Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады.
Бірінші: Таблица-Добавить таблицу командасы көмегімен
Екінші: аспаптар тақтасындағы Добавить таблицу батырмасын пайдаланып.
Бірінші жолмен кесте қою үшін Таблица-Добавить таблицу командасын орындаған соң экранға Вставка таблицы терезесі шығады. Число столбцов өрісінде баған санын, число строк өрісінде жол санын енгізіп, ОК батырмасын шертеді.
Құжатқа енгізілген баған мен жол саны бойынша кесте енгізіледі. Кестедегі бағанның енін бағаналар арасындағы шекараларды маус көмегімен жылжытып өзгертуге болады. Ал жол биіктігін де осы тәсілмен өзгертуге болады.
Кестенің ұяшықтары арасына ауысу үшін меңзерді басқару пернелерін немесе маусты пайдалануға болады.
Ұяшықтарды қосу және өшіру, біріктіру.
Кей кезде дайын кестеге баған немесе жол немес ұяшық қосуға болады. Кестеге баған немесе жол қосқанда деректердің жаңылысуы болмайды. Ал ұяшық қосақанда мұқият болған жөн. Ұяшық, немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица-Добавить ячеек командасын орныдаңдар. Добавление ячеек терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннанкейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсету керек. Дайын кестеге көбіне жаңа ұяшық қосу көп қолданылмайды.
Кестеге жаңа баған қосу үшін жанына жаңа баған орналасатын бағанды белгілеп, Таблица-Добавить столбцы командасын орындайды.
Кестеге жаңа жол қосу үшін жанына жаңа жол орналасатын жолды белгілеп, Таблица-Добавить строки командасын орындайды.
Кестедегі жаңа жол, баған немесе ұяшықты өшіру үшін оны белгілеп Таблица-Удалить ячейки командасын орындаймыз. Удаление ячеек терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы немесе жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Жолдардың көрші ұяшықттарындағы ақпаратты біріктіріп, оларды бір ұяшыққа жазу үшін осы ұяшықтарды ерекшелеп, ТАблица-Обьединить ячейки командасын орындайды. Нәтижесінде ерекшеленген ұяшықтардағы ақпараттар бір ұяшыққа біріктіріледі.
Кестенің ккейбір ұяшықтарын бірнеше ұяшыққа бөлу үшін бөлетін ұяшықты белгілеп, Таблица-Разбить ячейки командасын орындайды. Разбиение ячеек терезесінде число столбцов өрісіне қажет бағана санын, число строк өрісіне қажет жол санын енгізіп ОК батырмасын шертеміз.
Кестелерді жиектеу.
Кестелердің жиектерін өзгерту немесе алып тастау үшін өзгеріс енгізетін кесте торын белгілеп, Формат-Границы и заливка командасын орындайды. Границы и заливка терезесінде Граница қосымшасын шертеді. Қажет жиектің типін таңдап ОК батырмасын шертеді.
Кестенің ұяшығындағы мәтіннің бағытын өзгерту үшін ұяшықтың үстнде маустың оң жағын басып, шыққан динамикалық менюден Направление текста командасын таңдайды. Шыққан терезеде қажет бағытты таңдап, ОК батырмасын шертеді.
Практикалық жұмыс.
Берілген кестені құр.
8-сынып
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІҮ тоқсан
|
жылдық
|
Ақпан
|
Наурыз
|
Сәуір
|
Мамыр
|
1
|
8
|
15
|
22
|
1
|
15
|
22
|
29
|
5
|
12
|
19
|
26
|
3
|
10
|
17
|
24
|
1
|
Берікова Жауре
|
|
4
|
|
5
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
|
5
|
|
|
5
|
5
|
2
|
Абаева Жадыра
|
|
|
4
|
|
5
|
|
|
4
|
|
4
|
|
|
5
|
|
4
|
|
4
|
4
|
3
|
Кәрімов
Асан
|
3
|
|
|
4
|
5
|
4
|
|
5
|
|
5
|
4
|
|
4
|
|
|
|
4
|
4
|
4
|
Сәкенов Болат
|
|
4
|
|
4
|
|
3
|
|
5
|
|
4
|
|
|
|
4
|
|
4
|
4
|
4
|
5
|
Орынбаева Ләзат
|
|
5
|
|
5
|
|
|
5
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
5
|
|
5
|
5
|
6
|
Рақымов Сабыр
|
|
|
5
|
|
|
5
|
|
|
5
|
|
|
4
|
|
5
|
|
|
5
|
5
|
7
|
Тасболатов Арман
|
|
4
|
|
|
4
|
|
4
|
|
4
|
|
5
|
|
|
|
|
4
|
4
|
4
|
8
|
Үсенов Марат
|
|
5
|
|
5
|
|
|
5
|
|
|
5
|
|
|
5
|
|
|
5
|
5
|
5
|
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Word мәтіндік процессоры. Кестелерді пішімдеу. Кестелердегі деректерді сұрыптау. Диаграммалар.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға кесте құруды, ұяшықтарды қосып, алуды, біріктіруді үйрету. Жақтауларды қоюды үйрету. Диаграмма қосуды үйрету.
Б) Оқушылардың кестемен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың компьютерде сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, плакаттар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақта Word мәтіндік процессоры. Кестелерді пішімдеу. Кестелердегі деректерді сұрыптау.
тақырыбын өттік. Өткен сабақ бойынша сұрақтар.
Word мәтіндік процессорында кестені қалай қояды?
Кестенің бағанының енін қалай өзгертеді?
Кестедегі жолдың биіктігін қалай өзгертеді?
Кестедегі ұяшықтарды қалай біріктіреді?
Кестеге жаңа қатарды қалай қосады?
Кестеге жаңа бағанды қалай қосады?
Кестенің ұяшықтарының шекараларының типін, қалыңдығын, түсін қалай өзгертуге болады?
Ұяшықтағы текстің бағытын қалай өзгертеді?
Бүгін сабақты ары қарай жалғастырамыз. Бүгін біз Word мәтіндік процессорында диаграмма қоюды қарстырамыз.
Сонымен документке диаграмма қоюға да болады. Диаграмма қою үшін Вставка-Рисунок-Диаграмма командасын орындау керек. Одан соң Excel – де диаграммалармен жұмыс жасағандай диаграммалар типін, берілгендерін өзгертуге болады. Яғни алдымен берілгендер кестесін толтырсақ, соған сәйкес диаграмма пайда болады. Содан соң қосымша безендірулерді орындаймыз. Қосымша өзгертулер орында үшін диаграмма белгіленген соң Word-тың меню командлалары диаграммамен жұмыс жасауға арнайы өзгертіледі.
Тақырыпты бекітуге практикалық тапсырма.
Берілген диаграмманы Word мәтіндік процессорында құр.
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма компьютерде жұмыстанып жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Ұйымдық диаграммалар.
Сабақ мақсаты: а) Microsoft Word-та ұйымдық диаграммалармен жұмыс жасауға, құжатқа ұйымдық диаграммаларды қоюға үйрету.
Б) Microsoft Word-та оқушылардың құжатпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту, құжатты безендіру жолдарын меңгерту.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар мА?
Үй тапсырмасы Word мәтіндік процессоры. Кестелерді пішімдеу. Кестелердегі деректерді сұрыптау. Диаграммалар.
Өткен сабақта мәтіндік құжатқа кестелерді енгізіу мен диаграмма қоюды үйрендік.
Бүгін мәтіндік құжатқа ұйымдық диаграмманы (организационная диаграмма) енгізуді қарастырамыз.
Тақырыбы: Тізім құру. Дата мен уақытты енгізу.
Сабақ мақсаты: а) Құжат құру кезінде тізім құру тәсілдерін, дата мен уақытты енгізуді, арнайы символдарды енгізу әдістерін меңгерту.
Б) Оқушылардың құжат құруда аталған мүмкіндіктерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушыларға құжатты талғамға сай безендіруді, іскер құжаттарды құра білуді меңгерту.
Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыстар жазылған карточкалар.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Формулалар редакторы. Құжатқа формула енгізу жолдары.
Сұрақтар:
Құжатқа формула енгізу үшін қандай команда орындаймыз?
Формула енгізу батырмасын құралдар тақтасына қалай қосуға болады?
Формула енгізу редакторын қалай қосымша орнатуға болады?
Жаңа сабақ: Тізім құру. Дата мен уақытты енгізу.
Құжат безендіру кезінде номерленген және маркерленген тізімдерді оңай қолдануға болады. Символ диалог терезесі арқылы тізімге қолданылатын белгі түрін өзгертуге болады.
Word-та тізім құру өте қарапайым түрде іске асырылады. Егер тізім саннан басталып тұрса, Enter пернесі басылған соң, келесі абзац автоматты түрде номерленеді. Ал тізім (*) белгісінен басталса, келесі абзац (*) белгісінен басталатын болады.
Дайын текстке номерлеуді қою үшін номерленетін абзацтарды белгілеп, форматтау тақтасындағы Список батырмасын шертеді.
Ал маркерлеу үшін Маркеры батырмасын шертеді.
Тексті енгізуден бұрын номерлеуді қолдану үшін, Список батырмасын басып қоюға болады. Егер номерлеуде әріптер қолданылатын болса, 1 цифрының орнына А әрпін салса жеткілікті. Келесі абзацтар В,С, т.с.с. жалғасып кете береді. Егер бірінші абзацты І әрпімен белгілесе келесі абзацтар рим цифрларымен номерленеді.
Номерлеу мен маркерлеудің форматын өзгерту.
Номерлеуді немесе маркерлеуді қосқан кезде стандартты маркерлер мен қатар аралық, символ мен текст аралық, сан мен текст аралық интервалдар үнсіз келісім бойынша қойылады. Бұл параметрдің бәрін де артынан қажетіне қарай өзгертуге болады. Егер тізім енгізілген болса, оны алдымен белгілеп, Формат-Список командасын орындайды. Список диалог терезесі ашылады. Бұл терезеде Маркерленген, Номерленген, Көпдеңгейлі қосымшалары бар. Әрбір қосымшаны ашып, қажет стильді таңдауға болады. Бірақ таңдау бұнымен тоқтап қалмайды. Бұл стильдерді әрі өзгертуге болады. Маркерленген тізімде өзгертетін стильді таңдап, Изменить батырмасын шертеді. Ашылған терезеде, маркер түрін, маркердің орналасуын, текстің орналасуын беруге болады. Ал шрифт батырмасы арқылы маркердің түрін өзгертуге болады.
Номерленген тізіді өзгерту де осыған ұқсас жүреді. Өзгешелігі мұнда тізімді 1-ден өзге цифрдан да бастауға болады.
Арнайы символдарды қолдану.
Іскер құжаттарда көптеген стандартты пернетақтада жоқ символдар қолданылады. Көбіне оларды пернетақталық символдармен алмастырады. Бұл арнайы символдарды пернетақтадан немесе Вставка-Символ командасын орындап енгізуге болады. Құжатқа символды енгізу үшін қажет символды таңдап, Вставить батырмасын шертеді. Арнайы символдар Специальные символы қосымшасында орналасқан. Көп қолданылатын арнайы символды автозамена тізіміне қосып қою үшін, оны таңдап, Автозамена батырмасын шертеді. Қажетті символмен ауысатын символдық жолды енгізіп, Добавить батырмасын шнретеді.
Уақыт пен датаны енгізу.
Құжатқа дата мен уақыттың 17 түрлі форматын қолданып енгізуге болады. Вставка-Дата и время командасын орындап, Дата и время терезесін ашып аламыз. Ашылған тізімнен қажетті форматты таңдаймыз. Егер құжат ашылған сайын дата мен уақыт жаңартылып, өзгеріп тұруы керек болса, Обновлять автоматически жалаушасын орнатады. Мұндай жағдайда дата мен уақыт текст түрінде емес, өріс түрінде енгізілетін болады.
Аталған әдістер компьютерде демонстрацияланып, көрсетіледі. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріледі.
Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.
Сабан аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Тізім құру. Дата мен уақытты енгізу.
Сабақ мақсаты: а) Құжат құру кезінде тізім құру тәсілдерін, дата мен уақытты енгізуді, арнайы символдарды енгізу әдістерін меңгерту.
Б) Оқушылардың құжат құруда аталған мүмкіндіктерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушыларға құжатты талғамға сай безендіруді, іскер құжаттарды құра білуді меңгерту.
Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыстар жазылған карточкалар.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты бекітуге тапсырмалар беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Тізім құру. Дата мен уақытты енгізу.
Сұрақтар:
Маркерленген және номерленген тізімдерді қалай қоюға болады.
Тізімді рим цифрларымен номерлеу үшін не істеу керек?
Құжатқа арнайы символдарды қалай енгізуге болады?
Арнайы символдарды пернелер комбинациясы арқылы қалай енгізуге болады?
Құжатқа уақыт пен датаны қалай енгізуге болады?
Өткен тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мынадай практикалық тапсырмалар беріледі.
Практикалық жұмыс.
1 тапсырма.
Кластың тізімін
А) номерлеуді қолданып, (араб цифрларын, рим цифрларын, әріптерді қолданып)
Б) маркерлеуді қолданып, (әр түрлі үш түрін қолданып,) жазып шық.
2 тапсырма.
©, ®, ¶, §, ™ арнайы символдарын құжатқа енгіз.
3 тапсырма.
©, ®, ¶, §, ™ арнайы символдарын Автозамена тізіміне қосып, символдар тізбегі арқылы енгізуге болатын жаса.
4 тапсырма.
Құжатқа Дата мен уақытты енгіз.(формат: күн, ай, жыл; сағат, минут, секунд) Құжатты әр ашқанен сайын дата мен уақыт жаңартылып отыратын болсын.
5 тапсырма.
Құжатты Тізім атымен сақта. Мұғалімге көрсет.
Сабақ соңында оқушлырадың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабан аяқталды
Сау болыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |