Мамандыѓы – ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау



жүктеу 1,14 Mb.
бет3/6
Дата23.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#16506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.



7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1. Бауыр сегменттерінің саны:



  1. сегіз+

  2. он

  3. алты

  4. екі

  5. үш

2. Ұйқы безінің толық құрамдық бөліктері:

  1. басы, денесі және құйрығы+

  2. ұшы, түбі және денесі

  3. денесі, түбі және өсіндісі

  4. басы, түбі және денесі

  5. негізі және ұшы

3. Өтқуықтың ... болып табылады.

  1. өт жиналатын орын+

  2. өт өңдіру

  3. эндокриндік

  4. қан өңдіру

  5. иммундық

4. Ұйқы безінің басы … омыртқасы тұсында орналасқан.

  1. ІІ-бел+

  2. ХІІ-кеуде

  3. ХІ-кеуде

  4. ІV-бел

  5. Х- кеуде

5. Ұйқы безінің басы … жанасады.

  1. он екі елі ішекпен+

  2. көлденең жиек ішекпен

  3. асқазанмен

  4. оң бүйрекпен

  5. өтқуықпен

6. Ұйқы безі ішастармен … жабылған.

  1. экстраперитонеалды+

  2. интраперитонелды

  3. мезоперитонеалды

  4. шажырқаймен

  5. интрамезоперитонеалды

7. Ұйқы безі түтігі … бөлігіне ашылады.

  1. он екі елі ішектің төмендеген+

  2. он екі елі ішектің жоғарғы

  3. он екі елі ішектің жоғарылаған

  4. он екі елі ішектің горизонталды

  5. он екі елі ішектің төменгі

8. Эмбрионалды кезеңде қан өндіру қызметін … атқарады.

  1. бауыр+

  2. өтқуық

  3. бүйрек

  4. ұйқы безі

  5. асқазан

9. Купфер жасушалары ... фагоцитарлық қызмет атқарады

  1. бауырда+

  2. өтқуықта

  3. бүйректе

  4. ұйқы безінде

  5. асқазанда

10. Ұйқы безінің құйрығы бөлігінде ... орналасқан.

  1. көкбауыр+

  2. асқазан

  3. он екі елі ішек

  4. бауыр

  5. бүйрек


Cитуациялық тапсырмалар:

1. Инфекциондық гепатит диагнозымен аурухананың инфекциялық бөліміне ауру түсті. Ауруда терісінің сарғайғаны , несебі қара, нәжісі ақ екені байқалады. Дұрыстап қарағаннан кейін ауру хирургиялық бөлімге ауыстырылады да өт қапшы тасы бойынша тез операция жасалынды.Диагноз холастаз шақырған тастар қай анатомиялық құрылымда болғанын көрсет.



Жауап: Жалпы өт өзегі

2.Операцияда аурудың ұйқы безінің басы үлкейгені байқалады. Неге бұл патологияда өт 12 елі ішекке түспейді?



Жауап: Жалпы өт өзегінің онекіелі ішекке өт құйылуында бұзылыстар байқалған

3.Ауруда – қапшықталған немесе қоршалған перитонит деген диагноз қойылды. Ортаңғы қабаттың қай анатомиялық құрылымында инфекция жиналуы мүмкін.



Жауап: Шажырқайлық қойнаулар

4. Аурудың асқазанынының артқы қабырғасында ісік бар. Қойған диагноздың дұрыстығын тексеру үшін хирург қай анатомиялық құрылыс арқылы саусағын тығып тексереді ?



Жауап: Шарбылық тесік
Кредит №1

Сабақ №5
1. Тақырыбы: Тыныс алу ағзаларына жалпы сипаттама. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы, мұрын маңындағы қойнаулар. Көмей, кеңірдек, бронхылар: құрылысы, функциясы. Өкпе: құрылысы, функциясы. Плевра, синустары. Көкірекорта туралы түсінік.
2. Мақсаты: Тыныс алу жүйе ағзаларының құрылысын, қызметін үйрету және көкірекорта ағзаларының топографиясын үйрету.

3. Оқыту мақсаты: Тыныс алу жолдарының топографиясын, қызметін және құрылыстық ерекшеліктерін білу. Көкірекорта туралы түсінік беру.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Тыныс алу жүйесіне анықтама беру.

  2. Мұрын қуысы, оның қабырғалары.

  3. Мұрын жанындағы қойнаулар, оның мұрын қуысымен байланысы.

  4. Көмей құрылысы, топографиясы, қызметі.

  5. Кеңірдек құрылысы, топографиясы, қызметі.

  6. Бронхтар құрылысы, топографиясы, қызметі.

  7. Өкпе құрылысы, топографиясы, қызметі.

  8. Өкпеқап және оның қойнаулары.

  9. Алдыңғы көкірекорта ағзалары.

  10. Артқы көкірекорта ағзалары.

  11. Жоғарғы көкірекорта ағзалары.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007



Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1.Мұрын қуысының бөліктері:



  1. тыныс алу және иіс сезу+

  2. тыныс алу және көру

  3. тыныс алу және түйісуді сезу

  4. иіс сезу және есту

  5. иіс сезу және дәм сезу

2.Мұрындық жол – ...

  1. мұрын қалқанының астындағы кеңістік+

  2. мұрын қуысының кіреберісі

  3. мұрын-көзжасөзегінің тесігі

  4. жоғарғы жақсүйектің маңдайлы өсіндісінің жанындағы жүлге

  5. сынатәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаттардың арасындағы саңылау

3. Көмей ... болып табылады:

  1. тыныс алу жолы мен дауыс аппараты+

  2. тыныс алу және тірек-қимыл аппараты

  3. ас қорыту және дауыс аппараты

  4. несеп шығаратын жүйе мен дауыс аппараты

  5. тынысалу және ас қорыту аппараты

4.Кеңірдек – ...

  1. көмей мен басты бронхтардың аралығында орналасқан түтікті ағза+

  2. ауыз қуысы мен өңештің аралығында орналасқан түтікті ағза

  3. бүйректің жоғарғы шетінде орналасқан ағза

  4. бүйрек пен несеп қуықтың аралығында орналасқан түтікті ағза

  5. өкпелердің аралығында орналасқан үлесті ағза

5.Кеңірдек айырығы – ...

  1. кеңірдектің екі негізгі бронхтарға бөлінген жері+

  2. көршілес шеміршектік жартылай сақиналардың аралығындағы дәнекер тіндік табақша

  3. кеңірдектің сыртқы қабығы

  4. кеңірдек қабырғасының қақпағы

  5. кеңірдектің қолқамен қиылысқан жері

6.Мұрын қуысында ... мұрын жолы орналасқан.

  1. үш+

  2. екі

  3. төрт

  4. бес

  5. бір

7.Төменгі мұрын жолына ... ашылады.

  1. мұрын-көзжас өзегі+

  2. маңдай қойнауы

  3. гаймор қойнауы

  4. торлы сүйектің (кеңсіріктің) алдыңғы ұяшықтары

  5. евстахий түтігі

8. Көмейдің тақ шеміршегі:

  1. қалқаншатәрізді+

  2. мүйізтәрізді

  3. сынатәрізді

  4. ожаутәрізді

  5. дән тәрізді

9. Жоғарғы жақсүйек қойнауына … ашылады.

  1. ортаңғы мұрын жолы+

  2. жоғарғы мұрын жолы

  3. сына-таңдай шұңқыры

  4. төменгі мұрын жолы

  5. мұрын-көзжас өзегі

10. Маңдай қойнауына … ашылады.

  1. ортаңғы мұрын жолы+

  2. жоғарғы мұрын жолы

  3. алдыңғы бассүйек шұңқыры

  4. жоғарғы көзұя саңылауы

  5. төменгі мұрын жолы

11. Жоғарғы мұрын жолына … ашылады.

  1. сынатәрізді қойнаудың тесігі+

  2. маңдай қойнауының тесігі

  3. торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары

  4. жоғарғы жақсүйек қойнауы

  5. мұрын-көзжас өзегі

12. Мұрын қуысының тыныстық аймағының бездерін көрсетіңіз

  1. шырышты бездер+

  2. терлік бездер

  3. сірлік (сероздық) бездер

  4. май бездері

  5. шырышасты бездері

13. Төменгі мұрын жолына ... ашылады.

  1. мұрын-көзжас өзегі+

  2. торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары

  3. жоғарғы жақсүйек қойнауы

  4. торлы сүйектің артқы ұяшықтары

  5. сынатәрізді қойнау

14. Мұрын қуысының веналық өрімінің қызметі:

  1. ауаны жылыту+

  2. қорғаныш

  3. фагоцитоз

  4. ауаны ылғалдандыру

  5. тазарту

15. Көмейдің жүзікке ұқсас тақ шеміршегі:

  1. жүзік тәрізді+

  2. қалқанша тәрізді

  3. мүйіз тәрізді

  4. сынатәрізді

  5. көмей қақпашығы

16. Көмей кіреберісін шектейтін тақ шеміршек:

  1. көмей қақпашығы+

  2. қалқанша тәрізді

  3. қалқанша маңы

  4. мүйіз тәрізді

  5. сынатәрізді

17. Көмей артқы жағынан ... жанасады.

  1. жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен+

  2. тіласты бұлшықетімен

  3. қалқанша безімен

  4. жұтқыншақпен

  5. мойын шандырының омыртқа алды табақшасымен

18. Көмейдің екі табақшадан тұратын шеміршегі:

  1. қалқанша+

  2. жүзіктәрізді

  3. көмей қақпашығы

  4. мүйізтәрізді

  5. сына тәрізді

19. Адам алмасы бұрышын құрайтын көмейдің шеміршегі:

  1. қалқанша+

  2. жүзіктәрізді шеміршек

  3. мүйізтәрізді

  4. сынатәрізді

  5. көмей қақпашығы

20. Дауыс түзуге ... бұлшықеттері қатысады.

  1. көмей+

  2. ауыз қуысы қабырғасының

  3. тіл

  4. жұтқыншақ

  5. таңдай және көмей

21. Ересек адамда кеңірдек айырығы ... деңгейінде орналасқан.

  1. V-кеуде омыртқасы+

  2. төс бұрышы

  3. төстің мойындырық тілігі

  4. қолқа доғасының жоғарғы жиегі

  5. VII-кеуде омыртқасы

22. Өкпе қақпасына ... кіреді.

  1. басты бронхтар+

  2. сол ұйқы артериясы

  3. оң ұйқы артериясы

  4. жалпы ұйқы артериясы

  5. ішкі мойындырық венасы

23. Оң өкпедегі сегменттер саны:

  1. 10+

  2. 5

  3. 6

  4. 7

  5. 8

24. Бронх тармақтарының (ағашының) ... бөлігінде шеміршек болмайды.

  1. соңғы бронхшалар+

  2. басты бронхтар

  3. үлестік бронхтар

  4. үлесшелік бронхтар

  5. сегменттік бронхтар

25. Өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігі:

  1. ацинус+

  2. соңғы бронхшалар

  3. тыныстық бронхшалар

  4. көпіршіктік (альвеолярлық) жолдар

  5. сегменттік бронхтар

26. Өкпенің құрылымдық элементтерінде ауа мен қан арасында газ алмасу... жүреді.

  1. көпіршіктерде (альвеолдар)+

  2. сегменттік бронхтарда

  3. үлесше бронхшаларында

  4. үлестік бронхтарда

  5. соңғы бронхшаларда

27. Оң өкпедегі үлестер саны:

  1. 3+

  2. 1

  3. 2

  4. 4

  5. 5

28. Мұрынның тақ шеміршегі.

  1. мұрын қалқанының шеміршегі+

  2. мұрынның бүйір шеміршегі

  3. мұрын қанатының үлкен шеміршегі

  4. мұрын қанатының кіші шеміршегі

  5. жүзік тәрізді шеміршек

29. Артқы көкірекорта ағзасы.

  1. өңеш+

  2. айырша без

  3. жүрек

  4. қалқанша без

д) өрлеуші аорта

Cитуациялық тапсырмалар:

1. Тыныс жолдарына бөгде зат түскен адамды жарақатбөліміне әкелді. Басты бронхтардың анатомиялық ерекшелігін ескере отырып заттың қай бронхта тұрып қалғанын айт.



Жауап: Оң басты бронхта.

2. Ауруда қабыну процесімен кеңірдектің артқы қабырғасы бұзылған. Бұл

Жағдайда қабыну процесі қай ағзаға өтуі мүмкін екендігін көрсет.

Жауап: Кеңірдектің артқы қабырғасының қабыну процесі өңешке өтеді.

3. Интубациялық түтікті көмейге салу үшін дәрігер тамақ арқылы көмей

кіреберісі қолмен табады. Көмейге кіретін тесік немен қоршалған?

Жауап: Көмейге кіретін тесіктің алдын көмей үсті шеміршегі, артын ожау тәрізді шеміршектердің ұштары бүйірінде ожау – көмей үсті қатпарлы қоршаған

4. Дәрігер әншінің көмейін қарады. Қалыпты жағдайда дыбыс саңлауы сау адамда пішіні қандай болады.



Жауап: Жәй тыныс алғанда дыбыс саңлауының пішіні үш бұрышты болады.

5. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?



Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.

6. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?



Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.

7. Қабылдау бөлімшесіне кеуде торының сол жағын қатты соғып алған науқас түсті. Қабырғалардың сынуымен және париеталды өкпеқаптың зақымдануымен сипатталатын жарақаттың нәтижесінде кеуде торының соғылған болігінің қабырғалық қан тамырлары жыртылған. Бұл жағдайда кетіп жатқан қан қай жерге жиналады?



Жауап: Бұл жарақатта кетіп жатқан қан сол жағындағы қабырғалық-көкеттік қойнауына жиналады.

8. Өнештің кеуде бөліміндегі ісікті алып тастау үшін көкірекортаны кесіп ашу керек.Бұл отаны жасау мақсатында хирург көкірекортаның қай болімін кесіп ашқан жөн?



Жауап: Өңешке ота жасау үщін хирург көкірекортаның артқы бөлімін кесіп ашқан жөн.

Кредит №1

Сабақ №6
1. Тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесінің жалпы анатомиясы. Қан айналымның үлкен және кіші шеңбері. Коллатералдық қан айналымдар. Жүрек. Жүректің анатомиялық сипаттамасы. Жүректің қақпақшалы апараты. Перикард.
2. Мақсаты: Қантамырлар жүйесінің үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің, жүрек және жүрекқап құрылысын оқыту.

3. Оқыту мақсаты: Жүректің, жүрекқаптың құрылысын және топопграфиясын студенттергеоқып үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Қан тамырлар жүйесіне анықтама беріңіз.

  2. Жүректiң сыртқы құрылысы.

  3. Жүрекшелердiң құрылысы.

  4. Қарыншалардың құрылысы.

  5. Жүрек қабырғаларының құрылысы.

  6. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.

  7. Коллатеральды қан айналымы.

  8. Жүрекқап құрылысы.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1.Жүрек қарыншаларының миокард қабатының саны:



  1. үш+

  2. екі

  3. төрт

  4. бір

  5. бес

2.Жүрек ... орналасқан.

  1. алдыңғы көкірекаралықта+

  2. алдыңғы көкірекаралық ортаңғы

  3. артқы көкірекаралықта

  4. жоғарғы көкірекаралықта

  5. бүйір көкірекаралықта

3.Жүректің оң жақ жүрекше- қарынша тесігінде ... орналасқан.

  1. үшжармалы қақпақ+

  2. қолқалы қақпақ

  3. митралдық қақпақ

  4. жартыайлы қақпақ

  5. өкпе сабауының қақпағы

4.Микроциркуляторлық ағын дегеніміз:

  1. тіндердегі жергілікті қан айналымның тамырлық торы+

  2. көз алмасының түбіндегі лимфокапиллярлар торы

  3. бүйрек денешігіндегі гемокапиллярлар

  4. иреленген шәует өзекшелерінің торы

  5. бүйректің тік өзекшелерінің торы

5. Ерлер жүрегінің орташа салмағы:

  1. 300 г.+

  2. 400 г.

  3. 350 г.

  4. 250 г.

  5. 370 г.

6. Әйелдер жүрегінің орташа салмағы:

  1. 220 г.+

  2. 200 г.

  3. 300 г.

  4. 350 г.

  5. 380 г.

7. Жүрек көкірекаралықтың ... бөлігінде орналасқан.

  1. алдыңғы+

  2. жоғарғы

  3. артқы

  4. алдыңғы-жоғарғы

  5. төменгі

8. Кіші қанайналым шеңбері ... басталады.

  1. өкпе сабауынан+

  2. иық-бас сабауынан

  3. қолқадан

  4. бронх артерияларынан

  5. көкірекаралық артерияларынан

9. Сол қарыншаның қабырғасында ... тесігі орналасқан.

  1. қолқа+

  2. тәждік қойнаудың

  3. өкпе веналарының

  4. өкпе сабауының

  5. төменгі қуысты вена

10. Оң қарыншаның қабырғасында ... тесігі орналасқан.

  1. өкпе сабауының+

  2. төменгі қуыс вена

  3. қақпа венасының

  4. қолқа

  5. митралды қақпақша

11.Жүрек қабырғасының сыртқы қабығы … саналады.

  1. эпикард+

  2. фиброзды қабық

  3. шырышты қабық

  4. сірлі қабық

  5. шырышасты қабық

12. Жүрек қабырғасының ішкі қабығы … саналады.

  1. эндокард+

  2. қыртыстық

  3. милық

  4. жүрекқап

  5. дәнекертінді қабық

13. Жүректің өткізгіш жүйесінің элементі:

  1. жүрекше-қарыншалық түйін+

  2. жеке түйін

  3. үшкіл түйін

  4. жүрек шиыршығы

  5. проприоцептивтік шоғыр

14. Жүректегі оң жақ жүрекше-қарынша аралық тесікті жабатын қақпақша:

  1. үш жармалы қақпақ+

  2. веноздық қақпақ

  3. митралды қақпақ

  4. екі жармалы қақпақ

  5. сол жүрекше-қарынша аралық қақпа

15. Жүрек … орналасқан.

  1. көкірекаралықта+

  2. көкірек қуысында

  3. іш қуысында

  4. плевра қуысында

  5. іш қуысының артында

16. Жүректі … артерия қанмен қамтамасыз етеді.

  1. тәждік+

  2. ұйқы

  3. шажырқайлық

  4. омыртқалық

  5. мықын

17. Үлкен қанайналым шеңбері … басталады.

  1. сол қарыншадан+

  2. сол жүрекшеден

  3. оң қарыншадан

  4. оң жүрекшеден

  5. оң құлақшадан

18. Жүректің сол қарыншасындағы тесіктер саны:

  1. 2+

  2. 1

  3. 3

  4. 4

  5. 5

19. Жүректің оң қарыншасындағы тесіктер саны:

  1. 2+

  2. 3

  3. 1

  4. 4

  5. 5

20. Сол жүрекшедегі тесіктер саны:

  1. 5+

  2. 1

  3. 4

  4. 2

  5. 6

21.Жүректің ортаңғы қабығының атын атаңыз:

  1. миокард+

  2. перикард

  3. эндокард

  4. плевра

  5. эпикард

22. ... жүректің сол жақ қарыншасынан шығады.

  1. Қолқа+

  2. Тәждік артерия

  3. Ұйқы артериясы

  4. Иық артериясы

  5. Мойындырық венасы

23. ... жүректің оң жақ қарыншасынан шығады.

  1. Өкпе сабауы+

  2. Тәждік артерия

  3. Қолқа

  4. Ұйқы артериясы

  5. Бұғанаасты венасы

24. Сол жақ жүрекшеге ... құяды.

  1. өкпе веналары+

  2. мойындырық венасы

  3. жоғарғы қуыс вена

  4. қақпа венасы

  5. бұғанаасты венасы

25. Жүректің митралдық қақпағы ... арасында орналасқан.

  1. сол жақ жүрекше мен қарыншаның+

  2. сол қарынша мен қолқаның

  3. оң жүрекше мен қарыншаның

  4. оң қарынша мен өкпе сабауының

  5. жоғарғы қуыс вена мен оң жүрекшенің


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау