225
1
2
3
Өңдеуден соңғы қабат қалыңдығы,
мм; кем емес:
d
≤
30
мм болғанда
30
150
d
≤
мм болғанда
0,6
0,95...1,0
Аппараттардың
өнімділігі, кг/сағ:
Станокты (ЗАТ-6, МЭС-1)
1) қолмен ЭМ-9
-
-
14...15
8
4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын
жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
Қазіргі кезде елімізде көлік және жол нысандарын салу,
газ және
мұнай құбырларын төсеу бойынша жұмыс көлемі өскендіктен, техни-
каны пайдалану орнында жөндеу жұмыстарын жүргізу құралдарына
деген, оның ішінде жылжымалы электрпісіру агрегаттары мен транс-
форматорларына деген сұраныс өсіп отыр.
Электрпісіру аппараттары мен трансформаторлары ең жиі
қолданылатын пісіру аппаратары болып саналады. «Титран-Велс» атты
Тихвин трактор заводы қазіргі кезде дөңгелекті және шынжыртабан-
ды трактор базасындағы жылжымалы пісіру агрегаттарын кең көлемде
шығаруда (4.13-сурет).
4.13-сурет. Жылжымалы пісіру агрегаттары:
а – АС-81 пісіру агрегаты; ә – АСГ-4 пісіру агрегаты
Агрегат АС-81 дала жағдайында доғалық пісіруді, металдарды
кесу мен балқытуды бірпостты және көппостты тұрақты пісіру тогы-
мен қоректендіруге арналған. Құрылыста және газ-мұнай құбырларын
жөндеуде, компероссорлық станцияларды монтаждауда қолдық доғалық
пісіруді автономды қоректендіру және халық шаруашылығы нысанда-
рында пісіру процестеріне байланысты қосымша жұмыстарды атқару
үшін қолданылады.
15–8708
226
АС-81 агрегатының
техникалық сипаттамасы
Агрегат базасы.........................................................................К-700Т-1
Қозғалтқыш моделі.......................................................ЯМЗ-237HD3-1
ЯМЗ-238HD3-4
Қозғалтқыш қуаты, кВт (а.к)...................................................173(235)
184(250)
Агрегат базасының типі....................................................... дөңгелекті
Оқшауланған нейтральді айнымалы
токты қоректендіру көзі.......................... 380 В үш фазалы генератор
Пісіру тогының түрі..................................................................тұрақты
Пісіру тогы постын реттеу............................... қолмен, дистанциялық
Пісіру тогы постының реттеу шектері, А................................... 6-315
Посттар саны......................................................................................1-8
Манипулятордың жүк моменті, кН*м, кем емес..............................40
Габариттік өлшемдері (ұзындығы х ені х биіктігі) мм,
кем емес........................................................................9120х3100х3950
Агрегат массасы, кг.......................................................................18000
Т2Т-55А тракторы базасындағы АСГ-4 агрегаты дала жағдайында
магистральді құбыр өткізгіштерді пісіру кезінде пісіру посттары мен
қосымша электржабдықтарды қоректендіру үшін қолданылады; соны-
мен бірге ұңғыларды жалғауда, компрессор станцияларын монтаждау-
да, пісіру процесіне байланысты қосымша жұмыстарда да қолданылуы
мүмкін.
АСГ-4 агрегаттың
техникалық сипаттамалары
Агрегат базасы..........................................................................ТДТ-55А
Пісіру постарының саны.......................................................................4
Қозғалтқыш қуаты, кВт (а.к) ..................................................100 (137)
Генератор типі................................... ..........................................БГ-100
Номинальді пісіру тогі....................................................................1250
Жебенің жүккөтерімділігі,кг.............................................................500
Отынның меншікті шығыны, г/ (квт.сағ), кем емес...................... 234
Пайдалану массасы, кг..................................................................12100
Габариттік өлшемдер (ұзындығы х ені х биіктігі), мм........7330х2580х3700
САТ типіндегі аспалы көліктік қондырғылар дала жағдайында
қалдық доғалық пісірудің посттарын қоректендіруге арналған.
Қондырғының пісіру генераторларының жетегі трактордың қуат таңдау
бөлігінен іске қосылады.
227
САТ-400-01 тракторлық пісіру агрегаты 60...500А пісіру тогы
аралығында жұмыс істейтін ГД-4006У2
пісіру генераторы соңына
монтаждалған ЛТЗ-60 тракторынан тұрады. Генератор трактордың
аспалы құрылғысына бекітілген плитаға орналастырылған. Ал пісіру
торабы тракторға алмалы-салмалы етіп бекітілген. Айналдыру моменті
қуатты таңдау білігінен жетек белдіктері арқылы беріледі. Біліктің айна-
лу жиілігі 540 мин
-1
-ден кем емес.
Редуктор мен белдікті беріліс арқылы
ол 1800 мин
-1
-ге дейін көтереді. ГД-4006У2 генераторы индукторлы
электрлік машиналар қатарына жатады. Осы қондырғымен өндірілетін
жоғары жиілікті ток (470 Гц-ке дейін) электродты металды жылжыту
процесін жылдамдатады. Бұл қондырғылар
тұрақты ток көздері жоқ
алыс аудандарда жол салу немесе құбыр төсеу жұмыстарында теңдесі
жоқ жабдықтарға жатады.
ОСВ «Комби М», ОСВ «Комби Универсал», ОСВ-350 пісіру энергия
агрегаттары (4.14-сурет) ауамен салқындататын қуаты 2...6 кВт бола-
тын дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған. Пісіру тұрақты токпен
жүргізіледі. Жүктеменің номинал өнімділігі 85...93%, пісіру тогі 300
А, электрод диаметрі 6 мм-ге дейін. Энергия генераторының номинал
кернеуі 230/400В, ток жиілігі – 50 Гц. ОСВ-350 агрегатының номинал
жұмыс кернеуі 18...32 В, бос жүріс кернеуі – 60...90 В, отын шығыны
– 1,5 м/сағ. Агрегат массасы 170 кг, габариттік өлшемдері 930 х 580 х
700 мм.
Достарыңызбен бөлісу: