Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



жүктеу 5,89 Mb.
бет22/24
Дата17.11.2017
өлшемі5,89 Mb.
#892
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

302

туады. Сонда бір жылда бір ұрғашы қоян 6—8 рет, кейде одан да

көп көжектейді.

Әрбір тірі организм өзінің өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайларды қажет етеді. Организмнің тіршілік жағдайына қойылатын талаптары жануарлардың бүкіл тіршілігі бойы бір қалыпты бола бермейді. Олар организм өсіп-жетілген сайын өзгеріп отырады. Организм мен сыртқы орта бір-бірімен өте тығыз байланысты болады.

Демек, үй қоянының биологиялық ерекшеліктерін, көжектердің өсіп-жетілу кезеңдерін білмей, оны ескермей үй қоянын өсіру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл ерекшеліктерді білу үйі қоянын дұрыс бағалауға, оны азықтандыру, бағу және күту жағдайларын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Үй қоянын өсіру техникасының міндеті — организмнің өсіп-жетілу кезеңдерін жеке-жеке ескеріп, оның турліше физиологиялық жайын анықтау, үй қоянын 'сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтап, қолайлы жағдай туғызу болып табылады.



ҮЙ ҚОЯНЫН БАРЫП-КҮТУ

 

Бұл жұмыспен енді ғана әуестеніп жүрген.көпшілік қоян өсі-рушілер қоянды сатып алады да, бір кішкентай баспана жасап, аулаға бос қоя береді. Сөйтіп олардың өздеріне бостандық туғы-зады. Мүндай жолмен өсіру қояндардың терісінің бүлінуіне, ауруға жиі шалдығуына әкеліп соғады. Соның салдарынан өлім-жітімі де көбейеді. Мұндай жолмен үй қояндарын ұстау тиімсіз. Қоянды өсірместен бұрын ең алдымен олар үшін қолайлы үйшіктер жасалады.



Қояндар әсіресе ауаның таза болуын қалайды. Аммиактың шамадан тыс көп болуына төзе алмайды. Сондықтан олар үшін жасалынған бөлмелер жақсы желдетіліп тұруы қажет.

Қоян үйшігі. Қандай үйшік жасалса да олар белгілі бір талапқа сай болуы қажет. Үйшіктердің қоян күту үшін әрі арзан, әрі ыңғайлы болғаны жөн. Қояндардың несебі мен қиы (құмалақтары) төмен түсіп кететіндей болуы қажет. Үйшіктер қоянды тек жауларынан, табиғаттың қолайсыз жағдайларынан ғана сақтап қоймай, онда жарық пен ауа да мол болуға тиіс. Тағы бір ойлас-тыратын жайт — үйшік қояндар еркін жүретіндей кең болуы керек. Ол әсіресө көжектер өсіп келе жатқан шақта аса қажетті

шарт.


Тағы бір мәселе бар. Қояндарға өздерінің түнгі құмалағын (капрофагия) жеу тән сипат. Мұны біз бұрын да айттық. Маман-дардың айтуы бойынша бұл орынды құбылыс. Түнде жылы қи жесе қояндардың ас қорытуы жоғарылайды. Организмі В вита-миндерімен толықтырылады. Бұл жағдай кейде керісінше зиянды да болады. Өйткені қояндардың құмалағында кокцидиоз қоздыр-ғыштары болады. Ол бірінші кезекте көжектерге жұғып, олар ау-

303

руға шалдығады. Сондықтан қоянның құмалақтары қаншалықты пайдалы болса да, оларды жегізбеуге мүмкіндік жасау керек.

Үйшіктерді аулада жерден 80 см биіктікте, сарайдың қабырғасына жақын жерге (жазда) немесе сарайдың ішіне (қыста) қоюға болады.

Үйшіктердің ең қолайлы мөлшері: кеңдігі 120 см. тереңдігі —60—65 см, биіктігі 70 см. Қабырғаларының биіктігі әр түрлі болады. Әсіресе артқы және алдыңғы қабырғаларының биіктігі жаңбыр суы тұрмайтындай: алдыңғы қабырғасының биіктігі 70— 75 см, артқысы 45—50 см болуы шарт. Сонымен бірге төбесін жапқан қақпағы алдынан 30 см, артынан және жан-жағынан 15 см шығып тұрады.

Үй қояндарын үйшікте ұстау жүйесі денсаулығына, өсіп-же-тілуіне және өнімділігіне әсерін тигізетіндіктен оған үлкен мән беріп, үйшіктердің құрылысын жетілдіріп отырады және әрбір қоян өсіруші азаматтар өздеріне қолайлысын таңдап алады.

Үй қояндарын ұстаудың бірнеше жүйесі бар: еркін ұстау, жартылай еркін ұстау және үйшікте ұстау. Осылардың ішінен жалпы қоян өсірушілерден қолдау тапқан жүйе — үйшікте өсіру. Өйткені үйшікте ұстағанда қоян өсіру жүйесін дұрыс ұйымдастыруға, тиімді азықтандыруға, мақсатқа сәйкес уақытта шағылыстыруға, тұқым асылдандыру жұмысын жетілдіру және есеп жүргізуге, жақғы көжек және аса сапалы өнім алуға, егер қояндардың арасында ауру шыға қалса, олармен күресуге және алдын ала шаралар жүргізуге толық мүмкіндік туғызады.

Жыл бойы ашық далада үйшіктерде ұстау тек организмнің тұ-рақтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге олардың тұ-қымдық және өнімділік қасиеттерін арттырады. Жүнге жақсы әсер етеді. Дербес шаруашылықта қоян өсірушілер әр түрлі аралас әдістерді қолданады. Демек, көктемде, жазда және күзде үй-шіктерді ашық далаға, ал қыста сақа қояндарды шағылыстырғанда, көжектегенде арнайы бөлмелерге орналастырады.

Үй қояндары түн жануары. Дегенмен оған қарамастан қояндар тұрған бөлме күндізгі жарықпен қамтамасыз етіледі.

Сақайған еркектерін үйшіктерде жеке ұстайды. Ұрғашыларын тыныңқан уақытында және көжектегенге дейін 10 күн бұрын үй-шіктерде екі-екіден, содан кейін оларды бөліп жеке ұстайды.

Көжектерін 3 айға дейін ұяда тобымен ұстап, содан соң еркегі мен үрғашыларын бөліп, 2—4-ден үйшіктерге орналастырады.

Қояндар негізінде үркек келеді. Сондықтан да олармен өте сақтықпен жұмыс істеу керек.

Қоян ұстау гигиенасы. Үйшіктерді құрғақ, суық желден сақ тайтын жерлерге орналастыру қажет. Олардың іші үнемі таза және құрғақ болу керек. Қоян пайдаланатын ыдыстарды түнде таза-лайды, ал кірлеу дәрежесіне қарай жуып отырады. Үйшіктерді мезгіл-мезгіл қарап, жөндеп отыру қояндарды ретсіз жарақаттаудан сақтайды. Жазда ұрғашы қояндар тұрған жер ыстық болмас үпіін төбесінен, не қабырғасынан ауа кіретін тесіктер жасай-



304

ды. Ұрғашы қоян үйшіктерде көжектерімен бірге тұрғанда кок-цидиоз ауруы жұқпауы үшін жиналып қалған құмалақтарын та-зартып отырады. Үйшіктерге әйнектерінен күн сәулесі мол түсіп тұру керек. Ауа ылғалдылығының 60—70 проценттен аспауы қа-жет.



ҚОЯН АЗЫҚТАНДЫРУ

Қоянға қажетті азық түрлері. Үй қояндарының бірқалыпты өсіп-жетілуіне белоктар, майлар, углеводтар, минералдық заттар, витаминдер, микроэлементтер қажет. Азықтың құрамында осы заттар болмаса қояндардың өсуіне, жетілуіне, ауруына керісінше әсерін тигізеді. Дұрыс азықтандыру қоян шаруашылығынан алы-натын өнімдерді ет, тері және түбіттерді көбейтудің негізгі шарты болып есептеледі.

Әр түрлі азық берудің нәтижесінде қояндардың өсімталдығы, өсу жылдамдығы, тез жетілгіштігі артады. Қолдағы қояндар үнемі үйшікте тұрғандықтан және өз беттерінше таңдап шөп жей ал-майтындықтан қолдан әр түрлі құнды азық берудің қажеттілігі одан әрі арта түседі.

Басқа малға қандай азық берілсе, үй қояндарына да сондай азық беріледі. Құнарлы азық — астық және бұршақ тұқымдастар; техникалық және майлы кебек, кендір, шекілдеуік қоспалары, құ-рама жем — жас тамыр-түйнектер т. б. сәбіз, қызылша, картоп, капуста, сүрлем; жасыл шөптер — екпе шөптер, пішен, ағаштардың жас бұталары; ірі азықтар — шөп, сабан, топан, құрғақ бұталар, малдан алынатын азықтар — сүт, қаймағы алынған сүт, ет-сүйек ұны, қан ұны; минералдық азықтар — ас тұзы, сүйек ұны, жеміс-жидек және тамақ қалдықтары. Сонымен бірге азықтың құрамына витаминдер мен антибиотиктер қосылады.

Үй қояны үшін ең жақсы азық — құрамында клетчаткасы аз жапырақты шөптер, дала өсімдіктері — манжетка, тобылғы, тоз-ғанақ, түйежапырақ, сүттіген, шайқурай, жусан, түйебұршақ, қырық жапырақ, сиыржоңышқа, бидайық, шытыр, жабайы шетен, жабайы беде. Бұл шөптердің құрамында қоректік заттар, минералды тұздар және витаминдер көп болады.

Бұршақ шөптері протеинге, витаминдерге және минералды заттарға, әсіресе кальций мен фосфорға бай болады. Бұл үй қояны үшін ең жақсы азық болып табылады. Бір жылдың және көп жылдық дәнді өсімдіктерде, бұршақ өсімдіктеріне қарағанда, протеин, минералды заттар және витаминдер анағұрлым аз болады және көпшілігі аз жапырақты болып келеді. Сондықтан оларды үй қояндары онша сүйсініп жей қоймайды. Қызылшаның сабарында қымыздық қышқылы және басқа қышқылдар кездеседі. Сондай-ақ асқазан ішек ауруына ұшырататын минерал тұздары болады. Оны үй қоянына абайлап аздап беру керек.

Сәбіздегі каротиннің мөлшері оның сортына байланысты. Сәбіз

305

неғұрлым қызыл болса, ондағы каротиннің мөлшері де соғұрлым көп болады, сарғыштау сәбізде каротин аз кездеседі. Асқабақтың сарғыш сорттары да каротинге бай болады. Жазға салым тамыр-түйнек жемістілерде каротин күрт азаяды, ал дәнді дақылдардың көпшілігінде каротин тіпті аз кездеседі.

А витаминдеріне бай азықтармен азықтандырғанда жануар оны тек өзінің тіршілігіне ғана жұмсамайды, оны қор үшін бауырына жинайды. Қыста рациондағы витаминдер сарқылғанда, организм бұл қорды өзінің керегіне жұмсайды. Жазға салым бауырдағы витаминдер қоры өте азаяды. Буаз үй қояны денесіндегі витамин қорының біразын ұрпақтарына ауыстырады. Көжектер туғаннан кейін де енесінің сүті арқылы А витаминімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан үй қояндарын шағылыстыру науқанына дайындағанда, буаз кезінде және көжектерін емізіп жүргенде, ал көжектерді енесінен ажыратқаннан кейін А витаминімен қамтамасыз ету маңызды іс болып табылады.

Қоян азықтандыру үшін тек қолдан өсірілген шөптерді ғана емес, далада өсетін шөптерді де пайдаланады. Өйткені қояндарға үнемі бір шөпті бере берсең, жемей қоюы ықтимал. Сондықтан кезекпен бірнеше шөп түрін берген жөн. Мысалы, қояндар бақбақты, иманшөпті қоңырбасты, калленді, жусанды, аңбас жусанды, қалақайды, жоңышқаны, қышаны, бидайықты, өгейшөпті, қызыл-бояу шөпті, түймешекті, шоңайнаны, аю балдырғанды т. б. дала шөбін сүйсініп жейді. Шөптерді шапқаннан кейін бірден берген жөн, ал егер дымқылдау болса берердің алдында. жел қақтырған дұрыс.

Көктемде көк шөппен қоректендіруге біртіндеп көшіру қажет. Демек, тәулігіне әр қоянға 50 — 100 г ғана беріледі. Азық рацио-нына бұршақ тұқымдас шөптерді енгізгенде, астықты елеулі мөл-шерде аз беріп, қояндардың азықтануын екі есе арзандатуға болады. Қояндар бұршақ тұқымдас шөптерден жоңышқаны, бедені, эспарцетті т. б. сүйсініп жейді. Көк шөппөн қоректендіру бары-сында қояндардың іші бұзылса, бірден көк беруді тоқтатып, ра-ционға пішен кіргізеді.

Қояндар сәбіздің, қызылшаның сабағын, капустаның жапырағы мен өзегін, бүлдіргеннің жапырағын өте сүйсініп жейді. Сақа қояндарға картоптың сабағын да беруге болады. Бірақ картоптың сабағын, картопты жинаудан 5 — 10 күн бұрын шауып алып, кеп-тіріп не болмаса жастай күйінде беру керек. Қоян рационының құрамына бау-бақша қалдықтарын да кіргізуге (жерге түскен алмалар, кесіп алынған жеміс ағаштарының бұтағы т. б.) болады.

Қояндарды көк шөппен қоректендіргендө жабайы өсімдіктердің ішінде улысы да кездеседі. Қоян өсіруші азаматтар оның бәрін білө бермеуі де ықтимал. Сондықтан улы өсімдіктердің ішіне негізгілерін, байқаусызда қояндар жеп қойса уланып немесе өлетін түрлерін естеріңізге саламыз: меңдуана (белана), сарғалдақ (лютик), күйдіргі (едкий), тамырдары (черемица), қаргакөз (вороний глаз), желпілдек (петреница), ит жидек (белладона), у бал-

306

дырған (болиголоз), сасық меңдуана (дурман), улы сасық қурай (вех ядовитый), лапсыз (безвременник) т. б.

Қоян негізінен көктемде уланады. Өйткені олар көктемде ал-ғашқы көкті қызықтап, ешнәрсегө қарамастан, талғамай кез-кел-генін жей береді. Соның салдарынан уланып қалуы ықтимал.

Көптеген өсімдіктердің: итмұрынның, қырық жапырақтың, мойыл, қарақат, қылқан жапырақтың және жемістердің, көкөністің жапырақтарынан бөлініп шығатын фитонцид деп аталатын ұшатын, жеңіл қорғаныш зат болады. Олар организмде кездесетін бір клеткалы қарапайым жәндіктерді, организм үшін аса қауіпті кейбір микробтар мен вирустарды өлтіріп отырады. Фитонцидтер — өте әсерлі биологиялық антибиотиктер, олардың түрлі аурулардың алдын алудағы маңызы өте зор. Әрине, қоян азықтарында фитоницидтердің мөлшерден тыс көп болмағаны да жөн.

Тамыр-түйнектер мен шығын азықтарды қояндар өте сүйсініп жейді. Рационында шырынды азықтар болса қоректік заттардың қорытылуы жоғары болады.

Шырынды азықтар қояндарға жылдың қай мезгілінде болмасын керек. Солардың ішінде қояндар үшін құндысы — сәбіз. Қант және азықтық қызылша, капуста, картоп, асханалық шалқан, турнепс бергенде де, нәтижесі жаман болмайды. Десе де үнемі капуста, асқабақ, қызылша секілді азықтарды көп мөлшерде бере беруге болмайды. Өйткені іші өтеді, желденеді. Картопты пісіріп беру керек, шикілей берсе қоянның бойына оның 40 проценті ғана сіңеді.

Шырынды азық ретінде ашытқан капустаны қыста беруге бо-лады. Сақа қояндарға тәулігіне 150—200 г, ал көжектеріне 100 г береді. Ашыған капустаны жақсы жеуі үшін үстіне ұн сепсе де болады. Қоян шаруашылығына қажетті шырынды және витаминді азықтың бірі — сүрлем. Шөп пен тамыр-түйнекті кептіргенен гөрі сүрлеген жөн. Себебі сүрлегенде белоктар мен қоректік заттар көбірек сақталып қалады.

Сонымен бірге шөппен салыстырғанда сүрлемнің қорытылуы жоғары. Жақсы сүрлемге қояндар тез үйренеді. Сүрленген азықты қыста және көктемде беруге болады. қоянға сүрлемді көкөністен жасауға болады. Ол үшін азықтық капуста мен сәбізден, сәбіздің сабағы мен қант қызылшасын қосып жасайды. Сүрленген күнбағыс, жүгері, судан шөбі, бұршақ тұқымдастар аса сүйкімді азық болып табылады. Үй қоянына сүрлемді жыл бойына беруге болады.

Азықтандыруға әзірлеген шырынды азықтардың бәрін балшықтан тазалайды, бәрінен де тамыртүйнектерді жақсылап жуған жөн. Оларды шикілей береді. Бірақ үсігендерін пісіреді, ал сәбізді мұзын ерітіп шикілей береді, Картопты пісіріп берген пайдалы. Картоп болсын, көкөністердің басқа түрі болсын аяққа басылмай, жақсы желінуі үшін алдын ала турап қою керек. Ірі азықтармен негізінде қыста азықтандырылады. Олар басқа азықтардың дұрыс қорытылуы үшін қажет. Ірі азықтарды қорытуы жөнінен

307

қояндар күйіс қайыратын малдан (сиыр, қой, ешкі) кейінгі орынды алады. Сондықтан қанша дегенмен қояндар клетчатканы нашар қорытатын болғандықтан оларды тек пішенмен ғана азықтандырған дұрыс емес. Бір ұрғашы қоянға шамамен 40 кг пішен дайындау керек. Пішен ірі азықтардың ішіндегі ең құндысы. Оны табиғи және екпе шабындықтарда, көп жылдық және бір жылдық шөп егілген жерлерде өсіріп, дайындайды, Пішеннің сапасы оған арнайы шабылған шөптің химиялық құрамына, пішен жинаудың уақыты мен төхникасына байланысты болады.

Қояндар үшін пішеннің құрамында ұсақ жапырақты өсімдіктің бірнеше түрі болуы керек. Көп жиналған ірі шөпті, әсіресе дәнді өсімдіктердің сабанын қоян өте нашар жейді. Пішенге деген өсімдіктерді гүлдегенге дейін немесө гүлденудің басында жинайды. Шөптерді төз кептіріп, көк кезіндегі иісін жоймай, дер кезінде жинап алады. Шөптерді ілмешектерде, көлдөнең қойылған ағаштардың үстіне, сатылардың үстінде немесе қолдан жасалынан желдеткішпен кептірген қолайлы. Осындай тәсілдермен кептірілген пішендерде 60 проценттен артық протеин сақталады.

Қояндар жейтін пішеннің құрамында бұршақ тұқымдас өсімдіктер (жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, т. б.) басым болу керек және өсімдіктердің сабақтары емес, негізінен жапырақтары болады. Олардың хош иісті, жасыл түсті болуы қажет. Әрине арасында қояндар үшін зиян улы өсімдіктер болмауға тиіс. Көгерген пішен қояндарды ауруға шалдықтырып, тіпті өлім-жітімге ұшыратады. Жаздық дақылдардың (арпа, тары, сұлы, жаздық бидай) сабанын қояндар сүйсініп жейді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің сабаны (ас бүршақ, жем бұршаң) да азық есебінде пайдала-нылады. Сол сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктердің топанын да сүйсініп жейді. Кейде сабанды булап береді. Ол үшін 10 кг сабанды (кесінді) ағаш, ыдысқа салып, 10 литр қайнаған су құяды да, 7—10 сағат бөктіріп қояды.

Орманды аудандарда шөптің орнын ағаш бұталарын дайындау жолымен толықтыруға мүмкіндік бар. Оларды азықтандыру үшін қандыағаштың, теректің, қайыңның, талдың, жөкенің, үйеңкінің, қарағанның, жаңғақ ағашының жапырақтары мен жіңішке сабақтарын пайдалануға болады.

Қысқы рационға қосымша ретінде ағаш бұталарын май-июль айларында дайындайды. Егер ірі азық ретінде қояндарға пішен дайындай алмасапыз, жазда дайындалған ағаш бұталарын пайда-лануға болады.

Сол сияқты қояндарды витаминдердің қосымша көзі болып саналатын қарағайлардың, шыршалардың, аршалардың бұтақта-рымен қоректендіреді. Шырша мен қарағайдың бұтақтарын тек қыстыкүні ғана дайындауға болады, өйткені, жылы кезде олардың құрамында жабысқан заттар көп кездеседі. Сондықтан да оны онша сүйсініп жемейді. Бірақ қоянға тәулігіне 100—200 г қарагай мен шырша бұтақтарын береді. Қылқан жапырақтыларды рационға көбірек кіргізуге болмайды. Себебі қояндардың ула-

308

нып қалуы ықтимал. Қылқан жапырақтардың тікенектерінде ка-ротин (1 кг шырша тікенектерінде 130 мг дейін), протеин, кальций мен фосфор өте көп болады.



Пішендеме — қояндар үшін таптырмайтын құнды азық. Оны шауып кептірген, бірақ, 45—55 процент ылғалдылығын сақтаған шөпттерден данындайды. Ол ауа өткізілмейтін жағдайда дайында-лып, сақталады. Соның нәтижесінде шөптің құрамындағы қоректік заттар толық сақталып қалады. Пішендеме қантңа, негізгі амин қышқылдарына (лизин, метионин т. б.) бай.

Дәнді азықта қоректік заттардың жиынтығы мол болады. Сон-дықтан да оларды құнарландырылған азық деп те атайды. Оларға әр түрлі екпе өсімдіктердің денелері, астықтың өңделгеннен кейінге өнімдері, майлы дақылдар мен құрама жемдер жатады. Құ-нарландырылған азықтың 70—80 проценті сұлы, бидай және жү-геріден тұрады. Олармен азықтандыру үшін алдын ала дайындап алып, содан кейін беру көрек. Сонда көп ысырап болмай, сіңімділігі артады.

Қояндардың жас ерекшеліктеріне қарамай, бөре беретін дәнді азық — сұлы. Көпшілік жағдайда оларды құрғақтай беруге болады. Рационды анда-санда өзгерту үшін, әсіресе семірту кезінде сұлыны тұзды суға салып немесе қуырып берген дұрыс. Қояндар арпаны да сүйсініп жейді.

Бұршақ, жүгері, сиыржоңышқа, жасымық секілді қатты дәндерді қоян азықтандырмастан 2—3 сағат бұрын суға салып жібітіп қояды. Оңтүстік аудандарда көпшілік жағдайда қояндарды жүгерінің дәнімен азықтандырады.

Тамақ қалдықтары. Қояндар әр түрлі ботқа, картоп, нан т. б. сүйсініп жейді. Қояндарды тамақ қалдықтарына көжек кезінде үйреткөн жөн. Сонда сақа қояндарға күніне 200 г дейін беруге бо-лады. Сорпаға кебек, құрама азық, ұн қосып берген жақсы. Есте ұстайтын бір жайт тамақ, қалдықтары мен қоспалардың ашымаған болуы шарт. Нан қалдықтарын кептіріп, содан кейін берер алдында суға салып жібітеді. Сақа қоянға бір күнде 50—60 г нан қабығын берсе, көжектеріне 25—30 г береді. Жаңа піскен нан беруге болмайды. Өйткені олар, қоянның ішін келтіреді. Картоп, көкөніс қалдықтарын мұқият жуып, -шикілей немесе пісіріп те беруге болады. Ал алманы, шетенді, емен түйіршігін, алшын жемістерін, асхана қалдықтарын — картопты, тарнаны, қарбызды, ас-қабақты, капуста жапырақтарын қояндар өте жақсы жейді.

Минералды және витаминді азықтар. Қояндар қыстыкүні азық құрамындағы витаминдер тапшылығын қатты сезінеді. А витамині балық майында мол болады. Сондықтан да көжектемеген кезінде; бір сақа қоянға тәулігіне 1 г, көжегін емізетін кезінде 3 г балық майын береді.

Ас тұзын тәулігіне бір көжекке 0,5—1, сақа қоянға 1—1,5 г есебінен жыл бойы беру керек. Кальций мен фосфор тапшылығын сүйек немесе балық ұны, бор есебінен қалпына келтіруге болады.

Жануарлардан алынатын азықтар. Енесінен айырған көжектер

309

.

мен емізулі қояндарды жаңа сауған сүтпен және құрғақ сүтпен, қаймағы алынған сүтпен азықтандырады. Ет, ет-сүйек, қан және балық ұны қояндар үшін өте құнарлы азық деп есептеледі. Сол сияқты тәулігіне бір сақа қоянға 5—6 г, ал бір көжекке 5г есебінде тұт көбелегінің қуыршағын да береді.



Құрама азық. Құрама азық, түрлі-түрлі қоректік заттардың жиынтығы, яғни онда малға қажетті белоктар, витаминдер, мине-ралды қосындылардың барлығы болуға тиіс.

Құрама азық кез-келген азықтың қоспасы емес, ол ғылым мен озат тәжірибенің жетістіктері негізінде, малдың қоректік заттарға деген қажетін ескере отырып жасалған бірден-бір құнды қоспа.

Соңғы жылдары құрама азықты мол дайындау ісі қолға алынуда. Өйткені азықтың жеке түрлерінің құрамында кейбір қоректік заттар, әсіресе тіршілікке қажетті амин қышқылдары, минералдық заттар мен витаминдер жеткілікті түрде кездесе бермейді. Сондықтан да құрама жем әзірлеу бір азықта жетіспейтін өте қажетті заттардың олқылығын, екінші бір азықтағы затпен толтырып, құнды рацион дайындауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде мал өнімділігі 20—25 процент артады, ал өнім алу үшін жұмсалған азық шығыны 15—20 процент кемиді. Құрама жемді сатып аларда, оның қай мал түлігіне арнап дайындағанын білу керек. Өйткені қоянды ңұсқа арналган қүрама жеммен азықтанды-руға болмайды. Олардың құрамында қояндардың организміне залалын тигізетін ұсак, тастар, ұлу қабыршықтары т. б. қосылады. Бірақ қоянға ірі қара мал мен шошқаға арналған қүрама жем бере беруге болады.

Үй қояндары дұрыс өсіп-жетіліп, мол өнімді болу үшін оларға әр түрлі азық'беру керек. Қоянға азықты шамадан тыс артық немесе тым аз берсе олардың жалпы күйіне зиян болады.

Тіпті қояндар жақсы жейтін азықтардың өзін, еркімен бере бермей, шамалап беру керек.

Сонымен қатар рацион жасағанда әрбір қоянның жасы мен физиологиялық жайына ерекше назар аударып, оған берілетін жеке азықтың қандай маңызы бар екенін ескеру қажет. Әдетте көжектер өте шапшаң өседі, ал сақа үй қоянының физиологиялық жайы жиі өзгеріп отырады. Сондықтан да айтылғандарды ескеріп, олардың рациондарын 10 күн сайын жаңартып отырған дұрыс.

Әрбір он күннен кейін үй қояндарының қаншасы шағылысқанын, қаншасының буаз, қаншасының көжектерін емізіп жүргенін есептеп біледі. Сондай-ақ 1—2 айға, 2—3 айға, 3—4 айға, 4—5 айға толған көжектерді де өз алдына есепке алады.

Шағылыспаған кезінде еркек қояндарды және көжектерінен айырған ұрғашы қояндарды, келесі шағылысу мезгіліне дайында-ғанда құнарлы азықпен аз мөлшерде азықтандыру керек. Осындай тәсілмен азықтандыру тек құнарлы азықты үнемдеу ғана емес, сонымен бірге қояндардың семіріп кетуіне де жол бермеу шарасы. Шағылыспаған уақытта еркектері мен ұрғашыларына



310

 

.көбірек пішен, бұталар, көкөніс қалдықтары беріледі. Ал шағылыс-тыруға дайындаған кезде құнарлы азықтардың мөлшерін көбейтеді, қыста сәбіз, жазда шөп мөлшерін арттырады.



Буаз кезінде қояндарға, әсіресе буаздығының екінші жартысында ірі азықтың мөлшерін азайтып, минералдық және витаминді азықтар мөлшерін көбейтеді.

Ұрғашы үй қоянының сүтінде 20 процент май, 15 процент белок, 2 процент шамасында қант, 2,5 процентке дейін минералдық заттар болады. Сүтте осындай аса сапалы заттар болу үшін көптеген жақсы қорытылатын әр түрлі азықтар беру керек. Сондықтан да көжегін емізіпІ жүрген қояндарға үнемі жоғары сапалы азық беріп отырған жөн. Азықтандыру мөлшері көжектердің санына да байланысты. Көжектерін айырғаннан кейін олардың рационынан жаңағы қосылған азықтар алынып тасталынады.

Әлбетте көжектерді енесінен 45 күннен кейін айырады. Көжектер енесімен бірге қандай азықтармен азықтандырылса, бөлінгеннен кейінгі алғашқы күндері де сондай азықтар беріледі. Содан кейін бірте-бірте өздеріне тән рационға көшіріледі

1—2 айлық көжөктерге көкөніс, картоп қалдықтары, ірі азықтар, сабан, кебек т. б. беруге болмайды. Өйткені бұл азықтарды көжектер қорыта алмай, іш ауруларына шалдығады.

Енесінен бөлінген көжектерді көк шөппен, бұршақ тұқымдас дақылдармен, сұлымен, құрама жеммен, піскен картоппен, сәбіз бен азықтық қызылшамен азықтандырады.

Қояндарға ылғалды азықты 1—1,5 сағат ішінде жеп қоятындай етіп, тәулігінө 1—2 рет бсреді. Себебі ондай азықтар жаз айларында көгеріп немесе шіріп кетсе, қыста қатып қалады.

Үй қояны — түн жануары. Сондықтан да үй қояндарына түн мезгілінде мол қылып азық салып қою көрек. Түнде оларға көбірек көк шөп, пішен, бұталы азықтарды берген ыңғайлырақ. Қай жаста болмасын қояндардың бәріне тек қана ашымаған, шірімеген, көгермеген жоғары сапалы азық, беріледі.

Қояндарды тұрақты бір мезгілде азықтандыру қажет. Көпшілік жағдайда ашыққан қояндар азықты көбірек жеп қойып, соның салдарынан іш ауруына шалдығады. Егөр қоян үнемі белгілі сағатта азықтанатын болса, онда көп жегені былай тұрсын, азық жақсы сіңеді.

Қояндарды шөппен азықтандыру ерте көктемнен басталады да, бірте-бірте жазғы азықтандыру көшіріледі. Бірінші күні көжектерге көк шөпті тәулігіне 50 грамнан, сақаларына 100 грамнан асырмайды. Ал тамыртүйнектерімен азықтандыруға ойланбастан-ақ тез көшуге болады.

Бұрын жемеген жаңа азық түрлерін аз-аздан беріп, оның мөл-шерін бірте-бірте арттырады. Әсіресе қызылшаның сабағын, та-рыны, капустаның жапырақтарын бергенде қатаң тәртіп сақтаудың маңызы зор. Оларды жас көжектердің рационына 20 г, сақаларына 50 г қосады.

Азықты тек қана оттыққа салып беру керек. Аяққа басылған

311

:азықты қояндар онша жей қоймайды. Демек, жерге түскен, от-

тықта қалған азықтарды дер кезінде жинап алу керек. Оларды қайтадан қоянға беруге болмайды.

Қояндар салқын кезде күніне екі рет, ал жылдың ыстық кездерінде тәулігіне 3 рет суарылады. Қыстыкүні су орнына қар беруге болады. Қайткен күнде де көжегін емізіп жүрген қояннан су айыруға болмайды.

Қоян азықтандыруда олардың жеке ерекшеліктерін, қай азықты сүйсініп жейтінін жете біліп, есепке алған жөн. Жеке қоян өсірушілерге қоянның осы ерекшеліктерін білу қиындыққа соқ-пайды. Егер осы ерекшеліктерін біліп, азықтандыратын болса, онда ңояндардың өсіп-жетілуі жылдамдан алынатын өнім молаяды, сондай-ақ азықты тиімді пайдаланады.

Азықтандырудың дұрыс тәртібі. Қоянның қарыны 180—-200 миллиметрлік бір ғана бөліктен тұрады. Сондықтан оларды жиі азықтандыру керек. Егер қоянды азыққа еркін жіберсе, ол тәулігіне 30 рет, ал көжектері одан көп азықтанады.

Жануарлардың басқа түрлері сияқты қояндар да азықтандырудың белгілі бір тәртібіне тез көндігеді. Демек, оларда шартты рефлекс пайда болады. Осыған байланысты қоян азықты көрді ме, көрмеді ме, оған қарамастан азықтандыру сағаты келгенде көп мөлшерде қарын сөлін бөледі. Ал мұның өзі азықтың тез қорытылуына және қоянның дұрыс өсуіне әсерін тигізеді.

Көжегін емізіп жүрген қояндар мен көжектерді 2,5 айлығына дейін тәулігіне 4 рет, ал қалғандарын 2 рет азықтандырады. Мүмкіндігіне қарай мынадай күн тәртібін ұстауға болады.

Қыста үш рет: сағат 8-де — тәулігіне берілетін құнарлы азықтың жартысы және тәулігіне берілетін шөптің жартысы беріледі; сағат 12-де — тамыр және түйнекжемістілердің тәуліктік нормасы; сағат 17-де құнарлы азықтың қалғаны, шөп және бұталы азықтар беріледі.

Жазда үш рет: 9-да тәулігіне берілетін құнарлы азықтың жартысы және үш бөлік шөп; сағат 15-те тәулігіне берілетін шөптің үш бөлігі; сағат 19-да құнарлы азықтың қалғаны мен шөп бұталар беріледі.

Төрт рет азықтандырғанда сағат 6-да құнарлы азықтың үш бөлігі; шөптің төрт бөлігі; сағат 11-де құнарлы азықтың үш бөлігі, жазда шөп, қыста — тамыржемістілер; сағат 16-да — жазда шөп мөлшерінің жартысы, ал қыста пішен мен тамыржемістілер; сағат 19-да құнарлы азықтың, шөптің немесе пішеннің қалғаны, түнде бұталар беріледі. '

Егер қажет болса көжегін емізіп жүрген қояндарды кешкі сағат 10—11-де қосымша азықтандыруға болады.

312

ҚОЯН ӨНІМДЕРІ

Әрбір қоян өсірушінің негізгі мақсаты — еңбек пен шығынды аз жұмсап, мол да сапалы өнім алу. Кейбір дербес шаруашылықта бір ұрғашы қоян жылына, төрт рет көжектеп, 20—25 көжек алынады. Әрине ол үшін асыл тұқымды қояндар өсіріп, оларды құнарлы жемшөппен азықтандыру, дұрыс және уақытында сою, терісін дер кезінде өңдеу сияқты негізгі міндеттерді атқару керек. Үй қоянынан алынатын негізгі өнімдер ет, тері және түбіт. Тері мен түбіттен жасалған бұйымдарды халық көп тұтынады.

Қоян еті — барлық диеталық еттің ішінде маңызды орын алады. Ол сөлді, нәзік, дәмі жағынан тауық етіне жақын, қуаттылығы өте жоғары, тез қорытылады. Құрамындағы белок пен мөлшеріне қарай қоян еті тауықтың етінен элдеқайда асып түседі. Қоян етінің құрамында жоғары дәрежеде құнды белоктардың, аз мөлшерде майдың, экстрактивті заттардың және холестериннің болуы, оны сиыр, шошқа және қой еттерінен жоғары шығарады.

Мысалы адам организміне қоян етіндегі белоктың 90 проценті қорытылып сіңсе, сиыр етінің тек 62 проценті ғана сіңеді. Қоян етінің 1 килограмында 1384-тен 1820-ға дейін калория болады. Қоянның майы тез ерігіш. Сондықтан да тек қана сиырдың, қойдың майынан емес, шошқаның да майынан асып түседі. Ңоян еті егде тартқан адамдарға, әсіресе балаларға, сол сияқты қан қысымымен, бауыр, ішек, өт жолдары ауруымен ауыратын науқастарға диеталық тамақ ретінде ұсынылады. Өйткені қоянның етінде аздаған мөлшерде пурин (100 г етте 38 мг) және хлорлы натрий (100 г етте 84 мг) кездеседі.

Сонымен бірге қоян еті РР витаминіне (никотин қышқылы), калий, кальций, магний және, фосфор тұздарына бай. Қоянның майы ақ, жұмсақ 22—25° температурада ериді.

Үй қояндары жасының өсуіне қарай олардың бұлшық еттері, майлары толығады. Соның арқасында олардың салмағы өседі. Со-нымен бірге олардың жасына қарай етінің құрамында белоктар мен майлардың мөлшері де көбейеді, калориялылығы жоғарылайды.

Қоянның бауыры, бүйрегі және өкпесі де құнды тарамдық азық болып есептеледі. Бауырда 22% белок, 2,2% май, өкпеде 15,8% бслок, 2,6% май, ал бүйректе 14,0% белок, 2,7 процент май болады.

Қоңды қояндар омыртқасының жіктері қолмен ұстағанда бі-лінбейді, бөксесі, жамбас сүйегінің маңы жұп-жүмыр болады. Қол-тығының астығы жарындағы тері қыртыстарын қолмен ұстап, айқын байқауға болады. Мұндай қоян бірінші категорияға жатқызылады.

Қолмен үстап байқағанда қоңдылығы орташа қояндарды екінші категорияға жатқызады. Олардың омыртқасының жігі қолмен ұстағанда білінш, аздап шығып тұрады, жамбас сүйектері жал-



313

пақтау, көтеріңкі келеді, май қыртыстары білінбейді. Қоңдылығы осыдан төмендерін арық қояндар деп есептейді.

Қоянды сойғаннан кейін оның етін тағы екі категорияға бөледі. Бірінші категорияға бұлшық еттері жақсы жетілген, шоқтығында және шап қуысында жуан таспа тәрізденіп май жиналған, бүйректерін жартылай май басқан еттерді жатқызады.

Екінші категория — бұлшық еттері орташа жетілген, арқа омыртқаларының сүйектері аздап шығыңқырап тұрады. Шоқты ғында, шап қуысында және бүйрек маңында аздап май жиналуы ықтимал. Сайып келгенде, бұл категорияға майы жоқ, еті орташа жетілген қояндардың ұшалары жатады. Әрбір ұшаға баға беріп болғаннан кейін мал дәрігері сирағының сыртқы жағына белгі (клеймо) соғады. Бірінші категориялы ұшаға дөңгелек мөрде, екінші категорияға төрт бұрышты мөр басылады.

Қоян салмағының көпшілігін бұлшық ет тканьдері алып жатады. Үй қояндарының бұлшық еттері басқа мал еттерімен салыс-тырғанда өте нәзік болады. Олай болатын себебі еттерінің арасында жіктеліп жатқан майлы қабаттар болмайды. Қоян етінің құрамында аздап гемоглобин болғандықтан олардың түсі ақшыл қызыл болады. Еті өте дәмді келеді. Азоттың заттардың мөлшеріне қарай ол тек күркетауық және дала қояндарының етінен кейін тұрады.

Қояндардың тірілей салмағы неғұрлым жоғары және бел жағы кең болса соғұрлым ет өнімі де мол болады. Қоян салмағын 3 кг-ға жеткізіп, 3—4 айлығында сойса өте тиімді. Бұл әрі арзанға, түседі.

Қоян етінен жасалған тағамдар тек аса қоректілігімен ғана емес, сонымен бірге дәмділігімен де басқа еттерден ерекше болады.

Мемлекеттік және кооперативтік мекемелерде қоян етінен пі-сірілген колбаса, көкөніс қосып турап қуырған ет (рагу, ұсақ туралған қуырдақ (фрикассе), бұқтырылған ет дайындайды.

Үй жағдайында қояндардың еттерінен әр түрлі сұйық және қою тағамдар жасалынады.

Ет дәмді болу үшін алдын ала, бір тәулік бұрын қоянның ұшасын баптап (маринадтап) қою қажет. Ол үшін 0,5 проценттік сірке суына ұсақтап туралған 1 — 2 сарымсақ, петрушка, пияз, бұрыш, лавр жапырағын, сонымен бірге бір шай қасық қант салып, шамамен 10 мин. баппен қайнату керек. 4 немесе 6 бөлікке бөлінген ұшаны эмальды кастрюлге салып, суыған маринадты құйып, 6—24 сағат бойы бетін жауып қояды. Содан кейін еттің үстіне дөңгелек тақтай қойып, ауыр затпен бастырып тастайды. Маринадталған үй қоянының еті нәзік және жұмсақ болады, дәмі де өзгеше. тез піседі.

Әсіресе қоян етінен қуырған, пісірген және бұқтырған тағамдар өте дәмді болады.

Қоянның ұшасы сарғайып кетпес үшін сойып болғаннан кейін лимонмен сүрту керек, сонда еттің түрі кетпей жақсы сақталады.



314

Қоянды сою және терісін сыпыру. Қояннан ет пен сапалы тері алу үшін тиімді уақытта көжектеуін жоспарлау қажет және ол түлеп болғаннан кейін сойған жөн. Сонымен бірге дұрыс күту және азықтандыру, теріні сыпыру мен бірінші кезектегі өңдеу де, терісінің сапасына әсер етеді.

Терісіне бола соятын қояндардың сою мерзімі жүнінің жетілуіне тікелей байланысты мәселе. Сақа қояндар әдетте көктемде және күзде түлейді. Еркек үй қояндарының көктемгі түлеуі март-апрельде басталып, тек августа, ал күзгі түлеуі августың аяғында және октябрьде басталып, ноябрьде аяқталады. Осыған байланысты сақа қояндардан сапалы тері алу үшін тек ноябрь мен март айларыныц аралығында ғана сою керек. Ал егер басқа уақытта сойылатын болса, олардың терісі екінші сорттан аспайды.

Егер үй қояндарының түлеуі тез өтсін, терілері үлкен, ал ұшасы семіз болсын десеңіз қояндарды бордақылау керек. Оны соярдан бір ай бұрын бастайды.

Қояндарды сояр алдында 12—18 сағат бойы азықтандырмайды. Сондай-ақ оларды суаруға да болмайды. Қоянның тірі кезінде жүнін тарап, тазалайды. Оларды дымқыл жүнімен союға болмайды.



Терісін сыпыру. Қоянды бауыздағаннан кейін қанын әбден сорғытады. Содан соң артқы аяқтарының бақай буынынан теріні дөңгелетіп кеседі де, ішкі жақтарынан өткір пышақпен теріні іреп, сыртына қарай сыпырады. Қоянның терісін дұрыс сыпыру үшін артқы аяғынан арнайы жасалған ағашқа іледі. Содан кейін артқа аяқтарынан шығарып алады да, жаядан бастап төмен қарай басқа дейін сыпырады. Ұшадан теріні сыпырып болғаннан кейін буынынан алдыңғы аяқтарын ептеп теріні көсіп алмай құлақтың шеміршегін кеседі, көздің айналасын және ауыз тесігінің терісіп сыпырады. Содан кейін теріні созып, шелінен, майынан

тазалайды.



Теріні тазалау. Сыпырылған теріні суыту үшін 1—2 сағат іліп қояды. Содан кейін теріде қалып қойған еттерді, сіңірлерді, сүт бездерін, көрініп тұрған басы артық қалдықтарды алып, майын кетіреді. Терінің шөлі мен майын кетіруге арнайы тақтайдан жа-салынған сына тәрізді кергішке кигізіп, пышақпен қырады. Ал бауырынан жарып сойылған жалпақ терілерді тақтайдың үстіне салып қырады.

Теріні шелі мен майын сыпырғанда тек жаядан бастап басына қарай қыру керек екенін айта кеткен орынды. Егер осы тәртіппен жасамаса тері түгінің түбі қырқылып, ақау пайда болады, жүндері түсіп қалады. Теріні майдан арылту аяқталғаннан кейін аздап бензинмен дымқылдаған жапырақты ағаштардың үгіндісімен сүртеді. Содан кейін ағаш үгінділерінен арылту үшін жақсылап бірнеше рет сілкеді.

Егер терісін сыпыру мен майдан тазарту кезінде байқамай жыртып алса, оны дереу тігу керек. Теріні сыпырганнан кейін бүлдірін алмас үшін бірден жылы күйінде орап тастамау керек

315

және бірінің үстіне екіншісін салмау қажет. Сол сияқты терілерді аязда сақтауға болмайды.

Теріні кептіру. Терілер бірқалыпты кеуіп, қыртыстары болмай, формалары дұрыс болу үшін арнайы ағаштан жасалынған кергіш қалыпқа жүнін ішіне қаратып кигізіп, кереді. Керу кезінде көздері, құлақтары және алдыңғы аяқтары симметриялы тең орналасуы қажет. Керіп болғаннан кейін жаяның ішкі жағынан ұсақ шегемен қағып тастайды.

Кергіш қалыпты кез-келген ағаштан жасайды. Оны бас жағы біріккен сүйір, кейінгі жағы аша тәрізді екі жаққа ашыла түсетін қозғалғыш жіңішке жұқа тақтайдан жасайды. 1. Алдыңғы шеті дөңгелектеніп келген, жақсы өңделген жіңішке тақтайдан жасайды. 2. Қозғалмалы екі ұшына планканы біріктіріп, жалпақтығын немесе кеңдігін реттеп отыруға ыңғайлы екі қозғалмалы көлденең кіші планка етіп жасайды. 3. Қозғалмайтын көлденең екі кергіш, планканың екі ұшын айыр тәрізді етіп жасайды.

Терілерді пештің жанына, күннің көзіне кептіруге болмайды. Ондай тәсілмен кептірілген терілер сынғыш болады және сапасы төмендейді. Сондықтан терілерді жылы бөлмеде кептіреді. Тері кептіретін жерлерде ауаның ылғалдылығын 45—60 процент, жылылығының 25—30° шамасында болуы қажет. Кептіру ұзақтығы 6—7 сағаттан аспау керек. Кептірілген терілерді бүлдіріп алмас үшін дереу дайындау мекемелері — тұтыну кооперациясына тапсырады.

Теріні илеу және сорттау. Тон тігу үшін үй қояндарының терісін үй жағдайында илеуге болады. Бірақ терін илеу адамдардан шыдамдылықты, терімен жұмыс істеуде үлкен сақтықты қажет ететін жұмыс.

Жаңа ғана сыпырылған теріні шел мен майдан тазартып, содан кейін жуады. Ол үшін тері толық сыятын ыдысқа белгілі мөлшерде су құяды (жылылығы 30—35°С). 1 литр суға 1 қасық ас тұзын салады.

Жас теріні қатты уқаламай мұқият жуады. Кебіңкіреп кеткен теріні қолмен уқалап, ысып жуады. Кепкен теріні жұмсарту үшін 2—3 сағат жуатын ерітіндіге салып қояды да, әлсін-әлсін аударып, кейбір жерлерін әр түрлі бағытқа созып, шелі болса теріні жыртып алмай алып отырады. Содан теріге өң біткеннен кейін ерітіндіден алып сығады (бұрамай). Сөйтіп жылырақ сумсн шаяды да сірке қышқылы бар ерітіндіге салады.

Сірке қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 30—35° 1 литр суға 50—50 мл сірке эссенциясы және 3—4 қасық ас тұзын қосады. Теріні илеудің бірінші сатысы — ерітіндіде ұсақтау. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі 1—3 тәулікке созылады. Ол үшін 1 литр суға 12—15 текше сантиметр сірке қышқылын және 50 грамм ас тұзын қосып ерітінді жасайды. Салмағы бойынша ерітінді теріден төрт есе ауыр болуы керек, сонда ғана теріні мезгіл-мезгіл қозғап аударыстырып отыруға мүмкіндік болады.

Екінші кезеңі 12 сағатқа созылады, Оған 1 литр суға 5 текше



316

сантиметр 100 проценттік күкірт қышқылын, 50 грамм тұз қосып ерітінді жасайды.

Ерітіндіде ұстағаннан кейін теріні сығып, үйіп қояды да, 1—2 тәулікке сол күйінде қалдырады.

Келесі сатысы илеу. Илейтін ерітіндінің бірнешө ережесі бар. Бірақ солардың ішінде ең оңайы мынау: 1 литр суға 7 грамм хром ашудасын және 50 трамм ас тұзын қосады. Егер хром ашудасы болмай қалса, оның орнына талдың қабығын қайнатып қосуға бо-лады. Хром ашудасы бар ерітіндіде теріні 12 сағат бойы ұстаса жеткілікті, ал талдың қабығы бар ерітіндіде бір тәулік, әйтпесе екі тәулік үстауға болады. Илейтін ерітіндінің көлемі терімен са-

лыстырғанда 4 есе көп болуы керек.

Илеп болғаннан кейін сығып, майын кетіреді. Ол үшін арнайы ерітінді дайндайды: 1 литр қайнаған суға кір сабынның төрттен бір бөлегін ерітеді де, шошқаның 1 литр майын қосып жақсылап араластырады. Содан кейін 10—12 текше см мүсәтір спиртін қо-сады. Ерітіндіні кішкентай қыл шеткамен тек терінің шеліне ғана жағады.

Терінің сапалы болуы оны жақсылап кептіруге де байланысты. Кептіру кезінде теріні мезгіл-мезгіл созып, уқалап отырады. Ең соңыңда зімпара қағазымен ысқылайды. Бірақ зімпара қағазынан бұрын алдын ала бормен я гипспен ысады. Иленіп болғаннан кейін жүнін кір жуатын порошок қосып жылы сумен жуады. Содан соң тағы да кептіреді.

Қояндар түбіт өнімділігі бір жылда алынған түбіттің мөлшерімен анықталады. Ол негізінен тұқымына, азықтандырылуына және асырау жағдайларына, сол сияқты түбітті жинау мен тарау әдістеріне де байланысты. Мамандардың көп жылдық тәжірибеле-ріне қарағанда қоян тұқымдарының ішінде түбіт мол алынатыны түбітті ақ қоян тұқымы екен. Бір ұрғашы қоянның өзінен (көжек-терінің түбітін қосқанда) бір жылда 1,5 кг дейін түбіт алынады (сақа қояндардан орта есеппен 400 г, ал көжектерден 3 рет жинағанда 100 грамға дейін түбіт алынады). Қоян түбіті тоқыма өндірісінде, т. б. мақсатта пайдаланылады.

Көжектерден алғашқы рет түбіт 2—2,5 айлығында бірінші түлей бастағанға дейін (түбітінің ұзындығы 6 см болғанда), екінші рет 4—4,5, үшіншіде 6—6,5 айлығында алынады.

317

АРАӨСІРУ



АРА СЕМЬЯСЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ

 

Аралар тек қана үлкен семья болып тіршілік етеді. Көктемде бірқалыпты ара семьясы омартада ондаған мың жұмысшы арадан және бір аналық арадан құрылатын бір семьядан тұрады. Жұмысшы ара мен аналық ара — ұрғашылары, ал еркектері — трутни деп аталады. Олар семьяда көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады. Мұның бәрі еркек аралар тек қана жас аналық араларды ұрықтандыру үшін қажет екендігін көрсетеді. Омарта тұрғындары бір семья болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі. Және оны мүлтіксіз орындайды.



Аналық ара. Ара семьясындағы ең ірісі және оның сыртқы кө-рінісі ерекше болады. Ол жұмысшы арадан екі есеге жуық ұзын (20—25 мм), салмағы 230—280 мг. Сыртынан қарағанда аналық араның құрсағы ұзын сияқты көрініп, қанаты жартысын жауып тұрады, ал жұмысшы араның қанаты құрсағын толык, жауып тұрса, еркек араның қанаты құрсағынан ұзын болады.

Аналық араның көбею органы жұмысшы арамен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жетілген және олар еркек аралармен шағылыса алады.

Әзірше еркек арамен шағылыспаған жас ұрғашы араны ұрық-танбаған; еркек арамен шағылысқан аналық араны ұрықтанған деп атайды.

Ұрғашы араның биологиялық қызметі — ұрпақ өрбіту. Ол күн сайын балауыз ұяшығына 1 — 2 мың, кейде одан да көп ұрықтан-дырылған жұмыртқа салады. Ұрғашы ара кейде ұрықтандырыл-маған да жұмыртқа салады. Одан тек еркек аралар ғана шығады. Сөйтіп ара семьясында ұрықтанбаған жұмыртқадан өну, яғни партеногенез де сақталған. Ал, ұрықтанған жұмырқадан ұрғашы аралар, жұмысшы аралар мен аналық аралар шығады. Сайып кел-генде аналық ара жұмысшы араның да, еркек араның да, яғни барлық ара семьясының анасы болып есептеледі.

Ұрғашы ара өліп қалғанда және жаңа аналық ара басып шы-гарған личинка болмаған кезде немесе асыраушы аралар кетіп, личинкалар жетіспеген жағдайларда жұмысшы аралар да жұмыртқа сала береді. Бұл жұмыртқалардан еркек аралар өнеді. Ондай араларды трутовка деп атайды. Бір жұмысшы ара өз тіршілігі ішінде 28-ге дейін жұмыртқа сала алады.

Көп мыңдаған арасы бар семья ұрғашы арадан айрылған кез-



318

де гуілдеп, омарта ішін мазасыздана кезіп, өздерінің қимыл әре-кеттерімен ара өсірушілердің назарын аударады. Аралар ұрғашы арасыз ұзақ тіршілік ете алмайды.

Ұрғашы ара балауыз ұяшығынан шыққаннан кейін 5—7 күн ішінде жыныстық бездері жақсы жетіліп, еркек арамен шағылысу қабілетіне жетеді. Аналық ара еркек арамен омартада емес, ауада ұшып жүріп шағылысады. Еркек арамен кездесу үшін аналық ара-ның ұшып шығуын некелік ұшу дейді. Некелік ұшу кезінде аналық ара айналаны байқап, өзінің омартасы қай жерге орналасқан, сыртқы пішіні қандай екендігімен танысады. Алғашқы ұшу қашықтығы небәрі бірнеше метр болса, бірте-бірте қашықтап 2—3 тіпті 5—6 километрге жетеді. Некелік ұшу жылы күндері таңертеңгі сағат 10-нан кешкі сағат 5 аралығында өтеді.

Егер некелік ұшудың бірінші күндерінде шағылыса алмаса келесі күні қайталанады. Олар қайткен күнде де шағылысқанға дейін ұша береді.

Ұрғашы ара еркек арамен шағылысқаннан кейін екі-үш күн аралығында балауыз ұяға жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқаны балауыз ұяның түбіне “желімдеп” жабыстырып тастайды.

Жұмыртқа салмастан бұрын аналық ара балауыз ұяны тексеріп байқап алады. Егер балауыз ұя дайын болмаса, басқасын қарап, дұрысын тауып алады. Содан кейін жүмыртқа салу үшін балауыз ұяға құрсағын салып, 10—15 секундтай кідіріп жұмыртқа салады да, құрсағын ұядан алып, келесі ұя іздеуге кіріседі. Сапасы келгенде бір минут ішінде жақсы дайындалған балауыз ұя болса орта есеппен екі-үш жұмыртқа салады. 20—25 минут салғаннан кейін 5—7 минут қоректеніп, тынығады.

Күтімі жақсы аналық ара көктем мен жазда бір тәулікте 1500—200 жұмыртқа, ал көктем мен күз маусымында 200 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Жұмыртқа салу кезінде аналық араларды үнемі қоректендіріп отыру керек. Сондықтан некелік ұшудан кейін аналық араға қам-қорлық жасап, омартадан сыртқа шықпайтын араларды некерлер деп атайды. Олар ұрғашы араның денесін таза ұстаумен қатар оны азықтың сапасьі жоғары сүтпен қоректендіреді. Сапасы жоғары сүт түгелімен және тез қорытылып, аналық араның организміне сіңіреді де жұмыртқаның түзілуіне жұмсалады.

Ара шаруашылығында аналық ара өсімталдығының маңызы зор. Ара семъясының мол өнімді болуы да, бал мен балауыздың көп болуы да мол өнімді аналың араға байланысты мәселе.

Табиғи жағдайда ағаштың қуысында, тау-тастың арасында сол сияқты басқа жерлерде тіршілік ететін аралардың семьясында ұр-ғашы аралар 5—6 жыл тірршілік етеді. Ара шаруашылығындағы аналық аралар көктем-күз маусымдарында 100—200 мың жұмыртқа салады да, олардың жалпы күйі нашарлайды. Алайда жасы ұлғайған сайын тұқым тарату қабілеті азая береді. Осыған орай ұрғашы араны екі жылда ауыстырып отырған жөн. Бұрын ұрғашы ара бір еркек арамен ұрықтандырылады деп есептеліп



319

келді, қазіргі кезде ұрғашы араның бірнеше еркек арамен ұрық-танатындығы және бірнеше жыл бойы жұмыртқа сала алатындығы анықталды.

Көп уақытқа дейін ара семьясының барлық тіршілігін ұрғашы ара басқарады деген түсінік басым болып келді. Соған орай оны семья патшасы деп атап келдік.

Қазір ара семьясының тіршілігін ғылыми тұрғыдан бақылап жоғарыда айтылған пікірдің керісінше екені дәлелденді.

Аналық араның семьядағы негізгі міндеті тек жұмыртқа салумен шектеледі. Оның көбею мүшелері (жыныс мүшелері) өте жақсы жетілген. Басқа, мұшелері, мысалы личинканы қоректендіру, табиғатта өз бетімен қоректену, балауыз ұяшықтарын жасау, омартаны қорғау т. б. мүшелері тіпті жетілмеген, егер жетілсе на-шар жетілген. Аналық арада жұмысшы арамен немесе еркек ара-лармен салыстырғанда қанаттары да нашар дамыған. Өйткені ана-лық ара қанатын жиі пайдаланбайды.

Еркек ара. Көктемнің аяғында немесе жазда ара семьясын ашып көрсең, құжынаған аралардың ішінен әрең қозғалып жүрген араларды байқап қаласың. Олардың көздері шодырайған, басы үлкен, кеудесі де қуатты. Себебі аяқтары мен қанаттарын қозға-лысқа келтіретін кеудесінде орналасқан бұлшық, еттері жуан, құрсағы қысқа келген.

Еркек ара жұмысшы аралардан ірірек те, ұрғашы арадан кішілеу: денесінің ұзындығы—15—17 мм, салмағы 200 мг. Олардың жұмыс істеуге ешқандай мүшесі бейімделмеген. Сондықтан олар семьяда ешқандай жұмыс істемейді. Еркек аралар да ұрғашы аралар сияқты өз беттерімен қорек тауып жей алмайтындықтан, олар да жұмысшы аралардың есебінен күн көреді. Сөйтіп аралар жұмысшы аралар дайындаған балмен қоректенеді. Еркек аралардың шағатын піспегі болмағандықтан, ол өзін-өзі қорғай да алмайды. Оның негізгі міндеті ұрықтанбаған аналық араны ұрықтандыру.

Еркек араның көру қабілеті жақсы. Мұның некелік ұшу кезінде шапшаң ұшатын ұрғашы арадан көз жазбауы үшін маңызы зор. Соның нәтижесінде ұрғашы араны қуып жетіп, ауада ұрық-тандырады.

Аналық ара омартаға ұрықтанып оралады. Миллиондаған спер-матозоидтар аналық араның тұқым қабылдағышына сол ауадаақ кіріп үлгіреді. Сол тұқым қабылдағышта сперматозоидтар аналық араның барлық тіршілігіне жететіндей болып сақталады. Ал еркек ара болса сол ұрықтандырған сәтте-ақ өледі. Демек, еркек ара тек жазда ғана тіршілік етеді.

Еркек араның жұмыртқадан өсіп-жетілуі үшін 24 күн қажет. Жұмыртқадан шыққаннан кейін 6—8 күндей бағдарлап ұшып жү- реді. 12—14 күннен кейін жыныс бездері жетіліп, ұрғашы араларды ұрықтандыру үшін некелік ұшуға кіріседі. Олар үнемі (күн жылы болса) ауада жас ұрғашы араларды аңдумен жүреді. Омартаға олар тек ұшу кезінде балдан босап қалған бал қарындашын


жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау