Мамандыѓы – ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау



жүктеу 1,14 Mb.
бет2/6
Дата23.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#16506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Cитуациялық тапсырмалар:

1. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?



Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.

2. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.



Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.

3.Шопар буынының сызығымен жарақатқа ұшыраған аяқты хирург алынуын жүргізу керек. Бұл белгіленген операцияны жүргізу үшін қай жалғаманы кесу керек?



Жауап:Аяқтың шопар буынында сызық жүргізу үшін екі айырық жалғаманы кесу керек (өкше-ладья тәріздес және өкше-текше тәріздес).

4.Спортшы ұзындыққа секіру кезінде жамбас сан буынында қатты ауырсыну байқалды биіктіктен жерге қонар сәтінде Травматологтың қарауында болғанда, науқас санның бүгу қиынға соқты. Дәрігер диагностикасында жамбас сан буынының шығуы байқалды. Бұл жарақатта жамбас сан буынында қандай жалғамалар зардап шекті.



Жауап: Айтылған жағдайларда көбінесе мықын сан жалғамалары зардап шекті.

5. Кәріжлік білезік буынының рентген суреттемесінде медиальды бөлігінде «рентгендік саңылау» кеңейген. Бұл патолгияға жатады ма?



Жауап: Рентген суреттемесінің кәріжілік білезік буынының медиальды бөлігінде саңылау кеңейген себебі, онда буындық диск орналасқан.

6.Қолда ең көп кездесетін жарақат, иық буынының шығып кетуі.Қандай анатомиялық факторлар шығып кетуге себеп болатынын көрсет.



Жауап:Жиі шығып кетуге себепкер болатын: жақсы дамыған жалғаманың болмауы, буындық қапшықтың бостығы, буындық беттерінің бір бірімен сәйкес келмеуі.

7. Шешесі 7 жасар қызын хирургқа әкелді. Әкелген себебі: қызының білегі шынтақ буынынан 1800 –тан көпке жазылады. Бірақ хирург патология таппады, шешесін жұбатты.Неге хирург 1800 жазылатынын патология деп таппады?



Жауап:Балаларда және кейбір әйелдерде аса көп білектің жазылатыны, жалғамалар аппаратының осалдығынан, шынтақ өсіндісінің мөлшерінің кішкентайлығынан болады.

8. Мимикалық бұлшық еттердің ерекшеліктерін жасайтын: олардың фасциясының болмауы, сүйектен басталып, теріге байланатыны.

Қай бұлшық еттің фасциясы болсын, сүйектен басталып, сүйекке байланады.

Жауап: Бұл бұлшық ет-ұрт бұлшықеті.

9. Басы жарақаттанған адамда астыңғы жағы алға қозғала алмай қалды. Бұл қай бұлшық еттің жарақатынан болады?



Жауап: Астыңғы жақтың алға жылжымай дамуы. Латеральді қанаттың бұлшық етінің жарақаттануынан болады.

10. Мойын аймағы жарақат алғанда қатты қан ақты, бұл ауалы эмболия асқынуымен аяқталды. Бұндай мойын аймағында жарақат болғанда не әсер етеді. Кеуде қуысындағы терең тыныстың болуы мойын ауа тамырлары



Жауап: Мойын аймағы жарақат алғанда мұндай асқынулардың пайда болуындағы ерекшеліктер

- мойын аймағында көп вена және артерия орналасқан.

- тыныс алуға көптеген бұлшықеттер қатысады.

- көп шандыр, тамырдың солуына жол бермейді.

- кеуде қуысының теріс тыныстың болуы, мойын тамырларының ауаны тартуға қажеттілік етеді.

11 Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады. Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады?



Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.

12 науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.



Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.

13. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.



Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.

14 Жарақаттың нәтижесінде зардап шеккен адамда иықтың артқы тобындағы бұлшықеттердің қызметі зақымдалды. Шынтақ буынының қандай қызметі зақымдалды.



Жауап: Бұл жағдайда білекті жазу қызметінің бұзылуы байқалады.

15. Орманда құлаған бала өткір тасқа білегімен соққы алды. Хирург қарағанда төменгі төрттен бір бөлігі білектің жарақаты байқалды. Зақымданған адам қол ұшын ішке қарай бұра алмады. Қандай бұлшықет зақымдалған?



Жауап: Жарақат кезінде төртбұрышты білек пронаторы зақымдалды.

16 Науқаста үлкен саусақтың панарициясымен кішкене саусақтың іріндік қабынуымен аяқталды. Неге асқыну байқалды және қасында жатқан саусақ қабынды.



Жауап: Білек өзектерінің синловиалды қынаптарына іріндік процессі тарады, саусақтарының бүккіштерінің синовиалды қынаптарының орналасқан жері, сол арқылы ірің шынашаққа жетті, Ү- тәріздес қабыну байқалды. Көршілес саусаққа өткен жоқ, себебі екінші саусақта жеке синовиалды қынабы бар.

17 Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады.Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады.



Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.

18 Науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.



Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.

19. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.



Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.

20 Хирург кішігірім ота жасағанда сан тамырларындағы сан үшбұрышында кесінді жасау керек. Сан үшбұрышының шекара белгілерін ата?



Жауап: Жоғарғы шекара – шап байламы, латералды шекара-тігінші бұлшықет, медиалды шекара-санның ұзын әкелуші бұлшықеті

21 Науқаста шонданай нервісінің қабынуынан кейін санның артқы топ бұлшықетінің параличі асқыну берді. Берілген асқыну төменгі аяқ белдемесінде қандай қозғалыс бұзылғаны байқалған?



Жауап: Науқасқа бүгу және санды сыртқа қарай аудару қиындау түседі.

22 Футбол ойыны кезінде доппен тепкен кезде сирақ буынын тез түрде аяқ ұшымен жазылады. Бұл аяқтың қозғалысын қандай бұлшықеттер жүзеге асырады?



Жауап: Бұл қозғалысты санның төртбасты бұлшықеті жүзеге асырады
Кредит №1

Сабақ №3
1. Тақырыбы: Асқорыту жүйесіне жалпы шолу. Ауыз қуысы, тіл, тістер. Сілекей бездері. Жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, өңеш: құрылысы, функциясы. Асқазан мен ішек: құрылысы, функциясы.
2. Мақсаты: Асқорыту ағзаларының құрылысын, қызметін оқып үйрету: ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездер, таңдай, жұтқыншақ, өңеш, асқазан және ішектер.
3. Оқыту мақсаты: Асқорыту жүйесінің ағзаларын көрсету, атап үйрету. Бұл ағзалардың құрылысының айырмашылық ерекшеліктерін білу.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Асқорыту жүйесіне анықтама беру.

  2. Ауыз қуысы және оның қабырғалары.

  3. Тістің құрылысы.

  4. Таңдай және оның құрамдық бөліктері, бұлшықеттер.

  5. Тіл, тілдің бөліктері, құрылысы, бүртіктердің түрлері.

  6. Сілекей бездері, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.

  7. Жұтқыншақ және оның бөліктері, топографиясы, құрылысы, қызметі.

  8. Өңеш және оның бөліктері, топографиясы, құрылысы, қызметі.

  9. Асқазан және оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, қызметі.

  10. Жіңішке ішек, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.

  11. Тоқ ішек, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер):

Тестілер:

1. Ас қорыту жүйесінің іш қуыс ағзаларының қабырғасын түзетін қабықтардың толық құрамы …



  1. шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар+

  2. дәнекер тіндік қабық

  3. шырышасты негізі және сірлі қабық

  4. шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар

  5. шырышты және сірлі қабықтар

2.Шықшыт безі өзінің секретін ... бөледі

  1. ауыз қуысының кіреберісіне+

  2. асқазан қуысына

  3. сыртқы ортаға

  4. өңеш қуысына

  5. жұтқыншақ қуысына

3.Өңештің бөліктері:

  1. мойындық, кеуделік және іштік+

  2. бұғаналық, кеуделік және іштік

  3. шүйделік, мойындық және кеуделік

  4. мойындық, кеуделік және көкеттік

  5. жұтқыншақтық, мойындық және кеуделік

4.Ауыз қуысы ... бөлінеді.

    1. кіреберіс және меншікті ауыз қуысына+

    2. кіреберіс және үңгірге

    3. өзек және батыңқыға

    4. кіреберіс және саңылауға

    5. меншікті ауыз қуысы және қойнауға

5.Еріндердің негізін ... бұлшықеті құрайды.

  1. ауыздың дөңгелек+

  2. иек

  3. ұрт

  4. пирамидалық

  5. қанаттәрізді

6.Тіс ұлпасы – ...

  1. тамырлар мен нервтер бар тіс қуысы+

  2. тістің көрініп тұрған бөлігінің қабығы

  3. түбірді жауып тұрған заттек

  4. тіс мойнының айналасындағы дәнекер тін

  5. түбірдің мойынға өтетін жері

7.Үлкен азу тістердің кіші азу тістерден айырмашылығы ...

  1. шайнау төмпешіктері мен түбірлерінің санында+

  2. биіктігінде

  3. ұзындығында

  4. мойнының барлығында

  5. мойнының жоқтығында

8.Тіл жүгеншігі ... орналасқан.

  1. тілдің астында+

  2. тілдің артында

  3. тілдің жиектерінде

  4. тілдің түібірінде

  5. ауыздың кіреберісінде

9.Тілдің жоғарғы бетіндегі құрылымдар:

  1. бүртіктер+

  2. шұңқыршалар

  3. альвеолалар

  4. Бүрлер

  5. ацинус

10. Тілдің түбірінде ... орналасқан.

  1. шұңқырша+

  2. саңылау

  3. бадамша

  4. доғашы

  5. перде

11.Асқазанның шырышты қабығының қатпарларын ... қабық түзеді.

  1. шырышасты+

  2. бұлшықетті

  3. сірлі

  4. адвентициалдық

  5. ақ қабықтық

12.Асқазан ... жабылған.

  1. ішастармен +

  2. шандырмен

  3. капсуламен

  4. кутикуламен

  5. плеврамен

13.Асқазанның бұлшықеттік қабығының қабаттары:

  1. бойлық, циркулярлық және қиғаш+

  2. циркулярлық және қиғаш

  3. циркулярлық және көлденең

  4. бойлық және көлденең

  5. бойлық, циркулярлық және тік

14.Құрттәрізді өсінді ... ішекте орналасқан..

  1. соқыр+

  2. он екі елі

  3. аш

  4. мықын

  5. сигматәрізді

15. Ауыз кіреберісінің қабырғасын … құрайды.

  1. еріндер+

  2. таңдай бадамшасы

  3. жұмсақ таңдай

  4. ауыз көкеті

  5. жақасты сілекей безі

16. Ауыз кіреберісін меншікті ауыз қуысынан … бөліп тұрады.

  1. тістер+

  2. аңқа

  3. еріндер

  4. таңдай-тіл доғалары

  5. ұрттар

17. Аңқаны … шектеп тұрады.

  1. жұмсақ таңдай+

  2. түтік буылтығы

  3. көмей қақпашығы

  4. тіласты қатпары

  5. ауыз көкеті

18. Тістің бөліктерін көрсетіңіз

  1. тіс сауыты+

  2. нервтер

  3. қан тамырлар

  4. лимфа тамырлары

  5. қызылиек

19. Адамның тұрақты тістері … шыға бастайды.

  1. 6-7 жаста+

  2. 6-7 айда.

  3. 2-3 жаста

  4. 9-10 жаста

  5. 7-8 жаста

20. Шықшыт безінің түтігі … ашылады.

  1. ауыз кіреберісіне+

  2. тіласты бүртігіне

  3. тіласты қатпарының шырышты қабығына

  4. жұмсақ таңдайға

  5. меншікті ауыз қуысына

21.Төменгі жақсүйек асты безі … ашылады.

  1. тіласты бүртігіне+

  2. төменгі ерін жүгеншігіне

  3. ауыз кіреберісіне

  4. бадамшаүсті шұңқырына

  5. меншікті ауыз қуысына

22. Ауыз қуысы жұтқыншақпен … арқылы байланысады.

  1. аңқа+

  2. хоаналар

  3. евстахий түтігінің жұтқыншақтық тесігі

  4. көмей кіреберісі

  5. алмұрттәрізді тесік

23. Тілде науашықтәрізді бүртіктер … орналасқан.

  1. шекаралық жүлге мен соқыр тесіктің алдында+

  2. тілдің жиегінде

  3. тілдің ұшында

  4. тіл арқашығының бетінде

  5. тіл денесі мен түбірінің арасында

24.Тіл бадамшасы … орналасқан.

  1. тіл түбірінде+

  2. тіл жиегінде

  3. тілдің денесі

  4. тілдің төменгі бетінде

  5. тілдің ұшында

25. Өңештің бөлігі:

  1. кеуделік бөлік+

  2. бастық бөлік

  3. ауыздық бөлік

  4. ішастар артындағы бөлік

  5. айырықтық бөлік

26. Сыртқы есту өтісінің астында орналасқан сілекей безін атаңыз

  1. шықшыт безі+

  2. еріндік бездер

  3. жақасты безі

  4. тіласты безі

  5. таңдай бездері

27. Жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғаларының арасында … бадамша орналасқан.

  1. жұтқыншақтық+

  2. түтіктік

  3. таңдайлық

  4. тілдік

  5. жекеленген лимфа түйіншелері

28. Тоқ ішектің шажырқайы жоқ бөлігі:

  1. жоғарлаған жиекшек+

  2. сигматәрізді ішек

  3. көлденең жиек ішек

  4. құрттәрізді өсінді

  5. соқыр ішек

29. Асқазан ішастармен … жабылған.

  1. интраперитонеалды+

  2. мезоперитонеалды

  3. экстраперитонеалды

  4. экстра-, мезо- және интраперитонеалды

  5. ретроперитонеалды

30. Пейер түйіншелері … тіннен құралған.

  1. лимфоидтық +

  2. майлы

  3. бұлшықетті

  4. эпителиалды

  5. дәнекерлі

31. Ішектің … бөлігінде пейер түйіншелері орналасқан

  1. мықын ішек+

  2. асқазан

  3. 12-елі ішек

  4. аш ішек

  5. соқыр ішек

32. Аш ішек ішастармен … жабылған.

  1. интраперитонеалды+

  2. экстраперитонеалды

  3. мезоперитонеалды

  4. ретроперитонеалды

  5. экстра-, мезо- және интраперитонеалды

33. Ішек түтігінің … бөлігінде алғашқы рет май ыдырай бастайды

  1. аш ішек+

  2. өңеш

  3. асқазан

  4. 12-екі ішек

  5. сигматәрізді ішек

34. Тоқ ішектің бастапқы бөлігін атаңыз

  1. соқыр ішек+

  2. көлденең жиек ішек

  3. жоғарылаған жиек ішек

  4. сигматәрізді ішек

  5. тік ішек

35. Соқыр ішек ішастармен ... жабылған.

  1. интраперитонеалды +

  2. мезоперитонеалды

  3. ретроперитонеалды

  4. экстраперитонеалды

  5. интра-, мезо- және экстраперитонеалды

36. Ұйқы безінің басын қоршай орналасқан ағза:

  1. он екі елі ішек+

  2. асқазан

  3. көкбауыр

  4. бауыр

  5. бүйрек

37. Ұйқы безінің алдыңғы бетіне жанасып жатқан ағза:

  1. асқазан +

  2. он екі елі ішек

  3. көкбауыр

  4. бауыр

  5. бүйрек

38. Таңдай бадамшасы ... орналасқан.

  1. таңдай-жұтқыншақ және таңдай-тіл доғаларының арасында+

  2. таңдай-жұтқыншақ доғасынан жоғарыда

  3. таңдай-жұтқыншақ доғасының артында

  4. жұмсақ таңдай тілшігінде

  5. тілшікке жақын

39. Жұтқыншақ бадамшасы ... орналасқан.

  1. ауызжұтқыншақта+

  2. мұрынжұтқыншақта

  3. жұтқыншақ күмбезінде

  4. жұмсақ таңдай негізінде

  5. таңдай пердесінде

40. Лимфа түйіндері (Пейер түйіншелері) ... қабырғасында шоғырланып орналасқан.

  1. мықын ішек+

  2. өңеш

  3. асқазан

  4. соқыр ішек

  5. аш ішек

41.Жұтқыншақ аймағында лимфалық-эпителийлік сақинаны ... бадамша бездер түзеді.

    1. 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 1 жұтқыншақтық+

    2. 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

    3. 1 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

    4. 1 таңдайлық, 1 түтіктік, 2 тілдік және 2 жұтқыншақтық

    5. 2 таңдайлық, 1 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

42 ... шоғырланған лимфа түйіншелері орналасқан.

  1. Мықын ішекте+

  2. Асқазанда

  3. Сигматәрізді ішекте

  4. Кеңірдекте

  5. Тік ішекте

Cитуациялық тапсырмалар:

1.Стоматолог-дәрігер ауыз қуысын қарайды. Жұмысқа кіресер алдында тіл

астына тампон салады. Неге бұл манипуляцияны жасайды?

Жауап: Сілекейді азайту мақсатында.

2. Дәрігер-стоматолог тіске пломб салады. Ауыз қуысында слекейдің

жиналуын азайту үшін шықшыт безінің өзегінің тесігін жабу үшін

тампонды қайда салуы керек?

Жауап: Дәрігер тампонды немесе дренаждық трубканы ауыз кіреберісіне салады.

3. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.

Жауап: 10-12 айлық бала

4. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?



Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген

5. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.



Жауап: 10-12 айлық бала

6. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?



Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
Кредит №1

Сабақ №4
1. Тақырыбы: Бауыр, өт қабы, ұйқы безі: құрылысы, функциясы. Құрсақ қуысы. Ішперде туралы түсінік.
2. Мақсаты: Бауырдың, өтқуықтың, ұйқы безінің, ішастар және оның туындыларының құрылысын оқып білу.

3. Оқыту мақсаты: Бауырдың, өтқуықтың, ұйқы безінің құрылысын, голотопиясын, скелетотопиясын, синтопиясын студенттерге оқытып үйрету. Ішастар және оның туындыларын білу.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Бауыр, құрылысы, топографиясы, қызметі.

  2. Өтқуық, құрылысы, топографиясы, қызметі.

  3. Ұйқыбез құрылысы, топографиясы, қызметі.

  4. Ішастар және оның туындылары.

  5. Іш қуысына түсінік беру.

  6. Іш қуысының қабырғаларының құрылысы.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен жұмыс жасау

- ауызша сұрау

- тестілік тапсырмаларды шешу

- кіші топтарда жұмыс жасау
6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау