230
4.15-сурет. Э-652 экскаваторының реверсивті механизмінің горизонталь
білік мойыншасы тозуының эмпирикалық (1) және теориялық (2) таралу
сызықтары: m – тозудың таралу жиілігі
Детальдарды қалпына келтіру тәсілін таңдау салыстырылатын
тәсілдердің техникалық көрсеткіштерін, детальдарды қалпына келтіру
шығындарын және ұзақмерзімділік
коэффициентін ескере отырып
негізделуі тиіс (4.4-кесте). Жаппалардың ұзақмерзімділік коэффициенті
бірден үлкен, кіші немесе бірге тең болуы мүмкін.
Қалпына келтірудің флюс қабатымен балқыту, көмірқышқыл газы
ортасында балқыту, электримпульстік және электржанамалық балқыту,
электрхимиялық өңдеумен балқыту тәсілдерін пайдалану кезінде
динамикалық және айнымалы жүктемелерге төтеп беретін детальдарға
қолдануға болады. Ал ол тәсілдердің қайсысын қолдану керектігі
материалдардың конструктивтік ерекшеліктеріне, отырғызу сипаты-
на, детальдарға түсетін күштерге, тозу сипатына байланысты болады.
Тәсіл таңдау кезінде сонымен бірге жаппаның негізгі металмен ілінісу
беріктігіне, қалпына келтірілетін детальдың тозуға төзімділігіне және
т.б. назар аудару қажет болады.
Металдандырудың артықшылықтары:
бөлшектерді қыздыру
мен жылдам салқындату негізінде жаппаның жоғары қаттылығы;
қалыңдықтар (10 мм-ге дейін) алу мүмкіндігі; жөнделетін детальды
қыздыру (70
0
С-қа дейін); жаппа қабатының майды жұтуы немесе ұстап
қалуы, осының салдарынан тозуға төзімділіктің артуы және т.б.
Металдандырудың кемшіліктері: металдандыру бетін дайын-
дау нәтижесінде детальдың тозуға кедергісінің төмендеуі, жаппаның
231
төмен
механикалық қасиеттері; негізгі металмен қабаттың ілінісу
қаттылығының төмендігі (5....40 мПа); майда детальдарды металдан-
дыру кезінде металдың үлкен шығындары және т.б.
Жөндеу өндірісінің қазіргі жағдайға сәйкес келетін кішісериялы
өндіріс үшін топтық технология принциптерін жетекке алуға болады.
Қалпына келтіру технологиясы конструктивтік және технологиялық
белгілері бойынша ұқсас детальдарды
топтастыру арқылы қалпына
келтіру негізіндегі технологиялық процестерді типтендіру барысында
жасалады.
Көлік техникасының негізгі детальдарын жіктеу және оларды
қалпына келтірудің жобалық тәсілдерінің үлгісі 4.5-кестеде келтірілген
[17].
Берілген детальдің немесе детальдар тобының жөнделуге
қажет екендігі анықталған соң қалпына келтірудің нақты завод
жағдайындағы тәсілдері белгілі болады,
олардың ең тиімді тәсілі
таңдалады. Топтық өңдеу әдісімен детальдарды қалпына келтіру
партиядағы детальдар санын өсіреді және өндірісті сериялық түрге
жақындатады.
Жөндеу өндірісінде қолдану масштабы бойынша қалпына келтіру
тәсілдері жобамен төмендегідей таралады: пісіру және балқыту – 70%,
жөндеу өлшемдері бойынша өңдеу – 12% , элетролиттік жаппамен
жабу – 8%, бастапқы материалдарды полимерлерге алмастыру – 6%,
қосымша жөндеу детальдарын дайындау – 3% , пластикалық деформа-
цияны қолдану – 1%.
Жөндеу-механикалық заводтарда соңғы кездері тозған детальдарды
ауыстыратын детальдарды дайындаудың шығынсыз және азшығынды
технологиясы енгізілген. Детальдарды қалыптаумен өңдеу барысын-
да металдың үлкен үнемділігін жасауға болады. Жөндеу заводтарында
сонымен бірге балқытылатын модельдер бойынша құю әдісі кеңінен
қолданылады.
Құю үшін 35Л, 40ХЛ және Р18 болаттары пайдаланылады. Да-
йындалатын
детальдар қатарына трак, шынжыртабан буындары,
кронштейннің бірнеше түрлері, білікшелер және т.б. жатады. Барлық
құйманың 70%-ы ары карай өңдеуді қажет етпейді, тек 30%-на ғана
бұрандалар салуға, тесіктерін тесуге, кілтек ойықтарын салуға тура
келеді. Осы көлемдегі детальдарды механикалық өңдеумен дайындап
шығу үшін қосымша 40 металкесу станогі қажет болған болар еді.