Мамандыќќа баулу курсы


Word мәтіндік процессоры. Тексті автоматты түрде форматтау. Колонтитулдар. Автотекст. Колонкалар



жүктеу 1,11 Mb.
бет5/6
Дата05.02.2018
өлшемі1,11 Mb.
#8497
1   2   3   4   5   6
Word мәтіндік процессоры. Тексті автоматты түрде форматтау. Колонтитулдар. Автотекст. Колонкалар.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға WORD-та тексті форматтау түрлерін түсіндіру, көрсету. Автотекст ұғымымыен таныстыру. Тексті газеттік колонкаларға бөлуді үйрету.

Б) Мәтіндік құжаттарды форматтау, құжат құру кезінде автотекст қолдану, бетті колонкаларға бөлу дағдыларын қалыптастыру.

В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:

Сабақ түрі: Лекция сабақ

Сабақ әдісі: Мысал арқылы түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс орындау.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Өткен сабақта біз текстік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен таныстық. Бүгін тесті газеттік колонкаларға (бағандарға) бөлуді, автотекст құрып, оын құжатқа енгізуді, жоғарғы және төменгі колонтиулдар қоюды үйренеміз.



Колонтитулдар

Кейде әрбір бетке белгілі бір информацияларды мысалы, авторлық құқық туралы, өзіңіздің атыңыз бен компания таын т.б. шығарып отыру керек болады. Осындай информацияларды енгізу үшін жоғарғы және төменгі колонтитулдар қолданылады. Олар беттің сәйкесінше жоғары және төменгі бөлігінде орналасады. Колонтитул қою үшін: Вид-Колонтитулы командасын орындайды. ҚҰжаттың тексті «өшіп» колонтитул құралдар тақтасы шығады. Сонымен бірге пунктир сызықпен бөлінген төменгі және жоғарғы колонтитулдар облысы ашылады. Колонтитулға текст енгізіп, оны түзетіп, қолдану үшін клонтитулдар тақтасының батырмаларын қолдануға болады.



Колонтитул құралдар тақтасы

Колонтитулға сонымен бірге автотекстті де қоюға болады. Ол үшін Вставить автотекст батырмасын шертеді.

Ашылған тізімнен қажеті текст түрін таңдайды. Колонтитул енгізіліп болған соң Закрыть батырмасын шертіп, колонтитул терезесін жабады.

Өрісте беру.

Өрістердің мәнін өзгерту үшін Файл-Параметры страницы командасын орындап, ашылған терезеден Поля қосымшасын ашып, Верхнее, Нижнее, Левое, Правое өрістерінің мәндерін өзгертеді.



Просмотр ремесе Разметка режимінде тұрып, горизонталь және вертикаль сызғышың көмегімен де өрістердің мәнін өзгертуге болады. Ол үшін курсорды сызғыштың үстіндегі өрістің сызығына қойып, курсор екі бағытта стрелкаға ауысқан кезде маусты басып өрістің сызығын қажет бағытта жылжытады.

Автотекст.

Көп кездесетін текст пен суретті оңай қоюдың бір тәсілі – Автотекстті қолдану. Бұл тәсіл форматталған тексті, графиканы, тіпті бүтін бір абзацтя сақтап, бір-екі клавишаны басу арқылы шақырып ала алады.

Автотекстке жазба құру үшін автотекст түрінде сақтайтын тексті белгілеңіз. Шрифт мен стильді текст форматына қосу үшін Непечатаемые символы кнопкасын басыңыз да, тексте осы символдың бар екеніне көз жеткізіңіз. Содан соң Вставка-Автотекст-Создать командасын орындаңыз. Сізден жазбаға ат беруіңізді сұрайды. Ат қысқа әрі түсінікті болуы керек.

Автотекстті құжатқа кірістіру үшін курсорды автотекст орналасатын жерге қойып, автотекстің атын теріп, Ғ3 пернесін шертеді.

Авотексттегі жазбаны жою үшін Вставка-Автотекст командасын орындаңыз. Автозамена терезесі ашылады. Қажетті жазбаны таңдап, Удалить батырмасын шертеді.

Колонкалар.

Ақпараттық хабарландырулар немесе кітапша жасау үшін басылатын құжат кәсіби жағынан жақсы көрінуі үшін сендерге мәтінді екі немесе бірнеше бағандарға орналсатыру керек болады. Бір бетте көп бағана қолдану мәтінді қалыпты орнластыруға тарлық қылады.

Бағананы тез жасау үшін мына тәсілді қолданады:


  1. Бағанға бөлінетін мәтін бөлігін белгілейді.

  2. ҚҰралдар тақтасындағы Колонка батырмасын шертеді. Столбцы менюі пайда болады.

  3. Маусты солдан оңға қарай жылжытып, қажетті бағана санын ерекшелейді.

  4. Белгіленген мәтін бөлігі көрсетілген баған санына бөлінеді.

Ерікті – енді бағаналар жасау.

  1. Бағанға бөлінетін мәтін бөлігін белгілейді.

  2. Формат-Колонки командасын орындайды. Колонки диалог терезесі пайда болады.

  3. Тип тобынан бағана түрін таңдауға немесе Число колонок өрісіне бағана санын енгізуге болады.

  4. Бірдей енді бағаналар жалаушасын қажетіне қарай орнатуға немесе алып тастауға болады.

  5. Ширина и промежуток тобындағы бағаналар ені мен ара қашықтықтарын өзгертуге болады.

  6. Қажетті параметрлер енгізілген соң ОК батырмасын шертеді.

  7. Белгіленген мәтін бөлігі көрсетілген баған санына енгізілген параметрлер бойынша бөлінеді.

Тақырыпты бекітуге сұрақтар беріледі.

  1. Колонтитул дегеніміз не?

  2. Колонтитул не үшін қолданылады?

  3. Колонтитулды қалай қоюға болады?

  4. Беттің өрісін қалай өзгертуге болады?

  5. Автотекст не үшін қолданылады?

  6. Автотексті қалай құруға болады?

  7. Автотексті құжатқа қалай кірістіреді?

  8. Колонкалар не үшін қолданылады?

  9. Мәтінге колонканы қалай қоюға болады?

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Word мәтіндік процессоры. Тексті автоматты түрде форматтау. Колонтитулдар. Автотекст. Колонкалар.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға WORD-та тексті форматтау түрлерін түсіндіру, көрсету. Автотекст ұғымымыен таныстыру. Тексті газеттік колонкаларға бөлуді үйрету.

Б) Мәтіндік құжаттарды форматтау, құжат құру кезінде автотекст қолдану, бетті колонкаларға бөлу дағдыларын қалыптастыру.

В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Сабақ әдісі: Мысал арқылы түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын бекітуге арналған практикалық жұмыс беру.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Word мәтіндік процессоры. Тексті автоматты түрде форматтау. Колонтитулдар. Автотекст. Колонкалар.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:ъ



  1. Колонтитул дегеніміз не?

  2. Колонтитул не үшін қолданылады?

  3. Колонтитулды қалай қоюға болады?

  4. Беттің өрісін қалай өзгертуге болады?

  5. Автотекст не үшін қолданылады?

  6. Автотексті қалай құруға болады?

  7. Автотексті құжатқа қалай кірістіреді?

  8. Колонкалар не үшін қолданылады?

  9. Мәтінге колонканы қалай қоюға болады?

Үй тапсырмасын бекітуге арналған практикалық жұмыс.

Практикалық жұмыс.

Үйге тапсырма тақырыпты қайталап оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар



Топ :













Күні:













Тақырыбы: Кестелерді_пішімдеу._Кестелердегі_деректерді_сұрыптау._Диаграммалар.'>Word мәтіндік процессоры. Кестелерді пішімдеу. Кестелердегі деректерді сұрыптау. Диаграммалар.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға кесте құруды, ұяшықтарды қосып, алуды, біріктіруді үйрету. Жақтауларды қоюды үйрету. Диаграмма қосуды үйрету.

Б) Оқушылардың кестемен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

В) Оқушылардың компьютерде сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, плакаттар

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Word мәтіндік процессоры. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Бетерді нөмірлеу. Құжаттарды басу.

Сұрақтар:


  1. Мәтін бөлігін маустың сол жағы арқылы қалай көшіруге және жылжытуға болады?

  2. Мәтін бөлігін маустың оң жағы арқылы қалай көшіруге және жылжытуға болады?

  3. Мәтін бөлігін алмастыру буфері арқылы қалай көшіруге және жылжытуға болады?

  4. Құжат беттерін номерлеу үшін қандай команда орындау керек?

  5. Құжатта баспаға беру үшін қандай команда орындалады?

Жаңа сабақ: Word мәтіндік процессоры. Кестелерді пішімдеу. Кестелердегі деректерді сұрыптау. Диаграммалар.

Бүгін біз текстік процессордың тағы бір мүмкіндігі кестелермен қалай жұмыс жасайтындығымызды үйренеміз. Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген информация. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау