Бірінші бағыты бойынша кәсіптік негізде аз уақыт аралығында кәсіби даярлау курстарында оқыту. Жоспар бойынша 2018 жылы 190 адам оқытылу керек болса, 1 желтоқсанға 200 адам (жоспар орындалуы 105,3 %) қысқа мерзімді кәсіби даярлау курстарында оқытылды;
Екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша үстіміздегі жылға «Бастау бизнес» жобасы аясында 315 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы жоспарланған болса, 324 жұмыссыз азаматтар оқытылды (жоспардың орындалуы 102,9 %) және өз бизнесін ашуға және кеңейтуге шағын несие қаржысын 60 адам алды(жоспардың орындалуы 103,4 %);
Үшінші бағыты бойынша еңбек ресурстарын жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек нарығы мен жұмыс күшінің белсенділігін арттыру маңызды болып отыр. Ауданда бағдарлама негізінде жаңа жұмыс орындарымен тұрақты қамтамасыз ету, мүмкіндігінше әлеуметтік деңгейде жұмыс орындарын көбейту және сапалы қызмет ету барысын қадағалау,жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру қарастырылған, олардың есепті кезеңдегі нақты жүзеге асырылуы мынадай: (кесте 2.3.1)
2.3.1-кесте. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған бағдарламасының іске асырылуы:
Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту орталығы
|
орындалу
пайызы,
% айлық
|
Көрсеткіштер атауы
|
жоспарлық тапсырма
|
нақты орындалуы,
2018 ж.
|
Әлеуметтік жұмыс орны
|
330
|
398
|
120,6
|
Жастар тәжірибесі
|
335
|
357
|
125
|
Қоғамдық жұмыс
|
800
|
872
|
109
|
Гүлдене бер туған ел (жасыл ел)
|
302
|
312
|
103,3
|
Қыска мезімдік курстары
|
190
|
200
|
105,3
|
Бастау Бизнес
|
315
|
324
|
102,8
|
Шағын несие беру
|
58
|
60
|
|
Жұмысқа орналасу (тұракты)
|
1 711
|
1735
|
101,4
|
Жана жұмыс орындары
|
1035
|
1036
|
100
|
Өтініш берген азаматтардың саңы
|
3937
|
|
|
оның ішінде жұмыссыздар
|
1 690
|
-
|
|
жұмысқа орналастырылғандар, саны
|
2395
|
-
|
|
Жұмыссыз адамдардың әлеуметтік қорғаумен есептелгендері
|
4007
|
-
|
|
есепті кезен аяғына есепте тұрған адамдар саны
|
1 305
|
-
|
|
оның ішінде жұмыссыздар
|
565
|
988
|
|
жұмыссыздық деңгейі
|
|
2,2
|
|
Аудандағы орта және шағын бизнестің қарқынды дамуы жергілікті жердегі қолдау көрсету қызметінің қаржылық деңгейінің қоры, несие беру мүмкіндігі және оның жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. байланысты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы аудан бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2018 жылдың басында 862,7 млн.теңгеге 19 жоба мақұлданып, тиісті қаржылық несиелер алынды, оның ішінде:
- Алынған несиені субсидиялау бойынша-6 жоба құны 394,9 млн.теңге;
-Алынған несиені кепілдендіру бойынша – 10 жоба құны 463,7 млн. теңге және кепілдеме
сомасы 159,1 млн. теңге;
-Қайтарымсыз несие грант бойынша – 3 жоба құны 4,1 млн. теңге.
Биылғы жыл басынан бері Қандыағаш қаласында төмендегідей жобалар тізімі мерзімді іске қосылды, оның ішінде:
- ЖК.Кадралиннің жеке медициналық орталығының ашылды;
- Теміржол вокзалы алаңындағы «Аналар саябағының» ашылды;
-Тәуелсіздік даңғылы бойындағы саябағы мен «Алпамыс батыр»
ескерткіші пайдалануға берілді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ЖК «Ж.Сарсенбаев» өз қаражаты есебінен
Ембі қаласында 2 қабаттан тұратын 350 адамға арналған «Сайрам» және 250
орындық «Наси» демалыс орталықтары ашылып пайдалануға беріліп 11
жаңа жұмыс орнын ашты.
ЖК Смагулова Айдана Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында
жоба құны 4,0 млн. теңге несие алу арқылы «Ваниль» кондитерлік кафесі
ашылып, жұмысшы саны 3.
Батпақкөл ауылдық округі ЖК Султанов Айбек «Жол картасы 2020»
бағдарламасы аясында жылыжай жобасын салу үшін құны 0,8 млн теңге
несие алып өз жұмысын бастады.
Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік бағасын тұрақтандыру
мақсатында «Дина» супермаркеті ашылып, 27 жаңа жұмыс орны пайда болды.
|
Жаңа бизнес бастамаларды қолдау, екіншісі – кәсіпкерлік секторды сауықтыру, үшінші бағыт – экспортқа өнім шығаруға бағдарланған кәсіпорындарды қолдау.
Аталған үш бағыт шеңберінде, кәсіпкерлердің 3 млрд. теңгеден аспайтын, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын жаңа және бұрыннан бар кредиттері қарастырылады. Ал кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қабылданған бағыттар шеңберіндегі мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге банктер берген кредиттердің пайыздық мөлшерлемесінің белгілі бір бөлігіне субсидия беру, банктердің жаңадан беретін кредиттерін ішінара кепілдендіру және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымдарды дамыту, бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету арқылы көрсетілетін болады.
Қолдау шараларының мәнісі, аймақтарда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті белсендіру және маңызы бар жаңа жобалардың іске қосылуына жәрдемдесу. Банктер мен Өңірлік үйлестіруші кеңестерге өз жобаларының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлердің, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 12% болатын кредит алуына мүмкіндік бар, ал мемлекет оның бір бөлігіне өтеусіз субсидия беру арқылы жеңілдік жасайды.
Кредит ауыртпалығын жеңілдету үшін, 12%-дық үстеменің 5% мемлекет, қалған 7% кәсіпкер өз міндетіне алады.2010 жылдан бастап мемлекет осы пайыздық несиеге субсидия беруді бастады.
Сондай-ақ, кредиттік берешегі бар бизнесмендердің бұрын алған қарыздарының пайыздық мөлшерлемесіне ішінара субсидия беріліп, олардың сауықтырылуына жағдай жасалмақ. Яғни, субсидия борышкер- кәсіпкерлердің бұрынғы кредитінің [35, 225-б.] несие пайызын азайту үшін берілетін көмек. Мемлекет даму перспективалары айқын [35, 226-б.] компанияларға кредит бойынша пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеп беру арқылы жәрдемдесуді көздеп отыр. Кәсіпкерге мемлекетке салық төлеу, тағы басқа міндетті төлемдер өсімақы есептелместен мерзімінен үш жылға дейін шегеру мүмкіншілігі берілмек. Бұл жерде тек жеке табыс салығын төлеуді шегеруге рұқсат етілмейді. Бұдан бөлек кәсіпорындарды сауықтыруға, оның ішінде Қазақстан қор биржасына орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектерді реттеу [35, 252-б.] жөніндегі өзге де іс-шаралар қарастырылған.
Сондықтан (сыртқа өнім шығаруға бағытталған өндіріс орындарына қолдау көрсету) мемлекет экспортқа сапалы және әлемдік стандартқа сай өнімдерін жіберетін кәсіпкерлердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің 12%-ның 8%-на қаржылай қолдау көрсететін болады. Яғни сыртқа өнім шығаруға бейімделген кәсіпкер тек 4%-дық пайыздық үстемені қолдана алады. Минералдық ресурстарды өндіру өнеркәсібі, минералды шикізатты өңдеумен айналысатын кәсіпорын орталықтары және тізімге кіретін кіретін салық төлеушілерден бөлек, экономиканың барлық секторында өндіретін өнімінің 10% пайыздан жоғары бөлігін экспортқа шығарушы кәсіпкерлер дамыту бағдарламасының үшінші бағытының құрамына кіре алады.
Субсидия беру тегін және қайтарымсыз көрсетілетін көмек. Ең бастысы, кәсіпкерлер негізгі іріктеу критерийлеріне сай болулары қажет. Кәсіпкерлердің өтінімдерін қарастырған кезде, іске асырылатын жобалардың аймақ үшін өте маңызды болып табылатындарына артықшылық берілетін болады. Бірінші кезекте мемлекеттік қолдау көрсетілетін экономиканың басым секторлары мыналар: агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп өнімі өндірісі, құрылыс материалдары өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, металлургия саласында техникалық қызмет көрсетулер, денсаулық сақтау және білім саласындағы қызмет пен тұрғындарға арналған өзге қызмет түрлері.
Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы орнын дамыту үшін Мұғалжар ауданында кәсіпкерлікті қолдаудың келесі үлгісін ұсынамыз (4-сурет). Кәсіпкерлікті қолдаудың субъектілеріне ең алдымен мемлекет, тұтас кәсіпкерлік инфрақұрылымы, табыс көзі инвесторлардың ықпалын талдадық. Бұл дегеніміз мемлекеттік құқықтық әкімшілік жеңілдіктер мен несиелерінің кәсіпкерлікті қолдаудағы ықпалы [35, 254-б.]. Ал Мұғалжар ауданының дамуында шетел инвестициясы мен шетел инвесторларының үлесі, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру маңызды болып отыр.
Кесте 1. – Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Мал шаруашылығы
|
Егін шаруашылығы
|
мал тұқымын асылдандыруды жетілдіру;
мал шаруашылығы салаларын механикаландыруға көшіру;
мал азығын сапалы түрде дайындау және үнемді қолдану;
ветеринар жұмысынының сапасын жақсарту;
мал өнімінің қолдану тиімділігін арттыру;
Мал шаруашылығы өнімін өңдеуді жүзеге асыратын өнеркәсіппен тығыз байланыста болу;
|
тыңайтқыштарды қолдануды жалғастыра беру;
тұқымның сапасын жақсарту;
Астық және көкөніс дақылдарынан алынатын өнімді көбейту;
Егіс алқаптарын агротехникалық өңдеуді дамыту;
Су және жел эрозиясынан топырақты қорғау іс-шараларын жетілдіру;
|
Ескерту: автордың негізінде жасалынды
|
Ауыл шаруашылығы салаларының өнімі, шикізат пен азық-түлік өндірісінің өнімдерін өңдеу, қайта өңдеу және сатуға әрекет ету агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу жүйесі болып табылады. Аграрлық саланы мемлекеттік реттеудегі міндеттер ретінде агроөнеркәсіп өндірісін дамыту, елді тұрақты және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, аудандағы жұмыс жасап жатқан өндіріс орындарын басқаруды жетілдіру, ауыл шаруашылық салаларының өнімі, азық-түлік, шикізат нарығын реттеу, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы ынтымақтаса және жоспарлы дамуды экономикалық қолдау, жұмыскерлерінің табыстарын жоғарылату, отандық тауар өндірушілерді қорғау құрайды. Осы міндеттерді шешу үшін арқылы мемлекет, облыс және ауданның нарықтық сұранысын қанағаттандыру керек [36, 134-139-б.].
Кәсіпкерлер кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия беру, сонымен қатар жаңа кредиттерге ішінара кепілдік беру кезінде Банктің бастапқы келісімін алу аса маңызды. Банкт қызметкелері несие талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Өңірлік үйлестіру кеңесі кәсіпкер кредитін субсидиялау немесе оған кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды және түпкілікті бекітілуі үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолдайды. «Даму» Қоры қаржы агентінің функциясын атқаратын болады.
Жалпы алғанда, аудандағы орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы жағымды сипатталғанмен де бірқатар проблемалық сұрақтары да баршылық, соның ішінде:
бизнеспен айналысудағы қажетті рұхсат құжаттары санының көптігі;
мемлекеттік қызметтерді алуға қажетті электрондық терезенің жоқтығы;
кәсіпкерліктегі қаржылық-сауаттылықтың төмендігі;
тиісті жоспар жасалуының қысқа амалдары;
бизнесті жоюдағы кездесетін қиыншылықтар;
бизнесті бастаудағы белсенділіктің әлсіздігі.Себебі көптеген азаматтар кәсіпкерлікпен айналысуда үлкен тәуекелдікке барады,соның ішінде тексеру органдарынан қысым көруі және т.б.
Мемлекеттік және жеке серіктестік арқылы мемлекеттік реттеу индикативті жоспарлау жүйесін толықтырады. (5-сурет) Мемлекеттік және жеке серіктестік ретінде индикативті жоспарлау жүйесінде субьектілердің өзара байланысы, мемлекет пен өнім өндірушінің бірлескен әрекеті және әр түрлі деңгейлерде жоспарлау механизм өзгерісі ұсынылады. Индикативті жоспардың тік бағытта емес көлденең бағытта орындалуының өсуі, гипотеза болжам жасаудың ұлғаюы сияқты негізгі ерекшеліктері бар. Осы өзгерістер маркетинг қызметінде басқарудың рөлін асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден бастап тұтынушыға дейін жеткізу арқылы тауар қозғалысы тиімді арнамен орналастырылуы қажет [38, 181- б.].
Лизингтік компаниялар
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қор
Кәсіпкерлікті дамыту қоры
Құқықтық
Инвестиция
Әкімшіліктік
Аграрлық саладағы кәсіпкерлік субъектілері
Шетелдік инвесторлар
Сақтандыру компаниялары
МЕМЛЕКЕТ
ІІ деңгейлі банктер
Несие
Мемлекеттік жеңілдіктер
Кадрларды оқыту және қайта даярлау қызметі
Кеңес беру қызметі
Мемлекеттік несие
Маркетинг қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |