Тапсыру уақыты: бірінші семестрдің он бесінші аптасы
Реферат тақырыптары:
1. Ежелгі Грекиядағы ғылым
2. Ежелгі Римдегі ғылым
3. Араб елдеріндегі ғылым
4. Қайта өрлеу заманындағы ғылым
5. Ағылшынның физик - ғалымдары
6. Неміс физик - ғалымдары
7. Француз физик - ғалымдары
8. ХІХ және ХХ ғасырлардағы ғылым
9. Қазіргі заманғы физика ғылымы
10. Нобель сыйлығының лауреаттарының еңбектері.
Білімді бағалау материалдары
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек:
Шынайылық
Әділдік
Айқындылық
Икемділік
Жоғары дифференция
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 8 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және өткізілген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
- Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
,
мұндағы Р1 – бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Р2 –екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті яғни 30 % (1 рейтинг) + 30 % (2 рейтинг) + 40% (емтихан)
Механика пәні бойынша білімді бағалау кестесі
№
|
Бағалау_критериі__Бағалау_түрі__Апта'>Бағалау критериі
|
Бағалау түрі
|
Апта
|
% жұмыс үшін
|
%
барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Дәріске қатысу
|
0,4
|
6
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Үй тапсырма
|
0,4
|
4
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
3
|
Жеке тапсырма
|
3
|
6
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
4
|
Бақылау жұмысы
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
5
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
0,2
|
3
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
6
|
Коллоквиумдер
|
5
|
20
|
|
|
|
|
+
|
|
|
+
|
|
|
|
+
|
|
|
+
|
7
|
Зертханалық жұмыстар
|
1
|
8
|
|
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
8
|
Реферат
|
5
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
9
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау 8 және 15 апталарда жүргізіледі.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші – 40 % ).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәнінің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
Студенттердің механика бойынша білімі мына кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның пайыздық баламасы %
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы
Курс саясаты оқу үрдісінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету қажет және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге, олардың сабақтардағы тәртібін, оқытушымен қарым қатынасы және талап жүйелерін қояды.
1. Сабаққа кешікпеу.
2. Сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонды сөндіру.
3. Сабақты жібермеу. Қалдырылған жағдайда ауруы жөнінде анықтама тапсыру. Студент пәннің 1/3 бөлігін себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
4. Студенттер оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
5. Үй және жеке баяндамасы, хабарлама және т. б. тапсырмалары міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Тапсырмалар негізінде қорытынды баға шығарылады.
6. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.
7. Пікірлесу сабақ кестесі бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау, тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілуі мүмкін.
Студенттердің білімін механика курсының тақырыптары бойынша тексеру сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
А. Кинематика тарауы бойынша тексеру сұрақтары
1. Материялық нүктенің қозғалыстарын сипаттаудың қандай тәсілдері бар?
2. Түзу сызықты қозғалыстың орташа жылдамдығын қалай анықтайды
3. Түзу сызықты қозғалыстағы дененің лездік жылдамдығы қалай табылады?
4. Қандай графикті жол графигі деп атайды? Жол графигінде белгілі мезеттегі жылдамдық қалай анықталады?
5. Түзу сызықты қозғалыстағы материялық нүктенің орташа үдеуі неге тең?
6. Түзу сызықты қозғалыстың лездік үдеуі қалай табылады?
7. Қандай графикті жылдамдық графигі дейді? Жылдамдық графигінде белгілі мезеттегі үдеу қалай анықталады?
8. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс, бір қалыпты түзу сызықты үдемелі қозғалыс және айнымалы қозғалыстар деп қандай қозғалыстарды айтамыз? Жол және жылдамдықты сипаттайтын қандай формулалар бар?
9. Қисық сызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?
10. Материялық нүктенің траектория бойымен жүрген жолы мен орын ауыстырудың қандай айырмасы бар?
11. Орташа векторлық жылдамдық қалай анықталады?
12. Лездік векторлық жылдамдық неге тең?
13. Орташа векторлық үдеу қалай анықталады?
14. Лездік векторлық үдеудің қанша құраушысы бар? Олар қалай табылады? Қалай бағытталады?
15. Толық үдеу, тангенциаль және нормаль үдеулердің формулалары қандай?
16. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеуге қандай анықтама беруге болады?
17. Белгілі бағытпен горизонтқа параллель лақтырылған дененің Жердің тартылу өрісінде қозғалысындағы тангенциаль және нормаль үдеулердің қандай формулалары бар?
18. Абсолют қатты дене деп қандай денені айтамыз?
19. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының анықтамасы қандай?
20. Қатты дененің айналмалы қозғалысының анықтамасы қандай?
21. Айналмалы қозғалыстың орташа бұрыштық жылдамдығы қалай анықталады?
22. Айналмалы қозғалыстың лездік бұрыштық жылдамдығы қалай табылады?
23. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың модулдерінің арасында қандай байланыс бар?
24. Бір қалыпты айналмалы қозғалыстағы дененің белгілі нүктесінің үдеуін анықтайтын қандай формулалар бар?
25. Айналмалы қозғалыстағы дененің орташа бұрыштық үдеуі қалай анықталады?
26. Айналмалы қозғалыстағы дененің лездік бұрыштық үдеуі неге тең?
27. Жер шарының бетіндегі нүктелердің бұрыштық және сызықтық жылдамдықтарының қандай формулалары бар?
28. Жер шарының бетіндегі нүктелердің тангенциаль және нормаль үдеулері қалай анықталады?
29. Жер шарының бетіндегі нүктелердің толық үдеуін қандай формуламен табуға болады?
В. Динамика тарауы бойынша тексеру сұрақтары
1. Ньютонның бірінші заңы қалай айтылады?
2. Қандай физикалық шама тыныштық күйдің немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың өзгеруін сипаттай алады?
3. Дененің инерттілігі деп оның қандай қасиетін айтамыз? Қозғалмайтын дененің инерттілігіне қандай мысалдар келтіруге болады?
4. Қозғалатын дененің инерттілігінің қандай мысалдарын білесіңдер?
5. Қандай физикалық шама дененің инерттілігін сипаттайды?
6. Массаның қандай өлшем бірліктері бар?
7. Массаның аддиктивтік қасиеті деген қандай қасиет?
8. Белгілі дененің массасы оның Жер нысанында, Ай бетінде немесе ашық ғарыштық кеңістікте тұрғанына байланысты бола ма?
9. Ньютон механикасында күш ұғымының қандай мәні бар?
10. Ньютонның ІІ заңы қалай айтылады?
11. Күштің қандай өлшем бірліктері бар?
12. Күштің векторлық шама екенін қалай дәлелдеуге болады№
13. Қорытқы күш деген қандай күш?
14. Суперпозиция принципі деген қандай принцип?
15. Суперпозиция принципін пайдаланып декарттық координаттар жүйесінде берілген үш скалярлық теңдеулерді бір векторлық теңдеумен алмастыруға болатыны қалай дәлелденеді?
16. Нъютонның үшінші заңы қалай айтылады?
17. Екі дененің өзара әсері уақыттан тәуелді болатын жағдайда Ньютонның үшінші заңын қалай түсіну керек?
18. Қарсы әсер мен әсер тең болатын жағдайлар кездесе ме?
19. Горизонталь жол үшінде арбаға жегілген ат тұр. Ньютонның үшінші заңы бойынша аттың арбаны тарту күші арбаның атты тарту күшіне тең. Арбаны қозғайтын қандай күш?
20. Көлбеу жазықтықтың бойымен ат жегілген арба төмен қарай жүргенде, арбаны қозғайтын қандай күш?
21. Қозғалмайтын блокқа салынған жіптің ені ұшында массалары әртүрлі екі жүк бар. Санау жүйесін анықтап, әр жүк үшін Ньютонның екінші заңын жазғанда, есептеуші формулаға әсер және қарсы әсер күштері неге кірмейді?
22. Дененің импульсі деп қандай физикалық шаманы айтамыз?
23. Дененің импульсінің қандай өлшем бірліктері бар?
24. Күш импульсі деп қандай шаманы айтады?
25. Материялық нүкте үшін импульстің сақталу заңы қалай оқылады?
26. Қандай жағдайда берілген дененің бір немесе екі өзара перпендикуляр бағыттардағы импульсінің құралдары сақталуы мүмкін?
27. Жүйе 10 материялық нүктеден тұрады. Әрбір нүктеге қанша ішкі күштер әсер етеді? Барлық ішкі күштердің саны қанша?
28. Тұйық жүйе үшін ішкі күштердің геометриялық қосындысы нөлге тең екені қалай дәлелденеді?
29. Материялық нүктелер жүйесінің импульсінің сақталу заңы қалай оқылады?
30. Тұйық емес жүйеде кейбір бағыттарда импульс сақталуы мүмкін. Ол қандай бағыттар?
31. Импульстің сақталу заңы Ньютонның үшінші заңының салдары екені қалай дәлелденеді?
32. Жүйенің массалар центрі деп қандай нүктені айтамыз?
33. Массалар центрінің координаттарын анықтауға мүмкіндік беретін қандай аналитикалық формулалар бар?
34. Массалар центрі мен симметрия центрінің араларында қандай байланыс бар?
35. Денені бірнеше симметриялық бөліктерге ажыратуға мүмкіндік болса, оның массалар центрі қалай анықталады?
36. Массалар центрі мен ауырлық центрінің арасында байланыс бар ма?
37. Жүйенің массалар центріне сәйкес нақты материялық нүкте болмауы мүмкін бе?
38. Массалар центрінің үдеуі туралы қандай тұжырым жасауға болады?
39. Галилейдің салыстырмалылық принципі деген не?
40. Галилей түрлендірулері қалай жазылады?
41. Галилей түрлендірулерін пайдаланып, жылдамдықтарды қосу заңы қалай тұжырымдалады?
42. Үдеудің түбегейлі шама екендігі қалай дәлелденеді?
43. Ньютонның екінші заңы Галилей түрлендірулері тұрғысынан қарағанда инвариант заңы екені қалай дәлелденеді?
44. Импульстің сақталу заңы Галилей түрлендірулері тұрғысынан қарағанда инвариант заң бол ма?
45. Бүкіләлемдік тартылыс заңы Галилей түрлендірулері тұрғысынан қарағанда инвариант заң болатыны қалай дәлелденеді?
46. Кеплер заңдары қалай оқылады?
47. Кеплер заңдарын пайдаланып, бүкіләлемдік тартылыс заңын қалай шығарып алуға болады?
48. Гравитациялық тұрақтының сан мәні және өлшем бірліктері неге тең?
49. Гравитациялық тұрақтыны анықтауда Кавендиш қандай тәжірибе жасады?
50. Гравитациялық тұрақтыны анықтау үшін жасалған Рихард-Жьли тәжірибесі қалай іске асырылды?
51. Жер нысанының массасын анықтау үшін Жьли тәжірибесі деп аталатын қандай тәжірибе бар?
52. Жер нысаны үшін бірінші ғарыштық жылдамдық қалай анықталады?
Оның сан мәні неге тең?
53. Жер нысаны үшін екінші ғарыштық жылдамдық қалай табылады? Оның сан мәні неге тең?
54. Жер нысаны үшін үшінші ғарыштық жылдамдық қалай қорытылады? Оның сан мәні неге тең?
55. Қандай жылдамдық төртінші ғарыштық жылдамдық деп аталады?
С. Жұмыс және қуат тарауы бойынша тексеру сұрақтары.
1. Тұрақты күштің жұмысын қалай есептеуге болады?
2. Центрге тартқыш күштің жұмысы неге тең?
3. Материялық нүкте шеңбердің бойымен бірқалыпты қозғалғанда, оған әсер ететін күштің жұмысы неге тең болады?
4. Айнымалы күштің жұмысы неге тең болады?
5. Серпімділік күші заңына бағынатын серіппені созуға қажет жұмыс қандай?
6. Біртекті тартылыс өрісі қалай табылады?
7. Центрлік гравитациялық өрістің жұмысы неге тең?
8. Қандай физикалық шаманы қуат деп атайды? Оның халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі қандай? Еселік және үлестік өлшем бірліктері ше?
9. Консервативті күштер деп қандай күштерді айтамыз?
10. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы қандай формула арқылы анықталады? Ол формуланы қалай қорытуға болады? Кинетикалық энергияның өлшем бірлігі туралы не айтуға болады?
11. Кинетикалық энергияның өзгерісі туралы теорема қалай қорытылады?
12. Потенциялық энергия деп механикалық энергияның қандай түрін айтады?
13. Созылған серіппенің потенциялық энергиясының өзгерісі мен жұмысының арасына қандай байланыс бар?
14. Гравитациялық өрістің потенциялық энергиясының өзгерісі мен жұмысының арасында қандай байланыс бар?
15. Гравитациялық өрістің потенциялық энергиясының тартылу центрінен қашықтығынан тәуелділігінің графигі қандай?
16. Сызылған серіппенің потенциялық энергиясының созылу ұзындығынан тәуелділігінің графигі қандай?
17. Біртекті гравитациялық өрістегі дененің потенциялық энергиясының көтерілу биіктігінен тәуелділігінің графигі қандай болады?
18. Материялық жүйенің механикалық энергиясы деп қандай физикалық шаманы айтады? Механикалық энергияның өзгерісі туралы теорема қалай оқылады?
19. Механикалық энергияның сақталуы туралы теорема қалай оқылады?
20. Гравитациялық өрістің потенциялық энергиясының тартылу центрі қашықтығынан тәуелділігінің графигі берілген. Түрлі механикалық энергия үшін нүктенің қозғалысын қалай зерттеуге болады?
21.Созылған серіппенің потенциялық энергиясының созылу ұзындығының тәуелділігінің графигі берілген. Түрлі механикалық энергия үшін серіппеге жалғастырылған дененің қозғалысы туралы не айтуға болады?
22. Біртекті гравитациялық өрістегі дененің потенциялық энергиясының биіктіктен тәуелділігінің графигі берілген. Түрлі толық энергия үшін дененің қозғалысы туралы қандай тұжырым жасауға болады?
23.Центрлік және центрлік емес соқтығуларды (соққыларды) қалай ажыратамыз?
24. Абсолют серпімсіз соққы деп қандай соққыны айтамыз? Екі шар серпімсіз соққыдан кейін қандай жылдамдықпенқозғалады?
25. Абсолют серпімсіз соққы кезіндегі деформацияның жұмысы неге тең? Келтірілген масса деп қандай массаны айтамыз? Ұсталар шеберханасында төстің массасы балғаның массасынан соғұрлым артық болу шарты не үшін қажет? Тақтайға шегені кіргізу үшін балғаның массасы неғұрлым көп болған сайын шегені кіргізу оңайырақ болатыны белгілі. Не себептен?
26. Абсолют серпімді соққыдан (соқтығысудан) кейінгі денелердің жылдамдықтары қандай формулалар арқылы табылады? Екі шарлардың массалары тең болса, жылдамдықтар неге тең болады? Денелердің біреуінің массасы өте көп болса және қозғалмайтын болса, екінші дененің абсолют серпімді соққыдан кейінгі жылдамдығы неге тең болады?
27. Балластикалық маятник деп қандай қондырғыны айтамыз? Оны оқтың жылдамдығын өлшеу үшін қалай пайдаланады? Оқтың жылдамдығын қандай формуламен есептейді?
Достарыңызбен бөлісу: |