Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары


Кесте 4. Ірі қара малдарына арналған серуен алаңдарының нормасы



жүктеу 455 Kb.
бет5/6
Дата15.11.2018
өлшемі455 Kb.
#20340
1   2   3   4   5   6

Кесте 4. Ірі қара малдарына арналған серуен алаңдарының нормасы.


Мал топтары

Әр басқа шаққандағы серуен ауданы, м²

Қатаң үстілі (бетті)

Қатаң жаппасы жоқ алаң

Ірі сиырлар мен құнажындарға өнімдік фермаларда

8

15

Жас малдар мен 7 айға буаздығы жетпеген құнажындарға

5

10-15

Бордақылау алаңындағы ірі сиырлар мен жас малдар

5

20-25

3 айға дейінгі бұзаулар

2

5

Бұзауы мен етке арналған сиырлар

8

20-25


Кесте 5. Сүт өнімін алатын фермадағы малдарды цехті потокті технологиялық тәсілмен ұстау жолдарының көрсеткіштері.



Цехтар

Сиырды ұстау уақытының ұзақтығы, күн

Керек тұрақ орны, %

Малдарды ұстау тәсілдері

Әр жұмысшыға шаққанда, бас

Тұрғы-зып байла-ғанда

Бос ұста-ғанда

1

2

3

4

5

6

Буаз сыйырлар

50

14

Байлаусыз серуен алаңымен бокста ұстау

80

100

Бұзаулайтын орын:

Тууға дейінгі

8

2

Байлап тұрғызып ұстау

-

-

Туған соң

2

1

Бокста бос еркін ұстау

-

-

Туғаннаң кейін

15

4

Байлап ұстау

-

-

Сауылатын және ұрықтандыратын

60-90

16-25

Байлаусыз төсеніште және бокста ұстау

20-25

90

Сүт өндіру

200-230

54-63

Байлауда, байлаусыз бокста ұстау

25-50

200

Жиыны: 365 100

Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде сиырлар тобы әр цехта (бөлмеде) технологиялық есептеу уақытына байланысты орналастырылады. (кесте 4).


Кесте 6. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматының көрсеткіштері


Микроклимат көрсеткіштері

1 жастан асқан малдарды ұстау тәсілдері

Сиыр бұзаулау бөлмесі

Сақтандыру бөлімі

Бұзаулар, жасы

Қора түрлері

Байлап тұрғы-зып, бокста

Бос қалың төсе-ніште

20-60 күн

60-120 күн

4-12 ай жаста

1 жас-тан жоға-ры

Бордақы өгізшелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Температура, град

10

8-12


6

5-8


16

14-18


18

16-20


17

16-18


15

12-18


12

8-16


12

8-16


10

8-12


Салыстырмалы ылғалдық, %

40-85

40-85

40-75

40-75

40-85

40-85

40-85

40-85

40-85

1 кг салмаққа шыққандағы ауа, м³/сағ;




Қыста

0,3-0,4

0,3-0,4

0,2

0,1

0,1

0,2

0,3

0,3

1,0

Ауыспалы айда

0,5

0,5

0,3

0,2

0,2

0,3

0,5

0,5

1,0

Жазда

0,8-1,0

0,8-1,0

0,5

0,5

0,5

1

1,0-1,2

1,0

1,0

Шудың шекті мөлшері, децебал

65

65

65

45

45-60

45-60

60

60

65

Микробтың шекті мөлшері, 1м³,мың

70

70

50

20

50

40

70

70

70

Газдардың шекті мөлшері:




























Көмірқышқылы, %

0,25

0,25

0,15

0,15

0,15

0,25

0,25

0,25

0,25

Күкіртті сутегі, мг/м³

10

10

5

5

5

10

10

10

10

Аммиак, мг/м³

20

20

10

10

10

20

20

20

20


Кесте 7. Ірі қара малдарына арналған қоралардың жарықтану шамасы.


Қоралар атауы

Табиғи жарықтанудың нормасы

Жасанды жарықтандыру мөлшері, лк

Табиғи жарықтандыру коэффициенті, %

Жарық коэффициенті

Газтаратқыш шамдар

Қыздырғыш шамдар

Ірі сиырлар, жас тайынша, құнажындарды байлап тұрғызып және бос ұстау кезінде

0,4-1,0

1:10-1:15

75

30


Бордақылауға бағытталған малдар үшін

0,4-0,5


1:20-1:30



50


20


Сиыр бұзаулайтын бөлмелер

0,5-1,0

1:10-1:15

150

100


Сақтандыру бөлмесі (профилактория)

0,8-1,0


1:10-1:15



100


50



Кесте 8. Тұрғызып ұстау кезіндегі 6 айға дейінгі бұзауларды азықтандыру тізбегі


Бұзауларды өсіру бағыты

6 айдағы жоспарланған тірі салмағы, кг

Тәуліктік салмағының өсуі, г

Бір басқа шаққандағы азық шығыны, кг

Сүт

обрат

Құрама жем

Сулы азық

Шөп

Өнімдік құнажындар:

125

550-600

180

200

170

500

240

Өнімдік құнажындар:

150

650-700

200

400

180

560

250

Өнімдік құнажындар:

160

700-750

300

500

190

700

200

Өнімдік құнажындар:

170

750-800

250

600

180

750

240

Тұқымдық бұқалар:

160

700-750

320

600

210

300

220

Тұқымдық бұқалар:

190

850-900

400

800

220

300

200


Практикалық сабақ №7. 1 Аралық бақылау.
Практикалық сабақ №8-9-10. Шошқаны малын ұстау үшін қоралардың көлемін жоспарлап шешу
Аналық шошқа қоралары

Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.

Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады.

Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.

Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде «Лузинский», ал екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.

Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок ауданы – 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса – 5-5,5 м² алынады.

Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1, СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.

Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына – 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені – 200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180 см, ені – 60 см.



Енесінен айырған торайларға арналған қоралар – тұқымдық және өнімдік фермаларда, оларды 25-30 бастан топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған торайларды үш ұядан артық қоспай, яғни 15-25 бастан артық бір станокқа топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда – 0,4 м² әр басқа есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 20 см есептеп алады.

Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ жарық және жақсы желдетілген болуы керек. Неғұрлым өсіруге қойылған шошқалар жас болса, жаңа орынға олардың организмдері бейімделу үшін, солғұрлым ұстау жағдайы жақсы болуы керек. Жас торайлардың өсу жылдамдығы көбінесе қора ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас торайлардың секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп, жыл мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа ауа жоғарғы жаққа, ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.



Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал қораларының сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың мөлшерін азайтып, соның нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды кемітіп, құрлыс материалдарын үнемдеп, вентиляция, канализация, электр жүйелерінің жүргізу жолдарын қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді (азық тарату, көң шығару, ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып және автоматизациялауға қолайлы жағдай жасалады.

Клеткалы – батареяларда торайларды өсіріп-жетілдіру екі сатыда жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәуліктік жасына дейін, екіншісі – 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.

Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе үш қабатты клеткалы батареяларды пайдаланады. Клетканың қаңқасын тат баспай-

тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген сымдардан торкөзді қылып дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен санына байланысты болады. Өте ерте енесінен айырып алынған торайларды жекелеме клеткаларда ұстайды да, оның размері 0,25м×0,60м болады. Топтап ұстау үшін, размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м-1,5 м×0,6 м×0,8 м және биіктігі 0,4-0,6 м пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып еденнің ауданын 0,1 м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың алдыңғы қабырғасын еңіс жасап, оған металды азық науасын бекітеді. Бұл қабырғаны көбінесе қосымша есік есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты мазасызданбау үшін, алдыңғы қабырғасының ішкі жағына торайдың санына байланыстырып, азық науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.

Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып, оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10×10 мм немесе12×12 мм болатындай орналастырады.

Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне түскен шошқа нәжісі сырғып, көң каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.



Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір немесе екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланыстырып, 0,27-0,28-0,30 немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2×1,6 м немесе 1,3×1,3 м, биіктігі – 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан (планка) саңылауын 5×15 немесе 30 мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары орналасады. Шошқалардың қыйы тор едендерінің арасынан арықтарға түсіп, ол жерден көң жинағыш құрылымының көмегімен тазаланады.

Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына қарама-қарсы жақтан емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.

Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы 25-30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.

Торайларды клеткалы батареяларда ұстап өсіру кезінде ондағы микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші сатыдағы торайларды өсіру кезінде ауаның температурасы 26-28 ºС болуы керекте, олардың өсуіне байланыстырып, төмендетіп отырады. Мысалы, торайдың тірі салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштерін қалыпты мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып кіргізіп-шығарып тұратын механикалық желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған ауа төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы керек. Қора ауасының қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/сек жоғары болмауы керек.

Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте 5-10 күндік жасында енесінен айырып, клеткалы батаряларда ұстап, дұрыс жағдай жасалса, олардың екі айлығында тірі салмағы – 21 кг жетіп, ал торайларды 3-5 апталығында енесінен айырғанда осы салмаққа тек 66-68 тәуліктік жастарында ғана толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары болады.

Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып, өсіріп жетілдіру, тек өте жоғарғы санитарлық-гигиеналық талаптарға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.



жүктеу 455 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау