ІҮ
|
Word текстік редакторы ( 14сағат)
|
|
|
15
|
Word текстік редакторы. Текстік енгізу, бөліп алу, сақтау, ашу, жабу.
|
1
|
Практикалық
|
Қазақ тілі
|
|
16
|
Құжатты форматтау: тексті форматтау және тексеру ережесі, тексті жаңа жолдан бастау. Текстке беттер қою. Сызғыш.
|
1
|
Практикалық
|
17
|
Word текстік редакторына стильді пайдалану. Стиль көмегімен форматтау. Стильді құру және редакторлеу.
|
1
|
Практикалық
|
18
|
Колонтитулдар. Текстің тарауларын қою.
|
1
|
Практикалық
|
19
|
Текстің қосымша мүмкіндіктері: ескертулер, белгілеулер және т.б.
|
1
|
|
20
|
Текстпен практикалық жұмыс жасау.
|
1
|
Практикалық
|
21
|
Текстпен практикалық жұмыс жасау.
|
1
|
Практикалық
|
22
|
Кестелерді салу және қою. Автоматты түрде форматтау.
|
1
|
Практикалық
|
23
|
Кестеге текстті енгізу және редакторлеу. Кесте элементтерін өшіру және қою. Ұящықтар мен бағандардың өлшемін қою.
|
1
|
Пактикалық
|
24
|
Кестеге текстті енгізу және редакторлеу. Кесте элементтерін өшіру және қою. Ұяшықтар мен бағандардың өлшемін қою.
|
1
|
Практикалық
|
25
|
Кестеде есептеулер жүргізу.
|
1
|
Практикалық
|
26
|
Кестелермен практикалық жұмыс жасау.
|
1
|
Практикалық
|
27
|
Word текстік редакторының параметрлерін өзгерту арқылы қалыпты жағдайға келтіру.
|
1
|
Практикалық
|
28
|
Word текстік редакторының параметрлерін өзгерту арқылы қалыпты жағдайға келтіру.
|
1
|
Практикалық
|
Ү
|
Документке графиктік объектіні, дыбыстық жазу және
видеобөлікті қою. Салынған объектіні құру. (6сағат)
|
|
|
29
|
Объектіні қоятын команда. Файлдан объект құру. Жаңа объект құру. Объектіні редакторлеу.
|
1
|
Теориялық
|
Қазақ тілі
Мызыка
Бейнелеу
|
|
30
|
Microsoft Office Word-та текст теру
|
1
|
Практикалық
|
31
|
Microsoft Word Art
|
1
|
Теориялық
|
32
|
Видео және дыбысты пайдалану. Жазуларды қабылдау параметрлерін орнату.
|
1
|
Практикалық
|
33
|
«Сурет салу» құрал тақтасы. Әр түрлі формадағы фигураларды салу. «Автофигуралар», «Іс-әрекет» сызықтарды бояу, әсемдеу, шрифтің түстері, сызықтың түрлері және т.б. мүмкіндіктері
|
1
|
Теориялық
|
34
|
Қорытынды сынақ жұмысы
|
1
|
Практикалық
|
П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р т i з i м i
Семенов А.Л., Рудченко Т.А., Щеглова О.В. Информатика, Институт новых технологий образования, 2000.
Информатика в играх и задачах. Под редакцией Горячева А.В., МЭСИ, 2000.
Макарова Н.В. Информатика Санкт-Петербург, 2000.
Семакин И., Залогова Л., Русако С., Шестакова Л. Базовый курс информатики, 2000.
Челак Е., Конопатова Н. Развивающая информатика, Лаборатория базовых знаний, 2001.
Валединский В: Шаг за шагом: информатика, основные понятия, Москва, 1995.
Ермеков, Кафункина Л. Информаика 9 класс Турбо Паскаль
Зарецкий Д.В., Зарецкая З.А. Компьютер твой друг, Дрофа, 1997.
Айзенк Г.Ю. Проверь свои способности, Санкт-Петербург, 1995.
Звонкин А.К., Ландо С.К., Семенов А.Л., Шень А.Х. Алгоритмика, Дрофа, 1998.
Светлова Е.И. Сравни и измерь, ЭКСМО-Пресс, 2001.
Копытов Н. Задачи га развитие логики, Москва, АСТ-Пресс, 1998.
Волина В. Занимательная азбука для детей, Санкт-Петербург Дидактика, 1994.
Хантер Б. Мои ученики работают на компьютере, М.: Просвещение, 1989.
Колобов С. Правила техники безопасности при работе с ЭВМ , Информатика и образование, 1987, № 6.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Оқушыға:
Информатика 7 – сынып. Ермеков Н., Стифутин Н.
Алматы: Атамұра
Информатика 8 – сынып. Шевчук Е.В., Кодьева Н.С.
«Мектеп» баспасы, 2008 ж.
Талапкер топтамасы. Информатика: 7-11 сыныптар: «Арман - ПВ» баспасы, 2007 ж.
Күні: «____»_____________ _______ ж. Сыныбы: 7-8
Мұғалімі: __________________________ Тексерген: _______________________________
Пән: Информатика. Таңдау курсы «Мәтін теру технологиясы»
1-Сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.Электр тоғы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету.
Көзге жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.
Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы.
Мақсаты: Бүгінгі сабақта оқушыларға қауіпсіздік ережені жазғызу арқылы компьютерде жұмыс істеуді түсіндіру, сынып ішіндегі үкімет бағалы заттарды ерекше жолмен пайдалану.
Білімділік: Оқушылар информатика сыныбында техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру және компьютерді дұрыс қолдануды көрсету, сабақ өту тәртібі.
Дамытушылық: Оқушыларға есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі бойынша компьютерге дұрыс отыру, шаршаған кездегі жаттығуларды жасауды көрсету.
Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары.
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Жаңа сабақ
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауға оқушы төмендегідей:
1.Жалпы ережелерді;
2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
3.Жұмыс жасау кезіндегі;
4.Аппаттық жағдайдағы;
5.Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға ,қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
Пернелік тақта үстінде артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға,
бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады.
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.
Көз жаттығуларын білу міндетті
4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздінің ережелеріне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьтерден ақау табылса, онда машинамен тоқтатып,мұғалімге хабарлау керек:
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тогымен зақымданған аданға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;
Компьтерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т. б.өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппратты өшіру;
Жұмыс орнын ретке келтіру; Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.
Бекіту: Оқушыларға техникалық қауыпсіздік ережесін жазғызып сұрақтар мен тапсырма беру
Сабақты қорытындылау: Сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жаңа сабақты қортындылау
Үй тапсырмасын беру: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
№3 сабақ
Сыныбы:_____________________ Күні: ___________________________________
Мұғалімі: __________________________ Тексерген: _______________________________
Тақырыбы: Қайталау. Microsoft Word негіздері: құралдар тақтасы, құжаттарды форматтау.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен, онда құжат жасаудың негізгі әрекетерімен таныстыру.
Б) Word мәтіндік процессорында құжат құру мен оны сақтаудың
алғашқы қадамдарын үйрету.
В) Компьютерді қажетіне қарай пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтары арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Операциялық жүйені орнату.
Өткен тақырыптар бойынша қысқаша талдау жасап, жаңа сабаққа кірісемін.
Жаңа сабақ Microsoft Word негіздері: құралдар тақтасы, құжаттарды форматтау. .
Мәтіндік процессор Microsoft Word-ты іске қосу үшін мынадай командаларды орындайды. Пуск-Программы- Microsoft Word
Мәтіндік құжат құру.
Мәтін клавиатурадан символдық түрде енгізіледі. Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек. Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады.
Мәтінді сақтау.
Мәтінді алғаш сақтаған кезде Файл-Сохранить как.. командасын қолданып сақтайды. Мұнда ашылған терезеде Папка өрісінен файлды сақтайтын папканы таңдап, Имя файла өрісінде файлдың атын енгізіп, Сохранить батырмасын шертеді.
Бұрын сақталған файлға өзгеріс енгізіп қайталап сақтаған кезде Файл-Сохранить командасын орындайды. Мұнда файл бұрынғы атымен, бұрын сақталған папкасында сақталады.
Мәтіндік құжатты ашу.
Бұрын сақталған файлды ашу үшін Открыть'>Файл-Открыть командасын орындайды. Ашылған терезенің Папка өрісінен файл сақталған паканы таңдаған кезде , терезенің негізігі бөлігінде сол папканың мазмұны көрінеді. Сол папканың ішінен қажетті файлды белгілеп Открыть батырмасын шерту керек.
Қате тексеру.
Қалып қойған сөзді немесе әріпті енгізу үшін меңзерді керекті жерге қойып, сөзді немесе әріпті енгізеді.
Абзацты бөлу үшін меңзерді абзац басталатын сөздің алдына апарып, Enter пернесін басу керек
Жұмыс столында Практикалық жұмыстың тапсырмалары жазылған Word мәтіндік процессорының шаблоны әзірленген. Оқушылар осы шаблонды ашып, ондағы тапсырмаларды орындап, өз құжаттарын сақтап қояды. Сабақтан соң жұмыстары тексеріледі.
1 тапсырма:
Microsoft Word мәтіндік процессорын іске қосу үшін орындалатын командалар тізбегін жаз:
Пуск-Прораммы- Microsoft Word
2 тапсырма:
Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесінің элементтерінің атауын жаз:
Достарыңызбен бөлісу: |