3 Мұғалжар ауданының әлеуметтік- экономикалық даму келешегі
3.1 Мұғалжар ауданы аумағының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері
Аудандағы өндірістік әлеуеттің кең тұрақты өріс алуы аймақтың аумақтық дамуынының негізі болып отыр.Қандыағаш-Ембі-Жем үшбұрышы аймақтың негізгі жүйесін құрайды [26, 30-31 б.]. 2016-2020 жылдардағы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, дамудың қалыптасқан оңды динакасын көрсетеді. Дүние жүзілік дағдарысқа қарамастан аймақтың қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақты түрдегі өсімін сақтап қалды.
Ауданның аймақтық жаңаруы, соның ішіндегі тұрғындар санының өсуі, аймақтың жаңару жүйесі болып табылады:
- ауылдық округтар орталықтары мен әр түрлі ауылдық елді мекендер мен оларға жалғанған аймақтар арасындағы байланыстың күшеюі;
- Әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы және өнер мен мәдениет салаларының түрлерінің халыққа қызмет көрсетуінің жан-жақты қол жетімділігі;
Аудандағы кіші қалалар аймақ дамуының негізгі орталығы мен басты тіректі қалалары болып табылады.
Ауданның аймақтық-кеңістік дамуының әлеуеттері:
- демографиялық әлеуетінің дамуының ең жоғарғы қарқыны;
- халықтың ең көп шоғырлануы мен экономикалық кеңістіктің аса жоғары сапасы;
- аймақтың инновациялық орталығы;
- блм беру және медициналық қызмет көрсетудің аса жоғары сапалы орталығы;
- маманданған жұмысшылар дайындау орталығы;
- пайдалы қазбаларды өңдеу және байыту орталығы;
- сыртқы иммиграцияның шоғырлану орталығы.
2016-2020 жылдардағы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, дамудың қалыптасқан оңды динамикасын көрсетеді. Дүние жүзілік дағдарысқа қарамастан аймақтың қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақты түрдегі өсімін сақтап қалды.
Ауданның кешенді сипаттамасы SWОТ-талдау әдісі бойынша жүргізілді.
басым тұстары:
- ұтымды географиялық орналасуы, облыстың маңызды транспорттық және транзитті шығыс-батыс бағытындағы орналасуы;
- өңдеу өнеркәсібі дамуының айтарлықтай үлесі;
- ортаның инвестиция салуға жайлылығы, инвестициялық белсенділіктің жоғарғы деңгейі және негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны;
- еңбек рыногындағы оңды өсу динамикасы: еңбекке қабілетті жастардың халық санынан көп болуы, даму динамикасына оңды жағдай туғызумен қатар жұмыссыздық деңгейін қысқартуы, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны өсімінің көрсеткіштері;
- заман талабына сай маманданған білім беру кешендерінің сапалы болуы: инфрақұрылымының жақсаруы, оқытушы-мамандардың сапалы құрамы;
- тұрақты денсаулық сақтау әлеуетінің дамуы: туберкулез және онкологиялық аурулардың едеуір төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |