Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



жүктеу 5,89 Mb.
бет19/24
Дата17.11.2017
өлшемі5,89 Mb.
#892
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

246

тамыржемістілер 44 процентке дейін көбейтіліп, 45 проценті дәнді азықтардан, 7 проценті жануар тектес азықтардан, 4 проценті минералды азықтардан тұрады.

Осындай рациондармен құс азықтандырудың үш түрлі әдісі (типі бірінші — құрғақ түрінде, екінші — ылғалдандырып, үшін — осы екі әдісті алма-кезек қолданып) болады. Құс фабрикалары мен фермаларында механизммен таратуға ыңғайлы болгандықтан азықты құргақ түрінде таратса, қолдағы құсқа оларды ылғалдандырып берген жөн. Ылғалдандырылған азық аз шашылып, құстың шоқуына ыңғайлы, қорытуына да жеңіл. Азықтардың барлық түрін бірге араластырып ылғалдандырады. Ылғандандыру үшін шырынды азықтардың сөлін, майсыздандырылған ' көк сүт, сорпа, асхана қалдықтарын қолдануға болады. Бұл қосындылардың өздері де ылғалдандырумен қатар рацион құнарлылығын арттырады. Сонымен қатар күнделікті ертелі-кеш не бір уақыт жарылмаған бүтін дәндерді де шоқытады. Күнделікті азық көлемінің үштен бір бөлігін таңертең, үштен екі бөлігін кешке қарай берген жөн. Берілетін дәнді екі-үш тәулік суға бөктіріп, өндіріп берсе де болады. Ылғалдандырылған азықтар тез бұзылғыш келеді. Сондықтан да азық салатын науаларды қалдықтардан күнделікті мұқият тазартып, күн көзіне кептіріп тұру қажет.

Кейбір азықтар қолда болмай қалғанда, оларды қоректілігі бо-йынша басқа азықтармен белгілі мөлшерде алмастыруға болады. Мысалы, 10 г тарының орнына 11—10 г бидай не жүгері жармасын, 107 г сұлы жармасының орнына 9 г арпа жармасын, 10 г бидай кебегінің орнына 8 г арпа және 3 г бұршақ ұнының қосындысын, немесе 7 г жүгері жармасы мен 2 г күнжара қосындысын, 5 г сұлы ұны мен 2 г ет-сүйек ұнының қосындысын, 4 г арпа ұны мен 2 г ет-сүйек ұнының қосындысын, 10 г жүгері ұнының орнына 11 г бидай ұны мен 1 г балың ұнының қосындысын, 10 г балық ұнының орнына 35 г балық немесе 20 г ет қалдықтары мен 3 г соя шротының қосындысын, не 20—30 г майсыз ірі рімшік, 10 г ет сүйек ұнының орнына 10 г ет қалдықтары мен 3 г күнбағыс күнжарасының қосындысын пайдалануға болады.

Құрғақ түрінде есептегенде сақа тауықтар жазғытұрым (әр та-уық) тәулігіне 100—120 г, қыста 140—160 г азық жейді. Жылына бір нұсқа 50—54 г жем жұмсалады. Ал күркетауықтардың әр-қайсысына жылына 40—50 кг, үйректерге 100—125 кг, қазға 66—100 кг жем жұмсалады. Балапандарға жүмсалатын жем көлемі оларды өсіру кезеңіне байланысты: 22 аптаға дейін өсірілетін таға дейін өсірілетін тұқымдық балапандарына 31,2 кг, 9 аптатаға дейін өсірілетін етті балапандарға 5,3 кг, 17 аптаға дейін бордақыланатын күркетауық балапандарына —18,9 кг, ал 22 аптаға дейін өсірілетін тұқымдық балапандарына 31,2 кг, 9 аптаға^дейін бордақыланатын қаз балапандарына —15,7 кг, 39 аптаға дейін өсірілөтін тұқымдық балапандарына 71,8 кг, 8 аптаға дейін бағылатын үйрек балапандарына 8,8 кг жем қажет.

Егер негізгі азық ретінде толық рациондық құрама жем саты-



247

лып алынса, олардың жолдама қағазында (рецептінде) қай құсқа, қай уақытта берілетіндігі көрсетіледі. Рецептер құс түріне, жасына қарай екі санмен нөмірленеді: алғашқы сан құс түрін көрсетеді. Мысалы 0— тауықтар үшін, әдетте жазылмайды, 1 — күркетауық үшін, 2— үйрек үшін 3— қаз үшін шыгарылған құрама жемдер. Екінші сан — арналған құстың жасын көрсетеді. Мысалы № 1 рецепт мекиен тауықтар үшін, № 2 жұмыртқалағыш тұқымдық тауықтардың 1—30 күндік, № 3—31—60 күндік, №4—61 —120 күндік балапандары үшін, № 5—еттік балапандардың 1—30, № 8—31—70, № 7—121—18 күндіктері үшін, № Ю— күркетауықтар мекиендері үшін, № 11 күркетауықтардың 1—14 күндік, № 12—15—60 күндік, № 13—61—120 күндік, № 14— 121—180 күндік балапандары үшін, № 20—үйрек мекиендері үшін, № 21— үйректің 1—30 күндік, № 22—31—60 күндік балапандары үшін, № 30—қаз балапандарының 1—20, № 31—31— 75 күндігі үшін, № 32— қаз мекиендері үшін шығарылады. Толық рационды құрама жем деген аты да — “полнорационный ком-бикорм” деген сөздердің алғашқы әріптері бойынша “ПК”— деп қысқартылып белгіленеді. Сонда айталың, дербес шаруашылықта 31 күндік етті бағыттағы балапандар бордақыланса, оларға “ПК-6”, күркетауық мекиендері ұсталса —“ПК-10”, жаңа шыққан үйрек балапандары болса —“ПК-21” деп белгіленген құрама жем пайдаланылады. Ал толық рациондық емес, жай дәндер қосындысынан құрастырылған құрама жемдер болса, рецептінде “К” әрпі арқылы белгіленеді де олар тек- негізгі рационға қосымша азық ретінде қолданылады.

Құстың биологиялық ерекшеліктеріне тоқталғанда олардың ауыз қуысында тістерінің болмайтынын айтқанбыз. Тұмсықпен шоқылған азық шайналмастан бірден жұтылып асқазанға жиналады да, біртіндеп бұлшық етті қарынға өтіп, сонда мыжылып, ұсақталады. Азықтарды жақсылап үсақтап, дұрыс қорыту үшін бұлшық етті қарында майда тас сияқты қатты заттар болуға тиіс. Оларды құс азығына қосып, немесе бөлек ыдысқа салып қояды. Рацион салмағының 0,5—1 проценттік көлемінде балапандарға ұсақтығы 1—2 мм, мекиендерге 4—6 мм қиыршық, тас беріледі. Майда тасты ірі құм не ұсақталған әйнекпен алмастыруға болмайды. Құм қарында тоқталмай ішіктерге өтіп, қабыршығын ісіндірсе, әйнектің үшкір қырлары қарынның ішкі қабығын жарақаттайды. Майда тасты балапандарға 3—5 күндігінен бастап береді.

Құстың тез жетілгіштігі мен мол өнімділігіне, өнімін арнайы жасалған табиғи қабықпен қаптайтынына байланысты, қиыршық таспен қатар, әсіресе жұмыртқалайтын мекиендерге бөлек ыдысқа минералды заттар, ең алдымен калыщйлік қосындылар салып қояды. Өйткені жүмыртқа қабығы түгел дерлік қосындылардан тұрады да, әр жұмыртқаны мықты қабықпен қамтамасыз ету үшін мекиен организмі орасан зор мөлшерде кальций жұмсайды. Ол азықтармен жеткіліксіз түскен жағдайда өз дене қорындағы



248

(сүйектегі) кальцийді жұмсап, организміне зиян шектіруі мүмкін.

Тауықтар организміндегі кальций алмасуы сүт қоректілердікінен 20 есе жоғары. Жылына 200 жұмыртқа салатын мекиен олармен 400—420 грамм кальций шығарады, яғни өз денесіндегі қорынан бұл 20 есе көп. Сондыңтан да кальций деңгейі жетіспеген жағдайда мекиендердің жұмыртқалағыштығы күрт төмендеп, жұмыртқалар қабығы жұқарып, олар тез сынгыш келеді. Ондай жұмыртқалардың инкубациялық қасиеттері де төмен. Керісінше рациондағы кальцийдің шамадан тыс мөлшері де қауіпті. Оның қарама-қайшылық қарым-қатынастағы біршама микроэлементтер жетіспеушілігінің тууына себеп болуы ықтимал. Кальцийдің көзі ретінде азықтық бор, әк, ұлу қабыршағы, сүйек ұны, үшкальций фосфаты, азықтық фосфат, преципитат қолдануға болады.

Дербес шаруашылықтағы ңұсқа берілетін азықтарды алдын-ала дайындаған жөн. Алдын-ала дайындау азықтардың желінуін ұлғайтып, дәмін жақсартады, содан барып қорытылуын жоғары-латады. Ол үшін дәнді азықты тазалап, ұсақтайды. Дән жармасы-ның үлкендігі балапандар үшін 2,5—3 мм, сақа құсқа 5—10 мм болғаны жөн. Өте ұсақтаудың қажеті жоқ. Өйткені құс тұмсығына жабысып, жөнді шоқылмайды. Үш айдан асқан балапандарға дәнді азықты сулап, өндіріп беруге болады. Дәнді өндіру үшін қараңғы бөлмеде арнайы дайындалған ыдыстарда сұлы, арпа, жүгері, бидай дәні 15—20 градус мөлшердө жылы сумен 20—24°С жылылықтары бөлмеде ылғалдандырылады. 2—3 тәуліктен соң дән өніп, жарты сантиметрдей ағарған сабақ шығарады. Дәннің құрамында В2 жәнеF витаминдері 20—30 есе көбейеді. Өздері жұмсарып, жеңіл қорытылады, өйткені құрамындағы крахмал жеңіл сіңірілетін қантқа айналады.

Сонымен қатар құс азығына арналған ұнтақтарды, ұнды ашытып беруге болады. Ашытылған ұқтақтың әрбір килограмына 5— 10 грамм нан ашытқысын өлшеп алып, 30 градус жылылықтағы 1,5 литр суға ерітеді де, ашытуға арналған азық үстіне құяды. Ашытқылайтын ұнтақтың әр килограмын алдын ала бір литр суға араластырып, ылғандандырып қояды. Ашытқыны көбейту үшін ұнтақтың әр килограмына 1 кг ұсақталған қант қызылшасын, сәбіз не асқабақ, болмаса 100 грамм қан сірнесін әбден араластырып қосады. 20—30 градус жылылықта 6—9 сағат бойы әлсін-әлсін (әр жарты сағат сайын) араластырып бөктіреді. Араластырғандағы енген ауадан ашу барысы жеделдей түседі. Ашыған азықта белок құндылығын жоғарылататын амин қышқылдары түзіліп, В груп-пасының витаминдері көбейеді. Азық хош иісті болып дәмі кіреді. Оның бір бөлігін басқа берілетін азықтардың бес бөлігіне қосып береді.

Тамыр-түйнек жемістілерді құсқа берер алдында жуьш тазартады, кесіп ұсақтайды. Картопты суға бұқтырып немесе пісіріп ұсақтайды да ұнмен араластырып салады. Сәбіз берер алдында туралады. Күзде дайындалып, мұздатылып сақталған жеміс-жи-



249

дек, қыста дайындалып, ұнтақталған ағаш қылқанын, күзде кепті-рілген жапырақтар беруге болады. Қыс кезінде құнды каротин көзі болып есептелетін ағаш қылқанының ұнын тәулігіне бір тауыққа 5—7 г, күркетауықтар мен үйректерге 10—15 г, қаздарға 30 мөлшерінде береді.

Күнжаралар мен шроттарды ұсақ бөлшектеп, жылы сумен ыл ғалдандырып береді. Жануар тектес азықтарды (сойыс қалдықта] ры, жеуге жарамсыз ет) қайнатып, ал дайын ет-сүйек, балық ұнын елеп барып берген дұрыс. Сүт және сүт өнімдерін тек ірітіп барып қолданады. Оларды қосып дайындайтын ылғалды қосындыларды құсқа берерде бір-ақ әзірлейді. Қосындыны құстың бір сағатқа де йін жеп ңоюын қадағалайды. Бұл мерзімнен асып бара жатса қал дықтарды төгіп тастайды. Өйткені одан әрі беруге болмайды.

Балапандарды тәулігіне 4—6 рет, сақа құсты 3—4 рет азық-тандырады. Ертеңмен тұтас дән не құрғақ ұнтақ жармалар шашып, екіншісінде — өндірілген дән және ылғалдандырылған қосынды салып, кешке — дәнді азық береді. Балапандарды алғашқы рет жұмыртқадан жарылғаннан кейінгі 16—18 сағатта азықтандырады. Азыққа дауыстап, тықылдатып шақырып үйретеді. Азықтанудан бас тартқан балапандардың тұмсығына пипеткамен жұмыртқа сарысы езілген сүт тамызып, тұмсығын суға тығып алады. Алғашқы он күнде оларды картон не фанер үстіне шашылган азықпен тәулігіне 8 рет азықтандырады. Азықтандыру аралығын алшақтатпас үшін бірінші азықтандыруды таңертең бастап, соңғысын кеш — сағат 20-да, аяқтайды. Он бірінші күннен бастап тәулігіне 6 рет азықтандыруға көшеді.

Таңғы мезгілде ұнтақталган сұлы, арпа, жүгері, тары дәнін салса, сәскеде айранра шыланған үн қосындысына пісірілген жұ-мыртңа, сәбіз, көк балаусаны ұнтақтап қосьш жегізеді. Кешкісін таңға дейін ашығып қалмас үшін түрлі ұнтақтарды мол етіп беріп, қажетінше таза сумен қамтамасыз етеді. Тез өсіруге арналған үйрек және қаз балапандарын азықтандыруды шектейді.

Тауық азықтандыру. Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымдылығына, өнім бағыттылығына (жұмыртқалағыш, етті-жұ-мыртқалағыш) байланысты болып келеді. Жұмыртқалағыш ме-киендерді жұмыртқалағыштығына байланысты азықтандырады. Неғұрлым жүмыртқалағыштығы жоғары болса, соғұрлым азық мөлшерін көбейтеді. Мысалы, айына 15 жұмыртқа салтан тауыққа 95 грамм арпа, сұлы, қара бидай дәнін, 20 г бидай кебегін, 35 г көк азық, 15 г етсүйек ұнын, 4,5 ұлу қабыршағын, 1,75 г сүйек ұнын, 1 г ас тұзын берсе, қыста дәнді азықты 80 грамға, кебекті 12 грамға, ет сүйек ұнын 2 грамға дейін төмендетіп, 35 г піскен картоп, 10 г сәбіз не сүрлем, 12 г бұршақ түқымдастар пішенін, 2 г ұлу қабыршағын, 0,75 г сүйек ұнын, 0,5 г ас тұзын қосады. Сонда жылына әр тауық басына 37 кг дәнді азықтар, 4,5 кг жануар тектес азықтар, 2,5 кг витаминді шөп ұны, 6 кг квк азық, сүрлем, 5 кг сәбіз, 10 кг картоп, қант қызылшасы, 0,3 кг ашытқы, 4 кг көк сүт, 2 кг минералды азықтар жұмсалады.



250

Етті-жұмыртқалағыш тұқым тауықтарына тәуліктік дәнді азықтар мөлшерін 18—20 грамға, ал жануар тектес азықтарды 3—4 грамға көбейтеді. Дәнді дақылдарды пісірілген картоппен алмастырса болады. Бірақ, есте сақтайтын жағдай-жұмыртқалайтын мекиендерді шамадан тыс көп азықтандыруға болмайды, өйткені оларды май басса жұмыртқалағыштығы күрт нашарлайды.

Тауықтарды азықтандыру деңгейін неғұрлым арзандату үшін шаруашылықтары түрлі азық қалдықтарын кеңінен қолдану қажет. Айталық күнделікті асхана қалдықтарын, ұн елегендегі кебекті, картоп, қияр, қарбыз, қауын қабықтарын, бау-бақшадағы көкөніс жапырақтарын, жеміс-жидек қалдықтарын және т. б. толығымен пайдаланған жөн.

Тауық балапандарын алғашқы күндері пісіріліп, езілген жұ-мыртқамен тары, сұлы ұнтағымен, айран және ірімшікпен азық-тандырады. 2—3 күннен бастап жоңышқа, бөде, қалақай көгін ұсақтап турап, сәбізді езіп, аздап (салмағының 2—3 процентіндей) нан ашытқысын қосып береді- Таңға дейін ашығып қалмас үшін түнге қарай олардың асқазанын азыққа толтыру керек. 1 күннен 10 күнге дейін 3 грамм жарылған дән қосындысы берілсе, 10—30 күндері ол 7 грамға, 31—60 күндері 17 грамға жеткізілсе, 61—90 күндері —35 грамнан, 91—120 күні —40 грамнан бүтін дән қос-пасы шашылады.

Организмнің өсуінө байланысты белгіленген осы аралық кезең-дерде берілетін дәндер ұнтағы тәулігіне 4; 15; 27; 35; 40 грамға, би-•дай кебегі 1; 5; 3; 5; 6,6 грамға, балық не ет-сүйек ұны —0,3; 1,5; 2; 3,5; 5 грамға, күнжара, шроттар 0,1; 0,5; 1; 1,9; 3,5 грамға, нан ашытқысы 0,1; 0,4; 0,8; 1-6; 3 грамға, ұлу қабыршағы, бор —0,2; 0,5; 1,2; 1,6; 2 грамға, ас тұзы —0,01; 0,08; 0,15; 0,2; 0,3 грамға, шөп ұны 0,1; 0,3; 0,9; 2,0; 3 грамға, көк сүт 8; 20; 20; 20 грамға, сәбіз, көк шөп 2; 7; 15; 22; 27 грамға жеткізіледі. Осындай азықтандырылатын балапандардың 5 ай ішіндегі азыққа деген мұқтаждығы мынандай: дәндер 9,6 кг, жануар тектес азықтар —1 кг, шөп ұны 0,2 кг, көк, сүрлем 2 кг, сәбіз —0,1 кг, картоп, қант қызылшасы—1,5 кг, ашытқы 0,1 кг, көк сүт 1 кг, минералды қосындылар 0,4 кг. Етті бағыттағы балапандарға (бройлөрлер) бұл көрсеткіштерді 10—15% жоғарылатып, алдарына үнемі протеин мен витаминдерге бай құрғақ азықтық қосынды тұруын қадағалау керек.



Күркетауық азықтандыру. Жұмыртқалау кезінде мекиендерді тәулігіне 4—5 рет азықтандырады. Жайылымға шығарар алдында ылғалдандырылған қоспаға туралған көк шөп, ал қыста сәбіз, шөп ұнын қосады. Жұмыртқаламаған кезде тәулігіне үш рет — ертелі-кеш ылғалдандырылған қосындылар беріп, түнге қарай бүтін дән не құрғаң қосынды салып қояды. Сұлы мен арпаны өндіріп берген жөн.

Тірілей салмағы 4 кг, айына 9—15 жұмыртқа салатын мекиен-дерге тәулігіне 105—115 грамм дәнді азық, 30 грамм бидай кебегін, 5—10 г ірімшік, 7—14 г ет не балық қалдықтарын, 30—40 г



251

шөп ұнын, 150—130 г пісірілген картоп, 50—60 г сәбіз, көк азық, 5—6 г ұлу қабыршағы, бор, 2,5 г сүйек ұны, 1,5 г ас тұзын береді. Тірілей салмағы 4 кг ауыр не жеңіл болса қосқан әрбір 100 г қо-сымша салмаққа дәнді азықтарды 2 грамға дейін азайтып не кө-бейтеді. Сонда орта есеппен дербес шаруашылықтары әрбір күрке-тауыққа жылына 50 кг дәнді азық, 3 кг жануар тектес азықтар, 15 кг шөп ұны, 25 кг көк азық, сүрлем, 3,5 кг сәбіз, 40 кг картоп, қызылша, 0,6 кг ашытқы, 4 кг көк сүт, 3 кг минералды қосындылар жұмсалады.



Күркетауық балапандарын азықтандыру деңгейі мен азықтан-дыру сапасына қатты талап қойылады. Оларға протеин мен ви-таминдерге бай, сіңімді, жеңіл қорытылатын түрлі азықтар да-йындап береді. Клетчатка мөлшері аз болуға тиіс. Өйткені олардың ішегінің салыстырмалы ұзындығы (денесіне қарағанда) басқа құс балапандарына қарағанда ұзынырақ келеді де, азық ұзағырақ өтеді. Ас қорыту жолдарында ұзақ жатып қалса сапасыз азық өтпей, шіріп, балапандарды уландыру қаупі туады. Сондай-ақ клетчаткасы көп азықтар да ас қорыту жолдарын бітеп тастауы мүмкін.

Алғашқы үш тәулікте күркетауық балапандарын тауық бала-пандары секілді азықтандырады. Витаминге мұқтаждығын ескеріп жоңышқа, қалақай, сәбіз сөлін сығып ішкізеді. 20 күннен бастап күркетауық балапандарына дән жармасын, ал 40 күннен бастап бүтін дәндер береді. Тауық нормасының үштен бір бөлігін ер-теңгісін, қалған екі бөлігін кешке қарай салады. Олар пияз, жуа көгіне өте өш болғандықтан, үнемі турап береді. Сондай-ақ қалақай көгін де береді. Жайылымда 45—60 күндік балапандарды тәулігіне бір рет қешке қарай қосымша азықтандырып тұрады.

Төрт айлығына дейін өсіргенде әрқайсысына 15 кг дәнді азықтар, 0,9 кг жануар тектес азықтар, 0,3 кг шөп ұны, 2,4 кг тамыртүйнек жемістілер, 1 кг көк| сүт, 0,1 кг ашытқы, 1 кг минералды қосындылар жұмсалады.

Үйрек азықтандыру. Үйрек азықтандыруды олардың табиғи су қоймаларында (көлшік, өзен) түрлі балдыр, ұсақ су жәндіктерін ұстап жейтінін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Ертелі кеш дәнді азықтармен қосымша азықтандырып отырады. Қыста тәулігіне 4 рет азықтандырады. Тірілей салмағы 3 кг мекиенге айына 12—15 жұмыртқа салғанда тәулігіне 160—175 г дәнді азық ұнтақтары, 10—12 г күнжара, шроттар, 6—8 г ет, балық қалдықтарын, 40 г шөп ұнын, 40 т пісірілген картоп. 110 г сәбіз, көк азық, 1,4—1,5 г сүйек ұнын, 8—9 г ұлу қабыршағын, бор, 1,4—1,5 г ас тұзын береді. Тірілей салмағы 100 грамға өзгерсе (көбейсе не азайса) дәнді азықтардың 6 грамын өзгертіп отырады, яғни соған сәйкес не қосады, не азайтады.

Жылына әр үйрекке 62 кг дәнді азық, 5 г жануар тектес азықтар, 5 кг шөп ұны, 9 кг көк азық, 32 г тамыр түйнек жемістілер, 0,5 кг ашытқы, 8 кг көк сүт, 4 кг минералды қосындылар дайындайды. Үйректер құрғақ азыққа қақалып, жөнді жей алмайтын-



252

дықтан азықты ылғалдандырып береді. Жақын жерге су құйып, не ағызып қойған жөн.



Үйрек балапандарын ылғалдандырылған қосындылар, туралған көк азық, су өсімдіктері, тамыр жемістілерді араластырып азықтандырады. Алғашңы күндері тауық балапандары секілді азықтандырып, көкке шығып жайылмаса 11 күннен кейін вита-миндермен қамтамасыз ету үшін әрқайсысына 1 грамнан балық майын тамызады. 15 күндігінен бастап суға жіберіп бір айлыңта-рына дәйін тәулігіне 3 рет, ал бір айдан кейін 2 рет дәнді азықтар-мен қосымша, азықтандырып тұрады. Ертеңгісін жемді аз берсе, балапандар көлшік өсімдіктерін жақсы жейді. Кешкісін жатарға тойындырып жатқызады.

56 күн өсіргенде әр үйрек балапанына 7,5 кг дәнді азық, 0,8 кг жануар тектес азықтар, 0,3 кг шөп ұны, 3,5 кг көк азық, 2,6 кг шырынды азықтар, 2 кг көк ұны, 0,3 кг минералдық қосындылар жұмсалады.

Ыстық күнде балапандардың азыққа зауқы соқпайды. Сондықтан да көл жағалауында ыстықтан саялайтын бастырма тұрғызады.

Қаз азықтандыру. Жұмыртқалаган кезде әр қазға тәулігіне 90 г дәнді азық, дән ұнтақтарын, 50 г бидай кебегін, 100 г жоңышқа, не беде пішенін, 200 г тамыр жемістілер, 1,5 г ұлу қабыршағы, бор, 2 г ас тұзын берсе, айына 6—12 жұмыртқа салған уақытта дәнді азықтар мен ұнтақтарды 110—170 грамға дейін көбейтеді, пішенді 60 грамға дейін азайтып, орнына 5—10 І ет, балық қалдықтарын, 6—12 г күнжара, шроттар енгізеді. Минералды қосындыларға сүйек ұнын қосып тәулігіне бір қазға берілетін мөлшерін 1,5—3 грамға жеткізеді. Шамамен алғанда жылына әр қазға 48 кг дәнді азық, 1 кг жануар тектес азық, 10 кг шөп ұны, 100 кг көк азық, 80 кг шырынды азық, 5 кг көк сүт, 5 кг минералды қосындылар жұмсайды. Жұмсалатын азықтарды үнемдеу үшін басқа құспен салыстырғанда қаздардың жайылым көгін өте жақсы қорытатындығын ескеру қажет. Азық клетчаткасын олар 40—50 процентке қорыта алады. Сондықтан да қазды шаллғынды көгалға мейлінше ұзақ жаяды.

Жұмыртқалаған кездерінде .салынатын жұмыртқалардың инку-бациялық қасиеттерін жоғарылату үшін витаминді пішен, сәбіз, құрама жем беріледі. Әдетте тәулігіне 3 рет —2 рет ылғалданды-рылған қосындылармен, 1 рет құрғақ дәнмен азықтандырады. Жайылым кезінде тәулігіне әр қаз 2 килограмдай шалғын көгін жейді.



Қаз балапандарын алғашқыда үйрек балапандары сияқты азықтандырады. Алдарына арпа, сұлы ұнына араластырған ұн-тақтадран піскен жұмыртқа, ірімшік, айран қояды. Берілетін азық Қосындысын жеткілікті етіп ылғалдандырады. Бірақ, қатты сула-нып, бір-біріне жабысатын түйіршіктер болмауы тиіс. Қосындыны алаңанға салып сыққанда суы ақпай, қайта жазғанда үгітіліп бөлшектенетіндей болуы қажет.

253

4—5 күндіктерінен бастап жануар тектес азықтар (балық, ет қалдықтары) беріп, 20 күндігінен бастап жайылым көгіне шыға-| рады. Ертелі кеш жем салып тұрады. 120 күн ішінде әрқайсысына шамамен 6,5 кг дәнді азықтар, 0,3 кг жануар тектес азықтар,' 0,5 кг шөп ұнын, 20 кг көк азық, 5,5 кг шырынды азық, 0,5 көк сүт, 0,5 минералды қосындылар шығындайды.



Мысыр тауықтарын азықтандыру. Мысыр тауықтарын жұ- мыртқалағыш тұқым тауықтарындай азықтандырады. Тек әр басқа тәулігіне берілетін көк азық пен тамыр жемістілер мөлшері 30—50 грамға ұлғайтады. Басқа уақытта тәулігіне 3, ал жұмыртқалаған кезеңінде 4 рет азықтандырады. Күндіз ылғалдандырылған быламықтар дайындап, кешке құрғақ дәндерді салып қояды. Жазғытұрым жайылымға шығарады. Әсіресе бау-бақша ішінде олар зиянды құрт-құмырсқаны жеп, пайдасын тигізеді.

Мысыр тауғының балапандары жұмыртқадан жарылғаннан кейінгі күндері азықты аз жейді. Алдарына өте қоректі, жеңіл қо-рытылатын азықтар қосындысын (бидай, жүгері, сұлы, ұнтағы құрғақ сүт, ірімшік) шашып қояды. 5 күннен кейін қиыршақ тас және минералды қосындылар бере бастайды. Өте тез, алаңдап шоқып , азықты көп шашатындықтан оларды аздап ыдыстың ернеуі не жеткізбей салады.

Бөдене азықтандыру. Сақа бөденелерді тәулігіне 3—2 рет, лапандарын 4—5 рет азықтандырады. Сақа бөдененің әрқайсысына тәулігіне 12 г тары, арпа, сұлы ұнтағын, 10 г ірімшік, балық, ет қалдықтарын, 10 г сәбіз, капуста, қалақай, жоңышқа, беде көгін, 3 г ұнтақталған жұмыртқа қабығын, бор- ұлу қабыршағын, 0,2 г ас тұзын араластырып береді.

Балапандарына осы азықтарды ұнтақтап береді. Бірінші күндері пісірілген жұмыртқаны қабығымен ұнтақтап, көзінің аумағы 3X3 мм електен өткізіп береді. Екінші аптадан бастап минералды қосындыларға ұсақ қиыршық тас араластырып салады. Шамамен алғанда әр түрлі азықтардан құралған қосындыны әрбір бөдене балапандарына тәулігіне 1 аптада 3—4 г, 2 аптада 7—8 г, 3—4 аптада 13—14 г, 5 аптада 15—16 г, 6 аптада 16—17 г береді.

ҚҰС ӨНІМДЕРІ

Құс өнімдеріне жоғарыда айтқандай жүмыртқасы, еті, қауырсыны жатады. Құс жұмыртқасы биологиялық барлық заттармен қамтамасыз етілген өте қоректі тағамдық өнім. Саны және дәмі жағынан бірінші орынды тауық жұмыртқалары алады. Енді та-ғамдық мақсатпен өндірілген тауық жұмыртқаларын сақтау тұр-ғысына тоқталайық.



Тағамдық жұмыртқаны сақтау. Жаңа салынған жұмыртқалар таза, еш микробсыз өнім. ¥яға салынғаннан бастап оларға сыртқы ортаның микроорганизмдері әсер өте бастайды. Міне осы әсерден жұмыртқаны неғұрлым сақтай білсек, соғүрлым оның сақталу

254

мерзімі де ұзарады. Оның негізгі жолы микроорганизмдер әсерін төмендету. Міне, сондықтан да құс жұмыртқалайтын қора, ұяны, төсенішін таза ұстаудың гигиеналық маңызы зор. Жаңа салынған жұмыртқаның ағы мен сарысы құс организмінің температурасынан (37—38°С) сыртқы орта температурасына сәйкес тоңазып, салқындатқан, жиырыла бастағанда, қабығының жалпақ жағынан пайда болатын ауа камерасына сырттан ауа енеді. Сол ауамен жұмыртқаға сыртқы орадан микроорганизмдер аз енгені жөн. Өйткені жұмыртқаның бұзылуы микробиологиялық процестердің нәтижесі болып табылады.

Микробиологиялық процестерді бәсеңдету үшін қора ауасын,, жүмыртқа салынатын ұяны, оның ішіндегі төсенішті таза ұстаумен қатар, салынған жұмыртқаны ұяда ұзақ жатқызбай жинап, тоңазытқышқа салып салқындатқанның да әсері тиеді. Жұмырт-қаларды үш аптаға дейін, ал тоңазытқышқа салынса 3—4 айға дейін сақтауға болады. Тоңазытқыш камерасының температурасын 0 градуста, салыстырмалы ылғалдылығын 78—80 процентте ұстайды. Одан да ұзағырақ мерзім сақтау қажет болса ішкі температураны 1,5—2 градусқа дейін төмендетіп, салыстырмалы ылғалдылықты 90 процентке дейін көтереді. Тоңазытқышқа салынған жүмыртқалардың қабығы тез салқындатқаннан шытынамас үшін, температураны біртіндеп төмендетеді.

Жұмыртқаларды тоңазытып сақтауға мүмкіндік болмаған жағдайда оларды түрлі ерітінділерге батырып сақтауға да болады. Мысалы, тұзды суда, әк суында олар 3—4 ай бойы сақталады. Ерітінділер жұмыртқа сыртындағы микробтарды өлтіріп, қа-бырының тесіктерін бітеп, жұмыртқаны кебуден сақтайды. Әк суын дайындау үшін 10 л сура, 0,5 кг сөндірілмейтін әк және 50 г ас тұзын салып ерітеді. Ас тұзын алдымен жеке ыдыста ерітіп алып құяды. Ертіндіні шыны, қыш ыдыстарға құйып, әр 10 литріне 100 жұмыртқа батырьш сақтайды. Сыртқы орта температурасының 5—10 градустан аспағаны жөн. Бірақ әкке салынған жұмыртқаның қабығы жұмсарып, біраз дәмі өзгереді. Жұмыртқа ағының қасиеттері өзгереді.

Жұмыртқа қабығын күнбағыс, не жануар майымен, вазелинмен майлап ұзақ уақыт (6—8 ай) сақтауға да болады. Жұмыртқаны ол салынғаннан кейін 24 сағат ішінде майлау қажет. Ол үшін 120 градусқа дейін қыздырылған күнбағыс майына жұмыртқаларды

5 секунд малып алады. Жұмыртқа қабыгының сыртына жабысып қалатын жұқа май оны кебуден, микробтардың әсерінен, оттегі енуден, ал қабық ішінде жиналатьш көмір қышқыл газ олардың сапасын жоймайды.

Мүмкіншілік болмаған жағдайда жұмыртқаларды құрғақ таза топанға, ұсақталған сабанға, сұлыға, тарыға, ағаш күліне тығып сақтайды. Жәшіктің түбіне аталған материалдарды төсеп, жұ-мыртқаларды ұзынынан салады, не үшкір басын жоғары қаратады да, әр қатарды төсеніш материалмен жауып отырады. Жәшіктерді құргақ салқын бөлмелерде сақтайды.

255

Құс еті. Құсты етке сояр алдында азықтандырмай тек су ғана беріп, 8—10 сағат бойы ұстайды. Түнге союға арналған құс тұрған бөлмеге жарық түсіріп қояды. Бұл уақыт аралығында құстың ас қорыту жолдары азық қалдықтарынан тазарады.

Құсты сырттан не іштен бауыздап сояды. Сырттан бауыздарда құсты аяғынан байлап іледі де, қанаттарын бір-біріне айқастарады. Сол қолымен басып тұрып, астыңғы жақ артындағы тамақтағы мойынның қатпарынан өткір пышақпен бауыздап, қан тамырын кеседі. Пышақ жүзін жоғары қарай бағыттайды. Тамақтың ішінен бауыздарда өткір қайшы мен ауыз қуысы арқылы тамақтың сол шақ шетіндегі тамырларды кесіп, қайшы ұшын құс қан-тамырының артқы жағына қарай сұрады. Сұққанда тауық пен күрке-тауықтың миындағы қауырсын ұстататын нервтердің орталығы бұзылып, терідегі -қауырсын бекімі әлсіреп, жұлуы жеңілдейді. Қаз бен үйректе мұндай құбылыс байқалмайды.

Бауыздалған құсты қаны арып болғанша басын төмен қаратып Іліп қояды. Толық ақпай қалған қан қалдықтары тез бұзылады. Соны ескеріп 1—2 минуттан кем қансыздандырмайды.

Қаны ағып бола сала құс қауырсынын жұлады. Қауырсын түбірін жұмсарту үшін тауық пен күркетауықтар ұшасын ыстық (51—53°С) сура 1-2 минут, үйректер үшасын 3—4 минут, ңаз ұшасын 5 минут батырып алады. Қаз бен үйректер қауырсынын 2—3 сағат салқындатып барып жұлған жеңіл. Осы уақытта жеңіл еритін майлар тоңазып, қауырсындары жеңіл жұлынады.

Алдымен қанат пен қүйрықтағы ірі қауырсындарды жұлып, бөлек жинайды. Одан кейін қарынның, аяқ, иық, мойынның жүнін жұлады. Қалған ұсақ жүндерін үйітеді. Қауырсындарды жуып тазартады да, кептіріп жастық, мамық жасауға пайдаланады.

Қауырсыны жұлынған ұшаның қарнын жарып, бауыр, жүрек, бөлтірігін тазалап алады. Өкпе, қарын, жұтқыншақ, көк бауырын қайнатып, құс азықтандыру үшін қолданады.

Тазартылған құс ұшасын салқын сумен жуып, бөлме темпера-турасында 8 сағат бойы тоңазытады. Содан кейін пісіріп немесе тоңазытқышқа салып сақтайды. Құс етін тек 6—8 сағаттан кейін пісірсе ғана өзіне тән дәмі мен иісі болады. Құс етін тоңазытқыш-тарда аз уақыт (8—5 тәулік) сақтау керек болса 0—4 градуста ұстау керек. Тоңазытқыш болмаған жардайда құс етін сірке суымен ылғалдандырылған шүберекке орап сақтауға да болады. Кепкен сайын шүберекті қайталап ылғалдап тұрады. Одан ұзағырақ сақталатын құс етін біртіндеп 12—18 сағат бойы 2—4 градусқа дейін тоңазытып, 17—18 градуста мұздатып сақтайды. Қыста со-йылған құсты салқын суға батырып, аязда қатырып сақтаған жақсы. ¥шаның сыртын мұзбен қаптау үшін суға 4—5 рет батырып, аязға іліп қояды. Осылай мұздатылған құс етін 3—4 ай сақтап, пайдаланарда біртіндеп ерітіп алу қажет.

Қүс етін тұздап сақтауға да болады. Ол үшін жаймаланған етті әрбір литріне 300 г ас тұзы салынған ерітіндімен өңдейді. Тұзды ерітіндіні ұшаның тамағына спринцовка арқылы құйып енгі-



256

зеді де, 20 сағаттан кейін төгіп тастайды. Қажетті жағдайда қүс етін сүрлеуге де болады. Ол үшін құс ұшасының кеуде жағын, санын түздайды да (әр 10 кг етке 1 кг ас тұзы, 15—20 г ңант және ұнтақталған қара бұрыш жұмсайды), біраз тұз сіңген соң, әр 10 килограмм етті 2—3 кг салмақпен бастырып қояды. Ұсақ құс ұшасын 3—4 тәуліктен, ірі құс ұшасын 5 тәуліктен кейін алып, қайнатылған таза салқын сумен жуады да, кептіріп ыстайды. Ол үшін ұшаны арнайы бөлмеде алғашқыда 80 градус, кейіннен 35—40 градус жылылықтағы түтінмен 3—4 сағат бойы немесе жылуы 20 градус түтінмен 3—4 тәулік ыстайды. Ысталган етті таза құрғақ шүберекпен сүртіп, тазартып, одан әрі сақтайды. Сақталатын бөлменің температурасы 5 градустан жоғары болмауға тиіс.

НУТРИЯ ӨСІРУ

 

Дербес шаруашылықта өсіруге тиімді де, қызықты жануар — нутрия (саз камшаты). Бұл кеміргіштер отрядына жататын, су мен құрлықты бірдей мекендейтін жануар.. Алғашқы рет 1930 жылы Аргентинадан алып келінген. Негізінен өсімдікпен қоректенеді. Азықтандыру және күту жағдайларына талғампаз емес.



Нутриядан өте құнды түрлі түсті тері өндіріледі. Оның терісі ондатр терісіне ұқсас. Беріктігі қоян терісінен он есе асып түседі, түлкі терісіне пара-пар. 80-ші жылдары Кеңес елінде дайындалған нутрия терісін өндіруді жетілдіру үшін 1979 жылдан бастап олардың дайындау бағасы екі есе көбейтілді. Қаржы министрлігі нутрия өнімдерінен алынған түсімді налогтан босатып қойды. Осындай экономикалық тиімді шаралардың арқасында сол кезде өндірілген нутриялар терісі 300 мыңнан асты. Бағалы терімен қатар нутриядан диеталық қасиеттері жоғары қоян етіне тең дәмді ет өндіреді.

НУТРИЯЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нутриялар — кеміргіштер отрядына жатады. Тірілей салмақтары 5—7 кг тартып, денесінің ұзындығы 45—60 сантиметрге дейін жетеді. Қүйрығының ұзындығы 25—30 сантиметр. Олар 6—7 жыл тіршілік етеді. Суда да, құрғақта да тіршілік етуге бейімделген. Алдыңғы аяқтары қысқа, оларда қысқартылган бес саусағы бар. Ал артқы аяқтарының төрт саусағының аралығы суда жүзетін құстардікіндей жалбыр терімен қосылған, бесінші саусағы бос. Суда жақсы жүзеді, құрлықта ақсаңдап көп жүре алмайды.

Нутриялар суда жүзгенде жан-жағын жақсы көреді. Оған маң-дайына шыға орналасқан көздері мүмкіндік береді. Астыңғы ерін-дері қызғылт түсті тістеуіш тістерінің артынан екі жағынан ала қосылады да, оларды ауыз қуысынан бөліп тұрады. Соның арқа-сында ол су өсімдіктерінің тамырларын аузына су жібермей кеміре алады, Су түбіне сүңгігенде танауларының су өткізбейтін етіп бекітілген бүлшық еттері бар. Құлақтарына да қалың өскен ішкі жүндері су өткізбейді. Үстіне су жұқпас үшін нутриялар жүндерін арнайы бездерден шығарылатын арнайы сұйықпен саусақтарымен майлап тұрады.

Өте сақ. Көзі жақсы көрмегенмен, өте сақ құлақ. Саңалары



258

бір-бірімен бірге тұрганды үнатпайды, бөлініп кетеді. Құрлықта азықты алдыңғы аяқтарының саусақтарымен алып жейді. Бір камералы асқазаны ұзынша қап секілді. Ол денесінің оң жағына орналасқан. Аузында 20 тісі бар. Ең жақсы жетілгені күрек тістері. Олар екі-екіден астыңғы және үстіңгі жақ сүйектеріне орналасқан. Бастары жалпақ. Құлақтары қысқа. Үстіңгі ерні мен жағына ұзын-ұзын жүн өседі. Олардың міндеті — жөнді көрмейтін көздерге көмектесу, сыртқы ортадан белгілерді қабылдау.

Бауыр асты жүндері арқасының жүндеріне қарағанда қалың да қысқа. Жүні біртіндеп жыл бойы түлейді. Тіршілігінің алғашқы 6 айында өте жедел өсіп, 3—4 жылдан соң өсімталдығы бәсеңдейді. Жылу сүйгіш. Суыққа ұрынса алдымен құйрығынан айрылып, соңынан өзі де шығын болады.

Еркіндікте таяз, ақырын ағынды, мұз қатпайтын су қоймалары жанында тіршілік етеді. Суда азықтанып, жаулары мен ыстықтан тығылады. Су жагалауынан ін қазады. Қысқа азық қорын жинамайды. Сондықтан су бетіне мұз қатса аштықтан өліп қалады.

Жүннің негізгі (стандартты) түсі — қоңыр. Бірақ ТМД елдері мен шет елдерде нутриялардың 20-дай түсті терісін өндіреді. Әуесқойлар шаруашылығында әдетте ақ, қара, алтын түсті және тағы басқа түсті нутриялар өсіреді. Ақ, және қоңыр түсті шағылыстырғанда будандар түсі екіге бөлінеді. Жүнінің 93—90% түбіттен тұрады. Жыл бойы түлеп, жүнін ауыстырғантықдықтан жаңа өсіп келе жатқан жүн қылшықтары болады. Бірақ қысқы кезеңде (қаңтар-ақпанда) дайындалған терілердің сапасы жоғары келеді. Терісінен тұмақ, құлақшын, кеудешелер тігеді.

ӨСІРУГЕ ҚАЖЕТТІ НУТРИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ

 

Нутрияларды өсірумен шұғылдану үшін алдымен қажетті әде-биеттерді оқып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, берілетін азықтарын, күтімін жете біліп алу керек. Бұрыннан нутрия өсіріп, тері дайындап жүрген байырғы әуесқойлар тәжірибесімен танысып, қажетті, өсіруге тиімді санын анықтау қажет. Содан кейін оларды жылытылмайтын жай клеткамен, отырғызғыштармен, қаптармен алып жүре алатын жылдың жылы мезгілінде сатып алған жөн.



Өсіруге қажетті нутрияларды таңдағанда, алдымен олардың сыртқы түртүсіне, дене құрылысына, тұлгасының жетілуіне, әре-кет-қимылына қарап денінің саулынмна көз жеткізеді. Содан соң ірілерінен жыныстарын анықтай отырып қажеттілерін сатып алады. Денсаулығы жақсы нутриялардың жүні жылтыр, қимылы шапшаң, күйлі болады. Жүні жығылған, жылтырсыз, қимылы баяуларын алудың қажеті жоқ.

Жынысын сыртқы жыныс жолдарына қарап ажыратады. Ұр-ғашыларынікі жасы келе білінетін жыныстың тесік те, еркектері-



259

нікі басы сүйектелген 1,5 сантиметрлік жыныстық қамшы бола-ды, Өсіруге ірі нутрияларды таңдау керек. Олардың денесі ірі, сондықтан терісі аумақты келеді.

Таңдап алынған жас нутрияларды екі-үштен қапқа салып, ал сақа, әсіресе буаздарын ұзындығы 50—60 см, кеңдігі мен биіктігі 30—40 см торлы жәшікке салып жеткізеді. Базарда екі айдан асқан нутрияларды ғана сатады. 2 айдан 5 айға дейінгі нутриялар бағасын келісім бойынша тағайындаса, мемлекеттік дайындау кәсіпорындары 5 айдан асқан нутрияларды түсі бойынша тағайындалған ең жоғары бағаны 10 процентке көтереді.

НУТРИЯЛАР ҚОРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ

Нутриялар қорасын (үйшігін) олардың биологиялық ерекше-ліктерін ескере отырып салады. Ең алдымен жылылықты жақсы көретіндігін, суға түскіштігін, кеміргіштігін ескереді. Сақа нут-риялар бірін-бірі қаламайтындығын, ағаш және пластмассадан жасалған үйшіктердің қабырғасын оңай кеміріп оятынын есте ұстау қажет.

Қысы жазы оңтүстік аудандарда жыл бойы сыртта, жер бетінен біршама көтерілген, ашық немесе жабық серуендеу алаңы бар клеткаларда ұстауға болады. Суық аудандарда тек серуен ауласын ашық қалдырып, үйшіктері мен төсеніш төселген клеткаларын жылы қора ішіне орналастырады. Қажетті жағдайда нутрияларды қора ішінде клеткалары мен үйшіктерін бірнеше қатар етіп жинап өсіруге болады. Қора ішіндегі температура 15 градустан төмендемесө үйшіктер ішіне төсеніш салудың да қажеті болмайды. Тек 10 градустан төмен болған жағдайда, әсіресе, жаңадан балалаған ұрғашы нутрияларға, балаларын жылылап қымтайтын төсеніш керек. Шамамен 10, айға дейінгі нутрияға 7 кг, сақа нутрияларға 20 кг төсеніш жұмсалады.

Нутрия өсірілетін клеткаларды бірінің үстіне бірін қойып екі қатар орналастырған қора іші таза, кең, құрғақ та жарық болуға тиіс. Астыңғы қатарды еденнен 7 сантиметрдей биіктікке орна-ластырады. Қора жанында суға түсетін көлшігі бар серуен алаңын қоршайды. Оған шығуға мүмкіншілік туғызу үшін қора қа-бырғасында кеңдігі 24 см, биіктігі 20 см етін есік ояды. Аязды күндері ол есік жабылуға тиіс.

Нутрияларға арналған астьңғы қатардағы клеткаларды ұзындығын 160 см, енін 80 см, биіктігін 50 см етіп, көлденең кесімі 6X6 см ағаш таяқшалардан жасайды. Жанындағы қабырғалары мен төбесін жалпақ шифрмен (қалыңдығы 8 см) қаптайды. Қораның ортасына қараған бетіне кіргізіп-шығаратын темір торлы есік жасап, алдыңғы жағына азық салатын науа орнатады. Азық шашылмас үшін науа астына мөлшері 25X80 см шифер қағып қояды. Клетканың тор еденінен түскен қалдықтарды жинап шы-

260

ғару үшін шеттері 3 см биіктетіліп қайырылған арнайы жинауыш қояды.

Астыңғы қатардағы клеткаларда сойылып, терісі алынғанға

дейінгі 7 жас, немесе ұрықтанатын 6 ұрғашы, бір еркек нутрия

ұстайды. 80X80X50 см болып жасалатын үстіңгі қатардағы клет-

каларда буаз және емізулі ұрғашы нутрияларды бір-біреуден

жеке-жеке ұстайды. Серуен алаңының мөлшері 170X160x50 см.

0л қора қабырғасына бекітіледі. Алаң еденінің қора түбіндегі

/ жерден биіктігі 75 см, бассейн жаралауында 70 см. Алаң қабыр-

ғалары темір тордан жасалып, едені цементпен құйылады. Бірін-

бірі көтере алмайтындықтан әр серуен алаңы аралығынан 10 см

жер қалдырады. Алаңның төбесін, есікті тормен қаптап жабады.

Суға түсетін көлшікті кеңдігі 110 см, биіктігі (тереңдігі) 70 см, ұзындығы — клеткалардың ұзындығына сай бөлектелген блоктар-дан тұратындай етіп қызыл кірпіштен өреді. Табанын цементтейді. Әр блоктан өзінше су ағып, жаңарып тұратындай етіп тесіктер қалдырады. Табанын су ағатын жаңа қиғаштап цемент төсегендіктен, су тереңдігі 28 сантиметрден аспайды. Көлшіктегі суды тәулігіне бір рет толығымен ауыстырып тұрады.

Нутриялар саны онша көп болмай, мұндай сарай қажетсіз жағ-дайда, клеткаларды бірқатар етіп орналастыруға болады. Ал оң-түстік облыстарда арнайы қора салмай-ақ үйшіктерде ғана өсіруге болады.

Ол үйшік ұядан, серуен алаңынан және көлшіктен тұрады. Үйшік жасау үшін цемент, кірпіш, тақтай, қаңылтыр қолданылады. Ұя қабырғаларын темір тордан тартады. Ұятөбесін іші қаңылтырмен не темір тормен қапталған ағаш шатырмен жабады. Қабырғаларды қызыл кірпіштен тұрғызса да болады. Үйшік іші, жылы да құрғақ болуға тиіс.

5—7 баласы бар үрғашы нутрияны немесе 5—8 жас нутрияны бөліп өсіргендегі үйшіктердің мөлшері мынандай: ұзындыгы 100 см, кеңдігі —60—80 см, алдыңғы қабырғасындағы есік мөлшері 20X20 см, артқы қабырғасынікі 50 см. Алдыңғы қабырғадағы 20X20 см тесіктен нутриялар ұзындығы 100—250 см, кеңдігі 70—140 см серуен алаңына шығып, сол арқылы суға түсетін көлшікке барады. Көлшік кеңдігі серуен алаңы қабырғаларының жалғасы болып келеді, ұзындығы —60—80 см, тереңдігі 30—40 см. Әр ұя көлшігінің жеке труба арқылы суға толып тұрғаны дұрыс. Лайланған су бетон едендегі тесік арқылы ағызылып шығарылады.

Алдыңғы аяғының саусақтары арқылы жабысып, жеңіл өрмелей алатындықтан серуен алаңыныц қабыргаларын 80 сантиметр-ден биік етіп тұргызады. Одан аласа тордың жоғарғы ернеуін ішке 30 см майыстыра тартады. Жабың алаңдардың биіктігі 50 см болып үстіңгі көздері 26X25 см тормен жабылады. Алаңның екі жағындағы төбесінен 50X60 см етіп, нутрияларды ұстайтын есіктер жасайды.

Суды нутриялар көлшіктен ішеді. Құрғақ азық бергенде әр са-



261

қа нутрияға тәулігіне 0,5 л су қажет. Азық ылғалдандырылып бе-рілсе, су мөлшерін азайтуға болады.

Қысқы кезеңде бетон үйшіктер суық келеді. Ондағы нутрияларды ұстап, астын тазалап, азықтандырып, күту де қиыншылыққа соғады. Сондықтан қыста нутрияларды суға түсірмей, жабық алаңды ағаш үйшіктерде ұстаған пайдалы. Ондағы азық шығыны да 10—20 процентке кемиді.

Ағаш үйшіктерді 60—80 сантиметрлік бағаналарға орнатады. Таңтайлардың ішкі жағына темір тор тартып, екі қабат етіп, ор-тасына қарақағаз төсеп, жылылап салады. Еденін цементтеп, не ағаш үстіне ұсақ көзді темір тор тартып салады. Үйшік төбесін ашып-жабатындай етіп бір шетінен ғана бекітеді. Үйшіктің ұзындығы 60—70 см, кеңдігі —80—90 см, алдыңғы қабырғасының биіктігі — 80 см, артқысынікі — 40 см. Алдыңғы қабырғаның астынан 20X20 см етіп тесік ойылады. Аязды күндері жабылатын

есігі болуы керек.

Үйшік алдындағы серуен алаңы көзі 25X25 сантиметрлік темір тордан тартылады. Ұзындығы 1,2—2,0 м, кеңдігі 0,70—0,9 м, биіктігі 0,4—0,5 м. Төбесі де темір тормен жабылады. Жанындағы қабырғаларда мықты бекітілетін 60X50 сантиметрлік есік ор-натылады. Есікке қарсы еден үстіне қалыңдығы 5 см, кеңдігі — 60 см, ұзындығы 80—90 см етіп азық тастайтын оттық жасайды. Азық шашылмас үшін ернеулерінен 6—8 см биіктетіп көтереді. Металдан жасалған суарғыштардың ұзындығы 40 см, кеңдігі 60 см, биіктігі —10 см. Құйылған суды бір сағаттан соң төгіп, суарғыш ыдысты төңкеріп тастайды. Жазғы ыстықта суға легенді толтырып қойып, тәулігіне екі-үш рет суын ауыстырып тұрады. Үйшік және серуен алаңының үстін ағаш бұтағы, көк шөппен көлеңкелейді. Қыста кёрісінше, үйшіктің тесігін бекітіп сабан, мүк, құрғақ жапырақ, ағаш үгіндісінен төсеніш төсейді.

Жазғы кезеңде нутрияларды арнайы қоршау ішінде ұстаса да болады. Онда 35—45 жас нутрия немесе 16—20 ұрғашы сақа нут-рияны ұрықтандырғанша өсіруге болады. Егер өсірілетін нутриялар саны одан аз болса ңоршауды ықшамдап жасауга болады. Қоршаудың бір шетінен жауын-шашын мен күн көзінен тасалана-тын бастырма жасайды. Сондай-ақ нутриялар суарылып, суға тү-сетін көлшік, кірпіш не бетоннан жасалған азықтандырғыш оттық жасау керек. .

НУТРИЯ АЗЫҚТАНДЫРУ

Нутриялар көңі шаруашылық қорығында, бау-бақшаға ты-ңайтқыш ретінде қолданылады. Әр нутриядан жылына 120 кило-грамдай көң жиналады. Бөлмелерді сумен шайып тазартқанда садыраны бір орга жинап, суын топыраққа сіңіру арқылы тазартып барып қолданады.

Нутриялар 50-ден астам өсімдік түрімен азықтанады. Оның

262

ішінде ең сүйіп жейтіндері суда және жағалауда өсетін өсімдіктер (қамыс және басқалары). Сазды жер өсімдіктерінің жас, жаңа өсіп келе жатқан құрағы және ақ түсті (хлорофилсіз болған соң) тамырға жақын жерлері қүнарлылығы жағынан тамыр жемістілерге жақындайды. Мүмкіншілік болғанда су өсімдіктерін мейлінше мол пайдалану қажет. Нутриялар кеміргенде әр өсімдіктің клетчаткасы аз, крахмалы, қанты мол жерлерін таңдайды. Тәулігіне әр нутрия судан 20 килограмға дейін өсімдік массасын жағаға тартып шығарып, оның әр жерінен шамаман 10—20 процентін ғана кеміріп жейді. Басқа өсімдіктерден қолда өсіріліп отырған нутрияларға беде, бақбақ, есекмия және басқа көк азықтар, тамыртүйнек жемістілер, пішен, асхана қалдықтарын, құнарлы жем, ағаштың жапырақтары мен бұтақтарын, олардың қабығын береді. Жазғы уақытта (мамыр-қыркүйекте) негізгі берілетін көк азықтар. Сүйсініп жейтіндері — жас тамырлары мен бұта, буындары. Арасында улы және химикаттармен өңделген өсімдіктер болмауы керек. Үй қоянын уландыратын өсімдіктер нутрияға да қауіпті. Әсіресе жаңа көктеген кезде улы келетін өсімдіктерді қысқа қарай дайындап күн көзіне кептіріп бергенде улылығы жойылатынын да ескеру қажет. Нутрияларды да жаңа шыққан көкке біртіндеп үйрету керек.

Азықтандыруға арналған көкті тәулігіне бір рет — күндіз не кешке салып қояды. Таратуды жеңілдету үшін түп-түп қылып, буып салуға болады. Желінбай кепкен қалдықтарын төсеніш ретінде пайдаланады. Көк шөпті бір салуға шақтап, онда да дер кезінде орған дұрыс. Қажетті мөлшерден көп орылып, үйіле жиналған көк азық қызып, тез бұзылады. Ал орылғаннан кейін біраз жатып, дегдіп қалған азықты нутриялар дұрыс жемейді. Жаңа орылған шырынды көкті сүйсініп жейді.

Тәулігіне әр нутрияға 50—100 грамнан жас бұтақ қиып салуға болады. Көк азықты әр нутрия тәулігіне 500—700 г жеп, олармен организмнің энергияға мұқтаждығының 60—70 процентін қамтамасыз етеді. Қалғанын құнарлы жеммен қамтамасыз ету қа-жет. Жас нутрияға тәулігіне 100—150 г, сақа нутрияларға 150— 200 г жем салып, 300—400 г бұршақ-астық тұқымдастар көгімен қосып береді. Көк балаусадағы белоктың алмастыруға келмейтін амин қышқылдары, жеңіл қорытылып, сіңірілетін қанттар, минералдың витаминді заттар құнарлы жемдегі шоғырланған энергиялық қосындылармен бірге оларды қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз етеді.

Тамыр жемістілер мен капуста, көкөніс қалдықтары сияқты шырынды азықтарды нутриялар сүйсініп жейді. Бұл азықтар олардың тәбетін ашып, өнімділігін арттырады. Жем жетіспеген жағдайларда сақа нутриялар тәулігіне бір килограмға дейін тамыр жемістілер жей алады. Бірақ ұзақ уақыт тек тамыр жемістілермен азықтандыруға болмайды. Дұрысы тәулігіне әрқайсысына 300—500г , түрлі тамыр жемістілер немесе 100—200 г шикі кар-

263

топты басқа құнарлы азықтармен қоса берген. Пісірілген картоп мөлшерін екі-үш есе ұлғайтуға болады.

Қыста ірі азықтардан әрқайсысына 25—30 грамнан бұршақ-астың тұқымдастар пішенін беріп тұрады. Әдетте пішенінің 3—4 тәуліктік мөлшерін (әр басқа есептегенде 150—200 г) үйшіктегі жем салатын оттыққа бірден салып қоюға болады. Бұдан көп салынса босқа шашып тастайды. Пішен орнына басқа азықтармен араластырып шөп ұнын беруге де болады.

Жемді көк балаусамен не шырынды азықтармен салмағы бойынша 1:1—1,5 қатынаста беруге болады. Қоректігі бойынша астың тұқымдастар дәндері мен олардың жармалары рационының 70—80 процентін құрады. Бірақ тек қана жеммен азықтандырылса нутриялар шектен тыс семіріп, өнімділігін кемітеді. Оның үстіне дәнді азықтарда кейбір маңызды амин қышқылдары, кальций және А, Д, ВІ, С витаминдері жетіспейтіндігін ескеру қажет. Дәнді азықтар орнына үй қоянына арналып шығарылатын құрама жем беруге болады.

Жаңа ғана шығарылган асхана қалдықтарын нутрияларға мей-лінше бере беруге болады. Бірақ біраз уақыт тұрып қалған болса бір қайнатып беру қажет. Қорықтағы арам шөптерді де нутриялар жақсы жейді.

Азық мөлшері қолдағы өсіріліп отырған нутриялардың жасы, салмағы, физиологиялық жағдайына байланысты келеді. Мысалы 5—7 килограмдық буаз нутрияға тәулігіне көк балаусаны (жазда) немесе тамыр жемістілерді (қыста) 250—300 г, құрама жемді немесе дәнді азықтарды 175—225 г, шөп ұныны 40—50 г немесе сапалы пішенді 50—70 г, ас тұзын 1—1,5 г мөлшерінде береді. Емізулі нутрияларға қосымша 7—12 г ашытқы, күнжара, 8—13 г жануар тектес азықтар беріледі.

Жазғы уақыта нутриялар рационында (құнарлылығы бойынша)—70—75% құрама жем, 15—20% бұршаң-астық тұқымдастар көгі, 2—5% жануар тектес белокты азықтар кірсе, қысқы уақытта —60—65% құрама жем, 20—25% тамыржемістілер, 2—3% жануар тектес азықтар, 5—6% пішен кіреді. Берілетін азыңтар-дың таза да сапалы болуын қадағалайды, Әсірөсе буаздық кезеңінде берілген сапасыз азықтың организм өнімділігіне келтіретін

зияны мол.

Азықтандыру деңгейін нутрияларды семіртпейтіндей етіп ұйымдастыру қажет. Шамадан тыс семіру де арықтық сияқты өнімділікті төмендетіп, төлдің санын да, сапасын да кемітіп, зиян шектіреді. Семіргендіктің бір белгісі қимылдың қиындауы, сал-ғырттығы. Дұрыс азықтандырылған қоңды нутриялардың май ңолтығына, жалы мен қүйрық астына ғана байланады. Шамадан тыс семірген нутрияларға құнарлы азық көлемін 25—30 процентке қысқартып, оның орнына ірі және көк азық көлемін көбейтеді.

Өсіп келе жатқан жас нутрия рациондарын құрастырғанда олардың, әсіресе, 1—4-ші айлығында тез өсіп, тәулігіне ең көп (20—25 г) салмақ қосатынын ескеру қажет. Әрбір грамм қосқан



264

салмағына 4—6 г азық өлшемі жұмсалады. 7—10 айлықтарындары қосқан салмағы 15—10 грамға дейін азайып, азықтың қоректік заттары негізінен тіршілік процестеріне, тері және жүн өсіміне жұмсалады.

Қыс аяғы мен көктемнің басында организмдегі А, Д витамин-дерінің қоры азайып, ең алдымен буаз нутриялар авитаминозға шалдыққыш келеді. 'Сондықтан да олардың рациондарына вита-минді ұн, пішенмен қатар витаминдендірілген балық майын, көп витаминді қосындылар енгізеді. Балық, майын' жас нутриялардың әрқайсысына тәулігіне 0,2—0,5 грамнан, сақа нутрияларға 1 грам-нан береді. Сәбіз мөлшерін ұлғайтады. '

Қысқы рациондарда көбінесе калий, кальций, фосфор жетіс-пеушілігі байқалады. Сондықтан ас тұзымен қатар ұнтақталған бор, сүйек ұны, ағаш күлі, азықтың преципитат, үш кальций-фос-фат сияқты минералды қосындыларды әрқайсысына тәулігіне 0,5—1,0 грамнан жемге араластырып береді.

Берілетін азықтардың желінуін ұлгайтып, қоректілігін жоға-рылату үшін алдын-ала арнайы өңдеуден өткізсе болады. Рацион азықтарын ұсақтап турап, араластырып берген жөн. Жекелеп салған жағайда, дәнді және шырынды азықтар көп, иішен, шөп аз желінеді. Азықтар қалдығы көбейіп, ысырапқа ұшырайды.

Жартылай ылғалдандырылған қосындыларды жазда ұсақтап туралған көк балаусаға, ал қыста тамыржемістілер мен шөп ұнына ұнтақталған дән немесе құрама жем қосып дайындайды. Аязды күндері қосындының ылғалдылығын кемітеді. Ылғалды азық ас-тауларда ұзақ жатып бұзылмас үшін оларды тәулік сайын қалдық-тардан тазартып, жаңа азық салып тұрады. Мұны әсіресе жаздың ыстығында естен шығаруға болмайды.

Қажетті, яғни қолайлы жағайларда нутрияларға таңертең ыл-ғалданған құрама жем (1:1) немесе ұнтақталған дәнді азықтар қосындысын, тұзды суға 6—8 сағат бойы бөктірілген дән беріп, түс ауа не кешқұрым шөп буындыларын немесе 50—150 грамнан бөлшектеліп туралған қызылша салады. Олар күнделікті белгілі бір уақытта суарылып, азықтандырылады. Нутриялар негізінен күндіз азықтанып, түнде тынығады.

Ұрықтандыру кезеңінде еркек нутриялар азыңты 20—35 про-цент көп жейді, ал ұрғашы нутриялар буаздың мезгіліндө өз сал-мақтарына 2—3 килограмм қосады. Осындай физиологиялық ерек-шеліктерді ескере отырып азықтандыру барысын реттеп отырады. Буаз нутрияларды буаздығының екінші жартысынан бастап жекө клетка, үйшікте ұстайды. Аз қимылдайтындықтан семіріп кетпеу-лері үшін рационында құнарлы жем мөлшерін азайтады. Мол азықтандырылса төлшілдігі кеміп, салмақтары ауырлай түседі.

Емізулі нутрияларды шектемей азықтандыруға болады. Олардың азықтану деңгейі ұрықтану кезеңімен салыстырғанда 1,5—3 есе жоғарылайды. Туылған төлі бірінші аптадан бастап түрлі азықтарды жей бастайды. Енелері 45—60 күндері суала бастаған-


жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау