Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу.
Мақсаты: үйдің тауықтың жұмыртқасын қарап,зерттеу
Құрал-жабдықтар: құстың шикі және піскен жұмыртқасы, құс жұмыртқасының ірілеу салынған сызбанұсқасы, сапты ине, жайпақ табақша, ұлғайтқыш қол әйнегі.
Жұмыс барысы.
1.Алдымен жұмыртқаны жармай, бітеу күйінде пішініне, сыртқы қатты әкқабығына, қабықтағы өте ұсақ ойыс шұрықтарға көңіл аудару. Ойыс шұрықтардың жұмыртқаның қай ұшында (үшкір немесе доғал) жиірек болатынын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап анықтау, себебін түсіндіру.
2. Піскен жұмыртқадан неше қабаттан тұратынын суретке анықтап, олардың атқаратын қызметін түсіндіру.
3. Ауа қуысы жұмыртқаның қай ұшында (үшкір немесе доғал) екенін белгілеу.
4. Жұмыртқаны ептеп жайпақ ыдысқа жарып, қанша бөлімнен тұратынын суретпен салыстыра отырып анықтау.
5. Әр бөлімнің орналасуын, түсін, пішінін мұқият қарау, олардың атқаратын қызметін түсіндіріп беру.
6. Жұмыртқадан ұрық табақшасы сарыуыздың қай жағында орналасқандығын табу, оның себебін түсіндіру.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.
Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.
Мақсаты: сүтқоректілердің сыртқы құрылысын мен ішкі құрылысын анықтап,зерттеу
Құрал-жабдықтар: сүтқоректілердің суреттері, ылғалды препараттары, сызбанұсқалары, қаңқасы.
Жұмыс барысы.
1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы өздеріне тән белгілерді тауып, ерекшеліктерін талдау.
2. Сүтқоректілердің қаңқасын талдау. Оқулықтағы суретпен салыстыру.
3. Ылғал препараттан ішкі құрылысындағы мүшелердің орналасу тәртібімен танысу. Ылғал препарат болмаса, кестеден талдау.
Қорытынды.
Біліміңді тексер:
Сүтқоректілерде мойын омыртқаларының саны қанша;
Сүтқоректілерде құстармен салыстырғанда қандай мүшелер түзілген;
Сүтқоректілердің артқы аяғын құрайтын сүйектерін ата;
Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады;
Сүтқоректілердің бассүйегі қандай бөлімдерден тұрады;
Алдыңғы аяғының сүйектерін ата;
Сүтқоректілердің тістері қайда орналасқан;
Қабырғаларының саны қанша;
Сүтқоректілердің қарны неше бөлімнен тұрады, оларды ата.
Сүтқоректілерде тістің топтарын ата.
Достарыңызбен бөлісу: |