М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет88/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   149
kulgildinov-kolik

6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
Дайын болған машиналар МЕСТ талаптарына және машинаның 
техникалық шарттарына сәйкес сынақтан өткізілуі тиіс. Олар бекітілген 
бағдарламалар мен әдістемелер бойынша белгілі тәртіппен жүргізіледі. 
Ал жүк көтеру машиналары Мемтехбақылау бекіткен Ережелер талап-
тары бойынша тексеріледі.
Машиналарды сынаудың төмендегідей түрлері бар [20]: алдын ала 
тәжірибелік үлгідегі; қабылдағыш тәжірибелік үлгідегі; қабылдап-
тапсыру; периодты; біліктілікті; типтік және сертификациялық. 
Алдын ала қабылдау сынақтарына тәжірибелік үлгі түседі, ал 
қабылдап-тапсыру сынақтарына әрбір сериялы шығарылатын машина 


143
түседі. Периодты сынаққа сериялы шығарылатын машинаның біреуі 
және ол үш жылда бір рет түсіп, тексеріледі.
Біліктілікті сынаққа МЕСТ-та қарастырылған бекіту партиясындағы 
машинаның бірі түседі. Ал типтік сынақтар конструкторлық құжатта-
мада сапа көрсеткішіне әсер ететін өзгерістер пайда болғанда 
жүргізіледі.
Қабылдап-тапсыру сынақтарына көзбен бақылау, жүктемесіз сы-
нау, жүктемемен сынау, қауіпсіздік аспаптарына сынау және жүріс 
жабдықтарын сынау және т.б. кіреді.
Көзбен бақылау кезінде жинау жұмыстарының сапасы және 
конструкторлық құжаттамаға сәйкес машина жиынтығы тексеріледі.
Жүктемесіз сынақ жүргізу кезінде жеке және бірігіп жұмыс істеудегі 
барлық механизмдер тексеріледі. Машина жүйесінің (электрлік, 
гидравликалық және пневматикалық) дұрыс жиналуы, біріктірілген 
гидрожүйелерде жұмыс майының ақпауы, біріктірілген пневможүйеде 
ауаның шығып кетпеуі тексеріледі. Машинаның барлық механизмдерін 
кезекпен сынауды жүргізеді, сонан соң кинематикалық сұлбаға сәйкес 
әртүрлі операциялар біріктіріледі.
Машинаны жүктемемен сынау және машинадағы көрсетілген 
техникалық шарттар талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 
Жүккөтеру машиналарының қауіпсіздік аспаптарын сынау 
кезінде жүккөтерімділік шектеуден (жүк моментінен) басқасын ретке 
келтіреді. Қауіпсіздік аспаптарына жүкқармау органдарының көтерілу 
биіктігін, олардың шығымы мен жүк көтеру машинасының бұрылуын 
конструкторлық талаптарға сай шектеп отырады. Жүккөтерімділікті 
шектегіш пен шектік жүкті шектегішті сынау машинаны жүктік 
сынақтан өткізгеннен соң жүргізіледі. 
Машинаның жүру бөлігінің жұмыс істеу мүмкіндігін тексерудегі 
жүрістік сынақтар жүктемесіз өткізіледі. Бұл кезде машина қозғалысы-
ның жылдамдығы мен бағытын өзгерту мүмкіндігі тексеріледі.
Сынақтар нәтижелерін актпен рәсімдейді, сонымен бірге оны ма-
шина паспортына жазады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау