Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Қорытынды. Зертханалық жұмыс №7



жүктеу 3,2 Mb.
бет8/9
Дата29.01.2020
өлшемі3,2 Mb.
#27631
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын зерттеу. Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысын зерттеу.
Мақсаты: бақалардың құрылысын анықтау

Құрал-жабдықтар: бақаның суреті, ылғалды препараты, табиғи қаңқасы, бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасының сызбанұсқасы, балықтың сыртқы құрылыс мен қаңқасының сызбанұсқасы, ылғалды препараты.
Жұмыс барысы.

1.Бақаның суретінен, ылғалды препаратынан дене пішінін, бөлімдерін, балықпен салыстыра отырып талдау, айырмашылығын анықтау.



2. Бақаның дене бөлімдеріне, аяқтарының ерекшеліктеріне көңіл аудару. Сызбанұсқадағы суретімен салыстыру.

3. Бас бөліміндегі екі көзіне, жұп танау тесігіне, орналасу ерекшелігіне, ортаңғы құлақ қуысын жауып тұрған дабыл жарғағына, көздің айналасындағы қозғалмалы қабақтарына көңіл бөлу.

4. Алдыңғы және артқы аяқтарының құрылыс ерекшеліктеріне (бөлімдеріне, буын арқылы байланысына, артқы аяғының саусақтарының арасындағы терілі жүзу жарғағына) ерекше назар аудару.

5. Бақаның қаңқа бөлімдерін (бассүйегін, омыртқа жотасын, белдеулері мен аяқтарын) балықтың қаңқасымен салыстыру.

6. Бақаның омыртқа жотасынан – мойын , тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдерінің ерекшеліктерін балықтың қаңқасымен салыстыру, айырмашылығын анықтау.

7. Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасының құрлықта тіршілк етуіне сәйкес ерекшеліктерін табу және есте сақтау.

Біліміңді тексер: Қосмекенділердің сыртқы құрылысына тән белгілерді оқы. Олардың қандай ортаға сәйкес бейімделушіліктері екенін анықтап кестеге толтыр.

А. Терісі жұқа, тегіс, ылғалды, үнемі сұйықтық бөліп тұратын бездері бар.

Б. Артқы аяқтарының саусақтарының арасында терілі жүзбежарғақтары бар.

В. Денесі тегіс

Г. Көз бұршағы дөңес, жан жаққа қозғалады, жұқа терілі қабақтары болады.

Д. Үстіңгі жақ сүйектерінің алдында танау тесіктері бар.

Е. Екі алдыңғы және екі артқы аяқтары қозғалмалы буын арқылы байланысқан 3 бөліктен тұрады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда қысқа және саусақтары бар.

Ж. Көздерінде қасаң қабықшасы бар.

З. Басы тұлғамен қозғалмалы байланысқан (жоғары, төмен)

И. Басында ортаңғы құлақты жауып тұратын дабыл жарғағы бар.



Сулы ортаға бейімделу белгілері

Құрлыққа бейімделушілік белгілері








Қорытынды.__Зертханалық_жұмыс_№8_Тақырыбы'>Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Тірі кесірткені (улы емес жыланды және тасбақаны) бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру.
Мақсаты: жорғалаушылардың құрылысын бақылау

Құрал-жабдықтар: кесіртке, бақаның, кесірткенің қаңқалары, суреттер.
Жұмыс барысы.

1.Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?

2. Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы қандай?

3. Қазақстанда тасбақалардың қандай түрлері кездеседі?

4. Жорғалаушылардың тері жабының ерекшеліктерін атаңдар? Жорғалаушылар қандай отрядтарға бөлінеді?

5. Қазақстанда улы жыландардың қандай түрлері кездеседі?

6. Жорғалаушылардың қаңқа құрылысндағы ерекшеліктерді атаңдар.

7. Гаттерияның өзіне тән қандай белгілері бар? Жорғалаушылардың қосмекенділермен ұқсас және айырмашылық белгілерін сипаттаңдар.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасының құрылысы, құстардың ішкі құрылысы (даяр ылғалды препараттан).
Мақсаты: құстардың құрылысын мен жүйесін анықтау

Құрал-жабдықтар: құстардың суреттері, тұлыптары жеке қауырсындары, табиғи қаңқасы. Оқулықтағы суреттер, қаңқа сызбанұсқасы. Қауырсын құрылысының сызбанұсқасы. Балықтың, бақаның, кесірткенің қаңқалары, сызбанұсқалары.
Жұмыс барысы.

1.Құстардың дене бөлімдеріне, қауырсындарына қарап, өздеріне тән ерекшеліктерін табу. Үстіңгі, астыңғы тұмсықтарына, алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығына, сирақ, жіліншіктеріндегі мүйізді қабыршақтарға көңіл бөлу.




2. Жеке қауырсынды қарап, оның қаламын, сояуын, пәрін анықтау.

3. Жабын, бағыт беруші, мамық қауырсындарының орналасуына ерекше көңіл бөлу.

4. Құстар қаңқасының ерекшеліктеріне назар аударып, қаңқасынан ұшуға бейімділік белгілерін табу.

5. Ұшатын құстардың төс сүйегінен, оның қыртөсін (киль), күрделі сегізкөзді, жіліншікті табу.

6. Омыртқа жотасының бөлімдеріне, кеуде қуысындағы қабырғалардың құрылысына көңіл бөліп, ерекшеліктерін анықтау.

7. Құстардың бассүйегіндегі ми сауыты мен көз ұясының үлкендігіне назар аудару.

Құс қаңқасы бойынша кесте толтырудың үлгісі:






Қаңқаның бөлімдері

Құрылыс ерекшеліктері








жүктеу 3,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау