Салт мінетін жылқы тұқымдары мен тұқымдық топтары. Жер шарының әр түрлі елдерінде салт мінетін жылқының 50-ге тарта тұқымы өсіріледі. Ал салт мінетін-жегілетін тұқымдары одан да көп. Жылқы тұқымдарын 'құру әлеуметтік-экологиялық жағдай-лардың әсерімен және сыртқы орта факторларының киқлалымен жүргізіледі. Кейбір мұндай тұқым халықтық селекция мен көп-
176
теген ұрпақтардың қандай түрлерінің жемісі, енді біреулері жылқы заводы саласындағы талантты мамандардың зоотехниялық өнерінің үлгісі болып табылады.
Салт мінетін жылқылар үнемі өзгеріске түсіп отырады. Орта ғасырдың салт мінетін жылқылары мен қазіргі салт мінетін жыл-қылардың екеуін де ерттеп мінгенмен қазіргі салт мінетін жыл-қылардың айырмашылығы бар. Бір сөзбөн айтқанда уақыт талабы өздеріне қажетті жылқы тұқымын шығаруды қажет етті. Мәселен, соғыс мақсатына пайдалану үшін дұрыс жағдайына қарай әскери ат шығарылды.
XX ғасырдың екінші жартысында салт жүріс пен ат спортының қанатын жаюы ат спортының қазіргі талаптарына сай салт мінетін жылқыға деген сұранысты күшейтті. Бұл оларды ұдайы өсіруге деген ынтаны арттырды.
Қазіргі кезде салт мінетін спорт аттары жер шарының бүкіл континентінде өсіріледі. ТМД-да 20-дан астам салт мінетін және салт мінетін-жегілетін жылқы тұқымы мен тұқымдық тобы бар. Олар қазіргі спорттық жарыстарда, ат ойындары мен ат туризмінде табысты пайдаланылады. Соған орай басқа елдерге экспортқа шығарылады. Көптеген отандық тұқымдар (ахалтекө, қарабақ, дон, буденный, терек кабардин, қостанай т. б.) біздің ұлттық мақтанышымыз. Олар жылқы заводының дүние жүзілік алтын қорына енуге әбден тұрады.
Бізде өсірілетін салт мінетін жылқылар өздерінің төзімділігін, жұмысқа деген аса жарамдылығын, бір сөзбен айтқанда, таптыр-майтын тұқым екенін сонау азамт соғысы мен ¥лы Отан соғысы жылдарында анық көрсетті. Қазіргі кезде ат спортының шеберлері ахалітеке, буденный, терек тағы басқа салт мінетін жылқы тұқымдарымен Олимпиялық ойындарда, европалық дүние жүзілік чемпионаттар мен басқа да халықаралық жарыстарда табыспен өнер көресетіп келеді. Қазіргі кезде салт мінетін жылқы тұқымдары мен топтары адамдар өмірінде басқаша, жаңа әлеуметтік мәнге ие болғ,ан. Олар қазақстаңдықтардың көңілді тынығуының, бой жазуының, денсаулығын нығайтуының басты құралына айналған.
Ахалтеке жылқысы. Түрікмен жылқысы араб жылқысынан көп бүрын шыққан. Ал ахалтеке жылқысы түрікмен жылқысынан та-раған.
Бұл жылқы тұқымы Түрікменстандағы жылқылардың негізгі түрі болып табылады.
Тұлғасы, мүше бітімі жағынан ахалтекө жылқысы күтімді көп тілейтін тұқымдардың қатарына жатады.
Ахалтеке жылқысы өте: әсем, басы ашаң, бота көзді, мойыны ұзын, тік кейде бұгы мойыңдысы да кездеседі. Шоқтығы биік, тік, ұзын, арқасы жұмсақтау, жоны ұзын, сауыры сәл түсіңкі, аяқтары ұзын, жіліншіктері жіңішке, аяқ жүні тықыр, бақайлары дөңгелек, тұяқтары шымыр келеді. Артқы аяқтары көбінесе қайқылау, терісі жұқа, жалы жүмсақ, болады.
177
Ахалтеке жылқысы құла, торы, сары, жирен, ңара және қаракер түсті болып келеді. Бұл жылқының сымбатындағы негізгі кемшіліктері: кеудесі қыіысыңқы, сүйектері тым жұқа, белі қайқы, дене тұрқы қысқалау. Осы жылқының Қазақстан жағдайында| басқа да елеулі кемшіліктерін байқауға болады. Ол: басқа жыл- қылардай жайылымда б'ағуға, қатты суыққа төзімсіз. Сөйтіп мұн-дай жағдайларда тез арықтай бастайды. Өйткені шыққан жері — Түрікменстанда көбінесе қорада күтіп-бағылады. Суық күндері жабу жабылады. Көбінесе жоңышқамен. арпамен азықтандырылады.
Ахалтеке жылқысы шөл жане шөлейт жерлерде оалт мінуге өте қолайлы, .Өйткені, олар ыстыққа төзімді, алыс жолға өте шыдамды және спортқа бейім келеді. Оның бұл қасиетін Қазақстанда Луговой заводында туъш-өскен Абсент деген сұлу қара айғыр айқын көрсетті. Ол Римде өткізілген олимпиадада алтын жүлде адды. 1958 жылы Москвадағы көрмеде I дәрежелі аттестат алып, сол жылы ахалтеке жылқысының арасында чемпион атанды. Арада бір жыл өткенде Абсент Лейпцигте болған көрмеге қатысьш, үш жүлдені де қатарынан жеңіп алды. Абсент 1970 жылы Луговой жылқы эаводына оралып, үйірге қосылды. Одан жақсы ұрпақтар тарады.
1962 жылы туған Қрокет деген айғыр 2400 метрлік қашьщтықты 2 минут 42 секкундта, ал 1971 жылы туған Пери деген бие 3200 метр қашықтьщты 3 минут 5 секундта шауып өткен.
Таза қанды салт мінетін жылқы. Бүгінгі таңда таза Қанды салт мінетін жылқы барлық жерде де өсірілөді. Ол XVII—XVIII ға-сырларда Англияда өсіріліп шығарылған. Бұл жылқы тұқымы жергілікті жылқыларды. оалт мінетін араб, парсы және түрікмен жылқыларымен өндіре будандастыру және өз ішінде өсіру әдісімен өсіріліп келеді. Олардың сапасы өте қатаң тексеріліп, үнемі іріктеліп, сұрыпталып отырған.
Таза қанды салт мінетін жылқы белгіл белгілі үш айғырдан тарайды. Олар: Барлей-Терк (1680 жылғы), Дерлей Арабиан (1700 жылғы) және Годольфин Барб (1724 жылғы). Бұл жылқылар өте жүйрік, әсіресе жақын қашықтққа ұшқыр келеді. Ипподромда 1000 метр қашьщтықты 0,58 секундта шауып өткен. 2400 метрлік қашықтықққа жасаған ұшқырлық рекорды—2 минут 27,2 секунд (Заказчик. 1968 жылғы), ал 3200 метр қашықтыққа —4 минут 22 секунд (Эльфаст, 1970 жылғы).
Бүл тұқымның айғырлары жергілікті жылқылардың тұқымын жақсартуға кеңінен пайдаланылды. Таза қанды салт мінілетін жылқы асқан жүйріктігімен, қатар, өте сымбатты, тұлғасы зор, ірі, көркем жылқы. Түсі көбінесе торы, қаракер. жирен болып келеді. ,
Ал осы тұқымның қазақы биелермен будандастырғанда туған бірінші ұрпақтары үйірлеп бағуға көнбіс, жұмысқа шыдамды бо-
лып шықты.
Бұл жылқының асыл тұқымдары ТМД-ның 14 жылқы заво-
178
дында есіріледі. Мысалы бұл жылқы Краснодар өлкесіндегі “Вос-ход” және “Лабинский” жылқы заводында, Украинадағы “Дер-кульский” жылқы заводында, Кабардино-Балкарский жылқы за-водында жэне Алматы облысындағы “Алматы” жылқы заводында бар.
Таза қанды салт мінетін жылқы тұқымы бүкіл дүние жүзінде-ат спортында кеңінен пайдаланылып жүр. Бізде бұл тұқым буденный, қостанай, жаңақырғыз, украин сияқты сал мінілетін жылқылар шығаруға кеңінен қолданылды. 1987 жылы жылқы заводтарында асыл тұқымды салт мінетін таза қанды 105 айғыр және 1000 астам бие шағылыстырылып, олардан ұрпақ алынды.
САЛТ МІНІЛЕТІН ӘРІ ЖЕГІЛЕТІН ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫ
Дон жылқысы. Дон жылқысының тұқымдық ерекшелігі сол, шаруашылыққа. қолайлы, сонымен бірге ол әр жердің табиғат жағдайына, бағып-күту ерекшеліктеріне тез көніп, жақсы жерсініп кетеді. Осы жылқының шыққан жері — Дон өзенінің маңындағы Маныч Сал, Каігельник өзенінің бойындағы көсіліп жатқан кең, жазық дала. Бұл жерлерде жылқы қысы-жазы ашық далада тебінде жайылып үйренген, оның ауа райының, табиғат құбылысының қаңдай қыншылықтарына болса да төзіп шыққан бағалы қасиеттері бар. Дон жылқысының арғы тегі оңтүстік орыс даласында баяғы замандардан бері өсірілген ескі дала жылқысы — ногай жылқысы болған.
Дон жылқысының тұқымын өсіріп шығаруда салт мінетін жылқы тұқымдары, соның ішінде Ресейде өсіріліп шығарылған орыстың салт мінетін (Орлов, растопчинск, стрелецк) жылқысы пайдаланылған. Дон жылқысына Кавказдың қарабақ, дейтін жыл-қысының да үлкея әсері' тиген. XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі Дондағы к,азақ^орыстардың негізгі әскери аттары есебінде жыл-қының осы тұқымы ел ішінде көп тараған. Одан кейін атты әс-керлерді көлікпен қамтамасыз ету мақсатымен оған ерекше мән берген. 1917 жылдан кейінгі уақытта дон жылқысы негізінен жылқы тұқымын асылдандыру, соның ішінде Қазақстанның, Қырғызстанның және басқа республиканың жергілікті жылқы-ларының сапасын жақсарту мақсатында паңдаланылып келеді.
Дон биелерінің орташа дене өлшемдері мынадай: шоқтығына дейінгі биіктігі 161 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 164 см, кеуде орамы 191 см, жіліншік орамы 21,1 см.
Дон жылқысының сымбаттылығы мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: басы сүйекті, сәл ұзындау, маңдайы томпақ, көздері үлкен, шығыңқы, танаулары делдиген жұқа, қүлақтары орташа, жұқа, тік тұрады, мойыны ұзын, омыраулы кеудесі ұзын, қабырғалары қапталды, арқасы тегіс, оауыры жалпақ, әрі тік. Жауырыны қысқа, алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, аяқтары
179
.қайқылау болады, тірсектері жақындасып тұрады. Тұяқтары, әдет-те берік, дөңгелек және үлкен болады.
Бұл жылқылардың түсі көбінесе жирен болады, кейде торы, күрең түстілері де кездеседі. Дон жылқысы әсіресе салт жүріске нағыз қолайлы, жорықтар кезінде қаңдай жол қлыншылықтары на болса да төзімді жылқы екендігі бұрыннан белгілі.
Ипподромдарда сыналған дон жылқысы 1200 метр қашықтықты 1минут 18 секундта, 2400 м—2 мин. 43 секундта, ал 3200 м 3 мин. 37 секундта шауып өткен.
Жылқылардың бір тәулікте қанша жерге барып келетінін сынағанда дон жылқысының өте тамаша нәтиже бергенін айтпай кетуге болмайды. Мәселен, 1951 жылы Зенит деген айғыр тәулігіне 311 километр жер жүрген.
Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жыллардың қатарына қосылады. Жергілікті қазақы жылқыны жақсарту үшін дон жылқысының үліксн маңызы бар.
Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жылқысынан алатыны — тұлғасының ірілігі, ссымбаттылығы, ал қазақы жылқыдан — оның жергілікті жағдайға бейім, көнбістігі және жерсінгіштігі.
Қорыта айтқанда, дон жылқысының айғырлары белгілі заводтарда, көптеген совхоздарда және Қазақстанның 15 облысының 73 ауданындағы жылқы фермаларында асыл тұқымды айғыр ретінде ойдағыдай пайдаланылуда. Жылқының бұл тұқымы Алматы, Ж'амбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Талдықорған және Пав-лодар облыстарында өсіріледі. Бұларда жылқы тұқымын будан-дастыру жоспары бойынша, барлық жылқының үштен бірі дон жылқысы болуға тиіс. Қазақстанда тұтас алғанда дон жылқысының ара салмағы республикадағы барлық жылқының 20,7 проценті болуы керек.
Асылдандыру жоспары бойынша дон жылқысының 11 линия-сымен жұмыс жүргізілмек. Қазақстанда бұл жылқы тұқымы төрт жылқы заводында өсіріледі: Луговой, Қызылағаш, Дегерес және Алғабас. Республиканың жоспары бойынша біздің жылқышылар жыл сайын дон жылқысының 50%шомбал тобын, 45% шығыс тобын, 5% салт мінетін тобын өсіреді деп жоспарланған.
1985 жылға дейінгі асыллдандыру жұмысының жоспарына сәй-кес дон жылқысын жақсарту үшін үш мәселені шешуіміз қажет.
1. Жалпы жылқы шаруашылығы үшін жақсартқыш айғыр өсіру.
2. Дон жылқысын асылдандыру үшін жоғары сапалы айғыр, бие өсіру.
3. Ат спорты, туризм жәнө экспорт үшін сәйгүліктер өсіру. РУ-
Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының “Қостанай” мен “Майкөл” жылқы заводтарында және ары облыстың колхоздарында, сонымен қатар Челябі облысындағы Тройцк
180
I
жылқы заводында жергілікт;і қазақы жылқыларды қ(алмақ, дон, стрелецк, орлов-роотопчинск және таза қанды салт мінетін жыл-қылардың айғырларымен будандастырудан барып шығарылды. Мұны шығару жүмысы революциядан бұрын басталған.
Азамат соғысы аяқ.талғаннан кейін 1921 жылы “Қостанай” рассаднигі мен мемлекеттік конюшняның негізінде құрылған Қостанай жылқы заводында бұл тұқымды одан әрі жетілдіру жұ-мысы жүргізіле бастады. “Майкөл” учаскесінде жылқы өсіретін бөлімше құрылып 1930 жылы ол өз алдына “Майкөл” жылқы за-воды болып бөлінген.
“Қостанай” және “Майкөл” жылқы заводтарында жылқы күтудің, құлын өсірудің әр түрлі әдісі қолданылып келген және қазіргі уақытта да солай болып отыр.
Қостанай жылқы заводында кабылданған жылқыны бағьш-күту әдісі — қорада ұстау және жайылымда бағу. Оның мәні мынадай: қыста жылқы қорада тұрады, оған шөп пен сұлы беріледі; ауа райы ашық күңдерде далаға немесе базға шығарылады; жазда биелер құлындарымен тәулік бойы жайылымда болады. Тебіндө жүргенде де оларға қолдан сұлы беріліп тұрады.
Құлынды енесінің сүтін еміп жүрген 2—3 ашық кезінде сұлыға үйрете бастаңды. Қүлын енесінөн күзде бөлініп, бүкіл қьгс бойы қорада бағылады. Жылы күндері далаға шыгарылып се-руендетіледі; шөп пен сұлы бір ңұлынга күніне 2—4 килограмнан беріледі. Ұрғашы құлындар еркөк құлындардан бөлек бағылады. Жазда жайылымда болады, бірақ соның өзінде де үнемі қосымша жем беріледі. Жылқы 1,5 жасқа толғанда үйретіліп, ипподромда сынауға әзірлене бастайды, бұл сыннан өткеннен кейін оны зоотехникалық комиссия қарап шығады да ең жақсы дегендері жылқы заводының тұқымдық жылқысының қатарына қосылады. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті және тік, арқасы жалпаң, жұмырлау, жауырыны ұзын, алқымы және тынысы кең, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек әсөм келеді. Қостанай жылқысы үш топқа (тип) бөлінеді. Негізгі, далалық және салт мініс. Негізгі топқа жататын жылқылардың тұрқы ұзын, шомбал денелі, денсаулығы мықты, шымыр келеді. Бұл жылқы тобына таза қанды салт мініс жылқысының және жергілікті жылқылардың қасиеттері тең берілген. Салт мініс тобына жататын жылқылардың тұрқының 'қиғаш ұзындығы шоқтығына дейінгі биіктігінен кем болады және олардың жеңіл денесі салт мінуге ыңғайлы келеді. Бірақ тебінге тө- зімділігі басқа топқа қарағанда төмен екені жақсы байқалады. Далалық топқа жататын қостанай жылқысының, шоқтырына дейінгі биіктігі негізгі және салт мініс тобынан кем келеді, бірақ дене бітімі мейлінше шомбал және етті болады. Осы топқа жататын биелердің ерекшелігі сүтті келеді.
Қостанай жылқысының дене өлшемдері көбінесе асыл тұқым-дылығына және бағып-күтуіне байланысты келеді. Бұлар өте
181
жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де жегуге де қолайлы.
Ипподромда сынағаңда қостанай жылқысы асқан жүйріктігі-мөн көзге түсті.
Қостанай жылқысы соңғы жылдары совхоздар мен колхоздардың фермаларында жергілікті жылқыны жақсартуда пайдаланыльш келеді.
Ол Қостанай, Торғай, Көкшетау, Павлодар облыстарының ша-руашылықтарына жоспар бойынша өсірілетін тұқым ретіндө қа- былданып отыр.
Жылқы заводында жәве фермаларында қостанай жылқысының төмендегі аталык, ізімен асылдандыру жұмысы жүргізіледі: Зевс, Диктор, Тросник, Бурелом, Забой, Талант, Чернобыл, Ткань, Аналың ұя жұмысы Ярина, Умница, Добрая, Дичь, Весталка және басқаларымен жүргізіледі.
ЖЕЛІСТІ ЖЫЛҚЫЛАР
ТМД елдерінде желісті жылқылардан орловтың және орыстың желісті жылқылары өсіріледі. Желісті жылқылар жергілікті жы-қылардың сапасын жақсартуға өте пайдалы болғандықтан, ша-руашылықтар оны ертеден-ақ, қолға алды. Желісті жылқы жаңа-жердің ауа райына, түрлі езгешеліктеріне тез көндігеді, ыстық-суыққа шыдамды келеді. Оның айғырлары үйірге салуға, қолдан ұрықтандыруға ойдағыдай пайдаланылуда. Тұқымы жақсартыл-маған жергілікті жылқылар мен желісі айғырларды будандастырса, одан туған құлындар ірі, сымбатты, әсіресе желісті болып туады. Оларды арбаға жегуге де, салт мінуге де болады.
Орыстың және орловтың желісті жылқылары сыртқы түлғала-рына қарағанда бір-біріне өте ұқсас. Бірақ бұл жылқылардың шықққан тегі, шаруашылыққа пайдалы сапасы және сипаты жа-ғынан біраз айырмашылығы бар.
Орловтыц желісті жылқысы. Бұл — ертеден келе жатқан тұқым. Ол XVIII ғасырдың екінші жіартысында, қазіргі Воронеж облысына қарайтын Хреновский жылқы эаводында өсіріліп шығарылған. Орлов жылқысының тұқымын шығаруда граф А. Г. Орлов және жылқы өсіруші шаруа В. И. Шикян көп еңбек сіңірген.
Орлов жылқысын 'өсіріп шығаруда сол кездердегі жылқылардың ең жақсы тұқымІдары пайдаланылған. Тәжірибе жұмысын жүргізгенде жылқы қорада, әрі жайылымда бағыльш, жемшөп мейлінше мол берілген. Тәжірибенің басты мақсаты — бұл тұқымның жүмысқа жарамдылығын сынау болған. Ол үшін жылқы өсірушілер сыналатын жылқыларды жеңіл арбаға жегіп. жақын жерге, сол сияқты ауыр арбаға жегіп алыс жерлерге (22 кг) барып көрген. Заводта пайдалануға тек өзінің түрі, сымбаты, жұмысқа жарамдылық сапасы жағынан жаңа тұқымға толық сай келеді деген жылқылар іріктеліп алынган.
Орлов жылқысын өсірш, жетілдіру жөнінде қолданылған
182
осындай тәжірибелер бұдан бұрынғы уақытта да сақталып келген. Бұл жылқы өсіріле бастаған алғашқы күннен әрқайсысының асыл тұқымдық сапасы есепке алынып, күнделік дәптерге жазылды. Талай әдебиеттер де жарық көрді. Былайша айтқанда таза қанды орлов жылқысының қай-қайсысы жөнінде болса да, тіпті оның ата-тегіне дейін керек кезінде толық мәлімет алуға болады. Міне, осындай жұмыстардьң арқасында желісті орлов жылқысы дүние жүзіндегі ең жақсы асыл тұқымды жылқылардың қатарына қосылды.
Орлов желісті жылқысының басы үлкен, бірақ түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры құйылған шойындай тұп-тұтас, аяқ сүйектері жуан.
Денесінің кемшіліктеріне буындарының солқылдақтығы, ал-дыңғы аяқтарының алшақтау келетіндігі жатады.
Орлов желісті жылқысы ірі келеді. Оның бұл сапасының зор маңызы бар. Өйткені жергілікті жылқыны орлов жылқысымен жақсартқанда, жергілікті жылқьшың бойын өсіру жагына көбі-рек көңіл бөлу қажет.
Орлов жылқысы өте жүрдек, желісті. Бұдан шыққан Улов және Пилот деген екі айғыр 1600 метр жерге желгенде өз тұқымының арасында рекорд жасады. Бұл рекордтың көрсеткіші —2 минут 2 секунд. Ал кейін Пион деген айғыр 1600 метр жерді 2 минутта желіп өтіп, бұл рекордты жақартты. Орлов жылқысы ауыл шаруашылығы жұмыстарына, әсіресе ауыр жүк "гасуга өте твзімді дө, күшті екенін көрсетті. Парлап жегілген екі орлов жылқысы 2 тонна жүкті жай жолмен 9,6 километр жерге 1 сағат 25 минут 30 секундта жеткізген. Осылай парлап жегілгея екі орлов жылкысы 4 сағаттың ішінде 0,71 гектар жер жыртқан.
Кейінгі кезде бұл жылқының Барчук, Ловчий, Ветерок, Войн, Отбой және Пилот линиялары сапалы болып саналады.
Орлов желгіш жылқысы 16 жылқы заводында өсіріледі.
Орыстъщ желісті жылқысы. XIX ғасырдың аяғында Роосияда
желісті жылқылар жарысы кең өріс алған. Бас пайдасын көздеп, қулығын асырған епті пайдакүнемдер ел ішінде желісті жылқылар тұқымын көбейтуді жақтағансып, ат жарыстарын ұйымдастырған. Оған бәйге тігіп, ұтысқа көп ақша бөлген. Олар ипподромдар мен жылқы үйретіп, сынайтын алаңдарды нағыз табыс көзіне айналдырған. Сол кездегі ат жарыстарында бәйгені американдық желгіш аттар алып кетіп жүрген. Шынында американ желісті жылқысы орлов желісті жылқысынан кейінірек шыққан. Оның ешуақытта асыл тұқымдық маңызы да болмаған. Американың желісті жылқысының көз тартар сымбаты да жоқ. Бойы аласа, сүйектері нәзік, тұқымдылығы төмен, сауыры салыңқы, сиыр құйымшақты, алдыңғы аяқтары алшақ, буындары сыртылдап, толарсақтары ісіне береді. Бірақ спорт жарыстарында американың желісті жылқысы орлов желісті жылқысынан сәл ұшқырлау болып шыққан. Өйткені орлов жылқысы әуелден спорт-
183
қа деп өсірілмеген еді. Міне осы жағдайға байланысты, XIX ға-сырдың соңғы кезінде Россияның ипподромдарына американдық Желісті жылқылар әкеліне бастады. Жалпы елдің жылқы шаруа-шылығын жақсартуды ойламай, тек жарыста атын оздырып, бәйге алуды ғана көздеген әрі жылқы заводтарын ұстаған помещиктер, орлов жылқысының биелерін американ айғырларымен 'шағылыстыруға кіріскен. Олардың будандары бойы аласа, түқым-дылығы' нашар, бірақ жақын жерге желгіш болған.
1917 жылдан кейін мемлекеттік жылқы заводтарында орлов биелері мен американдық желісті жылқының айғырынан туған 'будалдарды жақсарту негізінде желісті жылқының жаңа тұқымы өсіріліп шығарылды. Мұнда алға қойылған негізгі мақсат — жылқыны ірілендіру, сымбатындағы кемшілікті жою еді. Совет зоотехниктері бұл міндетті ойдағыдай орындап шықты. Орыстың желісті жылқысы деп аталған жылқының бұл жаңа тұқымы қазір өзінің дене өлшемдері жағынан орлов жылқысына жетіп қалды деуге болады.
Орыстың желісті жылқысы тым •ұшқыр. Бірқатар желістерде ол орлов жылқысынан да жүйрік екенін көрсетіп, бірнеше рекорд жасады. Мәселен, орыстың желісті жылқысынан шыққан Гибрид (1953 жылы) деген айғыр 1600 метр қашықтықты 2 минутта өтті. Ал Жест деген айғыр бұл рөкордты 1 минут 55,6 секундқа жеткізді.
Қазіргі кезде 1600 метрге 2 минут 10 секунд көрсеткен 1300-ден астам орыстың желісті жылқысы бар. Осының ішінде 2 минут, 0,5 секунд көрсеткен жылқы 50-ге тартады.
Орыстың желісті жылқысы 25 жылқы заводында өсіріледі. ТМД-ның 50 ипподромында жарысқа қосылады. Бірсыпырасы шетелге де сатылып тұрады.
АУЫР ЖҮК ТАРТАТЫН ЖЫЛҚЫЛАР
Ауыр жүк тартатын жылқылар тұқымы XVIII—XIX ғасырларда шығарыла бастаған. Оған өндірістің және ауыл шаруашылығының дамуы себеп болды. XVIII ғасырда Англияда шайр, клейдесдал және суффольк, ал XIX ғасырда Францияда перше-рон, Бельгияда ардөн жәнө барбонеон ауыр жүк тартатын жылқылары шығарылған.
Ал ТМД-да болса совет өкіметі жылдарына советтің, орыстың, владимирдің, литваиың ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары өсіріліп шығарылды.
Ауыр жүк тартатын жылқылардың маңызы өте зор. Олардың айғырларын жеңіл жүк тартатын жылқылармен будандастырса, одан туған құлындар желісті жылқылармен салыстырғанда сүйекті және салмақты болады. Ауыр жүк тартатын айғырлар мен жергілікті биелерді будандастырғанда да жақсы нәтиже беріп жүр. Будан құлындар есейе келе күшті, денелі, ауыл шаруашы-
184
лығының алуан салалы жұмыстарына еркін пайдалалуға болатын жылқы болып шығады.
XIX ғасырда барбонсон жылқысы көп елдерге, ооның ішінде Россияға да тараған. Бельгиядан әкелінген Барбансон жылқысының саны 1000-нан артық болатын. Ал 1930 жылдары бұрын
ғы кеңес еліне барбонсон жылқыларының айғырларын әкелу тоқтатылды. Сондықтан өзімізде ауыр жүк тартатын жылқылар шығару керек болды. Міне, осыған байланысты “Починков” жәнө “Мордрв” жылқы заводында сіңіре будандастыру арқылы алынған айғырларды пайдаланудан советтік тұқым шығарылды, Ауыр жүк тартатын советтік жылқы ірі, мойыны етті, шоқтығы аса биік емес, арқасы кең, қабырғасы жұмыр, аяғы жуан және түсі жирен, бурыл, торы болады.
Айғырлардың шоқтығынан биіктігі,—162, тұрқының қиғаш ұзындығы —169, көкірек орамы —210, жіліншік орамы —25 см.
Бұл тұқымның айғырлары үйірге салуға, қолдан ұрықтандыруға ойдағыдай пайдаланылады. Тәжірибеде ауыр жүк тартатын жылқымен шағылыстырған жергілікті биелерден бойы биік, ірі құлындар туьш жүр.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарына пайдаланғанда өзінің төзімді екенін көрсетті. Бұлардың күшін сынағанда Завод дейтін бие 851 кг жүк тартты. Бұл өз салмағына шаққанда 80 процент еді.
Орыстъщ ауыр жук тартатын жылқысы. Бұл жылқының тұқымы біздің елімізде ертеден бері өсіріліп келе жатқан арден тұқымының (негізінен) және Бельгия мен Францияда шығарылған кейбір жылқының айғырларын пайдалану арқылы шығарылған. Осы жылқыны асылдандыру жөнінде жүргізілген жұмыстардың арқасында орыстың ауыр жүк тартатын, жұмысқа төзімді жылқысы шығарылды. Бұлар көбінесе Украинада, Ураяда және Сибирьдің кейбір аудандарында өсіріледі. Біздің республикамыздың солтүстік аудандарында жергілікті жылқылар тұқымын ірілендіруге, оның күшін арттыруға пайдаланылады.
Бұл тұқым ояша биік емес. Маңдайы жазықң, мойны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын, белі кейде қайқылау, сауыры кең, аяқтары қысқа, мықты жалқұйрығы қою болады. Негізгі түстері — жирен, бурыл, торы, шабдар кейде көк, қара.
Айғырлардың өлшемдері: шоқтығынан биіктігі — 150, тұрқының қиғаш ұзындығы-—158, көкірек орамы —194, жіліншік орамы —22 см, тірілей салмағы 600 кг.
Орыотьщ ауыр жүк тартатын жылқысы жүрдек, жөлісті, жұмысқа төзімді, мықты келеді. Бұл тұқымдар жұмысқа —18—20 жасқа дейін, ал асылдандыру жұмысына 25 жасқа дейін пайдалануға болады. Биелері төлшіл және сүтті келеді. Орыстың ауыр жүк тартатып жылқы тұқымы 5 жылқы заводында және 7 завод бөлімшесінде өсіріледі.
Першерон жылқысы — Францияда өсіріліп шығарылған. Өзінің дене өлшемдерімен, дене бітімінің сомдылығымен барбонсон
185
жылқысына жақын. Бірақ жүрісі сергек, әсіресе жақсы желеді. Першерон жылқысы Қазақстанның оңтүстігіндегі кейбір жылқы фермаларында өсірілуде.
Першерон айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі—160, тұрқының қиғаш үзындығы—167, кеуде орамы—199, жіліншік орамы —24,2 см, тірілей салмағы 620 кг.
Бұлардың күшін сынағанда Силикат дейтін айғыр 835 кг жүк тарткдн.
Першерон жылқысының басы үлкен, мойыны ұзын, етті, шоқ-тығы мойнымен қосылып кеткен, арқасы, сауыры жалпақ, кеудесі кең және терең, жаурыны ұзын, қиғаш, аяқтары орташа, тұяқтары үлкен, мықты болады. Түстері — көбінесе боз, көк, кейде қара. Бұл жылқы тұқымы тез жетіледі. Басқа ауыр жүк тартатын жылқыдан гөрі ыстыққа төзімді келеді.
Көшім жылқысы. Жылқының бұл жаңа тұқымы көп жылғы I зоотехниялылық, жүмыстардың нәтижесінде Батые Қазақстан облы- сындағы “Пятимар” және Фурманов атындагы совхоздарда щыға-рылған. 1930 жылдардың бас кезінде осы шаруашылықтарда жылқы заводы болған. Сонда қазақ, жылқысының таңдаулы биелері таза қанды және аралас қанды салт мінетін жылқы тұқымдарының — орыс және орлов желгіш жылқы тұқымдарының айғырларымен будандастырылады. Одан туған будан құнандар мен дөнендердің ең жақсылары тұқым үшін қалдырылады да, басқалары піштіріліп, армияға беріледі. Қатардағы жай байталдар шаруашылыққа пайдаланылады, ал ең таңдаулы деген биелердің 30—35 проценттейі үйірге қосылады. Дон жылқысы тұқымының айғырлары бұдан бие үйіріне жіберіледі де, содан барып үш тү- 1 қымдық (дон — салт міветін — қазіақы жылқылар және дон - ' желгіш қазақы жылқылар) будандар алынды. Осы сияқты үш-| тұқымдық будан жылқылардың ішінен бойы, эюстерьері, жұмыс сапасы жагынан ең таіщіаулылары іріктеліп, олардың өздеріндегі баралы қасиеттерін тұрақтандыру үшін “өзара” өсірілді.
Көшім жылқыларын шығару жолындағы барлық жүмыстар оларды жыл бойы жайып бағу жағдайында жүргізілді. Бұл жылқы тұқымы қазақы жылқы сияқты төзімді, қысқы жайылымға' қолайлы, әрі денесі ірі және салмақты келеді. Қазіргі кездө орта есеппен айтырлардың тірідей салмағы540 кг, биелерінікі 490 кг, 2—2,5 жасар тайлардың салмағы 400—420 кг .жетеді.
Қазақы жылқылар биелерінің тірілей салмағы орта есеппен 380—390 болса, айғырлары 450—480 кг, құнан-дөнендерінің сал мағы 300—310 кг болады.
Көшім жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Бордақылаған жылқыларды сойса ет пен майы 53—55% болады. Ал биелерінің сүттілігі тәулігіне 14—22 литрге жетеді.
Қазіргі таңда селекционерлер көшік жылқысының 10 аталық ізімен және 12 аналық ұясымен асылдандыру жүмысын жүргізуде-
Бұл тұқымның ішіндегі өте сапалы аталық із боп Мотив, Лас-
186
ковый, Светец, Вихръ, Хитрец, Испуг, Каскад, Гром және Золотой саналынады.
Көшім жылқысын басы қазақы жылқыға ұқсас, ал мойны онша қысқа емес — орташа, шоқтығы биік біткен. Көкірегі кең, төсі .алшақ, омырауы, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс жазық, са-уыры сом етті, айяқтары сүйекті келеді.
Көшім жылқысының түсі — торы, жирен болады. Олар жұмысқа көнбіс. Мысалы, Дикарь және Могучий деген айғырлар салт мінгенде бір тәулікте 280 километрден астам жолға қажымай келген, ал жегілген Каток деген ат жеңіл арбада 294 км жер жүргөн. Айрырлары үйірге өте қолайлы, Оларды Батыс Қазақстан облысындары бірсыпыра аудандарда жергілікті жылқыларды жақсартуға ойдағыдай пайдаланып жүр. Сондықтан бұлар үйірлі жылқы шаруашылығымен айналыспайтын аудандарда өте бағалы мал. 1990 жылы жаллы көшім биесінің саны 5000 бас, ал сатылатын асыл айғырлардың саны 600 бас болмақ.
Жақсарту жұмысының нәтижесінде келешек көшім жылқысының стандарты мынаған тең болмақ: айғырдың тірілей салмағы 550 кг, биенікі 520 кг, құнан-ідөнендерінің салмағы 410—440 кг.
Көшім жылқысы Батыс Қазақстан облысының Красногорск жылқы заводында, Фурманов оовхозында, “Первомай” жәнв Жам-был совхоздарында, Ақтөбе облысының “Мұғаджар” жылқы за-водында кеңінен өсірілуде. Осы түліктің жэне жергілікті қазақы жылқының будандары Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Семей, Жез-қазған, Қызылорда облыстарында өсіріледі.
ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНДІРУ ҮШІН ӨСІРІЛЕТІН ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫ
Қазақы жылқы — жылқы тұқымдарының ішінде ертеден өсі-ріліп келе жатқан қазақ жылқысы. Оны ғасырлар бойы күш-көлік және еті мен сүті үшін өсірген. Қазіргі таңда көбінесе еті мен сүті үшін өзімізде ғана емес, басқа республикаларда да көптеп өсіріледі.
Бұл түліктің осындан көп жерге таралып, атағы жайылуына себеп болған ең бірінші жағдай денесінің ерекше шымырлығы, ауа райының қандай қатал жағдайына болса да төзімділігі, жем-шөп талғамайтшдығы және жыл бойы жайылымда багылса да ыноңдылығын сақтайтын қасиөті. Қазақ жылқысының мұндай қа-сиеті оның қанына біткен басты ерекшелігі.
Жергілікті қазақы жылқының сымбатына біткен ерекшеліктер мыналар: басы үлкен (бірақ онша оғаш емес). сағағы кең, көзі кішілеу, мойны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы онша биік бол-майды, көкірегі кең, қабырғалары ұзын және тіктеу келеді. Оның арқасы берік, шабы тар, аяқтары сіңірлі, жуан, сүйекті болады, сіңірлері мықты, білеуленіп тұрады. Тұяқтары кішілеу,
187
шьшыр. Тек топырағы жұмсақ, құмды аудандарда ғана жалпақ және әлсіз түяқты тұқымдары кездеседі.
Қазақы жылқының жалқұйрығы қою, түсі әр түрлі болады. Мұнда көбінесе торы, жирен, қара көк, құла түстілері кездеседі. 'Жүні қалың, суыққа тоңбайды. Биелері тебінде бағылғанына қарамастан сүтті келеді. Шұрайлы жайылымда бағылған әр сауынга 'биеден құлындағаннан кейінгі алғашқы айларда орта есеппен тәулігіне 12—15 литр сүт сауылады.
Қазақы жылқы тұқымының ішінде республиканың кейбір ау-дандарының табиғи және шаруашылық жағдайы ерекшеліктеріне және басқа жылқы тұқымдарының ықпалына байланысты пайда болған бірнеше жергілікті будан бар.
Қазақстанның қысы қатты, жазы ыстық болатын шөл далалы аудандарында (Ақтөбе, Қарағанды және басқа облыстарда жабы 'жылқысы өсіріледі. Бұл жылқының ерекшелігі сол, дене бітімі мейлінше ірі, шомбал, тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары келте (қысқа) болады. Өте тез оңалып, тез семіреді, қысқы борандар мен аяздардың қандайына болса да төзімді. Қалың қарда тебіндеп шы-ғады. Жабы жылқысы жүмысқа өте төзімді, күшті келеді; ол салт мінуге де ыңғайлы, жуас, жүрісті жылқы деп есептеледі.
Жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртілген жылқыларды сойса ет пен майы 53—57 проценттей болады, кейде 60 процентке дейін жетеді. Жабы жылқысының еті мен майы аралас, яғни бір ет, бір май болып'келеді. Сондыіқтан ол сапалы тағам даярлауға әбден жарайды. биелерінен сауганда тәулігіне 18—20 литрден сүт шыққан.
Бұл тұқымның ішіндегі белгілі линиялар боп Беркут, Писатель, Замок және Заур линиялары саналады. Жабы жылқыларын асылдандыруда осы линиялардың маңызы зор. Кейінгі кезде жаңадан құрылған үш линия (Маупас, Қарайгыр, Мөскер) асыл-дандыру жұмысында кеңінен қолданылып жүр. Жабы жылқысын Якут жылқы түқымымен будандастыру жүмысы жүргізіліп, екі линия құрылуына мүмкіндік туды. Бұл жұмыс 1964 жылдан бері Маж, Марк деген якут түқымының айғырларын қазақы жылқының биелеріне қосу жолымен жүргізілген.
Республикамыздың батыс облыстарында үйірлі жылқы шар-уашылығы үшін қазақы жылқының бір тарауы болып табылатын адай жылқысының маңызы зор.
Адай жылқысы жабы тұқымымен салыстырғанда дене құрылысы салт мінугё көбірек бейімделген. Оның ерекшелігі сол, басы жеңіл, шағындау келеді, кеуде жағы жинаңқы, арқасы түзу (оқтаудай) шоқтығы шығыңқы болады, сауыр жағы етсіздеу, аяқтары жіңішке, сидаң етсіз, сіңірлі келеді,
Адай жылқысының тірілей салмағы 420 килограмнан асады, сойғанда 54—56 процент таза ет түседі. Биелерінен тэулігіне 11 литрден кем сүт сауылмайды, сүтті биелерінен 15 литрге дейін сүт шығады.
Қазақы жылқының тұқымы Қазақстанның барлық жерінде
188
біркелкі емес. Өзінің түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтай отырьш, қазақы жылқы республиканың әр жерінде ауа райының, географиялық және тарихи жағдайлардың түрліше болуына, сон-дай-ақ басқа тұқым жылқыларының ықпалы тиюіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, Каспий теңізінің жағалауындағы жергілікті адай жылқыларына теке және иомуд жылқыларының едәуір әсері тигендігі байқалады. Сондай-ақ оның сапасына Каспий маңындағы шөлейттің ауа райы, жемшөбі, табиғаты да тікелей әсер еткен. Осындай жағдайлардың ықпалымен адай жылқысы көбінесе салт мінуге қолайлы, тұлгасы тәуір жылқы болып өскен. Жылқының бұл түрін өсіріп жетілдірген қазақтың бір руы адай болғандықтан, ол жылқы адай жылқысы деп аталып кеткен.
Салт мініп, арнайы сынақтан өткізген кезде адай жйлқысы бір тәулікте 300 километр жүрген. Олар бір сағатта 32 километр жол жүреді. Ал барынша шабысын сынасақ, ол мынадай болады: 25 км қашықтыққа бір километр үшін 1 минут 37,9 секунд, 30 кг қа-шықтыкқа — 1 минут 48 секунд, 32 кг қашықтықа — 1 минут 52 секундтай уақыт керек.
Адай жылқысы жорға жарыста да жақсы нәтиже көрсетеді. Олар 10 километрге 19 минут, 12,2 секунд — 21 минут 12,6 секунд немесе бір километрге 1 минут 55,2 секунд — 2 минут 7,2 секунд уақыт көрсетеді.
Адай жылқысын жақсарту жолында 7 линиямен жұмыс жүргізілуде (Қырендік, Еңсегенторы, Кибаскөк, Бекесторы, Есполайторы, Есполайжирен, Ізтұрган).
ЖЫЛҚЫНЫҢ ЕТ ӨНІМІ
Жылқының тұқымдық қасиетін жақсарту. Дербес жылқы ша-руашылығында тірілей салмағы ауыр ірі жылқылар өсіруге болады.
Еттілігі жөнінен жабы типті қазақы жылқының, көшім, дон, қостанай жылқылары буданының үлкен ерекшеліктері бар. Жайып, семіртілгеннен кейін олардың орташа тірілей салмағы 450 килограмм және одан да көп болады.
Жылқылардың тұқымдық қасиетін жақсарта беру жүмысы, ең алдымен жыл бойы жайылымда, тебінде жайылуға бейімделген Қазақы жылқыны өзінен-өзі жақсартып өсіруге негізделугө тиіс.
Қазақы жылқы тұқымын жақсарту үшін үйір айғырларын таңдап алған жөн. Үйіргө қосу үшін бірнеше дербес шаруашылық иөсі бірігіп, өз жылқыларынан үйір құрауға тиіс. Ол үйірге зоо-техникалық бонитировка жасальш, тұқымдық класқа жатқызылған, жоғары сапалы айғырлар қосу қажет.
Қазақы жылқының таза тұқымын өсірумен бірге, олардың тірілей салмағын арттыру үшін тұқымаралық өндірістік будандастыруды кеңінен қолдану қажет. Бұл үшін үйірлеп бағуға жақсы бейімделген заводтық тұқымның және олардың топтарының
189
.
(дон, қостанай, көшім) айғырлары пайдаланылады. Етті жылқы өсіру үшін әсіресе осы тұқымдардың шомбал денелі айғырлары өте жарамды келеді. Мұны дербес шаруашылық иелерінің естерінен шығармағандары жөн.
Өндірістік будандастыру және жергілікті жылқы тұқымына қан жіберу арқылы жақсарту үшін орыстың және советтің ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының айғырларын пайдалануға болады. Мәселен Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығындағы жайылым жағдайында өсірілген будан биелердің тірілей салмағы (советтің ауыр жүк тартатын айғыры мен қазақы бие) орта есеппен 550 килограмнан болады.
Жылқыны өндірістік будандастырғанда тұқымы жақсартылатын айғырларды жайьш бағуға және азықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл да айғыры бар дербес шарушылық иесі болуға тиіс мәселе. Оларды қыстыгүні қорада бағып, құнды жемшөп беру керек. Үйірге түсер кезінде әрқайсысына күніне 4—6 килограмнан жем беріледі.
Будан жас жылқылар жемді жақсы жейді, сондықтан үйірдегі биелөрге жем беру мүмкіндігі болса, жемді ең алдымен будандарға беру қажет.
Жылқыны жайып семірту. Қазіргі кезде Қазаңстанда қоңды-лыгы I категория жылқының мемлекеттік бағасы II категориядан 360 теңге жоғары, ал қоңдылығы стандарттан төмен (арық) жылқыдан 580 теңге артық. Мысалы, қоңдылығы бірінші категориялы жылқыларды етке өткізгенде тірілей салмағының бағасы—1450 екінші категориялысы — 1090 теңге, категория стандартынан төмен қоңдылары — 870 теңге. Жайып семірту кезінде олардың тірілей салмағы 50—60 килограмм және одан да көп, ал сату бағасы екі есе өседі. Мысалы, қоңдылығы стандарттан төмен жылқының тірілей салмағы жайып баққанға дейін 320 килограмм, ал сату бағасы 278 теңге 40 тиын болады (3,2 центнерХ87 сом). Жайьш семірткеннен кейінгі оныц тірілей салмағы 380 килограмға дейін жетіп, сатылу бағасы 551 теңгеге дейін өседі (3,8 центнерХІ45 сом). Дербес шаруашылық иелерінің естеріне сала кететін бір жайт — қуаң далалы, шөл және шөлейт далалы аймақтарда жылқылар көбінесе көктемде және. күзде, таулы жайылымдарда жаздыкүні жайып бағылады.
Көктемде жайьш бағу 1,5—2 айға дейін, ыстық түскенге және қансорғыш жәндіктер қаптап үшқанға дейін созылады. Ал күзде жайып бағу айға жуық созылады (қыркүйек, қазан, қараша). Жылқыны жайып семіртуге суы мол, шөбі шалғын өріс таңдаған дұрыс. Әсіресе таулы жайылымдарда жылқыларға ас тұзын берудің үлкен маңызы бар. Әрине дербес шаруашылық иелері өз жылқысын жеке-жеке баға алмайды. Дегенмен жылқысын жайып семіртіп, етке өткізуді ойлайтын кісілер бірігіп, орталарынан жылқы бағуға кісі бөлулеріне болады. Сонда көп шығын шығармай арзан ет өндіруге, сөйтіп мол табыс табуға жол ашылады.
190
Жылқыны күніне 3 рет: 8—9, 13—14 және 18—19 сағат ара-лықтарында суарған жөн. Жылқылар күндіз суат маңындағы өрістсрде бағылады да, ал түнге қарай шөбі мол алыстағы жайы-лымға шығарылады.
Көктемде уақытша су қоймалары, ал жаздың ыстық күндері негізгі су қоймалары пайдаланылады.
Күзде, салқын түсісімен жылқылар күніне екі рет (9—10 және 16—17 сағат аралығында) немесе түсте бір рет суарылады. Мұның өзі шөбі бітік өскен алыстағы жайылымдарды тиімді пай-далануға мүмкіндік береді.
Көктемде енді пайдаланғанмен тиімсіз кәрі аттар мен биелер, ал күзде қысқа қарай денө бітімінде кемшілігі бар әрі қарай пайдалануға пайдасы шамалы, жас жылқылар жайып семіртіледі.
Дербес шаруашылық иелерінің естерінде болатын тағы бір мә-селе — жас жылқылар қыстыгүні ешқандай оалмақ қоспайды.
Етке семіз жылқы откізіп, бір жағынан табыс, екінші жағынан абырой алғыңыз келсе жайып семірту ісіне баса назар аудару керек. Айдап салдың малы семірмсйді.
Жылқыны семірту республикамыздың түрлі аймақтарында түрліше. Сондықтан оны білгеннің де артықтығы жоқ. Мысалы көктемде жайып семірту республикамыздың үйірлі жылқы ша-руашылығымен айналысатын аймақтарының барлығында көкек-мамыр айларында басталып, маусым-шілде айларында аяқталады. Ал, қыстан ортадан төмен қоңдылықта шыққан жылқы 50— 70 күннің ішіиде жайылым көгінің қаулап өсу кезеңінде 75—100 килограмнан (тәулігіне 1,5—2 кг) салмақ қосып, жоғары қоңды-лыққа жетеді. Міне, осы жылқыларды сиыр мен қой өткізіле қой-майтын екінші тоқсанда етке өткізген мемлекетке де, дербес ша-руашылық иелеріне де тиімді.
Көктемде жайып-семірту маусымының бастапқы кезінде жыл-кылар раң тәріздес шөп, эфемерлер өскен жайылымда бағылады, содан кейін бозды-бөтегелі, астың түңымдас Іпөпті жайылымға ауыстырылады. Жылқылар мұндай жайылымда көктемде жайып-семірту маусымының аяғына дейін жайылады.
Көктемде жайып семірту маусымының бастапқы кезінде жылқы тәулігіне екі рет, ал аяғында аз дегенде (күннің ысыған кезінде) үш рет суарылады.
Етке өткізу одан әрі пайдалануға тиімсіз қысыр биелер мен сақа аттар, үйірге салуға жарамсыз айғырлар көктемде жайып-семіртіледі. Өйткені олар жаздың ыстық, айларында ешқандай салмақ қоспай, қайта арықтай береді.
Әдетте жылқы күзде салмақты май жинау есебінен қосады. Үйірлі жылқыны күзде жайьш-семіртуді — шайландыру деп тегін айтпаған.
Күзде жайып-семіртуге қоңыр салқын, күз жаңбыры басталған кезде (қыркүйек~:қазан) кіріседі де, қатты суық түскёнде барып (қараша) аяқталады.
Күзде жайып-семіртудің басында жылқы астық тұқымдас-
191
жусанды жайылымға жайылып, қар жауғаннан бастап астық тұ-қымдас-жусанды-сортаңды жайылымға көшіріледі. Жайып се-міртудің соңында жусанды сортаңды майқара жайылым ең жақсы жайылым болып саналады. Қар жауғанша жылқы тәулігіне кемінде екі рет суарылады.
Жылқыны күзде жайып семірту жүмысын дұрыс ұйымдастру 60—70 күннің ішіде әрбір жылқының қосқан салмағын 45 60 килограмға жеткізіп, еткө жылқыны ортадан жоғары қоңдылықта тапсыруға толық мүмкіндік жасайды.
Күзде жайып-семірту маусымынан кейін етке осы мақсат үшін әдейі өсірілген 2,5 жасар жылқы мен одан әрі пайдалануға кел-мейтін биелер өткізіледі. Ал құлын мәселесіне келсек тұқымдық сапасы жөнінен бағалы деген еркек құлындар мен үрғашы құ-лындар ғана одан әрі өсіру үшін қалдырылады да, қалғандары етке тапсырылады. Әрине, бұл әрбір шаруашылық иесінің өз жұмысы. Біз тек тиімді жағын ғана сөз етіп отырмыз.
ЖЫЛҚЫ БОРДАҚЫЛАУ
Жылқыны әдетте күзде( қыста бордақылайды, ал кейде дербес шаруашылық иелері өз қажеттеріне қарай жаздың екінші жартысында да, қараша-желтоқсан айларында ,да бордақылаула-рына болады.
Жылқыны жылдың жылы кезінде төбесі ашық қорада, қыста жылқы қораларда бордақылайды. Кейде дербес шарушылық иелерінің жеке-жеке бордақыламай, бірнеше үй бірігіп бордақылауына да болады. Мұндайда әрқайсысы жеке қора соіып жатпай-аң біреуінде үлкендеу ңора болса соны пайдалангандары тиімді.
Сонымен жылқы бордақылайтын қорада ені 0,7—1,0 метр, те-реңдігі 30—40 сантиметр үнемі тұз тұратын астау, жем салатын оттық болады. Бір жылқыға астауша оттықтап кемінде 0,6 метрден орын тиетін болу керек. Жылқының оттықтың екі жағынан бірдей тұруы мүмкін, сондықтан ондайда әрбір малға 0.4—0,5 метрдей орын бөлінеді. Бордақылайтын жерде су құятын науа болуы керек. Осы науаға су құйып, бордақыдағы жылқыны күніне үш рет суару қажет.
Жылқыны өте қысқа мөрзім ішінде, әрі кеткенде 35—55 күн ішінде жедел бордақылау керек. Оның тірілей салмағының әрбір 100 килограмына шаққанда рационында 2,5—3,0 азық өлшемі болуға тиіс. Жас жылқы мен қоңдылығы ортадан төмен жылқы ра-ционьщдағы әрбір азық өлшемінде кемінде 100—110 грамнан сі-ңімді протеин болу керек. Бұл әсіресе бордақылаудың алғашқы кезінде, мал организміне белок көп қажет болатын шақта өте пай-далы болады. Дербес шаруашылық иелері қолдағы жемшөп қорына қарай мал мамандарымен ақылдаса отырып өздері жасайді, Жылқыны бордақылағанда сабан, арпа, жүгері, сұлы және басқа жем азықтар қажет.
192
Сабанды ұсақтап, реті келсе булап берген дұрыс. Құнарлы азық пен сабанға жем араластыру керек. Сонымен бірге жем тұрған бөлме жылы болуға тиіс. Әйтпесе жем үсіп кетеді де малға ешқандай жұғымы болмайды.
Бордақыдағы жылқыға пішен күніне екі рет: ертеңгілікте және кешкілікте (суарғанға дейін), жем күніне үш рет беріледі. Құнарлы азық көп болса оны көбінесе күндіз берген дұрыс.
Егер жылқыңыз бұрын үйірлеп бағылса, яғни бордақылауға үйірден ұстап әкелсеңіз олар жем жеуге үйренбегендіктен, борда-қылауға қойылған алғашқы 7—10 күнде салмағын кемітіп жібереді.
Үйірден әкелінген жылқыларға жемге үйреніп кеткенше алғашқы күндері көбінесе пішен беріледі. Малдың асқазаны ауырмау үшін алғашқы 4—5 күнде берілетін жемнің мөлшерін азайту қажет.
Жылқы организмінің бордақылауға қалыптасу кезеңін алғашқы кезеңі дейді. Содан соң оның 20—30 күнге созылатын бордақылану кезеңі басталады. Бұл кезде сақа жылқылар тәулігіне орта есеппен 1 килограмға дейін салмақ қосады. Бордақылаудың соңғы кезеңінде жылқылар орташа семіреді. Бордақылаудың аяқ шенінде сол мөлшердегі жеммен азықтандырғанда, майдың көбірек жиналуына қарай, салмақ қосуы азайьш, кейіннен тоқтап қалады.
Жылқының бордақылау кезінде бір килограмам қосқан салма-ғына, әдетте 7,5—12 азық өлшемі жұмсалады.
Жылқылар бордақылау кезінде үй иесінің мүмкіндігіне қарай, аптасына бір рет, бір мезгілде, таңертең шөп салардың алдында суарылмай тұрып өлшенеді.
Егер ұснылып отырған азықтандыру нормасы бойынша тәулігіне қосқан орташа салмағы аптасына кемінде 300 грамм болса, семіз жылқыларды сою немесе етке өткізу керек. Бұларды одан әрі жемдеу оның өнімін көбейтпейді, қайта қосқан салмағына жұмсалатын шығынды арттырып жібереді.
Жылқы ұшасының семіздігін қазысының қалыңдығына қарай білуге болады.
Жылқының әр түрлі тұқымы майды да әр түрлі жинайды. Бордақылағанда қазақтың жабы типтес жылқысы мен оған жақын тұқым жылқылары майды құрсағына, жаясына, жалына, ал будандар, әсіресе қазақы биені желгіш және ауыр жүк тартатын Жылқы тұқымының айғырларымен өндірістік будандастырудан алынған будандар майды ішіне, сұрпы етіне жинайды.
Бордақылаудың экономикалық жағынан тиімділігін негізгі екі фактордан көруге болады, біріншіден, қосқан салмағы мен семіздігі есебінен ұшасының салмағы артады, сапасы жақсарады, сөйтіп екіншіден, ұша етінің сату бағасы жоғары болады.
Жылқының қоңдылығы мен оның бір центнер етінің дайындау барасының өзгеруі, бордақылаудың экономикалық жағынан тиім-ділігін көрсетеді. Мысалы, қоңдылығы орташа, салмағы 400 килограмм-
193
жылқыны етке тапсырғанда оның бір центнер етіне 2018 теңгеден төлейтін болса, 4 центнері 8072 теңге болады. Қоңдылығы жоғары, салмағы осындай жылқының әр центнер етіне 2074 тең: төлегенде, оның 4 центнер еті 8296 теңге болады. Сонда оларды: арасындағы айырмашылық 278 теңге. Осы жылқыны 50 к бойы бордақылап, күніне 12 азық өлшемін бергенде, олардың ә қайсысына 600 азықі өлшемі шығын болады. Жемшөптің қандай түрі болса да бір. центнер азық өлшемінің құны орта есеппен 5 теңге, сонда бордақылаған кезде жемге 3000 теңге жұмсалады. Ол шығын мол өніммен ақталады.
Жылқының семіздік категориясы. Жылқыны етке тапсырған-да, олардың мынадай семіздік белгілеріне көңіл бөлген жөн.
I категорияға жататын жылқының бұлшық еті жақсы өсіп-жетіледі, жоны жұмыр келеді, жауырыны мен саны жақсы толы-ғады, арқа, белдеме сүйектері (шоқтығынан басқа) қабырғасы бі-лінбейді, жалына қол батпайды.
II категорияға жататын жылқының бұлшық еті орташа жетіледі, жоны жұмырланбайды, жауырыны мен саны нашар толығады, қабырғасы білініп, арқасы мен белдеме сүйектері шодырайып шығып тұрады, жалы бос болады.
Стандартка жатпайтын жылқының бұлшық еті жақсы өсіп-жетілмейді, жоны толмайды, қабырғасы ырсиып тұрады. Арқасы мен белдемесі, жауырын сүйектері, жамбасы шығып жалында май болмайды.
Мұндай жылқының еті аз, нәрлілігі төмен болады.
БИЕНІҢ СҮТ ӨНІМІ
Дербес шаруашылық иелері жылқыны көлік ету үшін, еті үшін, сондай-ақ оның сүті үшін өсіреді. Сөйтіп бие сүтінен шипалы сусын қымыз ашытады. Соған орай ең алдымен биенің сүттілігіне тоқтала кетейік. Сүтті бие өсіру кезкелген кісінің арманы ғой.
Биенің сүттілігіне көптеген жащайлар әсер етеді. Оларға мал-дың тұқымы, сауылып жүрген уақыты (жыл мезгілі), денсаулы-гы, азықтандыру, биені саүүғіа әзірлеу, сауу әдісі және тагы бас-қалар жатады.
Сүтті жылқы шаруашылығының тәжірибесіне қарағанда, қазақы, қырғыз, башқұрт және бурят жылқылары едәуір сүтті келетіні белгілі, әрі бұл тұқымдар ежелден сауылып келеді. Әсіресе қазақ-тың жабы биесі өте сүтті болады. Бұлардан басқа, жергілікті тұқым мен кейбір тұқымдардан (советтік ауыр жүк тартатын, дон және басқалары) алынған будандар да едәуір сүтті келеді. Мәселен, дон-қырғыз, желгіш-қырғыз және жаңақырғыз биелерінің буданы, қырғыз биелеріне қарағанда сүттірек, сол сияқты ауыр жүк тартатын жылқы мен қазақы жылқыдан алынған будан — қазақы биеден, желгіш жылқы мен бурят жылқысынан алынған будан —
194
бурят жылқысынан сүттірек. Сондай-ақ таза қанды дон, буден- ный, советтік ауыр жүк тартатын тұқымдар басқаларынан, тіпті жергілікті тұқымдардың өзінен сүтті екен.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өсірілетін әр түрлі тұқым биелерінің өнімділігін аныңтағанда, олардың өте сүтті екендігі байқалады.
Сонымен, Қазақстанда өсірілетін биелердің едәуір сүтті болуы оларды өнімді мал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сүтті жылқы шаруашылығының көп жылғы практикасы бие неғұрлым жиі сауылса, одан сүтті соғұрлым көп алуға болатынын, яғни сүттің көп бөлінуі сауу жиілігіне байланысты екендігін көрсетіп отыр. Бір жолғы сауу уақтының қысқаруына қарамастан биені сауу аралығы сирегенде, тәулігіне сауылатын сүт едәуір көбейе түседі және керісінше, сауым аралығы жиілегенде бір жолғы сауу мерзімі ұзарып, тәулігіне сауылатын сүт азая түседі. Биені жиі сауғанда желіндегі жиналған сүт үнемі босап отырады, мұның өзі құлынның ему уақытына дәлірек келеді. Ал сауу аралығын 3—5 сағатқа созса, онда құлынның ему уақыты бұзылады.
Желіннің көлемі мен сауу жиілігі бір-бірімен тікелей тығыз байланысты екенін көрсеткен зерттеулер айқын көрсетті. И. А. Сайгиннің бақылаулары бойынша, башқұрт жылқысы биелерінің 95 проценттейнөн бір сауғанда 1,2-ден 2 литрге дейін, кейде тіпті одан да көп сүт шығатындығы байқалған. Бір сауылған сүттің мұндай мөлшерін шамамен желіннің көлемі ретінде қабылдауға болады. Жоғарыда айтқандай желіннің көлемі шағын бола тұрса да, кейбір биелерден тәулігіне 20 литрдей, тіпті одан да көп сүт шығады. Міне, сондықтан да биені жиі саууға тура келеді. Биені жазда әр 2—3 сағатта, ал күзде 3—4 сағатта бір рет сауған жөн. Биенің сүттілігі сауым мерзімінің ұзақтығына, сүт шығу барысына және оның жасына байланысты.
Әр түрлі биеде сауым маусымының ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін және ол азық рационына, күтіп-бағылуына, құлындаған мерзіміне және басқа да себептерге байланысты келеді.
Әдетте сүт аз шығатын биелердің сауым айы мүлде қысқа, оған керісінше сүтті биелердің сауым айы ұзақ болады. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қымыз ферма-сындағы биелердің сауын айының ұзақтығын зерттегенде, көптеген биелердің 300 күндей, тіпті одан да көп уақыт сауылатындығы анықталды. Олар негізінен ауыр жүк тартатын жылқы мен қазақы жылқылардан алынған будан биелер, қазақы жылқының және жетілдірілген салт мінетін жылқының биелері еді. Жүргізілген байқаулардың қорытындысына сүйенсек, жақсы күтіп-бағылған биелерді 250—300 күндей сауура болады екен.
Негізінен сауу мерзімін үзартуға биелерді сүтейтудің, ол үшін күтіп-бағуды дұрыс ұйымдастырудың және бие сауу әдісін жетілдіре берудің айрықша маңызы бар.
Бүгінгі таңда бие құлындату маусымы негізінен үш аймен (көкек, мамыр, маусым) шектеледі. Бірақ жылқының күтімін жақ-
Достарыңызбен бөлісу: |