Мақсаты: Құрал-жабдықтар



жүктеу 3,2 Mb.
бет1/9
Дата29.01.2020
өлшемі3,2 Mb.
#27631
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Ашық су қоймасынан немесе аквариумнан алынған су тамшысындағы қарапайым организмдерді қарау.
Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: 1 литрлік немесе жарты литрлік шыны банка (аузы кең болса, құмыраны да алуға болады), кішіректеу 2-3 пияз (пияздың қабығы тым жылтыр, таза болмаса, кебісше көп пайда болады), кран суы (аса суық болмау керек, қайнаған суды алуға болмайды), арық, құдық суын да құюға болады, дәке.
Жұмыс барысы.

Кірпікшелі кебісшені өсіру тәсілі. 2-3 пиязшықты (кәдімгі пияз) жумай бітеудей ішіне су құйылған шыны ыдысқа (банкаға суға батып тұратындай етіп) салады. Су пияздан 2-3 елі асып тұруы тиіс. Ыдыстың аузын дәкемен байлап, жылы, жарық жерге қояды. 15 күн өткенде ыдыстағы су лайланып, бетінде ақ жарғақ перде (пленка) пайда болады. Кірпікшелі кебісше бактериялармен қоректенеді. Сонымен ақ перденің пайда болуы, судың лайлануы, өте жағымсыз иістің шығуы кебісшенің пайда болғанын білдіреді. Лайланған судан 1-2 тамшысын заттық шыныға тамызып, жабын шынымен жауып, микроскоптан қарауға болады.

1.Иістенген тоқтау судан алынған тамшыда кебісшенің бар-жоғын микроскоппен анықтап, микропрепарат дайындаңдар. Ол үшін заттық шыныға кебісшесі бар судан бір тамшы тамызып, су тамшысын мақта талшығын салыңдар да, жабын шынымен жабыңдар.

2. Микропрепаратты микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырып, кірпікшелі кебісшені табыңдар. Оның дене пішінін, денесінің алдыңғы доғал жағын және артқы сүйір жағын анықтап қараңдар.

3. Кірпікшенің мүше бөлігін, яғни қосындыларын- органеллаларын көру үшін арнаулы препарат дайындаңдар. Ол үшін қаламға арналған сияны 5-8 есе сұйылтып, кебісшелі тамшыға тамызыңдар. Сияның түйірлері жиырылғыш вакуольге толады да, оны көгілдір түске бояйды. Сөйтіп вакуоль анық көрінетін болады. Кебісше тіршілігін жойған кезде үлкен ядро да сияға боялады. Мұндай препараттан кебісше кірпікшелілерінің қимылы да анық байқалады.

4. Кірпікшелі кебісшенің тітіркенуіне де тәжірибе жасауға болады. Ол үшін заттық шыныға бір тамшы кебісшелі және бір тамшы таза су тамызып (тамшылрадың арасы біраз алшақтау болғаны жөн), кірпікшелілері бар тамшыға бір түйір тұз салу керек. Бұдан соң екі тамшының арасын жіңішке етіп қосып, жабын шынымен жабыңдар. Осы препаратты микроскоп арқылы қарасаңдар, кірпікшелілердің таза су тамшысына қарай өткенін байқайсыңдар. Бұл кірпікшелілердің химиялық заттың әсеріне қалай жауап беретініне мысал болады.

Егер мектепте микроскоп өте аз болса, сабақтан тыс уақытты пайдалануға болады. Мұндайда зертханалық жұмысты әрі оқушы жеке істей алады.

5. Кірпікшелі кебісшенің тітіркенгіштігіне қорытынды жасап, дене бөліктерінің тұсына атауларын жазыңдар. Ол үшін дәптерге кебісшенің суретін салыңдар.
Қорытынды.

2 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Шұбалшаңның мінез – құлығын: оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу. Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын қарап зерттеу.

Мақсаты:шұбалшаңның тіршілік әрекетін анықтау

Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2) осынша мөлшерде стакан немесе шыны ыдыстар; 3) қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4) шыны таяқшалар; 5) пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы. Құрттарды шыны ыдысқа салып, оқушылардың үстелдеріне тарату.
Жұмыс барысы.

1.Ылғалды және құнарлы топырақты үлескіден шұбалшаңның ірі дарақтарын тауып алу.

2. Шыны ыдыстағы шұбалшаңды қолмен сипап, анықтап қараңдар. Шұбалшаңның ұзындығын сызғышпен өлшеңдер. Денесінде неше буылтық бар екенін санаңдар. Шұбалшаңның денесі саусақпен сипағанда қалай әсер ететінін бпйқаңдар. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айтыңдар.

3. Шұбалшаңның аузы қалай орналасқанын, денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап, ажыратыдар.

4. Шұбалшаңның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатынын байқаңдар. Құрт денесіндегі қылтандарының қалай орналасқанын ұлғайтқыш әйнекпен анықтап қараңдар. Шұбалшаңның әр түрлі тақтайшаға (әйнек, ағаш, топырақ себілген) жіберіп, қалай қозғалатынын бақылаңдар.

5. Шұбалшаңның денесін шыны таяқшамен түртіңдер. Байқағандарыңды дәптерге жазыңдар. Пияз пиязшығын алдына тастағанда шұбалшаң қандай айла жасайтынын бақылаңдар. Шұбалшаңға қалта электр шамымен жарық түсіріп көріңдер. Оның шұбалшаңға қалай әсер еткенін дәптерге жазыңдар.

Шұбалшаңның тіршілік ортасына байланысты құрылысымен, қозғалысының ерекшеліктері жөнінде қорытынды жаса: _______________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Біліміңді тексер: Суретке қанайналым жүйесін – қызыл, асқорыту – жасыл, жүйке – сары, зәр шығару жүйесін – қоңыр түстерімен бояп көрсет.

3 Зертханалық жұмыс
жүктеу 3,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау