Мархабат шығармаларындағы табиғат суреті
Әңгіме жанрының әрленуі де, нұрлануы да жазушының кейіпкерді қоршаған орта мен табиғат суретін жасауына оны адам характерімен астастыра білуіне байланысты. Әңгіме кейіпкерлерінің өмір сүрген ортасына деген сүйіспеншілігі, кейіпкердің басынан өткен күйініш, сүйініш сәттерінің табиғат құбылыстарымен бірлікте берілуі, жазушы мен оқушы бір – бірінен етене жақындастыратын құбылыс. Әңгіменің біз айтып отырған ерекшеліктері шығарманың композициясындағы жеке сюжеттерге көркемдік жеке нәр береді. Әңгіменің мазмұны көріктене түседі, көлемі жинақылана түседі. Ондай әңгіменің тілі дәл, өткір және таза болады. Әңгімеге қойылатын біраз талаптарды әрлендіретін кейіпкер оны қоршаған орта және табиғат суретінің Мархабат Байғұтов әңгімелердің суреттелу, өрнектелу ерекшеліктеріне тоқталайық.
«Көрпесайдың кітапханасында» басты кейіпкер өзі туған ауылға келіп қайтады.
«Көрпесай ауылына, жыл сайын жазғы шілдеде барып қайтамын.
Міне, биыл да келгенмін. Шашыратқылы қияны аралдым. Жүгерінің шетінде, көк теректің түбінде біраз отырдым. Кітапханаға бардым. Баяғы қоржын үй. Ақ шифермен қайта жабылыпты. Маған мүлде бейтаныс, оқу бітіріп келген, шашын кеспеген сары қыз отыр.
Кеш түсті. Көп ұзамай түн қойнына кіріп кетті. Сұлу кеш. Ай туды. Айнала сүтке шомылды.
Ермен иісі аңқиды. Жалбыз арықтың жағасында алма жеп отырмын».
Көріп отырмыз тілі қандай жеңіл, «не деп кетті, не ұқтым?» - деп қайталап оқитын бірде – бір сөйлем жоқ. Марахабат жасаған кейіпкермен бір мезгілде мен де, туған ауылыма барғандай боламын.
Кейіпкер ауылының табиғаты біздің ауылдың табиғатымен бірдей ме, қалай? Әңгіме кейіпкерлермен мен араласып кеткендей боламын. Егер Мархабат табиғат суретін бұдан гөрі шұбалаңқы сөйлеммен әсерлеймін деп ащы ішектен шұбата берсе, онда біздің ауылдың табиғатына ұқсамай қаларма еді, кім біледі? Міне, таза табиғат, таза тіл, таза ой!
«Ақ орамалды қыз» әңгімесіндегі басты кейіпкер Қалбибі қыздың үйін суреттеген жерінде:
«Бір кездері оюлары анық, бояулары қанық болған текеметтер әбден ескірген екен, бірақ тап – таза, құрақ көрпешелер де сондай. Өзге көзге түсер ештеңе жоқ. Жасау – жабдық, дүние – мүлікке тым жүдеу үйдің тірлігі. Ал дастарханда қызыл – қоңыр бауырсақ үйме – төбе. Әр жерге сары май, варенье қойылыпты».
Қалбибі өмір сүріп жүрген орта (үй) көз алдыңа сурет болып тұра қалады. Тіл тазалығында, сөйлем құрылысында, алғашқы әңгімедегі табиғат суретін жасағандағыдай, басы артық ештеңе жоқ.
«Жанымайдың жотасы» әңгімесінде Қаратай мен Базарбек келе жатқан жолдың көктемге салымғы көрінісін де шебер суреттеген.
«Қия жолдың әр жері әр түрлі шұбарланып жатыр. Бір шеті, яғни күнгейлеу жағы тобарсып, кейбір тұста кеуіп, ағарып үлгеріпті. Ортасы әбден тапталған, нығыздалған мұзды қар, қарайып кеткен. Одан арғы жақтан жылға ағып, буы бұиқырап, суырынды сүрі қар ойылып, тесіліп, қабақтағы былтырдан қалған шөп жалбырап, қызық – қызық көрінеді».
Әңгіменің екі кейіпкері жүріп келе жатқан жол сурет салынғандай әсер қалдырады. Осы әңгімеде оқуға аттанған Базарбектің балалық шағы өткен ауылына деген сүйісінішін, ішкі эмоциялық құбылысын да тұжырымдады, дәл жеткізген. «Әне тып – тыныш жатыр. Ойпыр – ай, түк ойламайды – ау, ойында дым да жоқ. Осылай қара – а – а – ап, он күн отыруға бармын. Соғысқа, айтқан жерде бәле жоқ, майданға кетіп бара жатқан жоқпын, бәрібір қимаймын. Әр келген сайын осы. Не бәлесі бар, түсінбеймін.
Мархабат кейіпкер өмір сүрген орта мен табиғат көрінісін суреттесе шебер – ақ суреттейді. Бірақ осы шеберлікті әңгімелерінде сирек қолданады. Мүмкін, жазушы бұл детальдарға жиірек бой ұрса, оның жібінің босап кететін ұғынған болар.
«Аз сөз - алтын»- дегендей әр нәрсенің аз болып, оқушысына саз болып барғанына не жетсін. Мархабат ағайдан алда жазар шығармаларының композициясындағы сюжеттердің үйлесімділігін, нақтылығын жетілдіре түссе екен деп тілеймін.
ІІІ тарау.
Қорытынды
Қазақ даласы қашаннан да дарындарға кенде емес. Өзінің әсем табиғатына лайық ұлы перзенттерін дүниеге келтірді. Оңтүстік өңірінің киелі топырағынан да талай айтулы тұлғалар өтті. Олардың ерлік істері мен сара жолдары, кейінгі ұрпақ зердесіне ұялатуда қаламгер қауымның орны бөлек. Осы орайда Түлкібастан түлеп ұшқан жазушы М.Байғұттың да өзіндік қолтаңбасы бар. Қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына зер сала қарасаңыз, сан қырлы өмір мектебінен өткенін аңғарасыз.
Мектеп қабырғасында жүргенде – ақ өлеңнің «аруағы» қысып, ақындығы ауылға тараған, дейді. Қазақстан Республикасы жазушылар одағы және Журналистер Одағының мүшесі Мархабат Байғұттың алғашқы әңгіме, повестері аудан, облыс, республика баспасөз беттерінде 60 жылдардың орта шеңінен жариялана бастаған.
Журналистика саласында облысымыздың мәдени әлеуметтік тыныс -тіршілігін танытудағы сан қырлы танымдық мақалалары, көкейтесті очерк, сұхбаттары қаншама.
Туған тіліміздің тазалығы, оның мүмкін ахуалы, жер – су атауларының орынсыз бұрмалануы, ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік, ізгі қаисеттер де жазушыны толғандырмай қоймайды.
Мұның бәрін тізбелеудегі мақсатымыз қаламгердің тынымсыз еңбекқорлығын үлгі ету. Асылы, жазушы қауымының тауқыметі мол тынымсыз тіршілігі, өзгеден ерекшелігі де осында емес пе?!
М.Байғұт өз туындыларында адамның ішкі жан дүниесі иірімдерін өзіндік өрнектермен аша отырып, ақиқат пен әділдікті іздейді.
М.Байғұт шығармаларында ерекше орын алған тақырып - әйелдердің жан сұлулығы. Бұл - әлем суреткерлернің ғұмыр бойғы мәңгілік жыры. «Көрпесайдың кітапханасы» әңгімесіндегі пәк сезім иелеріне тәңірдей табынасың. «Интернаттың баласында» бес баладан жалғыз тірі қалған Ноқатбайға анасы «шіли жақсы оқи берме, қарағым, тіл – көз тиіп кетер» деп, қауіптенгеннен елжірей, мейірлене қарауы соншалық нанымды бейнеленген.
Кімді жазса да, нені айтса да жазушы өнердің өнегелік мәнін, мейірім – шапағатты, адамдық қасиетті арқау етіп ала білген. Жасты да, кәріні де толғандыра отырып, тәрбие, тағылымын беруді мақсат тұтады.
Бұл жерде қаламгер М.Байғұттың тіл қолданыстағы шеберлігі, тапқыр теңеу, шешендік сөздері еріксіз тәнті етеді. Ол өз алдына сөз етерлік дүние.
Тіл, ұлтаралық қарым – қатынастар жөніндегі мемелекеттік саясатта қызмет етіп жүрген қаламгерлердің қолы қалт етсе, осы төңіректегі күрмеуі қиын күрделі мәселелерді өз туындысына арқау етуі – заңды құбылыс.
М.Байғұт – жас әдебиетшілерді, журналистерді тәрбиелеуге, қаламгер мен оқырмен арасын жақындастыра түсуге көп қажырлық көрсеткен жанашыр. Ол кісі педагог – ұстаз ретінде М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика инситиутында әдебиет теориясынан және «Қазіргі қазақ әңгімесі», «Дәстүр мен танымдық проблемалары» деген тақырыптарда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Абайтану курстарынан дәріс берген. Шәкірттері бұл күнде республикамыздың шартарабында еңбек етіп жүр.
«Интернаттың баласы» - оның үшінші кітабы. Жазушы шеберлігінің жаңа белеске көтерілуімен бірге, алдағы уақытта тағы да бір өзгерістің, соны жаңалықтың боларын сездіретін кезеңі секілді. Өйткені, бұл кезде оның жазушылық тәжірбиесі жинақталып, қалам қарымы нығайып, шығармашылық шеберлігі арта түскен – ді.
Үлкен өмірдің айдынындағы жеке адамның тағдырын; ешкімге зияны жоқ, арманшыл жанның көрген қиынатын зәбір – жапасын, бүлінген өмірін бүге – шігесіне дейін көрсете білу («Интернаттың баласы» повесінде) салмақты да ойлы прозаның объектісі, таланты прозаитің тыңғылықты еңбегі екені ә дегеннен – ақ анық көрінеді. Өз басым алғашқыда осы поветің түйінін – эпилогын жан -жүрегіммен сезініп, толық сеніммен қабылдай алдым.
Мархабат Байғұттың балалар мен жасөспірімдерге арналған туындыларын оқи отырып, жерлес жазушымыздың әдебиеттің осы өңіріне да хас шеберлікпен еңбектеніп, классикалық деңгейге көтерілген А.Гайдар, Ш.Айтыматов, В.Астофеев, А.Адамович, Ю.Бондарев, В.Быков, А.Рыбаков, В.Тендеряков, Ю.Трофимов сынды алыптардың бұлағынан сусындап. Анатолий Алексин, Нодар Думбадзе, Бердібек Соқпақбаев, Тахир Мәлік тәріздес замандас қаламгерлер легіне еркін еніп етене араласқанын мақтан етесің, әлі де терең де мол туындылардан дәмегейлі боласың.
Мархабаттың тілі нәрлі де уытты. Уақиға желісіндегі баяндаудың өзі оқырманды жеп – жеңіл жетелеп келіп, автордың айтқысы келетін ойы бірте – бірте кейіпкердің ішкі монологына дейін өрбіп, одан әрі ақ өлең деңгейінен бірақ шығады.
Мархабаттың көркем туындылары кейіпкерлердің ішкі психологиялық иірімдерін өзіндік нақышпен иемденуі, юмор мен диалогқа кең өріс беру тәсілімен автор өзінің айтар мүдделі тұжырымын оқырмандарға кейіпкерлердің ішкі монологы арқылы жеткізуі сәттілігімен, табиғи болмыс – бітімімен ерекшеленеді.
Мархабат кәдімгідей айтыса білетін өнер иесі. Оған ол кісінің «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында жүріп, кішігірім той – томалақтарда, түстік кезінде айтыскер ақын, журналист Қалмахан Анарбеков секілді кісілермен айтысқаны куә. Қазірге дейін сол айтыстарды көпшілік тамылжыта әңгімелеп отырады.
Жазушының талантынан туған «Жемелек» әңгімесінің орындалу ерекшелігінен бірталай жаңалықты аңғартуға болады. Әңгімелеудің қазақы жолын тапқан – бұл шағын шығарманың жүлдесі анық байқалады. Мұндағы нәзік юмор оқиғаға соншалықты жымдасып, нысандар арқылы ары қарай дамитын жағдайаттың әлеуметтік астарында ата – ана мен балалардың өзара қарым – қатынасы шынайылығымен баурайды. Байғұтты осы «Жемелек» әңгімесіндегі кейіпкерлердің қылықтарын есіңе түсірсең, әжептәуір жадырай бастайсың.
Шығармашылық ізденсінің жұлдызды сәтіне сәйкес туындаған бұл дүниенің көркемдік олжасы әлі талай зердеге салынып, безбенге түсер. Әйтсе де, Байғұттан дәл «Жемелек» сынды төрт құбыласы түгел, тұтас шығармашылық бірегей дәрежеге көтерілген әңгімелерді көптеп күтетінің де рас.
Қорыта келгенде, қазіргі қазақ әдебиетінде өз прозаларымен орын алған таланттар аз емес. Осындай орынды иемденетін таланттың бірі М.Байғұт екенін айтуымыз керек. Қаламгер әңгіме жағынан қысқа жазудың шебері дейміз. Себебі, екі бетке жүк болатын нәрсені, екі ауыз сөзбен жеткізетін дарынды талант иесі. Жазушының қай шығармасын алып оқысаңызда ішінен қосымша ат қою бар, бұл да бір оның өзіндік өрнегі болса керек. Кейіпкерлердің мінез – құлқына кіру, оның бойындағы жақсы қасиет пен жаман қасиетті даралап айту жазушының шеберлігі. Ондағы түрлі көркемдеуіш бейнелер, теңеу сияқты тәсілдер айқындалып отырады.
Қазіргі қазақ әдебиетінің ауыр жүгін шама шарқынша нықта қайыспай, дара талантымен құмбыл да келісті көтеріліп жүрген қуатты бір буынын, «сөз жоқ, пайғамбар жасы 60 – дейді ғой», сол жасқа абыроймен көтерілгені айдан – анық.
Міне, осынау Шоғырдың қадау бір өкілі – емен ұстыны, сыпа бір сындарлы суреткері М.Байғұт екендігіне еш дау жоқ. Өйткені, ол – талант ретінде де, азамат ретінде де кішіпейілдік пен кісіліктен тұратын сирек болмысын қалам ұстаған қырық жылдай беделіне шын ұстап, шын сақтап, арлы қаламның – кіршіксіз қаламының шын құдіретін көрсетумен келе жатқан көрнекті суреткер.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан// - Астана: 2006 - 1 наурыз.
2. М.Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Қазақ СССР министрлігінің коллегиясы бекіткен, 1974. – 190 б.
3. М.Байғұт Шығарма. – Жұлдыз: Жазушы, 1999. – 41 б.
4. Н.Бегалиев Махаббат мақам Мархабат. – Алматы: Ордабасы, 2005. – 255 б.
5. М.Байғұт Төрт томдық шығармалар жинағы І том. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 381 б.
6. М.Байғұтов Нәуірзек. – Алматы: Жалын, 1988. – 237 б.
7. М.Байғұтов Интернаттың баласы. – Алматы: Жалын, 1985. – 208 б.
8. М.Байғұт Төрт томдық шығармалар жинағы ІІІ том. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 517 б.
9. М.Байғұтов Шілде. –Алматы: Жалын, 1978. – 120 б.
10. М.Байғұтов Қорғансыз жүрек.- Алматы: Жазушы, 1993.- 400 б.
11. М.Байғұтов Дауыстың түсі. – Шымкент, 1993. – 64 б.
12. М.Байғұтов Машаттағы махаббат. – Шымкент, 1995. – 96 б.
13. М.Байғұт Әдебиет пәнінің періштесі.-Шымкент: Жібек Жолы, 1999.–80 б.
14. М.Байғұт Ақпандағы мысықтар. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2000. – 224 б.
15. М.Байғұт Алмағайып. – Алматы: Жазушы, 2001.- 200 б.
16. М.Байғұт Қозапая.- Алматы: Атамұра, 2003. – 248 б.
17. М.Байғұт Аңсар. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2002.- 192 б.
18. М.Байғұт Ауыл әңгімелері. – Алматы: Қайнар, 2004. – 432 б.
19. Ж.Ай – Мұхамбет Сезімтал жүрек сырлары. – Егемен Қазақстан, 2001. - № 17.
20. Б.Алдияр Жалпызым, аңдызым және доланам аман болғай. – Оңтүстік Қазақстан. – 1998 . - № 23.
21. Б.Алдияр Ақ тілек, ыстық ықылас. - Оңтүстік Қазақстан. – 2000 . - № 25.
22. Т.Әжібек Шындықтың шынайы шымылдығы. – Шымкент келбеті, 1996.- № 1.
23. Т.Әжібек Шындықтың шынайы шымылдығы. – Оңтүстік Қазақстан, 1995.- № 2.
24. А.Байғұлов Аққұзардың азаматы. - Шымкент келбеті, 1995. - № 20.
25. М.Байғұт Жер бетінен жойылмайды ауылым. - Оңтүстік Қазақстан, 1999- № 23
26. М.Байғұт Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты. - Оңтүстік Қазақстан, 1996 № 6.
27. Е.Бекқұлов Мархабатқа марапат. – Халық кеңесі, 1995. - № 4.
28. Ж.Боранбаев Мархабаттың мәртебесі. – Шымкент келбеті, 1995. - № 27.
29. Ж.Боранбаев М.Байғұттың естеліктері. - Шымкент келбеті, 1995. - № 27.
30. Ж.Боранбаев Жан кешті жауапкершілік жеңеді. - Оңтүстік Қазақстан, 2003. - № 30.
31. З.Қыстаубайұлы Тіршіліктің түсін жазбай таныған. – Жас Алаш, 1995. - № 25.
32. З.Қыстаубайұлы, О.Әбілдәұлы Мархабаттың майда қоңыр мақалы. – Халық кеңесі, 1995. - № 24.
33. Ш.Мұртаза Киікотын көксеу. – Егемен Қазақстан, 1999. - № 1.
34. М.Наушабай Абайдың жолы, тура жол. – Жас Алаш, 1996. - № 29.
35. Б.Нысанәлиев Қайрау өлең. – Шымкент келбеті, 1999. - № 21.
36. Б.Нысанәлиев М.Байғұтқа наз – тілек. – Шымкент келбеті, 1999. - № 21.
37. С.Олжабай Мархабаттың махаббаты. – Оңтүстік Қазақстан, 1995. - № 6.
38. С.Олжабай Сезімнің нәзік күйін шерткен. - Оңтүстік Қазақстан, 1995. –
№ 28.
39. Б.Тіленшина Сезім иіріндерінен сыр тартқан. – Қазақ әдебиеті, 1993. –
№ 13.
40. Ж.Шаштайұлы Мархабаттың мәртебесі. - Қазақ әдебиеті, 1995. – № 24.
41. М.Байгут Катаракта. – Южный Казахстан, 2000. - № 11.
42. М.Байгутов Штраф. Перевод Ю.Кунгурцева. - Южный Казахстан, 1995. - № 1.
43. М.Байгут Каламан. - Южный Казахстан, 1984. - № 15.
44. Ю.Кунгурцев Цвет голоса. - Южный Казахстан, 1995. - № 25.
45. Р.Юнусова Родную речь знать и беречь. - Южный Казахстан, 1999. –
№ 7.
46. М.Байғұт Төрт томдық шығармалар жинағы ІІ том. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 280 б.
47. М.Байғұт Төрт томдық шығармалар жинағы ІV том. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 443 б.
48. Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 389 б.
49. З.Қабдоллов Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. – 360 б.
50. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.
51. Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 243 б.
Достарыңызбен бөлісу: |