М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет92/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   149
kulgildinov-kolik

7.2. өндірістік роботтардың жіктелуі
Орындайтын функцияларына байланысты өндірістік роботтар 
төмендегідей бөлінеді: көтеру-тасымалдау (қосымша), өндірістік 
(технологиялық) және әмбебап [10].
Көтеру-тасымалдау ӨР қосымша өтпелер немесе жылжу опера-
цияларын орындауға арналған; тасымалдау операцияларында негізгі 
технологиялық жабдықты күту кезінде «ал-қой» тәріздес қимылдарды 
орындайды, дайындаманы орналастырып, детальді, аспапты, 
қондырғыны шешіп алады, детальдар пен жабдықтарды тазалайды.
Өндірістік (технологиялық) ӨР технологиялық операцияларды не-
месе өтпелерді орындауға арналған; ол негізгі технологиялық операция-
ларды (майыстыру, пісіру, сырлау, жинау т.б.) орындайтын шығарушы 
немесе өңдеуші машиналар есебінде технологиялық процеске бірден 
қатысады.
Әмбебап ӨР көтеру-тасымалдау (қосымша) және өндірістік (техно-
логиялық) өнеркәсіптік роботтардың функцияларын орындай алады.
ӨР-да бағдарламалық басқару жүйесінің (ББЖ) үш типі қол-
данылады. Олар қозғалыс дәрежесінің жылжу дискреттігінің сипатына 
сәйкес бөлінеді: позициялық нүктеден нүктеге дейін, үздіксіз траекто-
рия бойынша контурлық (жұмыс орындарының жағдайы уақыттың әр 
мезетінде анықталған жағдайда) және комбинацияланған (әмбебап).
Берілетін ақпаратты тапсыру тәсілі бойынша ББЖ-лар бөлінеді: 
электрмеханикалық, циклдік (ЦБЖ), аналогтік (АБЖ), сандық (СБЖ) 
және аналогтік сандық (гибридті). 
Электрмеханикалық жүйелерде ақпарат тіректер жағдайымен, 
уақыт релесін реттеумен, тарату механизмінің жұдырықшаларымен, 
көшірмелермен және т.б. беріледі.


150
Циклдік жүйелерде басқару командалары сандық түрде берілсе, 
ал геометриялық ақпарат механикалық тіректер немесе соңғы 
ажыратқыштарды қосу арқылы беріледі.
Аналогтік жүйелерде ақпарат потенциалдар түрінде беріледі. 
Мұндай жүйелерде элементтік база ретінде тұрақты токтың шешуші 
және операциялық күшейткіштері қолданылады.
Сандық жүйелерде (позициялық және контурлық) ақпарат жылдам 
ауыстырылатын тасығыштарда сақталынатын цифрлық кодтар түрінде 
келтіріледі. Гибридті жүйелерде әр түрдегі (сандық, аналогтік және т.б.) 
келтірілген ақпараттар қолданылуы мүмкін.
Өндірістік роботтар олардың конструктивтік-құрастыру сұлбасына 
қарай он топқа бөлінеді (7.4-сурет): едендік-жебелі; тельферлі-жебелі; 
көпірлі-жебелі; порталды-жебелі; едендік-шарнирлі-жебелі; порталды-
шарнирлі-жебелі; едендік-шарнирлі; тельферлі-шарнирлі; көпірлі-
шарнирлі; порталды-шарнирлі [10].
7.4-сурет. Өндірістік роботтардың жіктелуі:
а – едендік-жебелі; ә – тельферлі-жебелі; б – көпірлі жебелі; 
в – порталды-жебелі; г – едендік-топсалы-жебелі; ғ – порталды-топсалы-
жебелі; д – едендік-топсалы; е – тельферлі-топсалы; ж – көпірлі топсалы; 
з – порталды-топсалы


151
Аспалы монорельсті роботтардың артықшылығы олардың өндірістік 
аланды үнемдеуінде және жабдықты күтуді ыңғайлылығында.
Робот қолы үш буыннан тұрады: күймешеден, иіннен және иіналды 
буыннан. Роботта, сонымен бірге бейімделу элементтері болады. 
Қармауыш қондырғыда орнатылған датчик ыдыстағы дайындаманың 
бар-жоғын бақылайды.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау