М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет58/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149
kulgildinov-kolik

Алюминийлеу –
іштен жану қозғалтқышының клапандары типтес 
детальдарды алюминийлеу процесі.
хромдау 
– агрессивті ортада тозуға жұмыс істейтін детальдарды 
900...1100
0
С температурада хроммен қанықтыру процесі.
Мырыштау
– атмосферада тот басуға төзімділікті жоғарылату 
мақсатында жүргізілетін процесс. Мырыш қабатының қалыңдығына 
байланысты мырыштауды әртүрлі тәсілмен жүзеге асырады: 
– 0,02...0,03 мм қабатты алу үшін 440...480
0
С температурады 15...20 
сек тоқтата тұрып, мырышқа қорытпа құю арқылы мырыштау; 
– 0,03...0,06 мм қабатты алу үшін 350...430
0
С температурада 1...10 
сағатта мырыш ұнтағында мырыштау;
– гальваникалық тәсілмен мырыштау. Бет қабатын мырыш-
пен диффузиялық қанықтыру жүргізілетін алғашқы екі тәсілмен 
салыстырғанда, гальваникалық тәсіл жоғары берік қабат пен төменгі 
тот басуға төзімділік береді.
Кадмиймен жабу
әдісі өзінің қорғаныс қасиеттері бойынша 
мырыштауға жақын болады. Бұл әдіс бұрандалық қосылыстар үшін 
ұсынылады. Кадмий қабатының қалыңдығы 0,003...0,015 мм құрайды.
3.2. детальдардың беттік қабаттарын механикалық
беріктендіру әдістері
Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру 
әдістерін беріктендіру технологиялары әдістеріне жатқызуға болады. 
Бұл әдістердің негізгі сұлбалары 3.1-суретте көрсетілген [13].


92
3.1-сурет. Машина детальдарының беттік қабаттарын механикалық
 беріктендірудің негізгі әдістерінің сұлбалары:
а, ә – беттерді бытырамен қақтау; б – шариктермен; 
в, г, ғ – беттерді жазық аунақшалар және шариктермен бүрлеу 
(домалату); д – механикалық безеулеу арқылы қақтау; 
е, ж – тесіктерді жаю және қыртыстарын жазу
Детальдарды аунақшаларды аунатып немесе бытыра ағынымен 
өңдеу арқылы беттік беріктендіру әдісі өзінің детальдардың тозу 
шектігін көтеру және бұл процестердің қарапайымдылығы мен 
экономиялылығына байланысты жөндеу кәсіпорындарында кеңінен 
қолданылады.
Бытыра ағынымен өңдеудің мәні механикалық және термиялық 
өңдеуден соң детальдың тым қаттылық қасиетіне ие болуында. Ол үшін 
деталь бетіне 50...70 м/с жылдамдықпен бағытталған бытыра диаметрі 
0,4...2,00 мм болатын болат және шойын ағынымен үздіксіз әсер етеді. 
Деталь бетіне соғылған соң бытыра ағыны беттік қабатының беріктік 
қасиеттерін өзгерте отырып, металға тым қаттылық қасиет береді: ішкі 
қысу кернеуліктері пайда болады, детальдардың қаттылығы, беріктігі, 
тозуға төзімділігі өседі, қажу шегі ұзарады. 


93
Бытыра ағынымен
өңдеуге көбінесе айналмалы күштермен 
жұмыс істейтін құрылыс машиналарының детальдары түседі. Зерт-
теулер нәтижелері ұзақ мерзімді жұмыс істеуі тісті дөңгелектер үшін 
5-6 рет, тасуатқыштардың жақтары үшін 3-4 рет, спиральді серіппелер 
үшін 12 ретке шейін, пісірілген қосылыстар үшін 2-2,5 рет өскендігін 
көрсетті. 
Қаттыланған қабат тереңдігі (көбінесе 1 мм аспайды) берілген де-
таль үшін оны өңдеу ұзақтығына (5...10 секундтан 2...3 минутқа шейін), 
соққы күшіне, ағынның түсу бұрышы (75...90
0
) мен өлшеміне байланыс-
ты болады. 
Бытыра ағынымен өңдеу жабдықтарына пневматикалық және 
механикалық бытыра атқыштар жатады (3.2-сурет а, ә). Механикалық 
атқыштар бытыраны 2500...3200 мин
-1 
жиілікпен айналатын турбина 
күрекшелерінен келетін центрден тепкіш күштердің көмегімен береді, 
ал пневматикалық атқыштарда бытыра ауамен 0,5 МПа қысымға дейін 
қысылған бүркігіш арқылы беріледі.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау