Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



жүктеу 5,89 Mb.
бет2/24
Дата17.11.2017
өлшемі5,89 Mb.
#892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

11

Оларды жақта орналасқан реті бойынша — ортадағы екеуін тістеме, солардың жанындағыларын ішкі, одан кейінгілерін — сыртқы, ал ең шеткілерін — шеткі алдыңғы тістер деп атайды.

Мүйізден гөрі сиыр жасын тістеріне қарап дәл анықтаута болады. Ол үшін 1-таблицадағы келтірілген ірі қара тістерінің жетіліп, алмасатын заңдылықтарын білу қажет. Белгілі уатқыттан соң бұзаудың сүт тістері түпкілікті тістермен ауысъш, олар да біртіндеп мүжіле бастайды. 17—18 жаста сиырлардың алдыңғы тістері түсе бастайды.

Жасымен қоса таңдалған малдың тірілей салмағын да таразысыз анықтауға болады. Ол үшін сиыр жауырынының артын ала көудө орамын жәнө дене тұрқының ұзындығын (шоқтығынан құйрығының түбіне дейін) өлшейді де, орташа қоңдыллықтағы сиырлар үшін мына формула бойышпа тірілей салмағын есептейді. '



Мұндағы ТС — сиырдың тірілей салмағы (кг):

КО — кеудесінің жауырыны сыртынан алынған орамы(см):

ТҰ — тұрқының ұзындығы (см).

Жоғары немесе төмен қоңдылықтағы сиырларға шыққан сал-мақты 5—10 процентке ұлғайтып немесе кемітеді. Сиырдың тірілей салмағын оның кеудесінің аумағы мен тұлғасының қиғаш ұзындығы (иығының алдыңғы басынанан жамбасына дейін өлше-неді) арқылы да анықтауға болады. Ол үшін 2-таблицада көлті-рілген цифрлармен осы өлшемдерді салыстыру қажет. Олардың тоғысқан жеріндегі сан сиырдың. тірілей салмағын көрсетеді. Сиыр сүттілігінің тірілей салмағына байланысты келетінін ескөру қажет. Салмақты дәл білу үшін сиырды таңертең. азықтандырып, суарғанға дейін таразыға салып тартады.

Таңдап алынатын сиырды сауып та көрген жөн. Сүтті сиырлар жеңіл сауылады. Сонымен бірге барлық емшегінен сүт бірдей шығады. Сүттің өз-өзінен тамшылап тұрмауы тиіс. Оның үстіне сиырдың мінез-құлқына, сыртқы әрекөттерге көрсеткен қылықтарына көңіл бөлген жөн. Өте алаңдағыш, үркек малдың тәбеті бұзылғыш, сүттілігі өзгергіш келөді. Сыналатын сиырды әрі-бері жүргізіп аяк, тастасын байқайды. Дене мүшелерінің құрылысына қарай олардың; аяқ басуьі өзгеріп келеді.



Сиырдың сыртқы түрі — оның денсаулығының айнасы. Еңсесі көтеріңкі, көзі былшықтанбаған, жөтелмейтін,жүні тықыр да жылтыр сиырлардың дені сау болады. Сүтті сиырдың сауыры мен бөксесі түзу де кең, бұлшық етті келеді. Олардың жүрісі түзу, нық және жеңіл келеді. Желінінде қатайған жерлер, ал емшек-

12

терінде жарақат, жарылғандықтың ізі болмауға тиіс. Сиырды азықтандырьш көріп, тәбетінің жақсы өкеніне көз жеткізген жөн. .Осылайша сатып алынған сиырдың ені болмаса оны иесінің тір-. көу кітапшасымен салыстырады. Егер малдың ені болмаса оны табындағы басқа сиырлардан ажырату үшін құлағына ен салып, жамбасына таңба басады. Құлаққа ен салу үшін оны тазалап жуып, құрғататады да спиртпен сүртеді. Арнайы тістеуішпен тіліп қажетті санды бейнелейтін ен салады. Құлақ шетіндегі әр қима мен ор-тасьшдағы ойық бір санды белгілейді. Ал жамбасқа таңбаны әдетте күйдіріп басады. Ол үшін арнайы дайындалған темір сымды отқа қыздырып сиырдың сол не оң жамбасына басу керек. Күйген жерге таңбаны айқындап ақ жүн өседі. Қажетті санды не таңбаны жіңішке сыммен сиыр мүйізіне салса да болады.



СИЫР ҚОРАСЫ ЖӘНЕ СИЫРДЫ КҮТУ

Сиырдың өнімділігі оны ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сиыр қорасы малға қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады. Ол үш бөлімнен — сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан тұрады. Құрылыс материалы.ретінде ағаш бөрене, қалың тақтай, кірпіш не саман қолданылады. Қораның аумағы бұзаулы сиырға 6X4 м, биіктігі 2,2—2,4 м болып салынса, оның ішкі аумағында сиырға



2 0 м3, бұзауға 10 м3 келеді де( зоогигиеналық талапқа сай қажетті ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Егер шаруашылықта бірнеше сиыр болса әр басқа 6—7 м2, ал тана-торпаққа 4—5 м келетіндей етіп жоспарлайды.

13

14

Дербес шаруашылықта әр түрлі мал өсірілетін болрандықтан сларды орналастыратын мал қораның жоспарын барлық жағдайда келтіріп көрсету қиын. Ол көптеген жағдайларға — мал түрлеріне, санына, жер ыңғайына жәнө басқа да жеке жайттарға байланысты келеді. Әсіресе малдың таза ауаға шығарылып серуендейтін алаңы, түрлі азықтар жинайтын бөлмелері болуға тиіс.

Қора еденінің ағаштан төселгені жақсы.Сонда малға сыз өтпей, көңін жинау жеңілдейді. Егер еден бетоннан болса оган зәр ағатын аралығы бар ағаш, яғни саңылаулы еден төсеген жөн. Дұрысы қатты тапталған топыраққа ағаш тақтайларды тығыз, әр метр ұзындығын 2—3 см қиғаштатып нығздап отырғызса, тәулігіне 15—20 литрдей сиыр зәрін (бұзаулар —5 литрдей) еденнің аякқы жағында салынған жолмен қорадан сыртқа ағызып тұруға болады. Сонда ғана су сіңірмейтін еден қора ішіндегі дұрыс ылғалдылықты сақтап, зәрмен шыққан заттардан улы газдар (аммиак, күкіртсутегі) пайда болмайды.

Сиыр, тана-торпақ, бұзау тұратын жерлерді бөлу үшін жеңіл жылжытылып, құрастырылатын тақтай қабырғаларды пайдаланса қора аумағын мал санына қарай бөлмелерге бөлу оңайға түседі. Ағаш немёсе бетоннан жасалған азық науаларын да әр басқа өзінше бөлектеп жасаған жөн. Сиыр науасының жоғары деңгейі , 60 см, төменгі деңгёйі 40 см, артқы қабырғасы —60—70 см, алдыңғы қабырғасы (сиырға қаразран) —30 см. Алдыңғы жағында сиыр мойнын созатын жері дөңгелектеніп ойылады.

Қораға жеткілікті түрде таза ауа еніп, жарық- түсуі тиіс. Ауа алмасуы үшін 15X15 см етін төбеден ауа сорғыш тесік қалдырады да, оның қақпағын қора жылылығына байланысты ашып-жауьш тұрады. Сиыр қорасының ішінде малға жайлы болып табылатын жылу мөлшері 8-10°С шамасында (4° градустан 20° градусқа дейін өзгере алады). Міне осы жылуда сиыр организмі өзіндік дене жылуына азықтық қоректік заттарын аз жұмсап, көбін өнім өндіруге пайдаланады.

Қораға жеткілікті жарық түсу үшін терезе еденнен 1,2—1,3 м биіктікте салады. Терезенің көлемі қораның еден көлемінің оннан бір бөлігіндей болса жеткілікті. Терезе әйнектерін таза ұстап, жуып-сүртш тұрады.

Сырттан жұқпалы індет енгізбес үшін қораның кіре біресіне алдына дезинфекциялық материал салынатын арнаулы жәшік қояды. Есік көлемін мал еркін кіріп-шығатындай етіп салады. Сиырды қорадан күнделікті шығарьш, таза ауада 2—3 сағат жүргізіп тұрса ғана денсаулығы сақтальш, тәбеті бұзылмайды. Оның жүнін қатты қырғышпен тазартып, денесіне массаж жасайды. Осыдан малдың тері және май бездерінің жұмысы жаңсарьш, тәбеті ашылады. Сүтке түсетін микробтар саны кемиді. Қорадан шығарған уақытта сиырдың тұяқтарын көріп, өсіп-майысқан болса егеп, арасын қидан тазартады.

Сиыр қорасының, осыдан барып сауылатын сүттің зоогигиеналық тазалығына әсер ететін нәрсе — оның еденінө төселетін материал.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау