!
Міне,  Мағжанның  барлық  өмірі  –  поэзиясында. 
Өлеңдері  романтикалық  асқақ  сезіммен  өрілген.  Ешкімге 
ұқсамайтын қолтаңбасы бар Мағжан аталарыңның осы өлеңі 
арқылы  сендердің  де  отансүйгіш,  елжанды,  адал  азамат 
болатындарыңа сенеміз!
VII.  Үй  тапсырмасы.  Өлеңді  жаттап  келу.  Шығарма 
жазып келу. 
 
 
 


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау