Мамандығы 1103000 – Кеме жасау және кеме машиналары мен механизімдеріне техникалық қызмет көрсету Біліктілігі



жүктеу 1,52 Mb.
бет15/16
Дата29.01.2020
өлшемі1,52 Mb.
#27622
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)



Біліктілік: 110317 3 - Құрылысшы-техник

Циклдің индексі

(пән)

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, шеберліктер мен дағдылар

Қалыпта сатын құзыреттер коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП. 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.



Білімдер:

- қазақ (орыс) тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруін;



Іскерліктер:

- әр саладағы терминологияны қолданып құжаттар оқуды, диалог жүргізуді;

- өзінің ауызша және жазбаша сөйлесу кемшілігі мен қателіктерін жоюды;

- мамандық бойынша анықтамалық қолдана алуды;


БҚ 1

БҚ 3


БҚ 9


ЖГП.02

Кәсіби шетел тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық орамдар мен терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіптік сөйлесу, сөйлесу, тыңдап түсінуді, оқу мен жазу, ауызша және жазбаша аудару, тыңдап ауызекі тілді түсіну міндетті деңгейлерін білу.



Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды;



Іскерліктер:

- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);

- шет тілінде қатынас жасаудың қарапайым іскерлігін игере алу;


БҚ 1

БҚ 3


БҚ 9

ЖГП.03

Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы; дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің негіздері; салауатты өмір сүруді анықтайтын себептер; жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық негіздері; кәсіби-қолданбалы іс-жүзінде қолданылатын дене дайындығы – дене тәрбиесінің бағыты мен қажеттілігі.



Білімдер:

- салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу;

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін;

Іскерліктер:

- спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдана алу;

- денсаулығын нығайту және өздігінен жетілу үшін дене шынықтыру жөнінде алған білімін қолдану;


БҚ 10

ӘЭП 00

Әлеметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП.01

Мәдениеттану

Дүниежүзілік және отандық мәдениет. Қазақстан мәдениетінің тарихы. Дінтану негіздері. Мәдениет түсінігі; мәдениет пен өркениет;

қазіргі кездегі мәдениет. Қазақстан территориясын мекендейтін халықтар мәдениеті. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениеттер мәдениеті. Тайпалық одақтар мен ІХ-ХІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының ортағасырлық мәдениеті. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдениеті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Ресей империясының құрамындағы отарлық жағдайдағы (ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы және ХХ ғасырдың басындағы) Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан революция мен Кеңес өкіметінің орнау жылдарында. 20-30 жылдардағы мәдени құрылыс. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғылым, халыққа білім беру, әдебиет пен өнер. 40-жылдардың ортасы мен 80 жылдардың басына дейінгі Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мәдениеті мен ғылымы. Дін-қоғамдық құбылыс ретінде. Діннің мәні мен рөлі. Діннің пайда болуы мен оның тарихи түрлері. Христиандықтың негізгі тарихи жағдайлары. Қазақстан территориясындағы христиандық қоғамдар. Ислам.


Білімдер:

- негізгі түсініктерді,

- түсініктер: конфуцианство, даосизм, Қытай өнерін;

- үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін;

- түсініктер: Ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Аллах, Мекке;

- христиан дінінің негізгі принциптерін және оның құндылықты бағытын;

- Франция мәдениетін: Ашель мәдениетін, проманьондықтарды, галдарды, франктарды, әдебиетті, философияны;

- көшпенділердің өмір сүру дағдысын және құндылықтар жүйесін;

- орта ғасыр кезеңіндегі қазақ этносының мәдени негізі туралы білімді қалыптастыруды;

- түрік-араб мәдениетінің орта ғасыр Қазақстан мәдениетіне тиген әсерін білу.



Іскерліктер:

- дүниежүзілік мәдениет тарихының негізгі кезеңдерін және олардың өркениет мәдениетін аша білу;

- мәдени мұраны пайдалану;

- мәдениеттану түсініктерін еркін қолдана алу;

- көшпенділер мәдениетінің материалды және рухани өзгешелігін көрсете алу;

- діннің пайда болуы мен оның тарихи түрлерін талдай алу.



БҚ 3

БҚ 4


ӘЭП.02

Философия негіздері

Философия пәні, әлемдік философиялық ойдың негізгі елеулі кезеңі. Адам табиғаты және оның қалыптасу мәні.

Адам және Құдай. Адам және Ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі. Адамзаттық ұғым және әрекет. Ғылым және оның ролі. Адамзат жаһандық проблемалар алдында


Білімдер:

- философиялық ойдың негізгі елеулі кезеңі. Адам табиғаты және оның қалыптасу мәні.

Адам және Құдай. Адам және Ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі. Адамзаттық ұғым және әрекет. Ғылым және оның ролі. Адамзат жаһандық проблемалар алдында.

Іскерліктер:

- биологиялық және әлеуметтік, дене және рухани бастамаларындағы адам іс-әрекетін, оның сана мәнін, саналы және санасыз әрекеттерін анықтай алу;

- қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастар нормаларын реттей алу.


БҚ 3

БҚ 4


ӘЭП.03

Саясаттану мен әлеуметтану негіздері

Пәні, негізгі түсініктері мен категориялары. Саяси ойдың тарихы мен қазіргі кездегі саяси мектептер. Саясат. Саяси билік. Демократия билікті жүзеге асыру түрі ретінде. Саяси жүйе. Мемлекет оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде. Саяси партия мен партия жүйесі. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Саясат жүйесіндегі адам. Саяси қызмет: мәні мен мақсаты; саяси қызметтің құралдары мен әдістері; тоталитарлықтан демократиялық қоғамға өтудің өзекті мәселелері. Сыртқы саяси қызмет пен әлемдік саяси үрдіс.




Білімдер:

- заңдылықтарды әлеуметті тұрғыда түсіну туралы түсінікті;

- әлеуметтік құрылымдар туралы түсінікті, әлеуметтік жіктелуді, әлеуметтік әрекеттестікті;

- тұлғаның әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерін, реттеу формаларын білу



Іскерліктер:

- әлеуметтік өзгешеліктер мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және басқа факторларын дамыту;

- билік мәнің, саясат субъетілерін, саяси қарым-қатынастар мен үрдістерді (Қазақстанда және әлемде) ашып білу;

- саяси жүйелер мен саяси тәртіптер туралы түсінікті қалыптастыру.



БҚ 3

БҚ 4


ӘЭП.04

Экономика негіздері:

Мақсаттары, негізгі ұғымдары, мәні, қағидалары. Меншік нысаналары мен түрлері. Жоспарлар түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлауы. Жоспарлардың экономикалық негіздеулерінің және болжауларының әдісі. Бизнес-жоспарлау. Экономикалық талдау. Халық тұтынатын тауарлар нарығының және қызметінің жағдайын талдау.



Білімдер:

- экономикалық теорияның негізгі ережелерін;

- елде және шетелдегі экономикалық жағдайларды;

- макро және микроэкономиканың, салықтық, ақшалай-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясат негіздерін.



Іскерліктер:

- нарықтық бағаның қалыптасу механизмдерін сипаттауды;

- өзінің кәсіптік қызметін бағдарлау үшін қажетті, экономикалық ақпараттарды табу және пайдалануын.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 4

БҚ5


БҚ7

ӘЭП.05

Құқық негіздері:

Құқық, ұғым, жүйе, дерек-көздер. Қазақстан Республикасы Конституциясы – құқықтық жүйесінің өзегі. Адам құқығының жалпылай декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.



Білімдер:

- адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі, оларды жүзеге асыру механизмі;

- кәсіптік қызмет саласында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды білу.

Іскерліктер:

- жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетін қорғай алу;

- маманның кәсіптік қызметті реттеуші, нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдана білу.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 4

БҚ5


БҚ7

ЖКП. 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖГП.01

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Пәннiң мазмұны, оның мақсаттары. Iс қағаздарын жүргiзуде әртүрлi лингвистикалық сөздiктердi қолдану. Мекемелерде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Техникалық сөздiктердiң ерекшелiктерi.

Кеңсе құжаттарын жүргізу негізі. Ұйымдастыру, реттеу, құқықтық, ақша-финанс-есептік, және анықтамалық құжаттары.

Қызметтік хаттар жазудың негізгі әдістері.

Автоматты басқару жүйесін іс қағаздарын жүргізуге пайдалану.

Құжаттар жинағы туралы түсінік. Жазба құжаттарының алғашқы және күрделі жинақтары.

Құжат қорлары туралы түсінік. Iс қағаздарын сақтауды қалыптастыру.

Архив. Мемлекеттік және мекеме архивтері.

Ұлттық архив қоры.


Білімдер:

- пәннің мазмұны мен мақсатын;

- техникалық және лингвистикалық сөздiктер түрлерiн;

- ақпараттық және iс құжаттарының жіктелуін;

- қазiргi кезде iс қағаздарын жүргiзу стандарттарына қойылатын талаптарды;

- құжаттар формуляры және олардың бөлiктерiн;



Іскерліктер:

- әртүрлi құжаттарды жіктеуді;

- құжаттар формулярын толтыруды;

- әкiмшiлiк-ұйымдастыру құжаттарымен жұмыс жасауды;

- архивтiк құжаттардың текстiлерi үлгiлерiн талдауды;

- архивке құжаттарды дайындап, сақтауға тапсыруды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ 5.

БҚ 7


БҚ 9

ЖГП.02

Инженерлік графика

Геометриялық сызу; сызбалардың орындалу ережесі; геометриялық құрылым және деталдардың техникалық контурларын сызу ережелері; проекциялық сызу; техникалық сурет салу; конструкциялық құжатнамаларды рәсімдеу және әзірлеудің ережелері; машина жасаудағы сызу; сызбалардағы кескіндер катергориясы; инженерлік графиканың құралдары; мамандық бойынша бұйымдардың сұлбалар мен сызбаларын орындалу тәсілдері және әдістері; көркемдік конструкциялаудың элементтері; графикалық ақпаратта бейнеленген техникалық құралдар туралы негізгі ұғымдар; компьютерлік графикалы жүйелер туралы ұғымдар;



Білімдер:

- геометриялық және проекциялық сызудың тәсілдері мен ережелерін;

- конструкторлық және технологиялық құжаттарды оқу және рәсімдеу, құрастырудың негізгі ережелерін;

- графикалық тапсырмаларды шешудің әдістерін;



Іскерліктер:

- нобай мен көшірмелер арқылы тұтас көріністің сызбаларын, бөлшектер сызбасын орындауды;

- конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеуге арналған қолданбалы программалардың пакеттерiн қолдануды;


БҚ 6

БҚ 9



ЖГП.03

Техникалық механика

Теориялық механиканың негіздері; статика; күштердің жазықтық және кеңістік жүйелері; кинематика; нүкте және қатты дененің кинематикасы; динамика; күштер инерциясы; үйкеліс; қуат және жұмыс; материалдар кедергілері; ішкі және сыртқы күштер; қиманың әдістері; созылу және қысылуы; жаншылу мен кесіктер есебі; бұралуы; иілуі; беріктік пен қатаңдығын есептеу; нүкте күйіндегі кернеулігі; эквивалентті кернеулік күйі; беріктілік гипотезасы және оларды қолдану; кедергінің қажуы; қысылған сырықтың беріктігі; машиналар мен механизмдер бөлшектері; жазықтық механизмдері; біліктер мен осьтер; осьтер мен біліктер тірегі; муфталар; машиналар бөлшектерінің қосылысы; конструкция элементтері; машиналар мен механизмдер сипаттамасы.



Білімдер:

- теориялық механиканың аксиомалары мен негізгі ұғымын;

- статика, кинематика, динамиканың негізгі ережелерін;

- машина бөлшектерін беріктікке, қатаңдыққа, орнықтылыққа есептей алуды;

- материалдарды сынау әдістері мен тәсілдерін;

- механизмдердің негізгі түрлерін, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамасын; Іскерліктер:

- қозғалыс нүктесінің параметрін және оның жылдамдығы мен үдеуін есептеп шығаруды;

- тәжірибелік жұмыстарда бөлшектердің өзгеру мүмкіндігін анықтауды;

- машиналар бөлшектерін қосып жалғауды;



БҚ 6

ЖГП.04

Электротехника және электроника

Электротехника: электр өрісі; электромагнетизм; электр өлшемдер; ауыспалы және тұрақты ток электр машиналары; трансформаторлар; электр қуатын беру және тарату; қуатсақтаушы технологиялар; құрылыс алаңшасындағы электрқауіпсіздік;

электроника: электрониканың физикалық негіздері; электрон күшейткіштер; электрон генераторлар мен өлшеу аспаптары; автоматика мен есептеу техникасының электрон қондырғылары; микропроцессорлар мен микро-ЭЕМ.


Білімдер:

- тұрақты және айнымалы токты электр тізбегін;

- электржетек негізін;

- құрылыс алаңшасын электрмен қамтамасыз ету негізін



Іскерліктер:

- электрон түзеткіш және тұрлауландырғышты қоя алуы;

- электрон аспаптарды жөндей алуы;

- қуатсақтау технологиясын есепке ала отырып құрылыс алаңшасында электржабдықты қолдана білуі.



БҚ 5

БҚ 6



ЖГП.05

Материалтану

Материлтанудың физика химиялық негіздері; құрылымдық материалдар; ұнтақ және композициялық материалдар; қоспалы болаттар; металлкерамикалық материалдар; түсті металл қорытпалары; металл коррозиясы және онымен күресу әдістері; пластикалық массалар; резеңке, ағаш, желімделетін, лаксыр және бейорганикалық материалдар.



Білімдер:

- материалдың құрылысы мен қасиетін;

- материалдың көрсеткішін өлшеу және қасиетінің әдістерін

Іскерліктер:

- кесу арқылы металды өңдеуді орындауы;

- материалды өңдеуде электр әдістерін қолдануы.


БҚ 5

БҚ 6



ЖГП.06

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Метрология: негізгі ұғымдар мен анықтамалар; өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ететін метрологиялық қызметтер; мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау. Стандарттау: сапаны басқару және стандарттау облысындағы негізгі терминдер мен анықтамалар; өнімді сынау және бақылау; сапа жүйелері.

Сертификаттау: сертификаттау жүйелері; машина жасаудағы дәлділік; шектер және қондыру жүйелері; техникалық өлшеулер.


Білімдер:

- стандарттау, сертификаттау және метрологияның міндеттерін, маңызын, принциптерін, объектілерін, субъектілерін, әдістерін, құқықтық негіздерін;

- халықаралық және аумақтық стандартттардың құрылымын;

- ҚР МЕСТ сертификаттау жүйелерін;

Іскерліктер:

- өлшеуіш құралдарын дұрыс таңдап, оларды қолдана білуді;

- сапа жүйесіндегі құжаттарды қолдануын


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 9


ЖГП.07

Дәнекерлеу өндiрiсі

Электрмен дәнекерлеу түрлерiнiң сипаттамасы және классификациясы; электрмен дәнекерлеудiң физикалық мәні; пiсiрілген жерді орныны келтіру процесi; пісіру доғаның қоректену көздерi; пісіру кезіндегі металлургиялық процесстер; электрод сымдары; электродтар; қолмен электр доғасымен дәнекерлеу; автоматты және жартылай автоматты флюс арқылы доғалық пiсiрулер және байқатпайтын газдардың ортасында; контактылы пiсiру; металдардың газбен пiсiру және кесу; әр түрлi қорытпалар мен кеме конструкцияларын дәнекерлеу; пластмассаларды дәнекерлеу; дәнекерлеудiң қалған түрлерi; пісірудегі кернеулер және деформация; пiсiрілген жердің сапасын тексеру;



Білімдер:

- пісірудің қолдану облысын, негізгі ерекшеліктерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін;

- пісірудің металлургиялық процесстері туралы мағлұматтарды;

- пісірілетін материалдардың негізгі қасиеттерін;

- электродтарды сылау маңызын және қасиеттерін;

- пісірілген жапсармаға қойылатын талаптарды



Іскерліктер:

- қолмен оттегімен кесуді орындай алуын;

- пісіру тәртібінің параметрлерін таңдауды, орнатуды және түзетуді;

- пісірілген түйіндер мен конструкциялардың сапасын көз мөлшерімен тексеріп отыруды;



БҚ 5

БҚ 6


БҚ 9


ЖГП.08

Кемелердің жалпы құрылысы

Адам және теңiз; кеме жасау саласы және кеме жасау ғылымын дамыту; теңіздегі кеме қатынасының тарихы және географиясы; кеме шаруашылығына жүзудiң шарттарының ықпалы және су жолдары; кемелер классификациясы және техникалық құрылыстар; Дүниежүзілiк мұхиттiң қорларын игеру құралдары және кемелер түрлерi; кемелерді жобалау, құру, жөндеу, пайдалану және пайдаға асыру; теңiз бен өзен техникасының құралдары және кемелер энергетикасы; функционалды жүйелер, құрылым және жабдықтар;

ақпаратты-өлшегіш бағдарлаушы жүйелер; кемелерді автоматтандыру және техникалық құралдар; қоршаған ортаны қорғау;


Білімдер:

- кеме шаруашылығы, кеме жасау, кеменің құрылысы және жүйелері туралы жалпы мағлұматтарды;

- кемелер классификациясын және олардың қолданысын, негізгі сипаттамасын, ең басты белгілерін;

- функционалды құрылымдар және жүйелердiң жұмысын жөнге келтіру ережелерін;

- теңіз және өзен техникасының негізгі түрлерін, типтерін, әрекет ету принциптерін, қолдану облысын, пайдалану ерекшеліктерін;

Іскерліктер:

- кемелер құрылымы мен жүйелерінің негізгі элементтерін есептей алуды;

- кемелерді құру және жөндеуде қазіргі заманғы әдістерді қолдануын;


БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


КҚ 3.17.5

КҚ 3.17.8



ЖГП.09

Экономика саласы

Өндiрiстiк экономиканың негiздерi. Кеме шаруашылығы – кәсiпкерлiктiң материалдық базасы және объектiсі ретiнде. Кадрлар, еңбек өнiмдiлiгi және еңбек ақысы. Кеме жасау кәсіпорнының пайдасы, рентабелдігі және табысы. Кеме жөндеу жұмыстарының өзіндік құны және кәсіпорын шығыны. Өндiрiстiк тиiмдiлiгiн өсiру. Кеме жасау кәсіпорын қызметінің техникалы-экономикалық көрсеткiштерi және олардың құрылымдық бөлімшелері. Кеме жасау саласының кәсіпорындағы жоспарлау негіздері. Нарықтық жағдайдағы жоспарлаудың маңызы. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру. Ойлап тапқыштық және рационализациялау ұйымы. Кәсiпорын мен шаруашылықты басқарудың негiздерi.



Білімдер:

- кеме жасау кәсiпорны қызметiнiң көрсеткiштерiн;

- жоспар түрлерін және оларды әзірлеу принциптерін;

- жылдық және ағымдағы жоспарды әзірлеу үшін бастапқы деректерін;

- еңбекке және еңбекақы бойынша көрсеткiштердiң құрылымы және олардың бағасының белгiсiн;

- калькуляцияның жеке баптарын есептеудiң әдiстерiн;



Іскерліктер:

- кеме жөндеудегі шығынның өзiндiк құнын анықтауды;

- еңбектiң өнiмдiлiгiн есептей алуды;

- күрделі және кезектегі жөндеулер калькуляциясын құрауды;

- кәсiпорынның, өнімнің рентабелділігін, пайданы есептеп шығаруды;

- оперативтік жоспардың көрсеткіштерін есептеуді және олар арқылы практикалық шешім қабылдауды.



БҚ 1

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

КҚ 3.17.7



ЖГП.10

Менеджмент

Менеджменттің негізгі ережелері, оның мәні; қазіргі менеджметтің сипатты ерекшелігі; менеджмент инфрақұрылымы және циклы; басқару жүйесінің элементтері; тиімділік; басқару: функциялары, ұйымдары, құрылымы, принциптері мен тәсілдері, мотивация; басқару процесіндегі реттеу және бақылау: түрлері, кезеңдері; менеджер жұмысын ұйымдастыру және имидж; басқару стилі; еңбек ұжымын басқару; еңбекті ұйымдастыру; басқарушылық шешім қабылдау: оның мазмұны және түрлері; шешімді шығару мен орындаудың дайындық кезеңдері; оптимизация әдістері.



Білімдер:

- кәсіпорынды басқару функциясын;

- еңбек ұжымының құрылымын;

- басшының жеке, іскерлік және психологиялық қасиеттерін;

- іскерлік қатынастағы тәртіпті;

- ұжымдағы жұмыстың әдістері мен принциптерін



Іскерліктер:

- басқару процесін реттеуді және бақылай алуды;

- менеджер жұмысын ұйымдастыру және имидж қалыптастыруды;

- еңбек ұжымын басқаруды;

- басқарушылық шешім.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7


ЖГП.11

Еңбектi қорғау

Адамдағы келеңсіз факторлардың әсерi; жарақаттайтын және зиянды факторларды теңестiру; техникалық жүйелер мен технологиялық процестердің қауiп-қатерлерiнен қорғану құралдары және әдiстері; экобиоқорғайтын және өртке қарсы техникалар; кәсiпорындағы еңбектi қорғаудың құқықтық, нормативтiк және ұйымдастыру негiздерi; еңбектi қорғаудағы материалдық шығындар; кәсiби қызметтiк саласындағы қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi;



Білімдер:

- еңбектің қорғаудың жалпы нормаларын;

- технологиялық процестердің қауіпсіздігін;

- кәсіпорындағы жарақат алудың себептерін;

- өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы жалпы мағлұматтарды;

Іскерліктер:

- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша білімді тәжірибеде қолдануын;

- қорғанудың жеке құралдарын пайдалануды;

- өндірістік жарақат кезінде көмек көрсетуді



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


КҚ 3.17.1

КҚ 3.17.2

КҚ 3.17.5



АП 00

Арнайы пәндер

АП.01

Кеменiң теориясы

Сұйықтың гидростатика және кинематикасының негiздерi; сұйықтардың қасиеттерi; гидростатикалық қысымның күштерi; жабысқақ сұйықтықтың ламинарлық және турбулент қозғалысы; кеменiң статистикасы туралы ұғым; кеме корпусын көрсетілу әдістерін және коэффиценттері, теориялық сызбалар; есептеулер жуығы; жүзгiштiк; жүзгiштiктiң қоры; бастапқы орнықтылық; кеме динамикасының ұғымдары; жүргiштiк; басқарылу; шайқалыс; кемені түсіру теориясы; ерекше кластағы кемелердің теориясы туралы ұғым; гидродинамикалық принциптерді қолдайтын кемелер; су асты окенотехниканың теориясы; сүңгуір қайықтардың негiзгi теориясы.



Білімдер:

- кеменің гидромеханика, статика және динамикасының негізгі заңдарын;

- кемені отырғызудың принциптерін;

- үлкен бұрышта қисаятын статикалық және динамикалық орнықтылықтың негiздерiн;

- орнықтылықты мөлшерлеу тәсілдерін;

- суға баттырмау үшін күресудің принциптерін;

- кеменiң қозғалысына ортаның қарсылығын;

- мұзды жағдайдағы кемелер қозғалысының үлгісін;



меңгереді:

- кеме жасаудағы сызбалар мен схемаларды оқи алуын;

- кеме қозғағыштарын сипаттауды;


БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 8


КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4




АП.02

Кеме корпусының конструкциясы

Кеменiң корпусы және оның элементтерi, терминдер және анықтамалар, қойылатын талаптар; корпустық конструкцияның пішіні мен өлшемдерін таңдау; кеме конструкциясының рационалды корпустарын жасаудың негізгі принциптері; кемелерді жобалаудағы классификациялық ұйымдар мен кеме шаруашылығының теңiздегi регистрiнiң рөлi; қазiргi заман кемесін жасауда қолданылатын материалдар және профилдер;

тіреулер мен кеме корпусының жүйелер жиынтығы; штевенлердiң ерекшелiгі және түрлерi; корпусты конструкциялардың технологиясы;


Білімдер:

- кеменің әр түрлi түрiнiң конструкциялық ерекшелiктерi бойынша әзірлемелерін;

- қазіргі заман және болашақты кемелердің техникалық сипаттамасын;

- сыртқы қаптамалар, түптiк, бүйiрлі және палубалық жабындар, палубалық ойықтар конструкциясын;

- кеменің тұмсықты және артқы жағының шетін, бойлық және көлденең тасалаудың, рубкалар мен қондырмалар конструкциясын;

Іскерліктер:

- кеменің таңдап алынған түріне жалпы деректерін және жүйелеп баяндауды;

- кеменiң жазық және көлемдi секцияларын құрастыруды;


БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 8


КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4





АП.03

Кеменің берiктiгi және жобалау

Серпiмдiлiк теориясының негiздерi: ережелері, принциптері; корпусты конструкцияның орнықтылығы және дәлдiк проблематикасы; берiктiк теориясы; кемені жобалаудағы есептеу принциптері; құрылыс механикасының негiздерi; сыртқы жүктемелер, деформация, кернеу; кемелі жабындарды жобалау (сыртқы қаптамалар, түптiк, бүйiрлі және палубалық жабындар, тасалар мен қалқалар); кеменің жабындарын берiктікке есептеу; арқалықтар және пластиналардың орнықтылығы және бағалау принциптерінің есебi; берiктiк есебін орындаудағы ЭЕМ; кеме корпусының шегіне жеткен күйі бойынша берiктік бағасы; кеме корпусының жалпы және жергiлiктi тербелу туралы ұғым;



Білімдер:

- берiктiк және сенiмдiлiк бойынша теңiз және өзен техникасын жобалаудың негiздерiн;

- кеме жабындарын жобалау әдістерін;

- алдын-ала беріктік, қаттылық және орнықтылықтың есептері туралы мағлұматтарды;

- кеменің корпусты констукциясын және оларды жобалаудың негіздерін;

Іскерліктер:

- қолдаңбалы бағдарламалар қолданысымен қамтылатын кемелер мен басқа да теңіз техникасының корпустарын жобалаудағы типтік, беріктік және басқа есептеулерді орындауын;




БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 8


КҚ 3.17.1

КҚ 3.17.2

КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4

КҚ 3.17.5

КҚ 3.17.6




АП.04

Кеме құрылғысы және жүйелері

Құрылғылар классификациясы (басқару тұтқасы, зәкiр, арқандап байлағыш, буксирлі, жүк таситын, кәсiпшiлiк); құтқарушы және арнайы құрылғылар; кеме жүйелерi автоматикасының элементтерi; құбырлардың гидравликалық есебiнiң негiздерi; трюмдiк және балласт жүйелерi, өртке қарсы, жасанды микроклимат, ағынды және тұрмыстық сумен жабдықтаудың, қысылған ауа мен газдар, төкпелі кемелердің арнайы жүйелерi; суық құрылғылардың жүйелері; кеме палубалық механизмдерi мен құрылғылардың қысқаша сипаттамасы; механизмдер өзгешелігі және кеме жүйелерiнiң арматурасы;



Білімдер:

- кемені сумен жанармай, азық-түлік және материалдық техникалық, оларды арналастырып, сақтау нормаларын;



  • кеменің басты механизмдері мен құрылғыларын, қозғалтқыштарды пайдалану техникасын;

  • кеме механизмдері мен құрылғыларын, басты қозғалтқышты жөндеуді;

- дизель мен қозғалтқыш карбюраторының қоспажасауын;

- ІЖҚ қуаты мен үнемділігін;

- ішкі жану қозғалтқышының жұмыс үрдісін (төрттактілі және қостактілі қозғалтқышты);

- ауа артықшылық коэффициентін;

- қозғалтқыш үнемділігін;

- қуатының өсу жолын;

- отынның үлестік шығынын;

- біртекті қоспаны алу тәсілдерін;

Іскерліктер:

- кеменің жалпы құрылғысын;

- кеме палубалық механизмдердің артықшылығы мен кемшіліктерін және негiзгi техникалық сипаттамасын;

- жүйелер классификациясын және олардың құрастырымдық элементтерiн;

- кеме жүйелерін жобалаудың ретін.


БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

КҚ 8


КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4




АП.05

Кеменің энергетикалық қондырғылары

Кеме энергетикалық қондырғыларының міндеттері, классификациясы, құрамы және көрсеткiштері (КЭҚ); ең басты кеме берiлістері және муфталар; кеменің білік өткiзгiшi; КЭҚ жүйелері; дизелді, парлы және газтурбиналы, электрлі энергетикалық, қосалқы КЭҚ; электрлік қондырғылармен басқару (ЭҚ) және олардың кемеде ЭҚ орналастыру, автоматтандыруы; қоршаған ортаны қорғайтын кеменің құралдары;.



Білімдер:

- кеме энергетикалық қондырғыларының (КЭҚ) құрылғысын және әрекет ету принциптерін;

- электрлік қондырғылардың түр өзгешелігін;

- КЭҚ пайдалану ережелерiн;



Іскерліктер:

- ЭҚ басқарудың схемасын жинауды және оқи алуын;

- қосалқы КЭҚ-ның сипатты ақауларын жоюды.


БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

КҚ 8


КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4




АП.06

Кемелерді жөндеу және құрылыс технологиясы

Кеме жасайтын кәсiпорындардың классификациясы және құрамы; кеменiң құрылысының өндiрiстiк процестерi; техникалық мөлшерлеудiң негiздерi; плаздың міндеттері мен түрлері; плазбен бөлу құрылысы; корпусты цехтар жұмыстарын плазбен қамтуын және бөлшектердiң өлшемдерiнiң анықтау; корпусты өңдеуші цехтар; жалға беру қоймасы; құрастырушы- дәнекерлегiш цехтар; құрылыстық орындағы құрылыстың әдiстерi және кеме корпусын құрастыруының тәсілдерi; суға кемелерді түсiру; монтажды-салып бiтiретiн жұмыстар; кемелерді өткізу және сынау; кеме жөндейтiн кәсiпорындар және кеме жөндеуші ұйымдар; кеме жөндеудiң түрлер және әдiстерi; энергетикалық қондырғыларын жөндеудің, кеме құрылғылары мен жүйелерiнiң негiздерi; докке кеменiң қойылуы; корпустардың пайдаға асыру, корпустың дефектациясы, жөндеуi



Білімдер:

- Кемелік технологиялық

тоңазытқыш қондырғылары.

- кеме корпустарын жасау саласындағы жаңашыл жетістіктерді;

- пайдаға асатын кеме құрылғыларының конструкциясы мен жұмыс принциптерін;

- түйіндер, секциялар, блоктарды дәнекерлеу мен құрастырудың технологиялық процестерін;

- монтажды-салып бiтiретiн жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздік талаптарын;

- еңбек процестерін мөлшерлеудің әдістемесін;

Іскерліктер:

- жалға берудi алдын ала өңдеуiн, бөлшектердi белгiлеу және таңбалауды, жылулық кесудi, механикалық өңдеудi, икемділік, бөлшектердi iрiктеп жинақтауды, бөлшектердi өңдеудiң технологиялық маршруттарын орындай алуды;

- корпусты конструкциялардың дәнекерлеу мен құрастыруын жүзеге асыруды;

- су өткiзбеушiлiк және герметикалығына конструкцияны сынақтан өткізуді;



БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 8


КҚ 3.17.1

КҚ 3.17.2

КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4

КҚ 3.17.5

КҚ 3.17.6




АП.07

Кемені жөндеудегі және кеме жасаудағы технологиялық процестерді механикаландыру мен автоматтандыру

Өндiрiстiк процестердiң автоматтандыру және механикаландыру анықтамалары және негiзгi ұғымдары (автоматиканың элементтері және құрылғысы, теориясы); икемді өндiрiстiк жүйелер (ИӨЖ) және робототехникасы; басқарудың автоматтандырылған жүйелерi (БАЖ ); өндiрiстiң плазалы-технологиялық дайындығын автоматтандыру; кеме корпусының блоктерi мен секцияларын, бөлшектерін, түйiндерін жасауын автоматтандыру және механикаландыру; құрылыстық орында кеме корпусының құрастыру бойынша жұмыстарын механикаландыру; кеме жөндеудегі техникалық процестердi механикаландыру және автоматтандыру;



Білімдер:

- өндiрiстiк процесстердi механикаландыру және автоматтандыру құралдарын;

- корпус бөлшектерін жүйеге келтіру мен стандарттау есебімен кемені құру және жөндеуге арналған автоматтандыру және механикаландыру құралдарын таңдап алудың әдiстерiн;

Дағдылар:

- кеме жүйесiнiң құбырларын, корпусты кемені салудың номенклатуралар бұйымдарын даярлауды;

- кеме бөлмелерінің жабдығы мен өңдеу процестерін механикаландыруын қалыптастыруды;

- кеменің су асты бөлiгiн тазарту мен бояуын механикаландыруды орындай алуын.



БҚ 1

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 8


КҚ 3.17.3

КҚ 3.17.4




ӨО және КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика




ӨО. 00

Өндірістік оқыту

ӨО. 01

Оқу практика Оқу слесары машина құрылыс сызбасының негізі

Олшеуіш құралдары және олшеу техникасы

Олшем белгісінің турлері. Иілгіш шойынның бетін шабу, кесу, түзету және

Жоғары бөлігін егеу. Орау және зенкрлеу. Станокта металддарды егеу, жылтырлығын арттыру. Жалпы слесарлық жұмыстар

Станоктық практика металл кескіш станокта токарлық фрезарлық және т.б жұмыстарды жүргізу..

Дәнекерлеу

Металдарды термиялық жолмен қайта өңдеу және газбен және электрмен дәнекерлеу



Іскерліктер:

- слесарлық құрал – жабдықтармен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін білу

Дағдылар:

- техникалық жөндеу құрылғыларында жұмыс істеу;

бөлшектерге слесарлық тазалау жұмыстарын жүргізу;

кеменің жөндеу механизмдері мен жүйелеріне техникалық қызмет корсету



КК 3.17.1 -3.17.7

ӨО.02

Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеудегі жұмыстар.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау. Техникалық қызмет көрсету. Кеме техникасының техникалық жағдайымен таныстыру. Кеменің бас қозғалтқыштарын, жанама механизмдерін, техникалық құралдарын. Электр жабдықтарын,қозғалтқыштарын, рөл құрылғыларын, жүзу приборларын, кеме жүйесінің аппаратураларын жөндеудің тәсілдерін меңгеру.

Кеме техникасына қызмет көрсету түрлері, кезеңдері және техгологиясымен таныстыру және оларды жөндеу. Механизмді реттеудің жаттығулары. Реттеу сапасын бақылау. Кеме техникасының бұзылған жерлерін жөндеу. Тексеру жұмыстары.


Іскерліктер:

- кеме техникасына техникалық қызмет көрсету барысында техникалық қауіпсіздік ережесін білу.



Дағдылар:

- кме бөлшектеріне майлау жұмыстарын жүргізу. Кеме техникасына қызмет көрсету. Кеменің бұзылған жерлеріне жөндеу жұмыстарын жасай білу



КК 3.17.1- 3.17.7

КП. 00


Кәсіптік практика

КП. 01

Арнайы технология практикалық іскерліктерін дамытып арнайы моторшы іскерлігін дамыту. Колледждегі теориялық білімдерді бекіту. Ондірістен тәжірибе алу және кеме жұмысын ұйымдастыру.кеме корпусының нұскауын және кеме қондырғысының жүйесін білу.кеменің бас және қосалқы қозғалтқыштарының оқып уйрену және оларды дұрыс экплутациялау , кеменің электро энергия көздерін оқып үйрену.кеменің әр түріне қызмет көрсету және экплутациялау, ақауларын тауып жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Іскерліктер:

- өндірістік практика барысында өз білімін дамытып бекіту керек. өндірістік кісіп түрінің барлығына өз іскерлігімен дағдысын көрсету керек, сонымен қатар механик кеме кестесіне байланысты жұмыстарды және тұрақтағы вахталы қызмет дағдысын және дабыл қағылгандағы жұмысты жақсы білу керек.



Дағдылар:

- Механиктің іскерлігімен тәжірибесі мол болу керек.



КК 3.17.1- 3.17.7

КП.02

Диплом алды

Кеменің әр түрлі жүзу щарттарына байланысты энергияны басқару және қондыру. Кеме жұмыстарын жүргізу барысында жеке құрамды басқару. әт түрлі жағдайларға байланысты дабыл қағылғанда, есептік жұмыстарды енгізу,техникалық жөндеу құжаттарын және вахталық машиналық жорналды басқару сиакты жұмыстарды қоса жүргізу. Нормативтік құжаттармен және техникалық технологиялық құжаттармен жұмыс.кемеде техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтай және теңіздегі айналаның ластануын болдырмау.



Іскерліктер:

- эксплутациялау, қызмет көрсету, кеменің булы және дизельді қондырғыларын жөндеу,

Көмекші механизмдерін жөндеу, жүйелермен қондыргылар, сонымен қатар насос жүйесін және басқару қондырғыларын; әр түрлі кемелердіэкплутациялаужәне техникалық қызмет көрсету жәнежөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

Дағдылар:

- өрт сөндіру құлардарымен жүйелерін қолдану.жеке және ұжым мен бірге құтқару жұмыстарын жүргізу, кеменің жұмысқа жарамдылық мерзімін арттыру.



КК 3.17.1-3.17.7

жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау