Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Қорытынды. Зертханалық жұмыс №17



жүктеу 3,8 Mb.
бет21/21
Дата17.11.2017
өлшемі3,8 Mb.
#1144
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №17
Тақырыбы: Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: суда өсіп тұрған немесе күні бұрын формалинге салынған хламидомонада, хлорококк , хлорелла, улотрикс, спирогира немесе кладофора балдырлары. Осы балдырдың нақнұсқасы. Тұрақты микропрепараттары. Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, зат әйнегі, жабын әйнегі.
Жұмыс барысы.

1.Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың судағы, топырақтағы көрінісін қарау.

2. Біржасушалы балдырлардан микропрепарат дайындап, микроскоппен қарау.

3. Жасуша пішініне назар аудару. Хроматофораның пішінін және түсін анықтау.

4. Көпжасушалы балдырлардан микропрепараттар дайындау.

5. Микропрепаратты микроскоппен қарау. Талломдарының бір қатар жасушалардан тұратындығына және жасуша құрылысына көңіл аудару.

6. Балдырлардың суретін салу. Оқулықтағы суретпен салыстыру.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №18
Тақырыбы: Мүктердің сыртқы құрылысы. Көкек мүгінің (жасыл мүк) құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, мүктердің кеппеөсімдіктері, инелер.
Жұмыс барысы.

1.Берілген кеппеөсімдіктен көкек мүгін табыңдар.

2. Көкек мүгінің сабағын және жапырағын қараңдар. Онда тамыр болатын – болмайтынын зерттеңдер.

3. Мүк жапырағының пішінін, мөлшерін, сабаққа қалай орналасқанын байқаңдар. Жапырақ түсінің қандай екенін анықтап, жапырақты микроскоппен қараңдар. Суретін салып, түсін бояңдар.

4. Сабақтың төменгі ұшынан қоңырқай өскінді анықтап, оның қалай аталатынын еске түсіріңдер. Ризоидтың тамырдан қандай ерекшелігі болатынын дәптерге жазып алыңдар.

5. Мүктің жоғарғы ұшынан қауашақты тауып, оны сапты инемен сабақтан бөліп алыңдар. Қауашақтың қалпақшасын ашып, қауашақта не бар екенін анықтаңдар.

6. Даяр препарат бар болса, ұлғайтқыш әйнекпен көкек мүгінің спорангийін қараңдар. Препараттан мүк қауашағы мен қақпағының бойлай кескен кесіндісін айқын көре аласыңдар. Спораның қандай қызмет атқаратынын еске түсіріңдер.

7. Жергілікті жерде көкек мүгінің өсетін-өспейтінін сұрастырып біліңдер. Мүмкін мүктердің өзге түрі өсетін шығар. Онда олардың атауын жазып, суретін дәптерге салып алыңдар.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №19
Тақырыбы: Қырықжапырақтәрізділердің сыртқы құрылысы. Усасыр қырықжапырағының құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, микропрепарат, кеппеөсімдіктер.
Жұмыс барысы.

1.Кеппеөсімдіктен усасыр қырықжапырағын табыңдар. Усасыр қырықжапырағының жерүсті және жерасты бөліктерін анықтаңдар. Усасыр қырықжапырағы неліктен өсімдіктерге жататынын түсіндіріңдер.

2. Усасыр қырықжапырағының жапырағын төңкеріп, астындағы споралы қоңыр төмпешіктерді табыңдар. Оны ұлғайтқыш әйнекпен қараңдар. Спораның маңызын еске түсіріңдер.

3. Микропрепаратты микроскоппен 120 есе ұлғайтып қараңдар.

4. Бақылағандарының суретін салып, астына атауларын жазыңдар.

5. Өздерің тұратын жерде қырықжапырақтың бар-жоғын анықтап, қысқаша хабарлама әзірлеңдер.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №20
Тақырыбы: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық бүрлері мен қарағай бұтағы.
Жұмыс барысы:

1.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне, мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.

2. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.

3. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен танысыңдар.

4. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

5. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.


Қорытынды:

Зертханалық жұмыс №21
Тақырыбы: Қылқанжапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық бүрлері мен қарағай бұтағы.
Жұмыс барысы:

1. Қарағайдың аналық бүрі қалай құрылған? Қарағайдың аталық бүрінің құрылысы қандай? Тозаңдану қалай жүзеге асады?

2.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне, мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.

3. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.

4. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен танысыңдар.

5. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

6. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.
Қорытынды:

Зертханалық жұмыс №22


Тақырыбы: Крестгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар:


Жұмыс барысы.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №23
Тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.

1.Мұғалім алдын ала әзірлеген кеппеөсімдіктер орамжапырақгүлділер, раушангүлділер және бұршақ тұқымдас өсімдіктерді жеке бөліп алыңдар.

2. берілген өсімдіктердің сабағын, жапырағын, тамырын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін анықтаңдар.

3. Гүлдері сақталған болса, гүл құрылысын анықтап, бұршақ тұқымдастар гүлінің гүл бөліктерін атаңдар.

4. Әрбір тұқымдастан бір өкілінің суретін дәптерге салыңдар. Қалай аталатынын астына жазыңдар.

5. Берілген өсімдік жапырағын анықтап, өсімдіктердің қай тұқымдасына тиесі екенін зерделеңдер.


Қорытынды.__Зертханалық_жұмыс_№24_Тақырыбы'>Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №24
Тақырыбы: Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.

1.Алқа тұқымдастарға ортақ белгілерді атаңдар. Бұл топқа қай өсімдіктер жатады? Баклажан қандай өсімдік?

2. Баклажанның гүл құрылысы қандай? Баклажанның жемісі қалай аталады?

3. Бақшадан алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерді бақылаңдар. Көшеттеріне назар аударыңдар. Гүлін, жапырақ, сабақтарын қарап, ерекшеліктеріне көңіл бөліңдер.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №25
Тақырыбы: Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.

1.Мұғалім алдын ала әзірлеген кеппеөсімдіктер орамжапырақгүлділер, раушангүлділер және бұршақ тұқымдас өсімдіктерді жеке бөліп алыңдар.

2. берілген өсімдіктердің сабағын, жапырағын, тамырын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін анықтаңдар.

3. Гүлдері сақталған болса, гүл құрылысын анықтап, бұршақ тұқымдастар гүлінің гүл бөліктерін атаңдар.

4. Әрбір тұқымдастан бір өкілінің суретін дәптерге салыңдар. Қалай аталатынын астына жазыңдар.

5. Берілген өсімдік жапырағын анықтап, өсімдіктердің қай тұқымдасына тиесі екенін зерделеңдер.


Қорытынды.__Зертханалық_жұмыс_№28_Тақырыбы'>Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №26
Тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер.
Жұмыс барысы.

1.Тұқымдас неліктен күрделігүлділер деп аталған? Олардың сан алуандығына қандай мысалдар келтіруге болады?

2. Күрделігүлді тұқымдастарға жататын қандай ортақ белгілерді білесіңдер?

3. Мақсыр қандай өсімдік? Оның маңызы туралы не білесіңдер?


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №27
Тақырыбы: Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер.
Жұмыс барысы.

1.Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар? Олардың гүл құрылысы қандай?

2. Лалагүл тұқымдастарының сан алуандығын немен дәлелдеуге болады? Мысал келтіріңдер.

3. Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің құрылысы қандай?

4. Лапыздың (безвременник) ауыл шаруашылығындағы маңызын баяндаңдар.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №28
Тақырыбы: Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кеппешөптер
Жұмыс барысы.

1.Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады?

2. Бұлардың тұқымдары қалай таралады?

3. Пияз тұқымдастардың маңызын қандай? Басты пияздың пияз тұқымдастарға жатқызудың қандай себебі бар?

4. Пияз бен сарымсақ пиязшықтарын салыстырып, оларды көбейту жолдарын баяндаңдар.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №29
Тақырыбы: Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы. Жайылымда және шабындықтарда өсетін өсімдіктердің түрлерін анықтау.
Мақсаты.

Құрал-жабдықтар: мектепте бар кеппеөсімдіктер, астық тұқымдас өсімдіктердің суретті кестесі, ұлғайтқыш әйнек, сурет дәптерлері.
Жұмыс барысы.

1.Жайылымда өсетін өсімдіктердің өздері білетін түрлерінің атауларын тақтаға жазу.

2. Жергілікті жерде аталған өсімдіктердің қайсысы өсетінін анықтау.

3. Жайылымнан жинақталған өсімдіктерді ретке келтіріп, топтастыру.

4. Шабындықта өсетін өсімдіктердің атауларын тақтаға жазу.

5. Жергілікті жердегі шалғындықтан жинақталған өсімдіктерді анықтау. Олардың атауы белгілі бір өкілінің толық суретін салу. Жеке мүшелерін анықтап, атауларын белгілеп жазу.


Қорытынды.__Зертханалық_жұмыс_№32_Тақырыбы'>Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №30
Тақырыбы: Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы көрінісін қарау.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтары: 1) құты, пішен, мақтадан жасалған тығын; 2) микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.
Жұмыс барысы.

1.Пішен таяқшасын көру үшін, заттық шыныға бір тамшы су тамызыңдар да, оған тұнбаның бетіндегі бактериядан түзілген кілегей қабықтан иненің ұшымен алып салыңдар. Бактериясы бар тамшыны иненің ұшымен араластырып, бетін жабын әйнегімен жабыңдар. Микроскоппен қарағанда түссіз таяқшаларды көруге болады. Олар пішен таяқшасының бактериялары. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №31
Тақырыбы: Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын қарау.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: бір апта бұрын беті жабылып қалдырылған айран және тұздалған қияр, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.

Жұмыс барысы.

1.Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы тушьқа араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тізілген моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.

2. Тұздалған қияр суының бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы суға араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тармақталуға бейім таяқшалар көрінеді. Бұлар кейінірек шар тәрізді жасушаларға ажырап кетеді. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №32
Тақырыбы: Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: түтікшелі және қалпақшалы саңырауқұлақтар.
Жұмыс барысы.

1. Көпжасушалы саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері неде?

2. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалай көбейеді?

3. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың қандай топтары бар? Ол неге негізделген?

4. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысының суретін салу.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №33
Тақырыбы: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: қант, нан, ашытқы, алма, сәбіз, картоп (пісірліген), стакан т.б. ыдыстар, сурет дәптері.
Жұмыс барысы.

1. Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағының әсерін байқап көріңдер. Ол үшін екі ыдыс алып (банка, құты), екеуіне бірдей жылы су, оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар. Біреуіне аздап қант салыңдар. Екіншісін сол күйінде қалдырыңдар.Сөйтіп екеуінің де бетін жауып, жылы жерге қойыңдар. Екі сағат өткен соң, ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Оның себебі, ашудың нәтижесінде көмірқышқыл газзы бөлінеді. Бетін ашып, оған жанған шырпыны жақындатсақ, ол сөніп қалады. Екінші ыдыста қант болмағандықтан, ашу жүрмейді. Бетін ашып, жанған шырпыны жақындатсақ, ол жана береді.

2. Ақ және жасыл зең саңырауқұлақтарын өсіріп көріңдер. Ол үшін сабақ басталардан бір жеті бұрын бір үзім нан, алма, сәбіз немесе пісірілген картопты алып, дымқылдап, бетіне басқа бір шыны ыдысты (стакан, банка, Петри табақшасы) төңкеріп жауып, жылы жерге қояды. Бір жетіден соң ластанған мақта тәрізді жіптер басса – мукор, көк-жасыл шоғыры өссе – пеницилл, қара-қоңыр болса, аспергилдердің шоғыры екенін көресіңдер. Мукордың жіпшумағы ұзын, пеницилл мен аспергилдің жіпшумақтары тықырлау (қысқа) болады. Мукор саңырауқұлағының суретін салу.
Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №34
Тақырыбы: Ағаш қабығының саңырауқұлағы жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: кептірілген және ылғал препараттар.
Жұмыс барысы.

1.Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?

2. Тат саңырауқұлағы деп неге атайды?

3. Қаракүйе саңырауқұлағы туралы не айтуға болады? Қаракүйе астық дақылдарының қай түрлерін зақымдайды?

4. Діңқұлақ саңырауқұлағы деп неге аталған? Оның қандай зияны бар?

5. Паразит саңырауқұлақтармен күресу шараларын қалай жүзеге асырады?


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №35
Тақырыбы: Қыналардың екі-үш өкілдерінің талломының құрылысын зерттеу.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: қыналар, микроскоп
Жұмыс барысы.

1.Қыналар қайда өседі? Қыналардың құрылысы қандай? Суретін салу.

2. Қыналардың сыртқы пішіндері қандай болады?

3. Табиғаттан қыналарды жинап, сыртқы пішіндеріне қарап, топтарға бөліңдер.



4. Қынаның бір бөлшегін алып, ылғал мақтаның үстіне қойыңдар да, шыны ыдыспен жабыңдар. Оның қалай өсетінін бақылаңдар Қынаны шыны ыдыстағы суға салып, бірнеше күн өткен соң қараңдар. Сонда саңырауқұлақ жіпшелері шіріп, балдырларының шыны ыдыс қабырғасында өсе бастағанын көресіңдер. Қынаның микропрепаратын дайындау. Оларды микроскоппен қарау. Қына жасушасына назар аудару. Қынаның суретін салу.
Қорытынды.
жүктеу 3,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау