Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет23/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34

88
ақыл-парасатты  азаматтар  еленбей,  ұрлық-зорлық  пен 
параны кәсіп еткен ел жуандары сайланатын.
«Болыс болған сөйлесер үй табына,
Түйедей ақша тығар бұйдасына.
Есегіңді ел болып ат сайласаң
Көзің  жетер  тұлпардың  сыйлысына»  [4.  35],  –  деп 
теңеу,  баламалар  арқылы  ызалы  кекпен  уытты  етіп 
суреттеп, олардың сатиралық кейпін әйгілеген. 
«Бейбақтардың басына бақ қонып жүр,
Арам жеңіп, адамды жоқ қылып жүр.
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып қара істі ақ қылып жүр» [4. 35], – деп ел 
басындағылардың ақ істі – қара, қара істі ақ етіп, параға 
батып жүргенін ашық сынаған.
Ақын өз тұсында билік құрған Батырбек пен Қанайдың 
елге  салған  әлегіне,  болыстыққа  таласып,  дау-дамайды 
көбейтіп,  өз  еліне  жасаған  қиянатына  қапа  болып, 
наразылығын білдіре әшкерелеген.
«Қоңыраттан шыққан Қанайсың,
Жақсыны көрсең жанайсың.
Жаманды көрсең иттен бетер
Желкесінен  басып  талайсың!»  [2.  572],  –  деп  тура 
мінездеу арқылы Қанайдың сатиралық бейнесін жасаған. 
Үстем  тап  өкілдерін  жақсыға,  кедей  шаруаны  жаманға 
балай отырып, «жанайсың», «талайсың» сөздері арқылы 
мінін бетіне басқан.
Ақынның  би-болыс,  төре,  датқаларға  арнаған  сын-
сықақ өлеңдері сатиралық өткірлігі мен айтар уытты ойын 
бетің бар, жүзің бар демей ашық әшкерелеуімен ерекше.
«Иманберді датқаға» атты арнау өлеңінде ел қасіретін 
молайтып, өз пайдасы үшін жағымсыздыққа бой алдырған 
екіжүзді датқаның ұнамсыз кейіптегі бейнесін: 


89
«Сені мен балаушы едім арыстанға,
Жығар деп алысқанды шалысқанда.
Жақындатпай тістейсің жанасқанды,
Өзіңді теңеуші едім данышпанға.
Жүруші ем күміс пе деп, пұл екенсің,
Сорына жұрттың туған ұл екенсің.
Қарныңды параменен қампайтып ап,
Секілді қасап өгіз қу екенсің» [2. 575], – деп келемеж 
ете сықақтаған.
Майлықожа  ақынның  «Райымқұлға»  деп  аталатын 
ғибратты ұзақ толғауында болыс болу үшін әуре-сарсаңға 
түсіп, өз бауыры Ақмолданы өлтірмек болған, ашкөздіктен 
зұлымдық  пиғылға  барған  мансапқұмар,  дәрежеқұмар 
қасиетін айыптап сынаған.
«Азғырып сайтандай-ақ бірін-бірі,
Кетіп тұр сол себептен елдің түрі.
Замана тасқын судай ылайланды,
Бұзбаса түзулікті, келе ойланды» [2. 530], – деп заман 
сықпытының жанды шошытарлық қалпын әйгілеп, заман 
қасіретін лайланған суға теңеп, олардың көбейіп кеткенін 
айтқан.
«Сайлаудың сақтан, жұртым, жанжалынан,
Көп  жігіт  арандап  жүр  аңғалынан»  [2.  530],  –  деп 
билікке  таласқан  жетесіздерді  сайлайтын  әділетсіз 
сайлаудың кесапатын әшкерелеп, ескерту жасай шенеген.
«Жалтармас бүркіт соқса түлкі болмас,
Дұшпанға бірлік қылған күлкі болмас» [2. 531], – деп 
әлеуметтік  қайшылықтарды  бүркіт  пен  түлкі  әрекеті 
арқылы суреттеп, бірліктің өмірдегі орынын айшықтаған.
«Бір дұшпан екеуіңді жанып жүр ме,
Жел сөре арадағы, нанып жүрме.


90
Болатты болатқа сап, қан ойран қып,
Араңнан  жем  айырып  алып  жүр  ме?»  [5.  531],  – 
деп  ел  ішіндегі  бірді-бірге  айдап  салар  алаяқ,  құлқын- 
құмарлардың  шабыстырып  пайда  табар  арамзалығын 
түйрей  өтіп,  жел  сөзге  ілесіп,  қан  ойрандыққа  бармақ 
болған Райымқұлдың ашкөз пиғылын, оспадар, көркеуде 
мінезін,  зұлымдық  істеп  жүрген  ақымақтығын  суреттеу 
арқылы би-болыстардың бәріне ортақ шындықты сынай 
өрнектеген.
Майлықожаның 
заман 
шындығын 
әшкерелеп  
әйгілейтін  өлеңдері    мен  сатиралық  портреттік 
суреттемелері,  сатиралық  шумақ,  сатиралық  миниатюра 
түрінде  келетін  сын-сықақ  өлеңдері  –  елдікке  қарсы,  ел 
тыныштығын  бұзар  қаскөй  озбыр  топқа  (отаршылдық 
жүйе  мен  соларға  қызмет  етіп,  ел  үстінен  күн  көретін 
алаяқ қулар), ел басына түскен ауыртпалыққа, ел ішіндегі 
келеңсіз іс-амалдарға күйінуден туған туындылар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Н.Келімбетов.  «Өлшеніп  берген  өмір  бар...»  Қазақ 
әдебиеті, №45, 2005.
2. 
Майлықожа. 
Шығармалар. 
Құрастырған: 
Ә.Оспанұлы. А., 2005.
3.  Ә.Оспанұлы.  Майлықожа  шығармашылығындағы 
ақтаңдақтар. Алматы ақшамы, 10.V.1991.
4.  Бес  ғасыр  жырлайды.  А.,  «Жазушы».  1989,  2-том,              
496-б.
5.  Қазақ  әдебиетінің  қысқаша  тарихы  (оқу  құралы).          
А., «Қазақ университеті». 2001, 467-б.


91
Сыныптан тыс сабақ
Сайран БӘКЕНҰЛЫ,
Қарағанды облысының
Қарқаралы  ауданының
«Көктас» ауылындағы
№4 орта мектептің
мұғалімі.
БІЛІМДІЛЕР БӘСЕКЕСІ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушыларды  қазақ 
тілі  пәніне  қызықтыра  отырып,  ойын  арқылы  ой-өрісін, 
дүниетанымын,  білім-білік  дағдыларын  қалыптастыру; 
дамытушылық – оқушыларды өз пікірін дәлелдей білуге, 
айғақтарға сүйене отырып тұжырым жасай білу дағдысына 
үйрету,  сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік 
–  заман  талабына  сай  икемделу,  мақал-мәтел  арқылы 
оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру.
Түрі:  аукцион  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  топтастыру, 
іздену,  талдау.  Көрнекіліктер:  жетондар,  бағалау  парағы, 
слайдтар.  Техникалық  құралдар:  компьютер,  проектор, 
интерактивті тақта. Пәнаралық байланыстар: математика, 
әдебиет, ән-күй.
Сабақтың барысы.
– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты  балалар! 
Біздің    мектебіміздің    қабырғасында    өткелі  отырған 
зияткерлік аукционға  қош келдіңіздер!
Аукционымызды бастамас  бұрын барлығымыз танысып 
алайық. 
Бірінші  кезеңді  бүгінгі  аукционның  құрметіне    «Білім  
аукционы» деп атаймыз. 
Сөз кезегін бүгінгі аукционның жүргізушілеріне береміз. 


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау